П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет284/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

2.4.1. Мағынаның негізділігі
Ж алғам алы , қөсымш алы тілдерде синтети- 
калы қ сөзж асам ды қ тәсіл үлкен орын алатыны 
белгілі. Қ азақ тілі әрі қосымш алы , әрі ж алғам а- 
лы тіл болғанды қтан, біздің тілімізде ж ұрнақ ар- 
қылы сөз жасау ең өнімді тәсілердің бірі екені 
айтылды. Олай бөлса, бұл тәсілде негіз сез бен 
жұрнақ арасында сөзжасамдық қатыс бөлады. Осы 
екі бірліктің сөзж асамдық қатысында екі бірлік 
екі түрлі қы змет атқарады. Негіз сөз жасалатын 
туынды сөздің лексикалы қ мағынасына әзек бө- 
лады. Осымен байланысты туынды мағы на негіз 
создің мағы насы мен байланысты болып ш ы ға- 
ды. М ысалы, 
балтала, карала, жаксыла, тазала


2 1 0
СӨЗЖАСАМ
деген туынды етістіктер 
балта, қара, жақсы, таза
деген есім сөздердің туынды сөзге негіз болуы 
арқылы жасалған. Осы туынды сөздердің бәрінің 
м ағы насы негіз сөздердің м ағы насы м ен байла- 
нысты: 
балтала
- балта арқылы жасалатын қимы- 
лы ң аты, 
қарала -
қар аға айналдыру қим ы лы - 
ның аты, 
ж ақсы ла-
ж ақсы ға айналдыру қиылы- 
ның аты, 
т азала -
тазаға айналдыру қим ы лы - 
ның аты. Бұлар - бір сөзж асам ды қ тип арқы лы
ж асалған туынды сөздер. С онды қтан м ұндағы
жұрнақ 
-ла
есім сөздерге қимыл м ағы насы н 
қосы п, есім создерден етістік ж асаған я ғн и ту- 
ынды сөздер негіз сөздерден басқа сөз табыны ң 
сөзіне айналған, олардың сөз табы категориясы 
өзгерген.
Негіз сөздің лексикалы қ м ағы насы ны ң ту- 
ынды сөздің лексикалық мағынасына арқау, өзек 
болуы негіз сөз бен туынды сөздің м ағы н ады қ 
б ай лан ы сы н ту ғы заты н ы түбірлес сөздерде, 
сөзж асам дық ұяда, сөзж асам дық жұпта, сәзж а- 
самдық тізбекте ан ы қ көрінеді.
Бір негізгі түбірден түрлі мағыналы жұрнақ- 
тар арқы лы ж асалған туынды түбірлер түбірлес 
сөздер аталады. М ысалы, 
сан-сана-санаулы, жи-
жиын-жина-жиналыс, ек-егін-егіниіі-егіншілік
де- 
ген сөздерде 3 түрлі түбірлес сөздер бар, олар 
сан, жи, ек
негізгі түбірлерден ж асалған 3 түрлі 
түбірлес сөздер. Б ұларды ң әрқай сы сы н да да 
түбірлес сөздер толық қамтылмаған. Өйткені олар 
сөзжасамдық ұяның бір тізбектері ғана. Түбірлес 
сөздерді сөзжасамық ұя ғана толық қамтиды. Бір 
сөзжасамдық ұяда қанш а туынды соз болса, оның 
бэрі түбірлес созге жатады да, ондағы туынды 
сәздердің бәрінің м ағы налары байланысты бо- 
лады, ойткені олар - бір негізгі түбірден өрбіген, 
ж асалған туынды түбірлер. Түп негіз сәз олар- 
дың м ағы на байланы сты лы ғы н туғызады. Ол 
сөзж асам ды қ ж ұптан (
өн-өнім
т.б.) басталып, 
сөзжасамдық ұяның бірінен-бірі тікелей өрбитін 
сө зж асам д ы қ тізб ек тер ін ің бәріне қаты сты , 
сөзжасамдық ұяны ң әр сатысында қанш а туын- 
ды сөз жасалса да, олар да бір-бірімен м ағы н а- 
лы қ байланыста болады. Созжасамдық ұяда ма- 
ғыналық байланы ссыз соз болмайды. Ол м ағы - 
налық байланыс созжасамдық ұядағы негіз созге, 
әр ж ұптағы негіз созге созж асамдық тізбектегі 
туынды сөздердің біріне-бірі негіз болып, негіз 
соз бен негізді сөзден құралуына байланысты. 
Бұл м ағы на негізділігінің м ағы на байланысты- 
лы ғы н туғызуына тікелей қатысты.
Туынды сөздердің негіз сөздері лексикапы қ 
мағынаның жасалуына қызмет етіп, оның негізін
қаласа, жұрнақ ол лексикалық мағынаның соз та- 
б ы лы қ категориясы н өзгерткен. Чех ғалымы 
М.Докули созжасамдық мағы на ономасиология- 
л ы қ категория деп санап, оны созж асам ды қ 
көрсеткішпен байланыстырған. Туынды сөздердің 
мағыналары негіз сөздің м ағы насы ның негізінде 
туады. Мысалы, 
жасар, көгер, бөлме,
әсе/ш сияқты 
туынды түбірлердің мағынасы 
жас, көк, бол, әсер
деген негіз сөздердің м ағы насы ны ң негізінде ту- 
ған. Сондықтан негіз сөздер мен олардан жасал- 
ған туынды түбірлердің м ағы насы байланысты 
болады. Туынды создердің мағынасы негіз создің 
мағынасына негізделе жасалатындықтан, туынды 
сөздер негізді сөздер деп аталады делінген.
Д емек, мұнда туынды сөз м ағы н асы н жасау 
тек ж ұрнақты ң мағы насы мен ш ектелмей, негіз 
сөздің туынды сөздің м ағы насы н жасауда үлкен 
қы зм ет атқараты ны байқалды. Ал негіз сөздің 
мағы насы н қалай өзгерту жұрнаққа байланысты. 
Сонды қтан синтетикалы қ сәзжасамда негіз ғана 
туынды соз жасаушы бірден-бір тұлға емес, онда 
ж ұрнақты ң м ағы н а ж асауға қаты саты ны сөзсіз. 
С онды қтан туынды мағына жасауда негіз сөзбен 
бірге ж ұрнақ та қы змет атқарады. О сымен бай- 
ланысты ғалымдардың бір тобы сөзжасамдық ма- 
ғы на туынды сөздің құрам ы ндағы негіз сөз бен 
қосы м ш аны ң мағы насы арқылы жасалатын жи- 
ы нты қ м ағы на деп санайды. Бұл пікірмен келісу 
орынды, ойткені жұрнақ негіз сөздің мағынасын 
өзгертеді, оған үстеме мағына қосады. Я ғни негіз 
сөзге жұрнақ қосылғанда, негіз сөздің мағынасы 
озгеріссіз қала алмайды.
Ж ұрнақты ң осы қасиеті ерекш е көзге түсіп, 
ғалымдар көп уақытқа дейін, сөзжасамда негіз 
сөзді ескермей, тек ж ұрнаққа ғана м ән беруіне 
бұл себеп болды. Бұл ж ағдай - синтетикалы қ 
сәзжасамда жұрнақтың да қызметі күшті екеніне 
дәлел, ол созжасамда ж ұрнақ мәселесінің елеусіз 
қалмауына негіз болды.
Сөзжасамдық жұрнақ туынды мағына жасау- 
да негіз сөзбен қатар, негіз сөзбен бірге қызмет 
етеді. Н егіз сөз бен ж ұрн ақты ң қы зметтерін 
бірінен-бірін бөлуге болмайды, олардың екеуінің 
де туынды м ағы наға қосатын үлестері бар. Сон- 
ды қтан да ғылымда туынды м ағы на негіз сөздің 
мағынасы мен жұрнақтың мағынасының қосын- 
дысы деген ұғым кең тараған. Алайда, жұрнақ 
негіз сөзсіз өз қызметін атқара алмайтынын ұмыт- 
пау керек.
Сөзжасамдық жұрнақ атаулы сөз таптарымен 
байланысты, яғн и оның мағы насы да белгілі сөз 
табына қатысты. Бүкіл сөз табына ортақ жұрнақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет