СУБСТАНТИВ ЗАТ ЕСІМДЕР
339
т а с қ а н , м ә н -м а ғ ы н а с ы бар атаулар. Қ а за қ
тіліндегі қы сқарған зат есімдер сөз ретінде тілге
енді. Тілдегі ықшамдау заңдылығына сай жүретін
лексикалы қ үнемдеу. Бұл - тілде үздіксіз жаса-
латын құбылыс. Олар - қоғам ны ң дамуы мен
өзгерісіне орай үнемі үздіксіз жүре беретін және
ықш амды қалыптасып отыратын ұтымды қол-
даныстар. Қысқарған күрделі зат есімдер ғылым
тілінің жүйелі, ықш амды жетілген тіл болуына
өзі үлесін тигізеді.
3.3. СУБС ТА Н ТИ В ЗАТ Е С ІМ Д Е Р
Әдетте сын есімдер мен есімшелер субстан-
тивтенеді, олардың мағынасы затганады, заттық
дербестік алады. Мұндай сөздер зат есім сияқты
септеледі, тәуелденеді, коптеледі. Егер қандай да
бір сын есім мен есімше өзінің семантикасы жа-
ғы нан бұлай затты қ сипат алып, септік және
көптік (Байтұрсыновша “жай”) жалғауларын, тәу-
елдік пен жіктік (Байтұрсыновш а “ж ақ ”) жалға-
уларын қабылдай алатын болса, онда бұл олар-
дың субстантивтенуге жарамдылығын көрсетеді.
Сөйтіп субстантив зат есімдер деп, м ағы насы
түпкілікті заттық сипат алған, жалғау қабылдау
қабілеті бар сын есімдер мен есімшелерді айта-
ды. Д емек бұлар да, жай зат есімдер сияқты ,
түбір, туынды және күрделі сияқты үш түрде
сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: