Пахт 1 рк 1-билет 1



бет10/13
Дата15.11.2023
өлшемі38,49 Kb.
#123492
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Пахт 1 рк 42

БИЛЕТ №9
3.Бір жүрістік құбырлы жылу алмастырғыштан құбырдың жалпы саны (п-65) құбырдың сыртқы диаметрі 99 мм, қалыңдығы 3 мм, 60 0С орташа температура мен 4,5 кгс/см2 қысымда манометр бойынша 7 м/с жылдамдықпен ауа өтеді? Барометрлік қысым 740 мм сынап. Ауаның массалық шығынын, жұмыстық жағдайдағы ауаның көлемдік шығынын, қалыпты жағдайдағы ауаның көлемдік шығынын есептейміз?

1) Сұйықтық ағынының түрлері? Ағын сипаттамалары?


Сұйық қозғалысының түрлері: сұйық ағынының қалыптасқан (тұрақты) және қалыптаспаған (тұрақсыз) болып бөлінеді.
Қалыптасқан қозғалыс деп ағынның қай нүктесіндегі болсын, сұйықтың тереңдігі, жылдамдығы және қысым уақыт аралығындағы өзгермеуін айтады, яғни U1=f1(x,y,z) және P=f2(x,y,z), h=(x,y,z) уақытқа байланысты болмайды.
Қалыптаспаған сұйық ағыны деп ағынның кеңістіктегі қай нүктесінде болсадағы сұйықтың жылдамдығы мен қысым уақыт аралығында өзгеріп отыратын қозғалысын айтады.
Сұйықтықтың ағысы ламинарлық және турбуленттік деп екіге бөлінеді. Сұйықтықтың жеке қабаттары бір-біріне қарағанда параллель, яғни сұйық қабатта бірі-бірімен араласпай қозғалатын болса, онда ол ағыс ламинарлық деп аталады. Идеал сұйықтың қалыптасқан стационарлы ағысы кез-келген жылдамдықтарда ламинарлық болады.
Сұйық бөлшектерінің жылдамдығы артып, шекті мәнге жеткенде әр қабаттарының бір-бірімен араласатын болса сұйықтың ағыны турбуленттік деп аталады. Турбуленттік ағыста әрбір бөлшектердің жылдамдықтары ретсіз өзгереді, яғни ағыс стационарлы емес.
2) Ұйымдастыру тәсілі бойынша процесстер неше топқа бөлінеді? Оларды атап өтіңіз?
Ұйымдастыру тәсілі бойынша процесстер 3ке бөлінеді: мерзімдік, үздіксіз, аралас.
1. Мерзімдік үдерістер. Белгілі бір уақыт ішінде қондырғыға шикізат материялы жүктеліп, ол өңделіп болғаннан кейін қондырғыдан дайын өнім алынады да, оған қайтадан шикізат салынады. Мұндағы үдерістің барлық сатысы бір жерде,бірақ,әртүрлі кезеңде өткізіледі.
2. Үздіксіз үдерістер. Қондырғыға шикізатты жүктеу және одан дайын өнімді алу үздіксіз түрде болады.Мұндағы үдерістің барлық сатысы бір уақытта,бірақ,қондырғының әртүрлі жерлерінде өткізіледі. Сонымен бірге,қондырғы көлемінің әр нүктелеріндегі температураның,қысымның,т.б. мәндері уақыт бойынша өзгермейді.
3. Аралас үдерістер. Мұндағы үздіксіз үдерістердің кейбір сатылары мерзімді әрекетте немесе керісінше өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет