Пациенттерге жедел медициналық көмек



бет9/15
Дата06.03.2023
өлшемі42,26 Kb.
#72184
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
«Чемерис суымен» улану
«Чемерис спирттік тұнбасымен» улану – ((лат. Verátrum lobeliánum) – өсімдіктің бір түрі: кукольник, чемера, чемерка, чемерика, чемерис түбі, чемерис, черемига, жимерица, чихотка деп аталады, халық медицинасында биттерді жоюға қолданады).
Клиникасы:
– мидриаз,
– брадикардия,
– гипотензия,
гипергидроз,
– гиперсаливация,
– тоқтамайтын құсық,
– ұзақ уақыт әсер еткенде ақыл - естің бұзылуы.
Улану уақытында айқын түрде ортостатикалық белгілер дамиды. Біріншілік көмек.
асқазанды жуу,
– антидот енгізу,
– брадикардия кезінде: атропин 0,1 % 1,0 мл 20,0 мл 40 % глюкоза сұйықтығымен араластырып6 жүрек соғу жиілігі қалпына келгенше венаға енгізу.
– преднизолон – 60 мг венаға енгізу,
– реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, Тактика. Науқасты токсикология бөлімшесіне жатқызу. Тасымалдау: науқасты зембілге бір бүйіріне жатқызып
тасымалдау.
Жылан шағып алу (кәдімгі гадюка)
Клиникасы:
– ауру сезімі,
тіндердің біртіндеп ісіп кетуі,
– гиперемия,
– «кішігірім жара» түріндегі өліеттену аймағы немесе тістеп
алған жерде өліеттену болмауы да мүмкін, – әлсіздік, ұйқышылдық,
– бас ауруы,
– діріл,
– резорбтивтік әсер кезінде анафилактикалық реакция (немесе науқаста сенсибилизация болса).
Біріншілік көмек.
* Жараға тілік (күйдіру) жасамау, оның бөліндісін сорып алмау! Шокқа қарсы терапия:
– жансыздандыру:
– промедол 1% – 1,0 мл бұлшықетке енгізу,
– димедрол 0,1% – 1,0 мл бұлшықетке енгізу, (пипольфен, супрастин),
– преднизолон – 90 мг бұлшық етке енгізу,
– шағып алған аяқты мықтап бекітіп байлау, яғни иммобилизация,
– шағып алған аймаққа суық басу,
арнайыланған моно-, поливаленттік сарысу 500-1000 Б бұлшықетке енгізу.
Инфузиялық терапия: глюкоза 5 % сұйықтық – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу.
Артериалдық гипотензияда - реополиглюкин – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет