2.Газдарды сығу үшін және алмастыруға арналған машиналар компрессорлы машиналар деп аталады. Сығылу дәрежесіне тәуелді компрессорлы машиналардың келесі түрлері белгілі:
1.Желдеткіштер P2P1<1,1– үлкен мөлшердегі газдарды ығыстыру үшін.
2.Газ үрлегіштер 1,1
3.Компрессорлар P2P1≥3,0 – жоғары қысым тудыру үшін.
4.Вакуум насостар – атмосфералық қысымнан төмен қысымда газдарды сору.
Жұмыс істеу принципі бойынша компрессорлы машиналар поршенды роторлы, центрден тепкіш, осьтік болып бөлінеді.
Поршенды машиналарда газдардың сығылуы поршенның қайтымды -іргелмелі қозғалыс әсерінен газ көлемінің төмендеуі нәтежиесінде болады.
Роторлы машиналарда газдың сығылуы эксцентрлі орналасқан ротор айналғанда газ көлемінің төмендеуімен байланысты.
Центрден тепкіш машиналарда энергия газ ағынына жұмыс дөңгелегі қалақшаларының күштік әсерімен беріледі. Бұның нәтижесінде сығылу болады және кинетикалық энергия жоғарлайды. Бұл энергия машина қозғалыссыз элементтерінде қысымға айналады.
Осьтік машиналарда газ оның жұмыс дөңгелегінің және бағыттаушы аппараттың қозғалысы нәтижесінде сығылады.
БИЛЕТ №5 Гетерогенді жүйелердің жіктелуі және оларды бөлу әдістері. Бөлу процестерінің материалдық балансы.
Гетерогенді процестер деп реакцияға түсетін реагенттердің әрекеттесуі фазааралық бетте жүретін процестерді айтады, яғни біріне-бірі жанасатын әр түрлі фазадағы заттардың әрекеттесуі. Мұндай реакциялар табиғаттағы түрлі құбылыстар мен көптеген өндірістік процестерде жиі таралған. Гетерогенді реакцияларға көптеген мысалдар келтіруге болады. Өсімдік тіршілігіндегі қоректену мен даму, тірі организмдегі процестер гетерогенді реакцияларға жатады. Гетерогенді процестер көп сатылы жүреді. Әдетте кез келген гетерогенді реакция үш сатыдан тұрады.
Біріншісі — әрекеттесе-тін заттарды фазааралық бетке жеткізу.
Екінші сатысы — химиялық реакцияның өзі, оның әрекеттесіп жүруі.
Үшінші сатысы — реакция өнімін реакция жүріп жатқан ортадан тысқа әкету.