П компоненттерден


 Кальций карбонаты сынамасын еріту үшін 35мл 1,025н тұз қышқылы жұмсалған, сонда қанша тұз алынған? Есепті теңдеу құрмай шығару керек. Жауабы



бет7/7
Дата25.11.2023
өлшемі26,9 Kb.
#128016
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
24. Кальций карбонаты сынамасын еріту үшін 35мл 1,025н тұз қышқылы жұмсалған, сонда қанша тұз алынған? Есепті теңдеу құрмай шығару керек. Жауабы: 1,79г.
25. 18М күкірт қышқылының тығыздығы 1,84г/мл болса, оның молярлық үлесі және концентрациясы (%) қанша болған? Жауабы: 0,80; 96%.
26. 9%-дық (r = 1,035г/мл) сахароза (С12Н22О11) ерітіндісі үшін
а) молярлылығын б) моляльдылығын анықтау керек.
Жауабы: 0,27моль/л 0,29моль/кг.
27. 24,3г магнийді және 27,0г алюминийді еріту үшін 15%-дық
(r = 1,10г/мл) күкірт қышқылынан қанша алу керек? Жауабы: 594мл.
28. Калий хлоратының 100г суда 70°С-та ерігіштігі 30,2г, ал 30°С-тағы ерігіштігі 10,1г болса, 70г 70°С-тағы қанық ерітіндісін 30°С-қа дейін салқындатқанда қанша грамм калий хлораты бөлінеді? Жауабы: 10,8г.
29. Мыс сульфатының 100г судағы 30°С температурада ерігіштік коэффициенті 25г тең болса, осы температурада 18%-дық ерітіндісі қанық ерітінді бола ма? Жауабы: болмайды.
30. 20°С температурада аммиактың 1мл суда ерігіштігі 702мл болса, қанық ерітіндідегі массалық үлесін табу керек. Аммиактық парциалды қысымын қалыпты атмосфералық қысымға тең деп алу керек. Жауабы: 33,2%.
31. 0°С температурада көмір қышқыл газының абсорбция коэффициенті 1,71. Қандай қысымда оның ерігіштігі сол газдың сол температурада суда ерігіштігіне (16г/л) тең болады? Жауабы: 483кПа.
32. 25°С температурада 8,75г калий хлоридін 25г суда еріткенде қанық ерітінді пайда болады. Осы температурадағы оның ерігіштік коэффициентін анықтау керек. Жауабы: 35г тұз 100г суда.
33. Калий нитратын қайта кристалдау үшін 80°С температурада қанық ерітінді түзілгенше 200г суда ерітіп 0°С температураға дейін суытқан. Таза тұздың шығымы мен міндетті түрде жоғалатын бөлігінің массалық үлесін анықтау керек. 80°С температурада К(KNO3) = 170г, ал 0°С температурада – 17г. Жауабы: 90% және 10%.
34. Белгілі бір температурада күкіртті сутектің спиртегі (r = 0,8г/мл) ерігіштігі 10:1 көлемдік қатынасында болса, осындай ерітіндідегі оның массалық үлесін табу керек. Жауабы: 1,86%
35. Оттегі мен азоттың суда ерігіштігі сәйкесінше мынандай қатынаста 1:0,048 және 1:0,024. Суда еріген ауадағы оттегі мен азоттың көлемдк үлесін есептеу керек. Жауабы: 66,7 және 33,3%.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет