П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы


 .3 . С Ө З Ж А С А М Т Ә С ІЛ Д Е Р І



Pdf көрінісі
бет278/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

2 .3 . С Ө З Ж А С А М Т Ә С ІЛ Д Е Р І
Туынды сөздер арқылы тілдің сөздік қоры 
байып, үнемі толы ғып отырады. Көне жазба ес- 
керткіштер тілінің сөздік қоры мен қазіргі түркі 
тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің сөздік қоры- 
ның айырмасы жер мен көктей. Өйткені әр заман- 
ның өз ж аңалығы болады, ол - заттық дүние, 
ғылым мен техника, сана мен сезім, мәдениет пен 
әдебиет т.б. өмірдің әр саласына қатысты болатын 
жаңалықтар. Өмірдегі болып жатқан жаңалықтар 
жаңа ұғым туғызады, олар тілде жаңа сөздер, атау- 
лар арқылы аталады. Кейде өмірдегі жаңалық өз 
атауымен бірге басқа халықтан келіп қосылуы да
- бар құбылыс. Бірақ ол тілдің сөздік қоры ның 
баюының, молығуының негізгі жолы емес.


СУЛЖАСАМ 11Л ЫЛ1ІУ1Ш1Ц ЖЬАІІ ^АЛА^Ы
203
Т ілдің сөзд ік қ о р ы н ы ң өсуі тілдің ішкі 
мүмкіндігіне, туынды сөздің тілдің ішкі заңды- 
лы қтары на байланысты жасалуына негізделеді. 
Туынды сөз еш қаш ан тілдің ішкі мүмкіндігіне 
сүйенбей жасала алмайды.
Тілдің ішкі мүмкіндігіне тілде бар сөздер мен 
сөзжасамдық жұрнақтар, олар арқылы сөз жаса- 
удың тілде қалы птасқан жолдары, заңдылықта- 
ры я ғн и тәсілдері жатады.
Тілде бар сөздер мен сөзжасамдық ж ұрнақ- 
тарды туынды сөз жасау үшін қалай, қандай 
тәртіпте қолданудың жолдары тілде талай заман- 
нан бері өңделіп, бекіп, түрлі заңдылық ретінде 
қалы птасқан. Туынды сөздің жасалу жолдары 
ғы лы мда сөзж асам ды қ тәсілдер деп аталады. 
Окырман, көрермен, тәлімгер, жүлдегер, қаламгер,
қатпаршақ, ақта, сынық
сияқты туынды сөздер 
л е к с и к а л ы қ м ағы н ал ы сөзге 
-м ан, -м ен, -гер,
-шақ, -та, -ық
жұрнақтары жалғану арқылы жа- 
салған. 
А л қызыл ала, қиян-кескі, отыз екі, алып
кел, асықты жілік
сияқты күрделі туынды сөздер 
ж оғары да келтірілген, туынды сөздерден басқа 
жолмен жасалғаны көрініп тұр. Бұларда екі сөздің 
тіркесуінен жаңа м ағы на жасалған. Сол сияқты 
буын, екпін, туысқан, кіріспе, талдау
сияқты тер- 
мин сөздердің мағынасы олардың тілдегі байыр- 
ғы м ағы н асы нан мүлдем басқа. Осы сөздердің 
терм индік м ағы насы туынды сөздің м ағы насы
болып саналады. Бұл туынды сөздер ж оғары да 
келтірілген туынды сөздерден басқа жолмен жа- 
салған, бұл сөздердің құрамында сөзж асам ды қ 
ж ұрнақ та жоқ, не оларға басқа сөздер де қосыл- 
маған, бірақ олардың мағынасы өзгерген.
Келтірілген мысалдар тілде туынды сөздің 
жасалу жолдары түрлі екенін білдіреді. Олар тілдің 
сөзжасам жүйесінен белгілі орын алады. Сөйтіп 
туынды сөздер тілдің сөзжасам жүйесінің заңды 
құбылыстары ретіндегі тәсілдер арқылы жасала- 
ды. С оны мен туынды создердің жасалуы тілдің 
сөзжасам жүйесінде қалыптасқан сөзжасамдық 
тәсілдер арқылы іске асады. Бұл тілдегі туынды 
сөздер кездейсоқ, әркім өзінш е жасай беретін, 
бейберекет құбылысқа жатпайтынын білдіреді.
Қ азақ тілінің сөзжасам жүйесінде көн е'за- 
мандардан бері қарай қолданылып әбден орнық- 
қан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі 
бар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалық тәсіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет