E-mail: imashev_edik@mail.ru;
М ендигалиев Б.С.,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail: batyrbek0990@mail.ru.
1989-2009 Ж Ы ЛДАР А РА ЛЫ ҒЫ Н ДАҒЫ БА ТЫ С ҚАЗАҚСТАН О БЛ Ы С Ы
С Ы РЫ М АУДАНЫ АУ Ы Л Д Ы Қ ЕЛДІ М ЕКЕНДЕР Ж ЕЛ ІЛ ЕРІН ІҢ
ТРА НСФ ОРМ А ЦИЯСЫ
А ннотация. Мақалада Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының 1989-2009
жылдар аралығындағы ауылдық елді мекендер желілері трансформацияларының зертгеу
нэтижелері ұсынылған. Халық санының өзгеру тенденциялары көрсетілген жэне ауылдық елді
мекендер қоныстану жүйесінің транс формациясының себептері айқындалған. Ауылдық елді
мекендердің халық саны бойынша классификациясы жасалған.
Т ірек соз: трансформация, ауылдық елді мекен, Сырым ауданы, ауылдық округ,
халықты қоныстандыру, желі, санақ, классификация.
Қоғамды территориялық үйымдастырудың ерекшеліктерін түсіну жэне ел
мен оның аймақтарының территориялық қоғамдық дамуының болжамдық
сценарийін
анықтау
мақсатында
ауылдық
елді
мекендер
желілерінің
трансформациялық үрдісін зерттеудің тарихи эдістері мен тэсілдерін қолдану
арқылы зерделеуді маңызды мэнге ие деп түсіну керек. Тарихи эдістер мен
тэсілдерді қолдану территориялық қоғамдық жүйелердің жэне оны құрайтын
құрамдас бөліктерінің қалыптасуы мен құрылу жолдарын зерттеп тексеруге,
олардың даму тенденциялары мен заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
¥сынылып
отырған
жүмыста
қолданылған
басты
түсінік
«трансформация» санаты болып табылады. «Трансформация (латын сөзі «форма
мен көлемнің өзгеруі») - тұрақты жэне ғылыми техникалық озықтық
нэтижесінде күрделенген қоғамдық қалыптасулар бойынша адамдар тіршілігінің
сандық өзгерістерін көрсететін үрдіс» [12]. Е.Г. Анимица, А.Т. Тертышный,
Е.М. Кочкина анықтамалары бойынша, трансформация қоғамдағы элеуметтік-
экономикалық, саяси жэне басқада қайта қалыптасулардың әртүрлілігі, яғни
оның формальды немесе сандық белгілерінің ауысуын көрсетеді [1, 61-64 бб.].
Сондықтан, «трансформация» зерттеліп отырған объектінің сандық өзгеруін
көрсетеді. Зерттеліп отырған объектінің трансформациялық үрдістерінің мәнін
ашу тарихи тэсілдер мен әдістерсіз мүмкін емес.
Зерттеу
тақырыбының
өзектілігі
Қазақстанның
аз
қоныстанған
аймақтарының бірі ретінде Батыс Қазақстан облысының (БҚО) экімшілік
аудандарының ауылдық қоныстану жүйесіндегі трансформациялық үрдістерін
зерделеу қажеттіліктерінде анықталады. Бүндай сипаттағы зерттеу БҚО
әкімшілік аудандарының келешегі элеуметтік-экономикалық даму жолдарын
ашуга жағдай туғызады. Сонымен бірге, ауылдық елді мекендер желілерінің
өзгеруінде оң жэне теріс тенденциялары ауылдық территориялардың элеуметтік-
экономикалық дамуының басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Сырым ауданың қазіргі кездегі шекарасы (бүрын Жымпиты ауданы болып
аталды) 1919 жылы Кеңес өкіметінің белгілеуімен қалыптасты. 1920 жылы
12 қазанында қүрамына 79 мың адамнан т^ратын 19 үлыс енетін Жымпиты уезді енген
Орал губерниясы қүрылды. 1928 жылы 17 қаңгарда уезд 6 үлыс пен 24 ауылдық кеңес
енетін Жымпиты ауданы болып қайта қалыптасты. Әрбір ауылдық кеңесте орташа
есеппен 1089 адамнан саналды. 1933 жылы аудан көлемінде 16 колхоз: «Сарыой»,
«Игілік», «Қызыл таң», «Социализм», «Калинин», «Сталин», «Жұмыскер»,
«Төңкеріс», «Сэуле», «Бірлік», «¥мтыл», «Кедей», «Алға», «Тамды», «Жұлдыз»,
«Иса» қүрылды. Олардың маңында 40 қосалқы шаруашылықтар үйымдастырылды.
1990 жылы ауданда 10 совхоз, 1 колхоз болды. 1992 жылы Жымпиты ауданы Сырым
ауданы болып атауын өзгертгі [13].
Қазіргі уақытта Сырым ауданы территориясының аумағы 11,9 мың
шаршы км құрайды (БҚО аумағының 7,9%). Барлық аудан тұрғындары ауылдық
елді мекендерде түрады. Әкімшілік-территориялық бөліну бойынша Сырым
ауданы 12 ауылдық округке жэне 38 ауылдық елді мекенге бөлінеді. Мэлімет
бойынша ауданда 2013 жылдың басында 20,6 мың адам тирады (БҚО халқының
3,3% құрайды) [2].
¥сынылып отырған жүмыста 1989 жэне 2009 жылдардағы халық санағы
статистикалық материалдарын талдау мен картографиялық материалдар негізінде
Сырым ауданының елді мекендер желісінің трансформациялық үрдістері
зерттелінді. Талдау қорытындысы бойынша елді мекендердің классификациясы
халық санағы негізінде жасалынды.
1989 жылғы халық санағы мэліметі бойынша Жымпиты ауданының халық
саны 34,5 мың адамды қүрады [11, 9-13 бб.]. Халық саны бойынша Жымпиты,
Бүлдырты, Алғабас жэне
Шолақаңқаты
ауылдық
округтері
ерекшеленді.
Талдыбүлақ, Сарой, Бүлан, Жетікөл, Елтай ауылдық округтері халық саны жағынан
аз болды (1-кесте). Сырым ауданы халқының орташа тығыздық көрсеткіші 1 шаршы
км шаққанда 2,8 адамды қүрайды, ауылдық округтердің арасында Жымпиты,
Алғабас, Бүлдырты, Шолақаңқаты, Бүлан ауылдық округтер түрғындар тығыздығы
бойынша басым. Бүл ауылдық округтерде халық тығыздығы ауданның орташа
тығыздығынан жоғары. Ең төмен тығыздық Сарой, Талдыбүлақ, Жетікөл ауылдық
округтерінде байқалады (1-кесте).
1-кесте
1989-2009 ж ы лдар аралы ғы н дағы С ы ры м ауданы ауы лды қ округтер
халы қтары н ы ң ты ғы зд ы ғы мен саны ны ң өзгеруі
№
Ауылдық округтер
атауы
Халық саны, адам
Халық тығыздығы, 1
шаршы км
шаққандағы адам
1989 ж.
2009 ж.
1989 г.
2009 г.
1
Жымпиты
7947
6088
7,0
5,3
2
Алғабас
4322
1954
3,8
1,7
3
Аралтөбе
2625
1343
2,5
1,3
4
Бүлан
1452
1001
2,9
2,0
5
Бүлдырты
3553
2995
3,1
2,6
6
Елтай
1903
742
2,6
1,0
7
Жетікөл
1817
1373
1,6
1,2
8
Жосалы
2084
1153
2,0
1,1
9
Қособа
2324
1331
2,2
1,3
10
Сарой
1416
1086
1,4
1,1
11
Талдыбүлақ
1389
1072
1,6
1,2
12
Шолақаңқаты
3498
1437
3,0
1,2
Ж алпы аудан
бойынша
34330
21575
2,8
1,8
Дерек көзі: [11, 9-13 бб.; 3, 53-54 бб.].
1989 жылы Жымпиты ауданы халқының қоныстану жүйесі 51 ауылдық
елді мекендерден қүралды. 51 елді мекендердің 29-ында (56,9%) халық саны
бойынша 500 түрғыннан төмен, 12-інде (23,5%) - 501 ден 1000 адам,
6-да
(11,8%) - 1001 ден 1500 адам, 3-інде (5,9%) - 1501 ден 2000 адам, 1-де (2%) -
5501 -ден 6000 адам түрды (1-сурет).
Халық саны 500 адам болатын 29 ауылдық елді мекендерде Жымпиты
ауданының 22,2% түрды. Бүл елді мекендер 11 ауылдық округтерге тэн болды
жэне тек Бүлан ауылдық округінде адам санын 500 адамнан кем емес халықты
орналастыру мүмкін болмады. Көрсетілген адам шоғыры елді мекендердің саны
бойынша Жымпиты, Елтай, Қособа ауылдық округтер ерекшеленді. Бүл үш
ауылдық округтерінде 500 кем адам саны немесе 41,4% болатын 12 елді мекен
орналасқан.
Жымпиты ауданының 12 ауылдық елді мекендердегі халық саны 501-ден
1000 түрғын шегінде өзгеріп түрды. Олар келесі жеті ауылдық елді мекендер
территориясында орналасқан: Алғабас (3), Шолақаңқаты (3), Бүлан (2), Аралтөбе
(1), Бүлдырты (1), Жетікөл (1), Сарой (1). Бүл 12 елді мкендерде Жымпиты
ауданыхалқының 23,2% түрды.
1001-ден 1500 адам саны болатын классификациялық топқа Жымпиты
ауданы түрғындарының 21,1% қүрайтын 6 елді мекендер енді. Тасқүдық, Қоңыр,
Талдыбүлақ, Тоғанас сияқты елді мекендер Елтай, Жосалы, Талдыбүлақ,
Шолақаңқаты ауылдық округтерінің орталығы болды. Қалған екі елді мекендер
(Өленті,
Жырақүдық)
Жымпиты
жэне
Қособа
ауылдық
округтері
территориясында орналастырылды.
1-сурет. 1989-2009 жылдар арасындағы Сырым (Жымпиты) ауданы ауылдық елді
мекендер желісінің трансформациясы [11, 9-13 бб.; 3, 53-54 бб.].
Шегі 1501-ден 2000 адамға өзгеріп отыратын 3 ауылдық елді мекендерде
(Бүлдырты, Аралтөбе, Алғабас) Жымпиты ауданы халқының 16,4% құрады. Бүл
барлық елді мекендер Бүлдырты, Аралтөбе, Алғабас ауылдық округтерінің
орталығының функциясын атқарды.
Жымпиты ауданының аудан орталығы - Жымпиты ауылы халық саны
5501-ден 6000 адам болатын классификациялық топқа енетін жалғыз елді мекен
болды. 1989 жылы Жымпиты ауылында 17,1% халық тұрды.
2009 жылғы халық санағының мэліметі бойынша Сырым ауданының
халық саны 21,6 мың адамға немесе 1989 жылғымен салыстырсақ 37,4%
қысқарған.
Сырым ауданының 1991-2009 жылдар аралығындағы тұрғындар
санының қысқару динамикасы 2 суретте көрсетілген. Халық санының жэне
сэйкесінше оның тығызыдығының кемуі барлық ауылдық округтерінде
байқалады (1-кесте). Сырым ауданы халық санының қысқаруы көптеген
себептері болды, олардың бастылары:
- Ауылшаруашылықтық өндірістің көлемінің қысқаруы;
- Халықтың қарқынды кемуі;
- Халықтың табиғи қозғалысы ырғағының қысқаруы.
Сырым ауданының негізігі экономикасы ауыл шаруашылығы болып
табылады. Әсіресе ауыл шаруашылығында Сырым ауданының экономикалық
белсенді тұрғындарының жартысынан көп бөлігі айналысады. 1990 жылдардағы
элеуметтік-экономикалық
дағдарыс
ауылшаруашылықтық
өнімді
өндіру
көлемінің қысқаруына экелді. 1991-2008 жылдар аралығында Сырым ауданы
территориясында астықтың жалпы түсімі 135,7-ден 85,5 мың тоннаға, бақша
дақылдары - 2,0-ден 0,8 мың тоннаға, ет пен жүн өндіру сэйкесінше: 9,4-тен 4,4
мың тонна мен 573-тен 101 тоннаға қысқарды [9, 114-115 бб.; 14, 44-47 бб.; 15].
Ауыл шаруашылығындағы өндірістің құлдырауы халықтың жүмыссыздық
санының үлғаюына экелді, ал ол өз кезегінде демографиялық жағдайға эсер етті.
280
1993 жылдан 2008 жыл аралығында Сырым ауданы халқының
миграциясы қарқыны минус 11,8 мьщ адам қүрады [16; 10, 1 б.; 5, 36 б.; 5, 26 б.;
4, 36 б.; 7, 33 б.; 11, 4 б.]. 1991-2008 жылдар аралыныгда жалпы алганда аудан
бойынша 1000 тургынга шаққандағы табиғи өсім 21,7-ден 9,7 адамға қысқарды
2-сурет. Сырым ауданының 1991-2009 жылдар аралығындағы тургындар санының
қысқару динамикасы (мың адам) [9, 114-115 бб.; 4, 22 б.; 8, 7 б.; 3, 53-54 бб.].
Сэйкесінше халық санының қысқаруы Сырым ауданы елді мекендер
желісінің трансформациясына жэне адам шоғырына эсер етті. 2009 жылғы халық
санының қысқаруы елді мекендер саны 38-ге қысқарды. Классификациялық
көрсеткіш бойынша 24-де (63,1%) түргын саны 500-ге дейінгі адамға, 9-ында
(23,7%) түргын саны 501-ден 1000 адамға, 3-де (8%) түргын саны 1001-ден 1500
адамға, 1-де (2,6%) түргын саны 1501-ден 2000 адамға, 1-де (2,6%) түргын саны
4501-ден 5000 адамға өзгеріп түрады (1-сурет).
1989-2009 жылдары Сырым ауданы ауылдық елді мекендердің жалпы
саны 12 қонысқа қысқарды. 1989 жылы 12 елді мекендердің ішінде адам шогыры
бойынша адам саны 500-ден кем емес топқа 11 тиесілі болды. Тек 1 елді мекен
501-ден 1000 тургын адам шогырына жатты.
Территориялық бөлінісі бойынша ауылдық елді мекендер санының
қысқаруы алты ауылдық округтерде байқалады. Жымпиты, Елтай, Қособа
ауылдық округтер территориясында елді мекендер желісі эрқайсысы 3 қонысқа
қысқарды. Алғабас ауылдық округтің екі елді мекендер халқы өз түргын жай
орындарын тастап, көшіп кетті. Бүлан жэне Талдыбүлақ ауылдық округтерінде
бір-бірден елді мекендерден қысқарды.
2009 жылы 500 адамнан кем емес, яғни Сырым ауданының 23% халқын
қүрайтын елді мекендер саны 24-ке қысқарды. Бүл топтың елді мекендер
Бүлдырты (4), Шолақаңқаты (4), Жетікөл (3), Жосалы (3), Сарой (3), Алғабас (2),
Жымпиты (1), Аралтөбе (1), Бүлан (1), Елтай (1), Талдыбүлақ (1) ауылдық
округтер территориясында орналасқан.
1989 жылмен салыстыра келе, 2009 жылы адам шоғыры 501-ден 1000
адам қүрайтын классификациялық топқа енетін елді мекендер саны сол сияқты
қысқарды, жэне саны 9 болды. Бүл топтың елді мекендері Қособа (2), Бүлан (1),
Елтай (1), Жетікөл (1), Жосалы (1), Сарой (1), Талдыбүлақ (1), Шолақаңқаты (1)
ауылдық округтеріне тиесілі. Бүл 9 елді мекендерде аудан халқының 29,1%
шоғырланған.
Шегі 1001-1500 адам болатын елді мекендер саны екі есе қысқарды жэне
саны 3 болды (Өленті, Алғабас, Аралтөбе). Бүл үш елді мекендерде Сырым
ауданының тұрғындардың 15,9% тирады.
Адам шоғыры 1501-2000 адам болатын классификациялық топқа 2009
жылы тек Бүлдырты - Бүлдырты ауылдық округтің орталығы енді. 1989 жылы
бүл топқа тағы Алғабас жэне Аралтөбе кірді. 2009 жылы Бүлдырты ауылында
аудан халқының 9,2% тұрды.
Сырым ауданының аудан орталығы Жымпиты ауылы 1989 жылы тұрғын
саны 5501-ден 6000-ға өзгеріп отыратын топқа енді. 2009 жылы Жымпиты ауылы
халық санының қысқаруына байланысты адам шоғыры 4501-5000 тұрғын
болатын топқа кірді. Аудан орталығында 2009 жылы Сырым ауданы халқының
22,8% құрайтын адам тұрды.
Демек, 1989 жэне 2009 жылдардағы халық санағы материалдарының
территориялық талдауы нэтижесі бойынша келесі жалпылама қорытынды
жасауға мүмкіндік береді:
- Сырым ауданының барлық ауылдық округтерінде халықтар санының
қысқаруының тұрақты тенденциясы байқалады;
- Халық санының қысқаруы экономикалық дағдарыспен байланысты, ал
ол өз алдына геодемографиялық жағдайға эсер етті;
- Демографиялық жағдайдың нашарлау нэтижесі жэне халық санының
қысқару жаңдайы ауылдық елді мекендер желісінің трансформациясына жэне
қоныстану жүйесінің жеңілдеуіне экелді;
- Жүргізілген салыстырмалы классификация ауылдық елді мекендердегі
адам шоғырының қысқаруын нақты көрсетеді;
- Ауылдық елді мекендер желілерінің трансформациясының анықталған
жағымсыз үрдістері басқарудың облыстық жэне жергілікті мемлекеттік
органдары
алдына
демографиялық
жағдайды
жақсарту
жэне
ауылдық
территорияда тіршілік сапасын жоғарлату мақсатында халық пен шаруашылықты
тиімді территориялық үйымдастыру бойынша міндеттерді қояды.
Әдебиеттер
1. Анимица Е.Г. Цикличность модернизации российской экономики /
Е.Г. Анимица, А.Т. Тертышный, Е.М. Кочкина. - Екатеринбург, 1999. - 112 б.
2. Батые Қазақстан облысы статистика департаментінің ресми сайты -
http://www.batvs.stat.kz/index.php?option=com content&view=article&id=314&Itemi
d=145&lang=ru
3. Батые Қазақстан облысы. 2009 жылғы Қазақстан Респуликасының
¥лттық халық санағы қорытындысы. Том 1. Статистикалық жиынтығы. - Астана,
2011. - 102 б.
4. Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы: облыстың
статистикалық жылдығы. - Орал, 2004 - 166 б.
5. Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы: облыстың
статистикалық жылнама (Статистикалық жиынтық). - Орал, 2000 - 153 б.
6. Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасы: облыстың аймақтық
статистикалықжылнама (Статистикалықжиынтық). - Орал, 2002 - 148 б.
7. Батыс Қазақстан облысы: Облыстың статистикалық жылнама. БҚО
бойынша статистика департаменті. - Орал, 2008 - 210 б.
8.
Демографиялық жылдықнама (Статистикалық жиынтық).
Батыс
Қазақстан облысының статистика департаменті. - Орал, 2009. - 64 б.
9. Западно-Казахстанская область за годы независимости (Юбилейный
сборник). Управление статистики Западно-Казахстанской области, Уральск, 2001
- 132 б.
10. Западно-Казахстанское областное управление по статистике и анализу.
Основные итоги миграции населения за 1994 год Западно-Казахстанской
области. - Уральск, 1995. - 23 б.
11. Итоги переписи населения Уральской области в 1989 году.
12.
Лучников А.С.
Трансформационные процессы в современном
промышленном развитии Пермского края / А.С. Лучников // Пространственная
организация Пермского края и сопредельных территорий: Материалы Всерос.
науч.-практ. конференции. Кн. 1. - Пермь, 2008. - 119-126 бб.
13.
Сырым
ауданыныц
ресми
сайты
-
http://www.syrym-
bko.gov.kz/?id=25&menuid=536§ion=2&module=text&action=&lang=ru
14. Статистикалық қысқа анықтамасы. Статистика бойынша ҚР агентігі.
Батыс Қазақстан облысыныц статистика департамента - Орал, 2009 - 72 б.
15.
1989-2009
ж.ж.
Батыс
Қазақстан
облысыныц
статистика
департаментініц ауылшаруашылықтық статистика бөлімініц материалдары.
16. 2008 жылға арналған Батыс Қазақстан облысыныц халық миграция
қорытындысы. БҚО бойынша статистика департамент! - Орал, 2009 - 32 б.
Э.Ж. И маш ев, Б.С .М ендигалиев
Т рансф ормация сети сельских населенных пунктов сы рымского района Западно
К азахстанской области за 1989-2009 годы
В статье представлены результаты исследования трансформации сети сельских
населенных пунктов Сырымского района Западно-Казахстанской области за 1989-2009 годы.
Показаны тенденции изменения численности населения и выявлены причины трансформации
системы расселения сельских населенных пунктов. Проведена классификация сельских
населенных пунктов по численности населения.
К лю чевы е слова: трансформация, сельский населенный пункт, Сырымский район,
сельский округ, расселение населения, сеть, численность, классификация.
E.Zh. Imashev, B.S. Mendigaliyev
T ransform ation of the netw ork of ru ra l settlements of the syrym region of west kazakhstan
oblast for 1989-2009
In this article are presented results of research of network of rural settlements of the Syrym
region of West Kazakhstan oblast transformation for 1989-2009. Tendencies of change o f population
are shown and the reasons of transformation of rural settlements moving system are established.
Classification of rural settlements by population is carried out.
Keywords: transformation, rural settlement, Syrym region, rural district, population
moving, network, number, classification.
ӘОЖ 94 (574) «18»:339
Дю сенгалиева М.Г. - т.ғ.к, ага оқытушы
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: merzat-00@ mail.ru
БӨ К Е Й ОРДАСЫ НДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ Ж Ә НЕ К Ә С Ш К Е Р Л ІК ІС І
А ннотация. Мақалада Бөкей Ордасындағы сауда-сатгық ісіне, Бөкей, Шыгай
тұсындагы хандықтағы сауда барысына, тасымал, айырбас саудасына, жәрмеңкелердің сауда
ісінде атқарған рөліне, жәрмеңкедегі сауда айналымына, саудадағы кәсіпкерліктің атқарган
рөліне ғылыми талдау жасалған.
Түйін соз: Сауда, жәрмеңке, кәсіпкерлік, сауда айналымы, несиелік касса.
Қай елде, қай кезенде, қай қоғамда болмасын, экономикалық тұрғыдан
алғанда, сауда-саттық ісінің рөлі әрқашан да басым болатыны белгілі. Сауда,
біріншіден, елдің экономикалық дамуының деңгейін, пәрменін білдірсе,
екіншіден, сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына ерекше серпін беріп,
түрмыс-тіршілігіне оң ықпалын тигізеді. Үшіншіден, көрші халықтармен арадағы
алыс-беріс, тауарлай-заттай алмасу арқылы мәдениетті байытып, өркениет
көшінің нәрімен сусындатады
Бөкей Ордасындағы сауда-саттық саласын дамытушы бірден-бір фактор -
мал жэне мал өнімдері еді. Қазақтар мал жэне мал өнімдерін көрші Ресей
мемлекетінен келген орыстарға, татарларға айырбастап отырды. Ал ресейлік
көпестер Орданы аралап, өздерінің мануфактуралық өнімдерін казақтардың
малына айырбастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде Бөкей хандығында
тасымал саудасы дами бастады. Орданы аралап, сауда жасайтындар көбіне орыс,
татар көпестері мен алыпсатарлар болатын. Сауда ісі осылайша жалпы бөкейлік
қазақтардың
нарықтық
қатынасқа
тартыла
бастауына,
тауар-ақша
қатынастарының қазақ даласына терендеп енуіне, феодалдық қатынастардың
дамуына жол ашқан еді.
XIX
ғасырдың
30
жылдарынан
бастап
жүмыс
істей
бастаған
жәрмеңкелердің халқымыздың даму тарихында алатын орны ерекше. Оның бір
дәлелі ретінде 1832 жылы Бөкей Ордасында күрылған Хан ставкасындағы
жәрмеңкелерді айтуға болады. Бүл жәрмеңкелер сауда-саттық ісін орнықтыруға
ғана емес, көршілес Ресей және басқа елдермен түрақты экономикалық байланыс
жасау, халықтың өнер мен мәдениетін дамыту бағытында да аса маңызды роль
атқарды. Қазақстан ауқымында ең алғашқы жәрмеңкенің Бөкей хандығында
ашылуы мүндағы сауданың үлкен қаркынмен дамығандығын білдіреді.
Бөкей Ордасының экономикалық өміріндегі басты жаңалық - балық, кіре
тасу, түз кәсіпшілігі сияқты өзге де салалардың дамуы еді. Алайда бүл кәсіп
түрлері үшін төленетін ақы көлемі өте төмен болды.
Бөкей Ордасында алғашқы жылдары сауда баяу дамыды, себебі
казақтардың жиі көшіп-қонуы, нақты жолдың болмауы, орыстардың қазақ тілін
білмеуі, түрмыс-тіршілігін жетік меңгермеуі сауданың өсуін тежеп отырды.
Көшпелі қазақтардың көші-қон түрақтары мен мекендері белгілі болған соң,
халықтың өмірі бір қалыпқа келіп, сауданың дамуы күшейе түсті.
Бөкей Ордасындағы сауданың өсуі Ресейдің ішкі нарығымен тығыз
байланыста өрбіді. Ол, әсіресе, Ресейдің өндіріс капиталының өсуіне игі
ықпалын тигізді. Осыған байланысты Бөкей Ордасындағы сауданың өсуі 20-шы
жылдардан бастап айқын байқала бастады. Кейін Орда жерінде сауда жасаудың
пайдасы Ресей көпестерін одан әрі қызықтыра түсті.
Алғашында Бөкей Ордасы территориясында нақты сауда орындары
болмаған еді. Сауда қазақ қоныстарының жанында және негізінен алғанда
Орданың маңайында немесе онымен шекаралас орыс ауылдарында жүргізілді.
Күзет кордондары мен форпостар негізгі сауда орталықтарына айналды.
Қазақтармен сауда жүргізуде алғашқы болып мол пайдаға кенелгендер - Орал
казактары, төменгі шенділер, линия басшылары, атамандар болатын. Көп уақыт
өтпестен саудагерлер күрамы ішкі губерниялардан келген әр түрлі шендегі
адамдармен толықты. Олардың мүнда келуіне ықпал еткен, кызықтырған нәрсе -
«көшпенділерден» түсетін зор пайда еді. Бүндай келімсек саудагерлердің
көпшілігі қазақтарга жақын орналасқан елді-мекендерде біржолата қоныс теуіп,
түрақты түрғындарға айналды.
И.Ф. Бларамберг өз еңбегінде Бөкей хандығындағы қазақтардың бастапқы
сауда жүргізген орындары ретінде төмендегідей елді мекендерді келтіреді:
1. Өзен шебінде және Глининский форпостында шенеуніктер мен орал
әскери казактары сауда жүргізді. Бүл саудаға басты қатысушылар жергілікті
шенеуніктер болатын. Саудагерлер Оралдан тауарды қолдан арзанға сатып алып,
қазақтарға жоғарғы бағаға айырбастап отырды.
2. Қысқы мезгілде сауда Орал шебінің төменгі бөлігіндегі Кулагин
қамалынан бастап Гурьев қалашығына дейінгі аралықта жүргізілді, себебі
қазақтар бүл уақытта осы жерлерді мекен ететін.
3. Астрахан қаласына жақын жердегі Қалмақ базары. Бүл жерде қазақтар
жыл
сайын
50000-ға
дейін
қойларын
айырбастайды.
Әсіресе,
малды
хиуалықтардың қағаз бүйымдарына айырбастау ісі ерекше қызу өтетін.
4. Татарлар мен армяндар Астраханнан Каспий теңізі арқылы сауда
жүргізді.
5. Камышиннен және Саратовтан тауармен келетін көпестер саудасын
Эльтон өзенінің маңында жүргізетін.
6. Чертил ауылында жыл сайын 1 қазанда жәрмеңке басталатын. Бүл жерде
қазақтар өз малдарын астық, тары және т.б. өнім түрлеріне айырбастады.
7. Шежін және Деркөл кордондарында да сауда жүргізілді.
8. Хан ставкасы маңында. Бүл жердегі сауда ісі қалыптаса бастаған
болатын. Астық пен мал айырбасы әсіресе қазан және қараша айларында (1825
жылы) қызу жүрді [1, С. 18 ].
Байқағанымыздай, Ф. Бларамберг бөкейлік қазақтардың лауазымды
шенеуніктер мен әскери казактармен арадағы айырбас саудасы әркез тең емес
жағдайда жүргізілгенін атап өткен.
Шығай түсында Қалмақ базарында бөкейлік қазақтар өздерінің мал және
оның өнімдерін өзге тауарларға айырбастап отырған. 1820 жылы 28 қаңтарда
Шығай сүлтан Астрахан азаматтық губернаторы И.Я. Бухаринге татар Мүстафа
Бековты қазақтардың осы Қалмақ базарындағы өкілі етіп тағайындау туралы
үсыныс білдіреді. Онда: «Азия халықтарынан бүған дейін түскен өтініштері
бойынша мен Астрахан уезінің Саян мекенінің татары Мүстафа Бековке
қазақтардың басқа халықтармен мал айырбастауы кезінде Қалмақ базарында 28
қаңтардан алдағы 1821 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақтар жағынан бақылаушы
болуды тапсырғанмын. Ал татар Мүстафа Беков Астрахан азаматтық үкіметінің
қарамағында болғандықтан, мен сізден жэне Астрахан земстволық сотынан
қазақтар мен Ресей халқы арасында мал сату немесе айырбастау кезінде тәртіп
сақтау үшін Бековті сол Қалмақ базарында болуға тиісті жылдық мерзім ішінде
ешқайда қоғамдық тапсырмамен жібермеуді өтініп сүраймын» [2, 5 п.].
Бүл қүжаттан көріп түрғанымыздай, Шығай сүлтанның Қалмақ базарында
Бековті өкіл ретінде тағайындауының басты мақсаты айқын: бір жағынан,
бөкейліктермен арадағы айырбас саудадағы жалпы тәртіпті қадағалау ісі - уақыт
тудырған қажеттіліктердің бірі болатын, екінші жағынан, хат танымайтын
далалық қарапайым қазақтардың саудадағы қүкықтық мүдделерінің аяқасты
болмауын қамтамасыз ету де - сүлтан көздеген мақсаттың бірі еді.
Жәңгірдің бастамасымен 1832 жылы Хан ставкасы жанынан жәрмеңке
жүмысын бастады. Бүл мақсатқа империя қазынасынан 56.161 сом қаржы
бағытталды. Сөйтіп, 316 сауда нүктелерінен түратын 12 үлкен корпус бой
көтерді [3,15 п.]. Нәтижесінде, Хан ставкасы ен даладағы ең негізгі әрі қолайлы
сауда орталығына айналып шыға келді. [4, 109 б.].
Жәрмеңкелердің ерекшеліктеріне тоқталсақ:
1) Қазақстан бойынша ең алғашқы жәрмеңке Бөкей Ордасында ашылды.
2) Бұл жәрмеңкелер көктемде сәуірдің 15-інен мамырдың 15-іне дейін
және күзде қыркүйектің 15-інен қазанның 15-іне дейін жылына екі мәрте
ұйымдастырылды.
3) Жәрмеңке кезінде белгілі бір сауда ережелерінің болуы.
4) Ресеймен, Орта Азиямен сауда-экономикалық байланыстар тінінің
терендей түсуіне оң ықпал етті.
5)
Әсіресе,
жәрмеңкелерге
қатысушылардың
көп
үлттылығымен
ерекшеленді.
1836
жылы
15
қыркүйекте
төлеңгіт руының
старшыны
Мекен
Балуанқүлов өз бақташыларының күшімен осы жәрмеңкеге келген көпестердің
табындарын багымга алу туралы жазбаша міндеттеме алады. Ол міндеттемеге
Жәңгірдің рүқсатымен қол қоя отырып, 1836 жылдың 15 қыркүйегінде көпестер
малын багымга алуга өз қалауын білдірген. Сол уақыттагы Хан ставкасының
жанында ашылып, қазан айының 15-не дейін жүмыс істейтін жәрмеңке уақыты
кезінде старшын Мекен Балуанқүлов өзі жалдаган бақташы қызметкерлердің
күшімен келімді-кетімді көпестердің, саудагерлер мен өзге де жандардың
табындарын қожайындардың өздері қажет деп тауып, келісім берген жагдайда
тебіндетіп, багып берген.
Бүл қызмет түрі төмендегідей тәртіппен жүргізілді: мүнда әкелінген
немесе мүнда сатылып алынган, айырбасталған әрбір жылқы малын,
оның
жүнін,
ерекше
белгілерін,
багасын
қожайынның
өзі
старшын
Мекен
Балуанқүловтың көзінше жәрмеңке бақылаушысының ханнан алган тізім
кітабына жазып тіркейді. Қожайыннан әр жылқының қабылдап алынгандыгы
туралы қолхат алынып, қолхатқа мөр басылады. Багым үшін жарияланып,
жазылган жылқы багасынан және әр рубльдің күміске шаққандагы бағамы
бойынша старшынға бес тиыннан төленеді. Мүның жартысы жылқыны бағымға
беріп, тіркеу кезінде төленеді, ал келесі жартысы - жылқыны табыннан
қожайынға қайтарар кезде тікелей Мекен Балуанқүловтың (қызметкерге емес)
өзіне берілген. Бағым бағасын бағым уақытына тәуелді етпеген. Жылқы бір апта
немесе бір ай бағылса да, баға өзгермеген [5, 11 п.].
Бүл жәрмеңкеге 1833 жылы 562971 мың бас мал әкелініп, 339174 сомға
тауар сатылды. 1834 жылы 597603 рубльдің тауары әкелініп, 368775 рубльге
сатылды, 1835 жылы 691628 рубль тауар әкелініп, 379548 рубльге сатылды. 1836
жылғы жәрмеңкенің тауар айналымы 2 млн. рубльді қүрады [6, 28 п.].
Енді 1837 жылдан 1839 жыл аралығындағы жәрмеңкеге әкелінген мал және
оның өнімдеріне [7, с. 62] тоқталсақ: олар - түйе - 385 бас, жылқы - 2524 бас, ірі
қара - 12244 бас, қой - 342103 бас, жылқы терісі - 23730 пұт, қой терісі - 19232 пұт,
түйе терісі - 1060 пұт, қоян терісі - 5535 пұт, ешкі түбіті - 1373 пұт, борсық терісі -
70 пұт, түйе жүні - 2086 пұт. 1837-1839 жылдары қой, ірі қара, жылқы және қоян
терісі, қой терісі жәрмеңкеге көп мөлшерде әкелінген. Сонымен бірге, 1837-1839
жылдары тауар айналымы жоғары деңгейде болған [8, 78 б.].
Ордадағы сауда айналымының төмендеуі 50-ші жылдардың аяғына дейін
созылды. Ал XIX ғасырдың 60-шы жылдарының басында сауда ісінің қайта
жандануы байқалады. Бүл кезде қазақтардың мал шаруашылығы 1852 жылғы
жүттан біраз айыққан еді. Сауданың жандануы 1858 жылы таратылған Уақытша
Үкіметтің қазақ қүрамының орыс шенеуніктерімен алмастырылуымен тығыз
байланысты. Осының салдарынан Орда жерінде орыс көпестерінің саудасы
жанданды, себебі патша шенеуніктерінен тұратын Кеңестің жаңа құрамы
Ордадағы сауда дамуын барынша қолдауға тырысты [9, С. 101].
1862 жылы 8 қаңтарда Орда Ішкі істер министрлігіне қарады. Тағы бір
маңызды тұс - Бөкей Ордасында азық-түлік капиталы, несиелік касса және
қазыналық кәсіпорыны да осы кезеңде үйымдастырылды. Отаршылдық
пиғылдан туған бүл мекемелер арқылы империяның қазақ жерін тәуелділікте
үстауға, оған тек сауда шикізатын өткізетін аумақ ретінде ғана қарауға мүмкіндік
туғызылды. Ссудалық касса Хан ставкасында 1854 жылы ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартысында жүзеге асқан осынау істер нәтижесінде
алым-салық жинау жүйесі реттеліп, ссудалық кассалар үйымдастырылды.
Қазақтарға ссуда 3 айдан 1 жылға дейін куәлар көзінше міндеттеліп
берілді. Қазақтар ссудалық кассаға үнемі қарыздар болып отырған. Жәңгір
кезінде анық есеп-қисаптың болмауы, олардың жүйелі жүргізілмеуі хандықта
алым-салық жүйесіне қатысты туындаған көп келеңсіз жағдайларды, зардапты
салдарларды шығарған. Осы түрғыдан келгенде, бүл саладағы істердің бір
жүйеге келтірілуі және оның занды сипатқа ие болуы - күптарлық бастама еді.
Бөкей Ордасындағы байлық көлемін анықтауға, басқару штатын, алым-салық
мөлшерін реттеуге мүмкіндік беретін оң өзгерістердің орнығуына жол ашты [10,
152 б.].
1866
жылы
Ішкі
Орданың
шаруашылық
капиталы
Ішкі
істер
министрлігінің кіріс сметасына қосылды. Ол Мемлекеттік кеңесте қаржы
министрі мен мемлекеттік бақылаушының Ішкі орданың шаруашылық капиталы
мен жәрмеңкелік кірісті мемлекеттік казынашылыктың бақылауына беру туралы
өзара хат жазысуының нәтижесінде мүмкін болды.
Мемлекеттік кеңестің шешімі бойынша 1866 жылдың 25 сәуіріндегі
патшаның бекітуімен Ішкі ордадағы салық жалпы мемлекеттік кіріске
жатқызылды. Сәйкесінше, Ішкі істер министрлігі тарапынан мынадай ережелері
белгіленіп, бекітілді:
а)
жәрмеңкедегі сауда орындары үшін алынатын 15 тиын көлеміндегі
жалдама ақы Ішкі Ордадан тыс аймақтарға шығу үшін берілетін билеттерден
жиналған қаржыны жалпы мемлекеттік кіріске жатқызылды. Осылайша, Ішкі
істер министрлігінің қаржы сметасы арқылы патшаның 1862 жылғы 22
мамырындағы сметалық ережелері негізінде пайдалануға берілді.
б) Ішкі Орданың қалған кіріс түрлері мыналар еді. Яғни, ол ең алдымен
хан ордасындағы жәрмеңкелік ауладан басқа жәрмеңке уақытында берілетін
орындардан алынатын алым. Бүған коса, таразы және моншадан түсетін
төлемдер мен сырттан әкелінген малды сатудан алынатын алымдар. Олардың
бәрі де ендігі жерде Ішкі Ордадағы жергілікті басқарудың қарамағына
қалдырылып, оған Ішкі істер министрлігі салық пен кірістер жөніндегі сметалық
ережелерінің баптары бойынша бақылау жасады [11, 12 п.].
Жоғарыда келтірілген деректерден Ресей империясының Ордадағы сауда
ісіне белсене араласқанын, оны жергілікті билікті қаржыландыру мақсатында
шебер пайдаланғанын анық байқаймыз. Патша үкіметіне орталық қазынадан
ақша шығындағаннан гөрі қазақтарды өз қаржысы есебінен басқарған тиімді еді.
Оған коса сауда ісі Ресейдің ішкі губернияларынан арзан шикізат көзімен
қамтамасыз етудегі басымдықтарын анықтап алды.
XIX ғасырдың екінші жартысында Бөкей Ордасындағы кәсіп түрлері
көбейіп, балық аулау, түз өндіру, жүк тасымалдау тағы басқа жүмыстарға
жалданушылық арта түсті.
Кәсіпшіліктерге барып, жалданып қызмет атқару үшін қазақтарға рүқсат
пен белгілі бір мерзімге арналған билет берілді. Кәсіпшіліктердегі қызметтердің
маусымдық сипатына байланысты жалданушы қазақтар да бүл жүмыстарды
кесімді бір уақытта атқара алатын еді. Сондықтан, жалданушы қазақтарға уақыт
мерзіміне сәйкес бағасы да өсіп отырған билеттер сатылып, рүқсат берілді, әр
билет есепке алынды. Балық кәсіпшілігі 3 маусымдық кезеңге, ал түз кәсіпшілігі
еңбек сипатына қарай 4 топқа бөлініп, оларға қазақ жүмысшылар көптеп
жалданды. Түз өндіру және балық аулау кәсіпшіліктерінде қазақтарға басқа үлт
өкілдерімен салыстырғанда еңбек ақы кем төленді.
Жыл сайын балық кәсіпкерлері жүмысшыларды жалдау үшін өз
адамдарын орыс селоларына, қазақ, қалмақ ауылдарына жіберіп отырған, алайда
жалданушылармен олар тікелей келіссөз жүргізбеген, әрбір село мен ауылдарда
подрядчиктер арқылы өздеріне қажетті мөлшерде жүмыс күшін жинап алып
отырған. Өзендер мүздан арылған соң, кәсіпкерлер белгіленген пункттерге балық
тиеуге арналған қайықтарды жіберетін болған. Өзендегі балық кәсіпшілігінде
көктем кезінде 60 мыңға жуық, күзде 30 мындай және қыста 5 мыңға жуық
жүмысшылар мен аушылар жүмыс істеген.
Түрақты қызметкерлердің шағын ғана тобын есептемегенде, барлық
жүмысшылар белгілі бір мерзімге жалданатын. Негізгі мерзімдер: көктемде - 15
ақпан, 1 наурыз, 15 сәуірден және 15 мамырға дейін; күзде - 1 қыркүйектен 1
қараша мен 6 желтоқсанға дейін; қыста - 6 желтоқсаннан 1 наурызға дейін [12, С. 2].
Балықшылық кәсіппен негізінен округтік қазақтар және Қамысты-Самар
қазақтарының бір бөлігі айналысқан. И-ші теңіз округінің қазақтары 4000 адамға
дейін балық кәсіпшіліктеріне жалданатын. Нарын бөлімінен жыл сайын балық
кәсіпшіліктеріне жалдануға көктемде 1 наурыз бен 15 мамыр аралығында
аттанған.
II
теңіз округіндегі түрғындардың жаппай қозғалысы ең әуелі балық
кәсіпшілігімен
байланысты
болатын.
Мал
шаруашылығына
қолайсыз,
топырақты, барлық жері дерлік күмды болып келетін теңіз жағалауы
округтерінде маңызы жоғала бастаған мал шаруашылығының орнына балық
кәсіпшілігі дами бастады. Қазақтардың өздері балық аулаумен айналысты және
кәсіпшіліктерге жалданды. Балықшылар көбіне теңіз жағалауында қыстап
қалатын, олар балықты аумен аулап, кәсіпшіліктерге өткізетін. Қазақтардың
ішінде де ірі балық кәсіпкерлері болды. (мысалы, қазақ Танашев, Бөкенбаев,
Убышев, т.б.) [12, С. 10].
Балық аулау кәсібі XIX ғасырдың аяғында балық өндірісінің өндіру және
өндеу сияқты екі саласын қалыптастырды. Яғни, балық кәсіпшілігі дамуының
нәтижесінде бірінші жағынан өндіру кәсібінің өңдеу және сату кәсібінен
бөлінгені байқалса, екінші жағынан жақын және алыс рыноктарға балықтарды
сатуды жекелеген ірі өндіріс иелерінің жүзеге асырғанын көреміз [13, 33 б.].
Дегенмен,
балықшылық
кәсібі
дәстүріндегі
ала-қүлалық
әртүрлі
қатынастардың орнығуына жол ашты. Олардың біреулерінің ондаған, тіпті
жүздеген
балықшыны
жалдауға
әлеуеті
жететін.
Енді
бір
жекелеген
балықшылардың тобы үстаған балығын өзі өткізіп, іс жүзінде жеке басының
тәуелсіздігін сақтап қала алды. Теңізден балық аулау аса қауіпті әрі оған ақы өте
аз мөлшерде төленді. Теңізде негізінен қызыл балықты өндейтін өндіріс
орындары, ал, өзендер жағалауында қабыршақты түқымдас балықтарды
тазалайтын кәсіпшіліктер орын тепті [13, 32 б.].
XIX
ғасырдың аяғында қазақтар арасынан да балық кәсіпшілігімен
айналысатын кәсіпкерлерде шыға бастады. Мысалы
I-теңіз округінде Өтеғали
Танашевтің «Дружинский», «Қара көл», «Потанайский», «Михайловский»,
«Мало Дружинский», Қарес Танашевта «Бережник», Салық Ибрагимов деген
қазак көпесі «Баровский» атты батағасының қожалары болды. Алғашқыда
шаруасын ұсақ кәсіптен бастаған қазақ кәсіпкер-саудагерлері біртіндеп байып,
балық қабылдайтын батағалар ұйымдастырып, балық аулайтын үлкен кеме-
қайық жасақтады. Сөйтіп үлкен капитал иелеріне айналды. Олар балық
кәсіпшілігіне жұмыс күшін тартып отырды [14].
Алайда, қазақтарды қанау жағдайларының қаншалықты көп кездескенін
мынадан-ақ аңғаруға болатындай. Айталық, жұмысқа жалдау кезінде ең жоғарғы
жалақы қалмақтарға, орташа еңбек ақысы орыстарға, ал, ең төменгі ақы қазақ
жүмысшыларына төленген. Бүның басты себебі - балықшылықтың қазақтың ата
кәсібі еместігі болатын. Аталған мәселені реттейтін заңның болмауы, жалақы
әркез ақшалай төлене бермейтіндігі, көбіне-көп азық-түлік тауарлары түрінде
берілетіндігі де жағдайды қиындата түсті [15, 6 п].
Сонымен қатар, бөкейлік қазақтар түз өндіру кәсіпшілігімен де
айналысқан. Бүлар Басқүншақ, Елек, Эльтон, Дендер түз өндіру кәсіпшіліктері.
Бірақ, бүл орындар орыс кәсіпқорларының билігінде болған. Ал, бөкейлік
қазақтар осы түз кәсіпшілігіне жалданған. Бөкей Ордасының оңтүстігіндегі
қазақтар Каспий жағалауындағы балық кәсіпорындарына барып жалданса, батыс
мен терістік бойдағылар іргелес Астрахан губерниясындағы қоры мен сапасы
жөнінен әлемге әйгілі болған Басқүншақ түз өндірісінде жалданған. Бүл түз
өндіру кәсіпшілігінде жалданған жүмысшылардың ақысы төмен төленген.
Уақытша Кеңестің 1876 жылғы есебі бойынша, осы түз кәсіпшіліктеріне
жалданған қазақтар 1000 пұт түз өндіргені үшін 10-15 сом аралығында еңбек ақы
алған [10, 153 б.]. Мүнда өндіріс қүралы ретінде олар тек ауыр балға, күректерді
ғана қолданған. Түйелерімен келіп, түз тасыған казақтардың өзі мындап
саналған, 1891 жылы Басқүншақ түз өндіру кәсіпшілігінде жалпы саны 5000-дай
қазақ жүмыс жасаған. Оның ішінде 1000 адам калмақтардан, 1500-дей адам
Қамысты-Самардан, 1000 адам Таловка аймағынан, тіпті II теңіз жағалауы
округінің №13, №14 болыстарынан да көптеген адамдар болған [16, С. 22]. Олар
түз өндіру кәсіпшілігінде тәулігіне 12-14 сағат бойы жүмыс істеген. Тіпті, бүл
жерге азын-аулақ малдарын айдап, жанүяларымен біржолата көшіп келгендер де
болған. Жүмыс 1 маусымнан 1 қазанға дейін созылған. Жүмысшылар көлдегі
жүмысқа сол қазақтардың өздерінен тағайындалатын мердігерлер арқылы
жалданып, келісімшартқа отыратын. Жүмыс басталар алдында жүмысшы
қазақтар көл маңына өздерінің отбасыларымен және сауын малдарымен бірге
көшіп келетін. Бүл кезде оларға азық-түлік алуға белгілі бір мөлшерде ақша
берілетін де, одан әрі жалақының көлемі тапсырған түздың мөлшеріне
байланысты болатын.
Сөйтіп Бөкей Ордасында XIX ғасырдағы сауда-саттыктың дамуы бірнеше
кезеңнен өтті. Алғашында сауда-саттық хандықпен шектес жерлерде жүрді және
хандықтың өз ішінде тасымал саудасының дамуы орын алды. 1832 жылы Бөкей
Ордасының Хан ставкасында жәрмеңке ашылып, ол әр түрлі үлт өкілдерінің бір-
бірімен байланысының дамуында маңызды рөл атқарды. Бүл жәрмеңке Қазақстан
бойынша ең бірінші ашылған жәрмеңкелердің бірі еді. Ол Қазақстан мен еуразиялық
мемлекеттер халыктарының бір-бірімен байланысында ерекше орын алды.
Әлеуметтік-экономикалык жетістіктерден басқа мәдени ыкпалдастықтың да маңызы
артты. Бүл өз кезегінде қазақ халқының өркениет жолындағы қол жеткізген
табыстарының жарқын көріністерінің қатарын молайта түсті.
Әдебиеттер
1.
Бларамберг И.Ф. Военно-статистическое обозрение земли киргиз -
кайсаков Внутренней (Букеевской) Орды и Зауральской (малой) Орды
Оренбургского ведомства // Военно-статистическое обозрение Российской
империи. - СПб., 1848. - Ч. 3 - 20 с.
2. ҚРОММ, 78-қор, 1-тізбе, 7-іс.
3. РФ АОММ, 1-қор, 9-тізбе, 795-іс.
4. Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. - Алматы: Атамұра:
Қазақстан, 1994. - 221 б.
5. ҚРОММ, 78-қор, 2-тізбе, 65-іс.
6. ҚРОММ, 78-қор, 2-тізбе, 36-іс.
7. Еврейнов А. Внутренняя или Букеевская киргиз-казачья Орда. //
Современник. - 1851. - № 10.
8. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. - Алматы: Санат,
1994. - 220 б.
9. Аспандияров Б. Образование Букеевской Орды и ее ликвидация. -
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. - 290 с.
10. Харабалин F.E. XIX ғасырдағы Бөкей Ордасы. - Орал, 2004. - 238 б.
11. РФ ООММ, 6-қор, 10-тізбе, 6085-іс.
12. Поленов А. Пути торгово-промыслового движения в Букеевской Орде
и в пограничных с нею областях. - СПб., 1907. - Ч.З. -120 с.
13. Меңдігереев
К.Ж.
Батыс
Қазақстан
аумағындағы
балык
шаруашылығының даму тарихы: тарих ғыл.канд. ... дис. - Атырау, 2007. - 130 б.
14. Румянцев П.П. Киргизский народ в прошлом и настоящем. - СПб.,
1910. - 37 с.
15. ҚРОММ, 4-қор, 1-тізбе, 3885-іс.
16. Иванов И.С. Джангерь, хан Киргизской Внутренней Орды //
Астраханский листок. - 1895. - №185. - 260 с.
Д ю сенгалиева М.Г.
Торговые отнош ения и предпринимательство в Букеевской Орде
В статье дается научный анализ роли, которую выполняло ремесло в торговле,
товарооборота, ярмарке и роли которую выполняли в торговой деятельности ярмарки, в
товарообороте, перевозках в период торговли во времена ханства Шагая и Бокея, торговой
деятельности Бокей Орды.
К лю чевы е слова: торговля, ярмарка, ремесло, товарооборот, заемная касса.
Dyusengaliyeva M.G.
T rade relations and enterprice in Bukey Horde
The article gives a scientific analysis of the roles that the craft in trade turnover, fairs and
perfomed the role that fair trade activities in turnover, transport between trade for the Khanate Pacing
and Bokei Horde.
Keywords: trade, fair trade, turnover,craft, loan ticket office.
ӘОЖ 94(5-191.2)“652”/19
Достарыңызбен бөлісу: |