Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет11/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   266
 
 
«Қисасул-әнбия» және «Әл-Бидәя уән-ниһәя» кітаптарын 
пайдаландық. 
Бұл қиссаларды әңгімелеуде төмендегідей ұстанымдарды 
басшылыққа алуды жөн көрдік:
1. Бір пайғамбардың қиссасына қатысты аяттарды сол 
пайғамбардың өмірбаянына қарай реттеуге тырыстық. 
2. Хадистерді қайнар көзінен тексеріп, барынша сахих 
хадистерге сүйеніп, дағиф (әлсіз) хадистерді мүмкіндігінше 
келтірмеуге күш салдық. Кейбір көлемді хадистерді сөзбе-сөз 
емес, оқырманға ұғынықты, жеңіл болу үшін мағыналық 
түсіндірмесі арқылы тәржімеледік. 
3. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
«Исраил ұрпақтарынан 
(тарихи деректерді)
әңгімелей беріңдер. Бірақ өтірікке де 
шығармаңдар, шындыққа да баламаңдар!»
деген хадисіне 
жүгініп, 
Ибн 
Аббас 
сияқты 
үлкен 
тәпсіршілердің 
исраилдіктерден келтірген мәліметтерін қосымша пайда алу үшін 
келтірдік. 
4. Әр қиссадан кейін өнеге алар іс-әрекеттерді мүмкіндігінше 
атап көрсеттік. 
5. Пайғамбарымыз Мұхаммед аталған кезде әрбір мұсылман 
«салла Аллаһу ъаләйһи уә сәлләм» (оған Аллаһтың салауаты мен 
сәлемі болсын) деп тілек-дұға айтуы керек. Біз оны «(с.а.с.)» деп, 
ықшамдалған түрде бердік. 
Пайғамбарлардың бірінің есімі аталғанда, «аләйһис-сәләм» 
(оған сәлем болсын) деген тілек-дұға айтылуы тиіс. Елшілердің 
аттары өте көп кездесетіндіктен, әр қиссаның басында және 
тақырыпшаларда ғана оларға тілек-дұға жазып, олардың мәтінде 
кездесетін есімдеріне дұға айтуды оқырманның еншісіне 
қалдырамыз. 
Аллаһ тағала бізге пайғамбарлар тарихынан өнеге алуды және 
соған лайықты өмір сүруді жазсын! 


16
 
 
Жаратылыстың басталуы 
Адам атаның қиссасынан бұрын ғаламзаттың жаратылысы 
жайында қысқаша мағлұмат бере кетейік. Барлық жаратылысты 
жоқтан бар етіп Аллаһ тағала жаратты. Аллаһ тағаладан өзгенің 
барлығы – жаратылған махлуқ
1
. Барлық жаратылыс Аллаһ 
тағаланың басқаруында. Құранда бұл туралы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет