П м у хабарш ы сы вестник пгү г ү м а ш г т а г н а я с ғ г І і я < f 2 0 1 3 2


Алтай,  Ж.,  Қасабек,  А.,  ІМүхамбсіәліі,  Қ



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата21.01.2017
өлшемі3,72 Mb.
#2411
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Алтай,  Ж.,  Қасабек,  А.,  ІМүхамбсіәліі,  Қ. 
Қытай  философиясы  // 
Ф илософия тарихы:  Оқулық,- Алматы  :  Раритет,  2006.  -  Б.  12-18.

Кішібеков,  Д.,  Саурықов, 
¥ .Қ ы та й   философиясы  //  Ф илософия: 
Оқулық.  - Алматы  :  Қарасай ,  2004.  -  Б.  16-18.
С.  Торайғьфов атындағы 
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
М атериал 28.02.13  редакцияға түсті.
М. Д.  ІІсина, А. Ж. Хасенова
Из истории китайской философии
Павлодарский государственный университет 
имени С.  Торайгьфова,  г.  Павлодар 
М атериал поступил в редакцию 28.02.13.
М.  D. Issina, A.  Zh.  Khassenova
From the history of Chinese philosophy
Pavlodar State University 
named after S. Toraigyrov, Pavlodar 
M aterial received on 28.02.13.

118 
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
Эхлле5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5^
В  настоящей  статье  представлена  авторами  историческая 
ценность и актуальность Китайской философии на сегодняшний день.
In  the given  article  the authors show  historical value and actuality 
o f Chinese philosophy.
Ә О Ж   1(091)
P. М.  Кабдрашитова, A.  H. Хамитова
С.  ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
КӨЗҚАРА С ТАРЫ
Бүл  мақаламызда  С.  Торайгыровтың  философиялық  және 
этикалың дүниетанымын арнайы сөз етпекпіз.  Ол — аса қызықты да 
ңажетті үлкен мәселгнің бірі. Себебі оның шыгармашыльщ философия, 
мораль-адамгершілікмәселгсі орталық, өзектімэселе болып табылады. 
Абай  мен  Ш әкәрімнің  дүниетанымы  сияқты  Сүлтанмахмүтта 
философия,  этика мәселелгрі оның шыгармаларында кең орын алган.
С. Торайғыровтың дүниетанымдық көзқарасын дүрыс түсіну үш ін әуелі 
оның философиялық атеистік жэне социологиялық ойларымен танысып алу 
керек.  С.  Торайғьфов  ағартушы  -   демократ;  талантты  ақын  ғана  емес,  ірі 
философ  -   материалист,  эрі  атеист.  В.  Г.  Белинский:«Философ  ой тілімен 
сөйлейді,  ақын образбен суреттеп сөйлейді,  бірақ екеуінің айтатыны бір»,- 
десе, М ахмүтта да осы қасиеттер бар.
С. Торайғыровтың арнайы жазылған философиялық еңбектері болмаса да 
оның шығармаларында философиялық ойлар к ө п .«Адасқан өмір», «Кедей», 
«О, дүние»,  «М ағынасыз мешіт»,  «Қамар сүлу», «Кім жазықты»,  «Бір адам 
көп  жасады  жер  бетінде»,  «Жүмақ»,  «Жарқымбай»,  «Жан  кайда  әділетті 
іздейтүғын», «Орынымыз медресе оқып жатқан», «Сарарқаның жаңбыры», 
«Бір балуанға қарап», «Социализм», «Өмірімнің уәдесі»,  «Кешегі түнгі түс 
бүгінгі іс», «Ауьфмай есімненжаңылғаным» т.б. [1 .-3 8  6.] Ш ығармаларының 
бірталай үлесі  философия,  социология,  атеизм,  этика,  эстетика  мәселеріне 
тиеді. Әсіресе «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары көркем шығармадан гөрі 
философиялық,  социологиялық трактқа көп үқсайды.
С.  Торайғыровтың  философиялық  ойлары негізінен  екі жақты  көрініс 
табады: бірі -  таза философиялық ойлар, екіншісі -  әдебиет иен онер арқылы 
бейнелеу  жэне  этика,  эстетика  онер  арқылы  қоғамдық  сананың  формасы

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ.  2013. №1 
119
ЭхллЕ5»л«23>лдаЭхлле5»л«23>лдаЭ)лле5»л«23>лдаЭхлле5^
ретінде көрінеді. Бүл салада көркем шығарманың, өнердің аспектасын ашып 
алу  керек.  Оны  материалистік  бейнелеу  теориянсыз  түсіндіріп  болмайды. 
Өнер  дегеніміз  өмір  ш ындығының  адам  санасында  көркем  образ  түрінде 
бейнелеу  формасы.  А дамды   қорш аған  дүниені  бейнелей  оты ры п  өнер 
адам дары ны ң  дүниені  таны п  білуіне  көм ектеседі,  саяси,  адам герш ілік 
жэне  көркем  өнер тэрбиесінің  қуатты  қүралы  болып қызмет етеді.  Көркем 
өнердің  аса  маңызды  ерекшелігі  сол,  ғылымға  қарағанда  өмір  шындығын 
үғымдарда  емес,  нақты  сезіммен  қабылданатын  формада  -   типтік  көркем 
өнер образдары формасында бейнелейді. Көркем образды жасағанда суреткер 
өмір шындығының жалпы елеулі белгілерін ашып, оны жеке қайталанбайтын 
сипаттар арқылы табиғат пен қоғамның өмірдің нақты қүбылыстары арқылы 
береді. М үнда көркем образ неғүрлым айқын, сезімді көрсетілсе, ол образдың 
идеясы  да  күш ті  болады.  Көркем  ш ығарманың  қүндылығы  жазуш ының 
субъективтік талғамымен емес, шығарманың объективтік мазмүнынан, өмір 
ш ындығының  дүрыс  көрсете  білуімен  бағаланады.  Әдебиет  эстетикалық 
мүрат арқылы қоғамдық сананың бір тармағы ретінде болмыс дүниесінің шын 
бейнесін беріп, дүние тану  қүралына айналды.  Философияда бейне үғымы 
болмыстың субъективті суреті болса,  көркем бейне табиғат жэне қоғамдық 
болмысты  эстетикалық  түрғыдан  игерудің  жемісі.  В.  И.  Ленин  шындық 
тікелей  сезінуден  абстракты  ойлауға  жэне  одан  практикаға  көшу  арқылы 
танылады деп көрсетті. Ал дүниені көркем бейне арқылы суреттеу -  сезімдік 
таным мен логикалық ойлаудың бірлігінен туады.  Сезімдік танымда түйсік, 
қабылдау,  түсінік  арқылы  болмысты  тікелей  бейнелесе,  ал  көркем  бейне 
болмысты, қүбылысты жинақтап суреттейді, жалпыны жалқы арқылы танып, 
өмірдің  қажеттілігінен,  дүниені  өзгертуші  қоғамдық-тарихи  практикадан 
туады.  Міне,  осы түрғыдан  алып  қарағанда  Торайғыровтың  көркем,  әдеби 
шығармаларының өзінде де  философиялық мэселелер барлығы көрінеді.
С.  Т орайғы ровты ң  ф и л о со ф и ял ы қ  к ө зқар асы   оны ң  ж азуш ы лы қ, 
ағартуш ы-демократтық  жэне  этикалық  мүратымен  үш тасып  жатыр.  Бүл 
занды да, өйткені революцияға дейінгі қазақ ойшылдарының философиялық 
ойлары   көбіне  көп  әдебиет,  өнер  арқы лы   көрінді  де  нем есе  этикалық, 
адамгерш ілік мәселесі түрғыда қарастьфылған.
Абайдың  көзқарасында  қүдай  алғашқы,  бэрі  жасаушы,  кейін  өмірге 
қатысы  болмай,  дүние  дамуына  әсерсіз  қалады.  Осыдын  ды  оның  деизмі 
мен дуализмі материализмге апаратын жол тэрізді боп философияның негізгі 
м әселесін  дүрыс  шешуде  қазақты ң  қоғамды қ  ойында  алғаш қы   қадамы 
болатын.  Ал М ахмүт алғаш рет қүдай деген идеяны теріске шығарады.  Бүл 
оның материализмнің елулі жағы.
С.  Торайғы ров  адам ды   ф илософ и ялы қ  түрғы да  қарасты ры п,  оны 
табиғатпен  бірге  алып,  сезім  органдары  адамға  өзін  қорш аған  ортаның 
ш ындық  белгілерін,  заттар  мен  қүбылыстар  туралы  мәлімет  береді,  ойлау

120 
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
Эхлле5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5^
қызметі  сезім  мүш елері  арқылы  алынған  мәліметтерді  өңдейді,  ал  сезім 
мүшелері  оған қажетті  материалдар жеткізіп береді дегенді  айтты.  Ойшыл 
ақы н  үғы м ы ны ң  қабылдаулар  мен  түсініктердің  негізінде  болатынын, 
іш тен  туа  үғымдар  болмайтынын  «адамның  жаны  туысынан  таза»,  деді. 
Оған  мысалға  жас  сәбиде  дүниеге  келгенде  ешқандай  психикалық,  үғым 
түсініктер, таным болмайтынын былайша көрсетеді. «М ен жүмақ періштесі 
көңілім таза,  қандай  нәрсе  білмеймін  бэле  қаза».  Ол «алдау,  айла,  жалыну, 
үлық,  қүдай,  алтын,  кэпір,  мүсылман,  орыс,  қазақ,  бай,  кедей,  өмір,  өлім» 
дегендерді білмейді. Жаны таза, ешқандай күш күні бүрын оның «пешенесіне 
жазып жібермеген». Ш ындықты тану балалық кезден бастап, бүкіл өмір бойы 
болады. Дүниеге келген сэбиде элі жеткілікті таным, үғым жоқ, ол тэн азығы 
мен жан азығын қатар іздейді. Енді есейе келе ол табиғат қүбылыстарын ғана 
емес,  қоғамдық  мәселелерді үға  бастайды.  «Әлде  дерсің  қап  салып  тілену 
бар, алтынның қызметінен қалсаң арып, элде дерсің қүтылмас кедейлік бар, 
мандай  термен  болмайтын  асқа  жарып».  Сөйтіп,  Махмүтша,  адам  барлық 
түсінік,  үғымын  «атомнан  бастап,  қүдайға»  дейін  өмірден  алады.  Бірақ 
Торайғьфов материалистік танымның негізгі формалары мен типтерін түсіне 
алмаған,  эрі ол проблемалар оның ш ығармаларында кездеспейді де.
С.  Торайғыровтың  философиялық  көзқарасын  оның  атеизмнен  бөліп 
қаруға  болмайды,  бүл  екеуі  оның  дүниетаны м ы нда  тығыз  байланысты. 
М атериалистік  философия  идеализмге  қаншалықты  қарсы  бағытта  болса, 
дінмен де сондай қарсы.  Себебі дін мен идеализм бір ағаштың жемісі, екеуі 
егіз  нэрсе.  Бүған  қарсы  материализм  мен  атеизм  күреседі.  Осы  түрғыдан 
алып қарағанда Торайғыртың материализмі мен атеизмі тығыз байланысты, 
бірін-бірі толықтьфып түрады.
Адам  санасы  әрқаш ан  объективті  дүниені  бейнелейді.  Ал  қоғамдық 
сананың  материалдық  ш ындықтың  өнін  айналдырып,  бүрмалап  ж алған 
бейнелейтін формасы -  дін. Бір айта кететін нәрсе, Торайғьфов философияда 
ертедеден  талас  болып  келе  жатқан  «о  дүние»,  «өлмес  жан»  мэселесін 
материалистерше,  атеистерше  түсінген.дін  мен  идеализмге  соққы  берген. 
«Өлген адам тіріліп бару деген, мэңгілік өлмей-жетпей қалу деген»,  «Тозаққа 
кінэлар жану деген -  миға кірмес өтірік сөз емес пе, мүның бэрі бос мылжың, 
үру  деген»  деп  жазды.  О сылайш а  ол  адамды   ж ан  мен  тәннен  түратын 
біртүтас  организм:  адамда жан бір бөлек, тэн бір бөлек болуы мүмкін емес 
деп  дуализмге  қарсы  түрды.  Оның  айтуында,  адамның  тууы  мен  өліміне 
ж аратылыстан  тыс  ешқандай  күш тердің  әсері  жоқ,  бүл  екеуі  бір-бірімен 
байланысты, шарттас материалдық дамудың нәтижесінде болады. «Тэн өссе, 
жан  өседі»  дей  отыра,  негізгі  өзгерісті  тэнде  деп  білді,  ол  туралы:  «Дене 
азыққа тоюдан жан ер жетер»деп көрсетті.  Оныңша,  сондай-ақ, адам өлген 
соң онда ешқандай тіршіліктің,  өмірдің қайта басталуы мүмкін емес.  «Тэн 
шіріп,  топырақ боп тозып бітеді»,  өлген адамда жан жоқ,  сезім жоқ,  ыстық

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ.  2013. №1 
121
Эхлле5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭ)л«і5дл«іЗ>лдаЭхл«і5»^^
қан  жоқ,  үміт  жоқ,  жек  көру  жоқ,  махаббат жоқ»,-  дейді.  Тэннен  бөлінген 
жаңа  тіршілік,  өмір  болмайды:  «М енікі  ж оғалғаннан  кейін,  «тіршіліктің 
үясы-жүрск». «бэрін көрген коз», «тоқитын- ми» бэрі топьфаққа айналғаннан 
кейін, мен де жоқ», «М ен жоқпын, мен деген бір саңьфау кор»,- дейді ақын. 
Әрине, бүл адам өлімінің психикалық дэлелі бола алмаса да дінге, идеализмге 
қарсы материалистік пікір екенін қүптау  керек.
Қ оры ты п  айтқан да,  С.  Т орайғьф ов  ф илософ и ялы қ  көзқарасы нд а 
табиғатты түсінуде материалист, ал қоғамды түсінуде идеалист болып қалды.
Адамды тэн мен жаннан қүралатын екі жақты жан иесі ретінде қарайтын 
діндарлар мен идеалистердің қателігін көре білді. Танымды материалистерше 
түсіндіріп, адамның дүниені тани алатындығын мойындады. Оның қараңғы 
қазақ  даласында  өмір  сүріп,  философиялық  материализмді  түсінуі  жэне 
оның  мораль  адамгершілікпен  байланыстырылуы  оның  дүниетанымының 
елеулі жетістігі еді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
  Н^рғали,  О. 
С ү л т ан м а х м ү т   Т о р ай ғы р о вты ң   д ү н и етан ы м д ы қ  
көзқарастары.  -  Павлодар  :  Эко,  2005. -   1306.  -  ISBN 996561291107.
2
  Алтай,  Ж.,  Қасабек,  А.,  ІМүхамбсіәли,  Қ. 
Ф илософ ия  тарихы: 
Оқулық.  -  Алматы:  Раритет,  2006.  -  312 б.  -  ISBN 9965770042.

Торайгыров, С. 
Сарыарқаныңжаңбыры. - Алматы: Жазушы.  1987. -1 6 0  б.

Торайгыров, С. 
Дүние дөңгелегі айналады,- Алматы  :  Халықаралық 
Абай клубы, 2009.  -  356  б. -  ISBN 9965611904.
С.  Торайгыров атындагы 
Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ.
М атериал 28.02.13  редакцияға түсті.
Р. М.  Кабдрашитова, А.  Н. Хамитова
Философские взгляды Султанамахмута Торайгырова
Павлодарский государственный университет 
имени С.  Торайгырова,  г.  Павлодар.
М атериал поступил в редакцию 28.02.13.
R. М.  Kabdrashitova, А.  N.  Khamitova
Philosophical views of Sultanmahmut Toraigyrov
Pavlodar State University 
named after S. Toraigyrov, Pavlodar 
M aterial received on 28.02.13.

122 
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
Эхлле5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5^
В  данной  ст атье  мы  сделаем  акцент  на  философское  и 
этическое  мировозрение  С.  Торайгырова.  Это  — очень  интересное 
и  одно  из  востребованных  проблем.  Потому  что  его  философия 
творчества,  нравственно  — моральные  проблемы  очень  актуальны. 
Как мировозрение Абая и Шакарима,  в философии  Султанмахмута, 
вопросы  этики просторно занят место в сочинениях.
In this article we speak about philosophical and ethics world outlook 
o f S.  Toraigyrov. It is one o f  the interesting and necessary problems.  That 
is because his creative philosophy,  morals and humanity are very topical 
nowadays.The problems o f  ethics are widely used in the philosophy works 
o f Sultanmahmut,  as well as world outlooks ofA bai and Shakarim.
Ә О Ж   122/129
A.  E.  ҚАБЫЛБЕК, A. E.  РЫСКАЛИЕВА 
МАКАБРА ФИЛОСОФИЯСЫ
X IX  — X X I гасырдагы  философияльщ  түсініктерде  «макабр» 
терминің  кездестіруге болады.  Бул терминнің магынасы  галымдар 
кокейінде булыңгыр,  сондықтан ол кең ауцымды тусіндіруді цажет 
етеді. Бул мақала осы терминнің тужырымдьщ мазмунын анықтай 
отырып,  оның зертте)’ мәселесін шешуге ундейді.
«МасаЬге»  сөзінің қолдану  тарихын XIV  ғасырдан бері көруге болады. 
Бастапқы  кезде  бүл терминді  әдеби  спецификалық  сюжетте  жэне  бейнелеу 
өнерінде  «Ө лген  адамдарды ң  биі»  («La  D anse  m acabre»)  деген  үгы м да 
қолданды, яғни өлген адамдардың тірі жандарды ажал биіне таріу. Осы сюжетгі 
алғаш  болып  жүйелі  талдаған  ойшыл  Йохан  Хёйзинга  «macabre»  үғымын 
кейінгі  орта  ғасырлық  өлім  жайлы  көзқарастармен  өзара  байланыстыра 
көрсетуді үсынды. Ол макабрлық өлім түсінігінің путан бүрынғы сәйкестенген 
көзқарастардан түбегейлі айырмашылығы жайлы айтады.
М акабраны ң  өзіндік  ерекш елігі  неде?  Х ейзинга  макабрлық  сюжет 
өлімінің  қатал жақтарын ерекшелейтініне  назар аударады.  Тіпті  онда  өлім 
жайлы  көп таралган түспалдар, оның ішінде қайтыс болган адамды жоқтау 
идеясы,  өлімді  көптен  күткен  тыныштыққа  жету  ретінде  қарау  идеясы  да 
жоқ. Осы «макабра» сөзінің көңіл көншітпес магынасын ескере отырып, бүл 
термин философияльщ шыгармаларда өте сирек кездесетініне көз жеткізуге 
болады.  Бүл үгымның  философиялық  қолданысы  көп  жагдайда,  мәдениет

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ.  2013. №1 
123
Э х л л Е 5 »л «2 3> л д а Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ )л ле 5» л «2 3> л да Э хл л е5 ^
философиясында  орын  алады.  И.  Хёйзинга  жэне  М иш ель  Фуко  дэл  осы 
түрғыда макабра жайлы жазып [1], өлім үғымының еуропалық мәдениеттегі 
эволюциялық дамуын көрсетуді меңзеді.
«Макабра » сөзінің тағы да басқа философиялық шығармаларда қолдану 
мысалына, оның зертгеу материалдарының тркырымдамасынан басқа белгілі 
бір авторға арналған бағалау пікіріне сәйкес келеді. Осылай, Джефри Хартман 
Ж ак  Д ерриданы ң  «Глас»  ш ығармасын  «макабрлық  комедия»  деп  атаса 
[2. -  64 б.], ал Ивонн Шеррат «Дерриданы гуманитарльщ ғылым ғүрыптарының 
макабрлық  жобасының  белгілі  бір  қүрылымсыздығымен  байланыстырады» 
[3.  -   105  б.].  Ал  осы дан  басқа  зерттеулерде  Гегельдің  жеке  көріністері 
«макабрльщ» деп есептелінеді [4. -  85 б.]. Густав Мюллердің монографиясында 
«макабра » сөзі антикальщ атомистерді сипаттау үшін қолданылады: «Былайша 
айтқанда, онда өмір жоқ, тек өлім ғана.  Жалғыз шындық бүл олі атомдар мен 
бостықта олардың макабрлық биді орындауы»  [5. -  57 б.]. Бүл тізімнен көріп 
түрғанымыздай  «макабра»  үғымының  тарихи  философиялық  зерттеулерде 
қолданылуында жүйелілік пен терендіктің жоқ екенің байқаймыз.
Дегенмен, біздің ойымызша, «макабра» -  бүл зейін қойып қаралуға тиіс 
үғым. Бүл мақаланың мақсаты «макабра » үғымында концептуалды бекітілген 
философиялық зерттеу  феноменінің бағыттарын белгілеу.
Біріншіден, макабра үгымът хаостың манифестациясыретінде царау 
нәтилселі.
Онтологиялық бинарлы бейбітшілік пен хаос арасындағы оппозициялық 
ш екарада  макабр  хаостың жағында екені  айқын.  Макабра  Эпикурдың  «біз 
бар кезде өлім жоқ, ал өлім барда біз жоқпыз» өлім мен өмір хронотопында 
түрып.  бүл ескі қағиданы бүзады.
Фридрих Ю нгер былай дейді: «тірі еместің жанында эрдайым тірі нәрсе 
болады, өлім ешқашан өмірден бөлек болмайды, себебі бірі біреуінсіз мағына 
жоғалтады жэне эрқайсысы өз алдына мағынасыз болады»  [6. -  237 б.].
Егер  классикалы қ  неміс  ф илософиясының  өкілдерінің  өлім  ж айлы 
түсіндірулерін  еске  алсақ,  онда  біз  макабра  өліктерінің  тірі  екеніне  көз 
жеткіземіз. Кант, Фихте, Гегельдің ойларынша өлім бүл субъектілікті жоғалту. 
Гегельдің ойынша, өлген адам бүл өз болмысының қызметін босатып.баскаға 
пассивті  болмыс  болып  есептелетін  адам  [7.  -   310  б.].  Бірақ  «1а  Danse 
macabre» кезінде  өлген адамдар пассивті емес.
Дилетей  адамдар  өлім жайлы  біле  отырып,  оның  бар  екеніне  сенбейді 
деген  [8.  -   219  б.].  Ф илософтың  айтуынша,  өлімнің  бөтендігі  адамдарды 
философиялық жэне діни жүйелердің пайда болуына әкеледі.  Иэ,  адамдарға 
өлімді  түсіну  қиын,  бірақ  олар  бүны  істей  алады,  бүған  макабрадәлел  бола 
алады.  Кейбір  замандарда  макабрлық  сюжеттер  саяси  сананың  маргиналды 
түбінде қаралады, ал кейбір жерлерде басты орын алады. Мысалы, оба індетті 
кезінде  «Лондонда  орын  алған  ауыр  жағдайлар,  өлімдер  макабрлық  халді

124 
ISSN 1811-1823. В ест ник П Г У
Эхлле5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5»л«іЗ>лдаЭхл«і5^
тудырды» [9. -  97 б.]. Бірақ макабра өлімді еске алу ғана емес, бүл тірліктің хаос 
екенін, яғни онда өлім мен өмір бір-бірімен астарласып жатады деген көрініс.
Екіншіден,  макабра  үгымът  әлеуметтік  философия  түргысынан 
түсіндіру аздыц етеді.
Х ейзинга  макабраға  пайымсыздықты  алдын  ала  ескеру  мен  саяси 
теңдіктің  қаты суы   ж ән етірш іліктің  ауы спалы   қаси етін  біріктіру  ниеті 
тэн  деп  есептейді.  И конографияда  макабра  нидерландық  ойш ылдардың 
м ак аб р л ы қ   сю ж етім е н   та р ал ға н :  « Ө л ім   қар т  би  м ү ға л ім ін ің   б үры с 
қадам дары м ен  П апаны,  императорды,  ры царьді,  күндікш іні,  монахты, 
сәби ді,  м асқарапазды   ж эне  одан  кей інгі  барлы қ  со слови й л ерд і  өзіне 
тартады». Бірақ оны М ирча  Элиаде сипаттаған архетипті рәсімді еске ала 
отьфып, түсіндіруге  болады  [10].
Элиаде бүрынғы салт жоралардың мазмүнын аша отьфып, онда бүрын 
айтылғандардан  басқа  кейінгі  орта  ғасырлық  иконографиядағы  макабрада 
екі элементтің бар екенін көрсетеді. Осы ритуалдың қатысушылары өздеріне 
тэн саяси рөлдерін тастайды (мысалы, қолбасшылар күлдарға қызмет етеді) 
жэне осы ритуалдық эрекетгерде өлі жандардың тірі адамдар өміріне қайтып 
келуі суреттелді. Яғни, бүл салт-жоралар (мысалы, ежелгі вавилондық акиту) 
Элиаде  бойынша,  әлемнің  хаостан  космосқа,  яғни реттілікке  жету  кезеңін 
бейнелейді.  Сонда макабрдың жолдауы хаостағы, реттіліксіздіктегі болмыс 
жағдайын еске түсіру  болып есептеледі.
Үшітиі, макабраның философиялыцмәнін түсінудемашбралыцәсердіц 
пайда болуътыц үш сатылы цүрылымын ескеру цажет.
Б ірін ш і  екі  алғыш арт,  яғни  өлім нің  ж эне  өмірдің  бір  хронотопта 
болуы   ж айлы   айты лды .  М акабралы қ  әсердің  пайда  болуы на  тағы   бір 
элемент -  иастиш керек. Ф редрик Джеймисон оны «бос ирония»,  ешқандай 
сатирикалық  астарлы  мэні  жоқ  деи  атады.  Пастиш   біреу  біріктірілмейтін 
нәрселердің біріктірілуін көрген кезде  пайда болады.
Төртіниііден,  макабра  бейне,  кейіп түрінде гста емес,  концептуалды 
жүйе ретінде де болуы мүмкін.
Ф и л о с о ф и я л ы қ   м а к а б р а н ы ң   б ар ы н а   к ө з  ж е т к ізу   ү ш ін   к е й б ір  
о й ш ы л д ар д ы ң   ф и л о со ф и ял ы қ   т ү ж ы р ы м д ам а л ар ы н ы ң   ф орм асы   м ен 
мазмүнына үңілу қажет.  М ысалы,  Жан Бодрийяр.
X X  ғасьфдағы  өлім  идеяларын  саралай  отырып,  Бодрийяр  гистерезис 
ж айлы  кездейсоқ  жазбайды   [11.  -   193  б.].  Бүл  термин  инерция  арқылы 
жалғаса беретін процесстерді түсіндіру үш ін қолданылады.
Бодрийяр  ш ындықты  сол  модуста  болуын,  өлген  адамның  тырнағы 
мен  ш аш ы  белгілі  бір  уақытқа  дейін  өсуін жалғастырады  деп  бейнелейді. 
М ысалы  ол:  «қазіргі  уақытта  ш ынайлылық  өлі  материя,  өлі  денелер,  өлі 
тілдердің үйіндісі,  шөгінділер мен қалдықтардың бөлінуі ретінде көрінеді» 
[12. -  98 б.].  Бүл философта макабрдың үш  сатылы пайда болу қүрылымын

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ.  2013. №1 
125
Э х л л Е 5 »л «2 3> л да Э хл л е5 »л «2 3> л д аЭ )л ле 5» л «2 3> л да Э хл л е5 ^
ескреді.  Эрине,  Жан Бодрийярдың макабрасын философиялық дискурстың 
ережесі ретінде емес,  айрықшалық ретінде қарау дүрысырақ.
М акабра  ф илософ иясы н  хаоспен  ара  қаты насты ң  мүмкін  болатын 
төртінші философиялық стратегиясы деуге болады.
Қ оры ты ндылай  келе,  «макабра»  үгы мы   кейінгі  орта  ғасырлардағы 
көзқарастардың  ерекшеліктерінен  концептуалды  тыс  болып,  философиялық 
проблемалардьщ шешілуіне жағдай жасай алатын қасиеттерге ие деуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Фуко, М  
Рождение клиники / Мишель Фуко. -  М .: Смысл, 1998. -  310 б.

Hartman,  G. 
Saving the  text:  literature,  Derrida,  philosophy  /  Geoffrey
H.  Hartman.  -  JHUPress,  1982.  -   184  6.

Sherratt,  Y. 
Continental  Philosophy  o f  Social  Science:  Hermeneutics, 
Genealogy and Critical Theory from  Ancient Greece to the Twenty-first Century/ 
Yvonne  Sherratt.  -  Cambridge University Press,  2006. -  241  6.

Magee,  G. 
Hegel  and the  Hermetic  Tradition /  Glenn Alexander Magee.
-  Cornell University Press,  2008.  -  304  6.

Miiller, G. 
Philosophy of literature / Gustav Emil Muller. -  Ayer Publishing, 
1 9 7 6 -2 2 6   6.

Юнгер, Ф. 
Совершенство техники / Фридрих Георг Юнгер.  -  Санкт- 
Петербург:  Владимир Даль,  20 0 2 ,- 560  б.

Гегель, Г.  В. 
Ф еноменологія духу  / Г.  В.  Гегель.  -  К  :  Основи,  2004. 
- 5 5 0  6.

Дильтей, В. 
Типы мировоззрения и обнаружение их в метафизических 
системах  / В.  Дильтей  //  Культурология.  ХХвек:  Антология.  -   М.:  Юрист, 
1995.- С .   219.

Martin, М. 
Betw een theater and philosophy:  skepticism in the m ajor city 
comedies o f B en Jonson and Thomas M iddleton / M athew R. Martin. -  University 
o f Delaware Press, 2001.  -   191  6.
10 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет