Тренинг для тренеров по обучению сельских нко в рамках проекта «Поддержка сельских нко»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#10155
  1   2   3

                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



 



 

 

 

 

 

 

 ТРЕНЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ 

 

                        ЖЕРГІЛІКТІ  КЕҰ- ды ОҚЫТУҒА  АРНАЛҒАН  

 «Жергілікті КЕҰ- ды қолдау» жобасы аясында 

 

Таратылатын материалдар 

 

 

Ұзақтығы: 5күн 

 

Өткізілетін мерзімі: 15-19шілде 2013 ж. 

 

Өткізілетін орны:  Алматы қаласы, Халықаралық Бизнес Академиясы  

 

Тренер: Махаббат Еспенова, «КАМЕДА» ҚҚ  орындаушы директоры 



Тренер – аудармашы: Меруерт Сандықбаева, жобалар координаторы 

 

Мақсаты: Стратегиялық жоспарлау, фандрейзинг, жергілікті КЕҰ- ды оқытуды әрі 

қарай  жалғастыру  мақсатында  тренингтер  өткізу  тақырыптары  бойынша  

ресурстық  орталықтардың  тренерлерінің  біліктілігін  арттыру  және  білімін 

тереңдету  



                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



Тренингтерді өткізу және жоспарлау біліктілігін жетілдіру 



 

Ұйымдастырушылық даму бойынша тренердің қажетті дағдылары  

 

Тренер қандай  аудиториямен жұмыс істеуіне байланысты, басшы болсын, КЕҰ  қызметкері 



болсын, ол кәсіби шеберлігінің белгілі бір деңгейін ұстануы қажет. Әрбір практик-тренер уақыт өте 

келе өзінің бір стиліне ие болады, өзінің бәсекелестік артықшылығын көрсете білуі тиіс.       

  

Тапсырыс берушілердің болжамына қарай тренер жұмысының жақсы көрсеткішін беріп қана 



қоймай, мәселелерді шешетін қабілеті де болуы тиіс. 

 

 



 

Табысты тренер стратег, эксперт, бизнес-серік және көшбасшы болуы шарт. Сондай-ақ 

тренер жобаны басқару, ресурстарды дұрыс бөлу, оларды қолдана білуі тиіс.  

 

Тренердің құзыр біліктілігінің моделі 

 

Құзыр  біліктілік  моделі  тренингтік  қызмет  көрсетудің  сапасын  арттыруға  бағытталған.  Тренердің 



құзыр  біліктілігі  оқытудың  негізгі  кезеңдеріне  және  адам  ресурстарын  дамытуға,  оқытудың 

қажеттілігін бағалау кезеңінен оқытудың нәтижелерін енгізгенге дейін құрылған. 

 

Тренингті  дайындау,  оқытудағы  қажеттілікті  анықтау  оқытудың  негізгі  кезеңдері  болып  саналады. 



Осы  кезеңдерде  нәтижеге  бағытталған  жұмыс  жүргізіледі,  тренингке  қатысушылардың 

ерекшеліктері мен күтілетін нәтижелерін анықтау. 

 

Бизнес-тренердің міндеттерді сапалы орындау үшін қажетті құзыр біліктілігі: 



  Аудиторияның  ерекшелігін  ескере  отырып  оқытудың  қажеттілігін  зерттеу.  Тренер 

мақсат пен міндеттерді анықтайды, зерттеу жүргізеді, ақпаратты талдайды және жүйелейді. 

Жоспарлау  менеджментінің  біліктілігіне  ие.  Тренер  мінездемелерді  және  оқыту  процесі 

қатысушыларының ерекшеліктерін анықтайды.   

  Тренинг  материалдарын  және  әдіс-тәсілдерін  жоспарлау.  Тренер  оқыту  тәсілдерін 

біледі және жоспарлайды, тренингке қатысушылардың ерекшеліктерін ескереді. Тренингтің 

негізгі  кездерін  анықтайды,  контекстік  мысалдар  келтіреді,  мақсаты  мен  мазмұнына  сай  

жұмыс материалдарын дайындайды.  

  Тренингке дайындық.  Тренер қиыншылықтарды көре алады және олардың алдын алуға 

дайындалады.  Топтағы  «қиын»  қатысушылармен  де  тіл  табыса  алады.  Барлық  қосымша 

материалдарды  жоспарлайды  және  тренингтің  техникалық  жабдықтарын,  тренинг  өтетін 

бөлмені  дайындайды.   Тренер  өз  эмоциясын  басқара  алады  және  бизнес-этикетті  сақтай 

алады.  

  Оқыту  процесін  басқару.  Тренер  оқыту  процесінің  әр  кезеңдерінде  міндеттердің 

орындалуын  үнемі  бақылап  отырады,  өзгерістерге  уақтылы  мән  береді  және  іс-шара 

жоспарын  дәлдеп  отырады.  Оқыту  және  даму  бойынша  бастамаларды  қолдайды.  Оқыту 

процесінің  барлық  қатысушыларымен  ынтымақтастықты  дамытып  отырады.  Басқалар 

ұсынған идеяларды қарастырады. 

Тренингті  өткізу    уақытында  тренерден  сенімділікті,  кәсіби  шеберлікті  күтеді.  Бұл  қасиеттерді  іске 

асыру үшін мынадай құзырлық қажет:  

  Тренинг  әдістері  мен  стратегиялары.  Тренер  қатысушылардың  өзін-өзі  дамытуға 

бағытталған  талабын  қолдайды,  оқуға  деген  жақсы  жағдай  туғызады.  Оқыту 

бағдарламаларының  параметрлерін  анықтайды,  тренинг  өткізу  барысында  әр  түрлі  әдіс-


                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



тәсілдер қолданады. Тренингке қатысушыларды кәсіби қызметінде зор табыстарға жетуіне 



мүмкіндік туғызады. Практикада жаңа білім мен біліктілігін қолдануды көтермелейді.  

   Тренинг өткізу.  Тренинг жүргізу кезінде тренер ережелер орнатады, мақсатты айқындап 

береді,  уақытты  басқару  принципін  қолданады.  Тренер  ашық  және  зейінді  болуы 

тиіс. Тренер  сұрақ  қоя  біледі,  дискуссияны  басқара  алады,  түсіндіреді,  қорытынды 

жасайды,  нақты  кері  байланыс  орнатады.  Тренинг  қатысушыларының  тәртібін  қадағалап 

отырады, оқу іс-шараларын соңына дейін жүргізеді.  

  Ең  жақсы  шешім  қабылдау  үшін  эксперт  облысында  пәндік  білімді  қолдану.  Тренер 

оқудың  мақсатына  жету  үшін  ресурс  жинайды,  тренинг  тақырыбы  бойынша  экспертбола 

алады. Тапсырыс берушінің мәселелелерін жан-жақты зерттеп талқылайды, себеп-салдар 

байланысын  анықтайды  және  дұрыс  шешім  ұсынады.  Өз  ісінің  маманы  екенін  көрсетеді, 

тәжірибесін  дәріптейді.  Тапсырыс  берушінің  бизнесі  дамуына  оқудың  зор  пайдасы  тиуін 

қамтамасыз етеді. 

Бизнес үшін тренинг құнды зат болғандықтан, тренинг нақты нәтижелер беруі тиіс. Тренер оқудың 

нәтижелерімен  жұмыс  істей  алуы  тиіс.  Қандай  жарқын  және  есте  қаларлық  тренинг  болса  да, 

нәтижесі іс жүзінде көрінуі тиіс.  

 

Сын тұрғысындағы құзырлықтар: 



  Оқытудың  тиімділігі  мен  нәтижесінің  бағасы.  Тренер  оқытудың  нәтижесі  үшін 

жауапкершілік  алады,  оқытудың  бағалауы  мен  табыс  критериін  анықтайды.  Тренингке 

қатысушылардың  реакциясын  байқап  отырады,  бизнес  үшін  құндылықтарды  және 

оқытудың нәтижесін талқылайды. Әдіс-тәсілдердің қолдану тиімділігін, оқу материалдарын, 

оқыту шарттарын бағалайды. Өзін-өзі бағалау жүргізеді, сын көтереді, қорытынды жасайды 

және өз шеберлігін шыңдайды. Есепберу құжаттарын құрастырады, ұсыныстар әзірлейді.  



                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



Оқытудың нәтижелерін енгізу стратегияларын әзірлеу:   Тренер жаңа білім мен білікті игеруде 



көмек  береді,  тренинг  кезінде  алған  білім  мен  білікті  оңай  және  қиын  қолданудың  шарттарын 

анықтайды. Алған біліктілігін практикада қолдануға мүмкіндік туғызады. Тренинг  қатысушыларына 

өзінің  жеке  идея  мен  концепция  құруына  қолдау  көрсетеді,  күнделікті  қызметінде  білім  мен 

біліктілігін  қолдануға  әсерін  тигізеді.  Оқыту  нәтижелері  бойынша  жоспарға  өзгертулер  енгізуді 

әзірлейді. Алған білім мен біліктілігін үздіксіз шыңдау барысын қамтамасыз етеді. 

 

Тренингке дайындық үрдісі 

 

 



1.Тренингке  қатысушының қажеттілігінің бағасы. 

Тренинг  жоспарын  құрмас  бұрын,  қатысушылардың  кәсібі  мен  әлеуметтік  жағдайын  біліп  алған 

жөн. Осыдан барып оқу тақырыбы мен материал құру дайындалады. 

 

2.Жүргізушілерді таңдау рәсімі. 

Қай мамандықтың өкілі жүргізушіге лайық екенін және неше жүргізуші керегін анықтап алу.  

3. Оқуды жүргізу уақытын анықтау

Оқудың уақытын және ұзақтығын дәл анықтап алу қажет. 

 

4.Топ құрамы. 

Тренингке неше қадам қатыса алатынын алдын ала шешіп алған дұрыс, жұмыс барысында топтан 

шығу немесе керісінше кіру мүмкіндігін қарастырған жөн. 

5. Оқу орнын анықтап алған жөн. 

Алдын  ала  оқу  өтетін  орынды  дайындау  қажет,  ұйымдастырушылармен    оқу  өтетін  орынға 

қойылатын  талаптарды  айту  керек.  Талаптардың  орындалмауы  жұмыстың  тиімсіздігіне  әкеліп 

соғады. 


 

6. Тиімді жұмыстың критерийлерін таңдау. 

Тренинг  тиімділігі  қандай  тәсілдермен  бағаланатынын  білу  қажет.  Бір  варианты  ретінде  оқу 

басында және аяғында психологиялық тестілеу жүргізу. Бұл зерттелетін мінездемелердің өзгеруін 

бағалауға мүмкіндік береді.  

 

7.  Тренинг жоспарын әзірлеу: 

А) Оқу тақырыптарын таңдау. 

Б)Техника мен әдіс-тәсілдерді таңдау.  

Топтық  жұмыстың уақыты мен мазмұнын құру үшін, мақсаты мен міндетін айқындау үшін тренинг 

жоспарын құру қажет. Сонымен қатар жүргізушілермен келісулі керек. 

 

 Тренингтік оқу мен жаттығуларды жоспарлау  

Кез  келген  тренингтің  нәтижесінде  білім  сапасының  көтерілуі,  біліктіліктің  жоғарлауы, 

қатысушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеруі көріну қажет. 

 

Тренинг  міндетін  айқындау  кезінде  мына  үшбұрышты  ұмытпау  қажет  білім/біліктілік/қарым-



қатынас 

Тренинг бағдарламасын құрғанда қайсы мақсат, қайсысы күтілетін нәтиже екені түсініксіз. 

 

Мақсат – бұл тренингті дайындаудың жалпы  бекітілімі  (біз неге қол жеткізгіміз келеді).  

Күтілетін нәтиже – Тренинг кезінде қатысушылар неге жетулері тиіс  (курсты аяқтағанда не істей 

алады). 


 

Күтілетін  нәтижелерді  белсенді  түрде  тұжырымдап  отыру  қажет,  ол  үшін  мынадай  етістіктер 

қолданған  жөн.  Мысалы,  талдау,бағалау,  рындау,  құру,  зерттеу,  анықтау,  жақсарту,  тексеру, білу, 

бақылау, жоспарлау, жалпылау, түсіну, қолдану…. 

 

Күтілетін нәтижені жоспарлау үшін мына тұжырымдаманы қолданыңыз: 



 

“Тренинг соңында қатысушылар мынаны істей алады……” 

 

Бір  тренингте  күтілетін  нәтиже  саны  көп  болмауы  тиіс.    Егер  олар  көп  болса,  тренерлер  бір 



тренингке көп міндет жүктегенін көрсетеді. Олар өз шамаларын шынайы бағалауы қажет. 

 

Мақсат пен міндетті тренингке де,  жеке сабаққа да қоюға болады. 



                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



 



Мына себептермен міндеттерді қою қажет: 

1.  Барлығы (тренерлер мен қатысушылар) нені көздегенін жақсы түсінулері қажет 

2.  Стандартқа байланысты тренер тренингтің табысты деңгейін өлшей алады 

3.  Қатысушылар өз даму деңгейлерін біле алады. 

4.  Әлеуетті  қатысушылар  тренингтік  курс  оларға  жарай  ма,  соны  біле  алады.  Міндеттері 

айқын  болуы  шарт  және  оларды  тренинг  басында  таныстырған  жөн.  Тренерлерге  мына 

формула таныс болуы тиіс: 

 

Мақсат  пен  міндет  айқындалған  соң  әдіс  пен  тәсілдерді  таңдау  қажет.  Қатысушыларға  ақпаратты 



жеткізу жолдары мен біліктілікті үйретудің белсенді жолдарын көрсету қажет. 

 

Егер тренинг мазмұны, міндеті мен әдіс-тәсілдері дұрыс қойылғанына көз жеткізсек, онда тренингтік 



оқуларды батыл өткізе беруге болады. 

 

 



Жоспар мына бөліктерден тұруы тиіс:  

1.  Жұмыс  басы.  Сезімдерін  білдіру.  Қатысушылар  қандай  сезімде  отырғандарымен 

бөліседі. Бұл рәсім жүргізушіге топтың көңіл-күйін білуіне көмектеседі. Жұмыс жасауға 

беталысын біледі. 

2.  Кіріспе  бөлім  немесе  жаттығу  жасау.  Топты  жұмысқа  дайындайды,  шаршағандарын 

басады. 


3.  Негізгі бөлім.Бұл бөлімде негізгі тақырып қозғалады. 

4.  Талқылау.  Топ  мүшелеріне  ойлануға  мүмкіндік  береді,  басқа  топ  мүшелерімен 

тәжірибесін бөлісуге мүмкіндік береді. 

5.  Жұмысты  аяқтау.  Сабақ  қорытындысын  шығару.  Жүргізуші  сабақ  қорытындысына 

шолу жасайды. 

 

 



 

 

                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



 



ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ 

 

 



 

Әр  түрлі  салада  қызмет  көрсету,  қоғамды  ақпараттандыру  жергілікті  халыққа  қызмет 

көрсету арқылы 

адам құқығын жүзеге асыруда қолғабыс тигізу

. Әлеуметтік 

әлсіз  азаматтардың  өз  құқықтары  туралы  біліммен  қарулануы  оларға  нарықтық 

экономика жағдайында өмір сүруін қамтамасыз етеді. 

  Мемлекет қызметін өзі атқару

  (қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, 

мәдениет  саласы  және  т.б.).Жергілікті  ресурстарды  қолдана  отырып,  еріктілерді 

пайдаланып  коммерциялық  емес  ұйымдар  мемлекеттік  ұйымдарға  қарағанда 

экономикалық  жағынан  тиімді  қызмет  көрсете  алады.  Конкурс  негізінде  өтетін 

әлеуметтік тапсырыстарды коммерциялық емес ұйымдар жоғары сапамен қамтамасыз 

етеді. 


  Коммерциялық  емес  ұйымдар 

серіктестік  қарым-қатынас  негізінде  үкімет 

ұйымдарымен,  муниципалдық  құрылымдармен  жақсы  қоғамдық  байланыс  орнатуға 

септігін тигізеді. 

  Қоғамдық өзгерістер үрдісінде

 азаматтық жауапкершіліктің жоғарылауы, өзінің 

қоғамдағы  рөлінің  өзгеруі  адамдарды  өз  мәселелерін  өздері  шешуге  әкеліп  соғады. 

Бұл көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырады. 

  Ресурсқа  қатысты  адамдарды  ақпараттандыру

    (қаржылық  және  адами 

тұрғыдан),  өз  күшімен  жұмылдыра  алатын,  сондай  сияқты,    үкіметтен  күте  алатын 

қақылары бар адамдар.  

  Идеяларды  айту  және  талқылау

.Идеяларды  мемлекеттік  және  қоғамдық  

құрылымдарға,  қалың  бұқараға    жеткізу.  Коммерциялық  емес  ұйымдар  үкіметтің 

назарын  қоғам  қажетіне  бұрудың  бірде-бір  құралы.  Қоғамдық  назардан  тыс  қалған 

нәрселерді  коммерциялық  емес  ұйымдар  үкіметтен  қолдау  берулерін  сұрайды. 

Мұндай көмек заңды түрде қоғамдық қозғалысқа айналып кетуі мүмкін.  

  Әлеуметтік  жаңашылдықтар

.  Әлеуметтік  мәселелерді  шешу  жолында  жаңа 

оптималды  тәсілдерді  іздену  және  қолдану.  Кәсіпкерлер  және  үкімет    қолдаған 

жаңашылдықтар саясат пен технологияларда ілгері келеді. 

  Белгілі  бір  қызмет  көрсету  саласында  маңызды сұрақтар  бойынша 

зерттеу  және  талдау  жұмыстарын  жүргізу

.  Әр  облыстардағы  ұйымдар   

қажетті  зерттеу  мен  талдауларын  жүргізіп,    ақпаратты  жинап  және  халыққа  жайып 

қоғамдық пікір қалыптастырады.  

 

Жергілікті  халықтың  жеке  топтары  деңгейінде,  коммерциялық  емес  секторында  



ағартушылық және білім беру қызметі  

  Үкімет құрылымдарының қызметін бақылау

  (өз міндеттерін жақсы орындау 

мақсатында).  Коммерциялық  емес  ұйымдар  үкімет  ұйымдары  мен  шенеуніктердің 

құқық  бұзушылық  әрекеттерін  даулай  алады.    Коммерциялық  емес  ұйымдар  өз 

міндеттерін жоғары деңгейде орындауына мәжбүр және коррупция мен экстремизмнің 

алдын алу шараларын жүргізеді. 

  Кәсіптік  құрылымдардың  қызметін  бақылау

.  Мысалы,  өнімнің  сапасын 

бақылау,  еңбек  күзеті,  экологиялық  бақылау,  еңбек  шартының  орындалуы, 

мүгедектердің  әлеуметтік  қорғау  актілерінің  орындалысы  және  тұтынушы  құқығының 

сақталуы. 

  Заңнаманы  жетілдіруге

,  орындаушы  органдарға  қатысу.  Қоғамда  ағартушылық 

жұмыстар жүргізу. 


                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



  Үйлестірімдік  және  делдалдық  рөлі



,  қоғамдық  құрылымдар  мен  жергілікті 

халықтар арасында байланыс орнату.  

  Қоғамның тұрақтануы, әлеуметтік кернеуліктің әлсізденуі

.  Шатақтарды 

шешу,  мемлекеттік  және  кәсіпкерлік  құрылымдардың,  коммерциялық  емес 

ұйымдардың  арасындағы  әлеуметтік  серіктестікті  ыңғайластыру,  мәселелерді  бірігіп 

шешу олады жақындастырады.. 

  Демократиялық 

өзгерістерге 

қатысу 


және 

демократиямен 

қамтамасыз  ету 

–  ағарту  жұмыстары  арқылы  адамдарға  билік  беру,  қоғамдағы 

мәселелердің шешілуіне белсенді қатысуына түрткі болу және біріктіру.  


                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



Стратегиялық жоспарлау



 

Стратегиялық жоспарлауға кіріспе 

 

Стратегиялық менеджмент және стратегиялық жоспарлау 

Стратегиялық  менеджмент  –  бұл  ұйымның  бәсекеге  қабілеттілігін  үзбей  қамтамасыз  ету.  

«Стратегия»  термині фирманың қабылдаған шешімдерін білдіреді. Бұл анықтама ниетті ғана емес, 

істің орындалуын және нәтижеге жетуді  білдіреді. 



 

Стратегиялық  менеджмент    -  бұл    стратегиялық  жоспарлаудың,  оны  жүзеге  асырудың  және 

бақылаудың  үйлесімділігі.  Бүгінгі  толқымалы  нарық,  бәсекелестік  заманында    стратегиялық  

менеджмент  белсенді  және  динамикалық  түрде  дамуы  қажет,  сондықтан  стратегиялық    жоспарлау 

үнемі жаңарып отыруды талап етеді. 

 

 

Стратегиялық ойлау және стратегиялық ойлау  

Стратегиялық  ойлау  стратегиялық  идеяларды  әзірлеуге  итермелейді.  Стратегиялық  ойлау 

көшбасшының мүмкіндіктерін кеңейтеді, бизнес-жоспардың дамуына қолдау көрсетеді. 

Стратегиялық ойлау үрдісі сәулетшінің жұмысымен бірдей, стратегиялық жоспарлау – бұл ғимаратты 

салу  сияқты.  Стратегиялық  жоспар  құрушы  инженер-құрылысшы  болуы  міндетті  емес,  бірақ  ол 

тамаша менеджер болуы тиіс.  



 

Стратегиялық жоспарлау: анықтама, ролі, мазмұны, процесс 

 

Стратегиялық  жоспарлау  іс  пен  шешімдердің  жиынтығы,  ұйым  үшін  мақсатқа  жетудегі  көмекші 

құрал.

1



 

Стратегиялық  жоспарлаудың  мәні  қызметтің  құбылмалы  шарттарына  ресурстардың 

бейімделуі 

2

. Немесе, «стратегия – бұл ұйымның ресурстары мен біліктілігінің үйлесімділігі.



3

 



Стратегия  –  бұл  қоршаған  ортаны  басқару  тәсілі:ұйым  қандай  мақсатқа  жетпекші,  бүгін  соған  қол 

жеткізу.  Стратегия  –  бұл  жарқын  болашақ  қана  емес,  ол  іске  асырудың  нақты  жолдары  мен 

әдістері. 

 

 

Питер Лоранждың классификациясы бойынша 



 стратегиялық жоспарлаудың төрт негізгі атқаратын қызметі: 

 

1.Жоба мен бағдарламаларды таңдау немесе  ресурстарды тарату. 

 

Ұйым ресурстары (адами, материлдық-техникалық және т.б.) әрқашан шектеулі, сондықтан 



ұйым шешім қабылдауы қажет – қандай жоба мен бағдарламаларды жүзеге асыру қажет. 

Мұндай  шешім  қабылдау  үшін  стратегиялық  жоспар  қажет,  онда  ұйымның  барлық  бағыттары 

көрсетілген. 

 

 Стратегиялық  жоспар  бар  ресурстарды  қолдануға,  оларды  инвестициялауға  септігін 



тигізеді. 

 

2 Сыртқы ортаға бейімделу. 

 

Стратегиялық  жоспарлаудың  бір  тармағы  мүмкіндіктер  мен  кедергілердің  талдауы  болып 



табылады. Бұл сыртқы ортаның жағдайына сәйкес қызметті іске асыруға жағдай туғызады. 

 

3.Ішкі  координация мен  мотивация 

                                                           

1

 



Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ – М.: «Дело», 1992. 

2

 Джон Д.Дэниелс, Ли Х.Радеба. Международный бизнес – М.: «Дело», 1994 



3

 Т.Санталайнен и др. Управление по результатам. – М.: «Прогресс», 1993

 


                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 



 



Стратегиялық  жоспарлаудың  негізгі  бір  мақсаты  ретінде    топ  мотивациясының 

жоғарылауын  атауға  болады.  Құпия  мынада  –  адамдарды  ынтымақтастыққа,  белгілі  бір  қызмет 

түрін  орындауға  шақыратын  фактор  болып  табылады  –  мақсаттың  бірегей  болуы  және  шешім 

қабылдауға септігін тигізу. 

Екінші  міндет  ретінде  әріптестер  және  бөлімдер  арасындағы  тиімді  қарым-қатынасты 

айтуға болады. 

 

4.  Ұйымдық стратегияларды сезіну 

Стратегиялық  жоспарлаудың  бұл  функциясы  менеджерлердің  стратегиялық  ойлау  қабілетінің 

қалыптасуын  білідіреді.  Стратегиялық  ойлау  бұрын  қолданған  стратегияларды  көруге  мүмкіндік 

береді.  



 

 

                   

 

 



Тренинг для тренеров по обучению сельских НКО в рамках проекта «Поддержка сельских НКО» 

ОФ «КАМЕДА» для Фонда Евразия Центральная Азия, июль 2013 г. 

 

10 


Стратегиялық жоспарлаудың негізгі компоненттерін анықтау 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет