Пахт 1 рк 1-билет 1


Гидродинамика. Ағын сипаттамалары. Сұйықтық ағынының түрлері



бет12/13
Дата15.11.2023
өлшемі38,49 Kb.
#123492
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Пахт 1 рк 42

Гидродинамика. Ағын сипаттамалары. Сұйықтық ағынының түрлері.

Гидродинамика (гидро... және динамика) -гидроаэромеханиканың сығылмайтын сұйықтықтың қозғалысын және оның өзімен шекаралас орналасқан қатты денемен әсерлесуін зерттейтін бөлімі. 

Гидродинамика -сұйықтық пен газ механикасының ертеден келе жатқан әрі жақсы дамыған саласы.
Гидродинамика көмегімен сұйықтықтың жалпы қасиеттеріне механиканың негізгі заңдары мен тәсілдерін қолдана отырып, сұйықтық алып жатқан тұтас ортаның кез келген нүктесінің жылдамдығы, қысымы тәрізді өлшемдер анықталады.

Гидродинамиканың негізгі тәсілдері дыбыс жылдамдығынан (шамамен 330 м/сx1200 км/сағ) жылдамдығы төмен газ қасиеттерін зерттеу үшін де пайдаланылады. 

Гидродинамика теория гидродинамика және эксперименттік гидродинамика болып екіге бөлінеді. Теориялық гидродинамикада сұйықтықтың жеке бөлшектері сұйық орналасқан тұтас ортаның материалдық нүктелері ретінде қарастырылады немесе сұйықтық алып жатқан кеңістіктегі жылдамдықтар өрісі зерттеледі. 

Гидродинамика тұрғысынан алғанда сұйықтықтың ең басты қасиеті – аққыштық пен тұтастық. Сұйықтықтың газ тәріздес ортадан негізгі айырмашылығы – оның сығылмайтындығы. Мұндай сұйықтықтар үшін үзіліссіздік теңдеуі мен Навье-Стокс теңдеуі қолданылады. Тұтқыр сұйықтық қозғалысы қарастырылғанда, ағыс сипаттамасы болып табылатын өлшемсіз шама -Рейнольдс саны қолданылады.

Ағынның гидродинамикалық сипаттамалары болып:
-гидродинамикалық қысым;

-сұйық қозғалысының жылдамдығы. 

Гидродинамикалық қысым – сұйықтың қозғалысы кезінде дамитын ішкі қысым. 

2. Сұйық ортада араластыру. Құрылғы мен механикалық араластырғыштарды қолдану саласы.

Сұйық орталарды, қатты паста тәрізді және сусымалы материалдарды араластыру – химиялық технологияда кең тараған процестердің бірі. Техникада көбінесе сұйық орталарды араластыру жиірек қолданылады.


Сұйық орталарды араластыру процесі – механикалық араластырғыш
көмегімен ортаға берілетін импульс әсерінен сұйық орта көлемінің
макроскопиялық элементтерінің көп қайтара салыстырмалы араласуы.
Сұйық орталарды араластыру келесі негізгі міндеттерді шешу үшін қажет: 1)
жылу және масса беру процестерін қарқындату үшін; 2) сұйықтық көлемінде
қатты бөлшектерді біркелкі тарату үшін (суспензия дайындауда); 3) сұйықтықты
сұйықтықта біркелкі майдалап тарату үшін (эмульсия дайындауда); 4) газды
сұйықтықта біркелкі тарату үшін (барботаж процесінде).
Араластырғыш құрылғылары бар аппараттар химиялық технологияда
буландыру, кристалдандыру, абсорбция, экстракциялау тағы басқа процестерді
жүргізу үшін кеңінен қолданылады.
Араластыру кезінде аппарат толтырылған ортада температура мен
концентрация градиенттері минималды мәніне ұмтылады. Сондықтан
араластырғыш құрылғылары бар аппараттар, мысалы, ағын құрылымы бойынша
идеалды араластыру моделіне жақын келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет