П компоненттерден


-мысал. 15% күкірт қышқылының ерітіндісінің (r = 1,10г/мл) моляльді, нормальды, молярлылы концентрацияларын табу керек. Шешуі



бет3/7
Дата25.11.2023
өлшемі26,9 Kb.
#128016
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
3-мысал15% күкірт қышқылының ерітіндісінің (r = 1,10г/мл) моляльді, нормальды, молярлылы концентрацияларын табу керек.
Шешуі: 1000г суға санағанда келетін күкірт қышқылының моляльдығын анықтау үшін қажет қышқыл массасы 1000 : 85 = х : 15, сонда х = 176,5г. Күкірт қышқылының мольдік массасы 98г/моль, сонда
m = 176,5/98 = 1,80моль/кг. Молярлы және нормальды концентрациясын анықтау үшін 1000мл (яғни 1000 × 1,1 = 1100г) ерітіндідегі қышқыл массасын табады: 1100 : 100 = у : 15; одан у = 165г. Күкірт қышқылының эквивалент массасы 49г/моль, олай болса, Сн = 165/49 = 3,37моль/л,
См = 165/98 = 1,68моль/л.
4-мысал. 42мл күкірт қышқылын бейтараптау үшін 14мл 0,3н cілті қажет болса, қышқыл ерітіндісінің молярлылығын анықтау керек.
Шешуі: заттар өзара эквивалентті мөлшерде әрекеттесетіндіктен, былай жазуға болады:
Сн,қ ×Vқ = Сн,с×Vс, мұндағы қышқыл мен сілті концентрациялары мен көлемдері. Олай болсаСн,қ × 42 = 14 × 0,3; Сн,қ = 0,1н. Қышқылдың эквиваленті 0,5моль, сонда молярлылығы 0,1 × 0,5 = 0,05моль/л болады.
5-мысал. 100мл 15%-дық (массасы бойынша) күкірт қышқылын дайындау үшін 96%-дық (массасы бойынша) (r = 1,84г/мл) қышқылдың қанша көлемін және қанша масса су алу керек?
Шешуі: 15%-дық 100мл қышқылды дайындау үшін қажет массасы
100мл × 1,10г/мл = 110г. 16,5г күкірт қышқылы бар 96%-дық ерітінді көлемін табу керек, ол үшін 1мл ерітінді массаы 1,84г болғандықтан, онда
1,84 × 0,96 = 1,77г H2SOболады. Олай болса, H2SOерітіндісінің анықтау керек көлемі 16,5/1,77 = 9,32мл. Сонымен, 100мл 15%-дық H2SOерітіндісін дайындау үшін 9,32мл 96 %-дық ерітінді және 110 – 16,5 = 93,5г су алады.
6-мысал. 10%-дық сілті ерітіндісін дайындау үшін 200мл 30%-дық (масса бойынша) NaOH ерітіндісіне (r = 1,33г/мл ) қанша су құю керек?
Шешуі: 200мл NaOH ерітіндісінің массасы 200мл × 1,33г/мл = 266г, сонда бұл ерітіндіде 266 ×0,3 = 79,8г 30%-дық NaOH болады. Есеп шарты бойынша бұл масса (79,8г) сұйытылған ерітіндінің жалпы массасының 10%-дық құрайды. Сонда алынған ерітінді массасы (79,8/10) ×100 = 798г болады. Олай болса, алғашқы ерітіндіге 798 – 266 = 532г су қосу керек.
7-мысал. 500мл 3М тұз қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 2М және 6М ерітінділерінің қандай көлемдерін араластыру керек. Араластырған кезде көлемдер өзгерісін есептемеу керек.
Шешуі: 500мл 3М тұз қышқылында 0,5×3 = 1,5моль НСІ болады, 6М ерітінді көлемін х деп белгілесе, 2М ерітінді көлемі (0,5 – х)л, сонда х,л 6М ерітіндіде 6х моль НСІ болады, ал (0,5 – х) л 2М ерітіндіде – 2(0,5 - х) моль НСІ болады. Ерітіндідегі НСІ-дың жалпы мөлшері 1,5моль болатындықтан, былай жазамыз: 6х + 2(0,5 - х) = 1,5; х = 0,125л . Олай болса, қажет ерітіндіні дайындау үшін 125мл 6М және 375мл 2М НСІ ерітінділерін алып, араластырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет