Пациенттерге жедел медициналық көмек



бет7/15
Дата06.03.2023
өлшемі42,26 Kb.
#72184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Біріншілік көмек:
асқазанды жуу,
– антидот енгізу, бемегрид 0,5% –10,0 мл венаға енгізу,
– инфузиялық терапия:
– реополиглюкин 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу,
– натрий гидрокарбонат 4% ерітіндісі – 300,0 мл венаға
тамшылатып енгізу,
– глюкоза 5-10% ерітіндісі– 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, – сульфокамфокаин – 2,0 мл бұлшықетке,
– кофеин 20% – 2,0 мл бұлшықетке.
– оттегімен ингаляция.
Тактика: токсикология бөлімшесіне жатқызу.
Зембілге бір қырымен жатқызып тасымалдау.
Стимуляциялық әсері бар препараттармен улану
Стимуляциялық әсер ететін препараттарға антидепрессанттар, психостимуляторлар, жалпы тонустық әсерлі (тұнбалар, солардың ішінде: женьшень, элеутерококктың спирттегі тұнбалары) препараттар жатады..
Клиникасы:
– делирий,
гипертензия,
– тахикардия,
– мидриаз,
– дірілдер,
– жүрек соғуының ырғағының бұзылыстары,
– миокард ишемиясы және инфаркт.
Қозу және гипертензиялық фазалардан кейін ақыл, ес тежелуі,
гемодинамикалық және тыныс алу бұзылыстары байқалады.
Антидепрессанттармен улану (амитриптилин, мелипрамин)
Клиникасы.
Қысқа уақыт әсер еткенде (4-6 сағат аралығы) анықталады: – гипертензия,
– дірілдік синдром.
Ұзақ уақыт әсер еткенде (24 сағаттан аса) анықталады: – гипотензия,
несептің тоқтап қалуы,
– кома,
– мидриаз,
– тері жамылғысының құрғақтығы.
Біріншілік көмек:
– асқазанды жуу,
– антидот енгізу.
Антидепресанттық препараттардың қысқа уақытқа әсер етуден
дамыған гипертензия және қозу кезеңдерінде тез арада оң нәтиже береді:
– галантамин гидробромид 0,5 % ерітіндісі – 4,0-8,0 мл венаға енгізу,
Ұзақ уақыт әсер ететін препарат:
– аминостигмин 0,1% ерітіндісі – 1,0 мл бұлшықетке енгізіледі.
Антогонистер жоқ кезде – дірілге қарсы препараттар:
– реланиум – 2,0 мл (седуксен) 20,0 мл 40% глюкозаға араластырып венаға енгізу, немесе
– натрий оксибутират 20% – 10,0 мл 20,0 мл 40% глюкозаға араластырып венаға енгізу,
– натрий гидрокарбонат 4% ерітіндісі – 400,0 мл венаға тамшылатып енгізу, ол антидепрессанттардың хининға ұқсас антидоты болып есептеледі,
– ол жоқ болға кезде, оның орнына:
– трисоль (дисоль, хлосоль) 500,0 мл-ден венаға тамшылатып енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет