12
шариғатын жалғастырушы. Елшінің
дәрежесі пайғамбардың
дәрежесінен артық болып табылады. Елші араб тілінде «расул»,
ал пайғамбарды «нәби» деп атайды
1
. Елші мен пайғамбарға ортақ
міндет – Аллаһтың шариғатын халыққа жеткізу.
Пайғамбарлардың қиссалары жайлы
Аллаһ тағала бізге Өзінің қасиетті кітабында пайғамбарлар
туралы көп уақиғаларды баян еткен. Олардың біразы толықтай,
ал кейбірі ықшам әрі қысқа түрде әңгімеленеді. Аллаһ
тағала
Құранда пайғамбарлар қиссасын көп орында баяндауының
себебін:
«
(Мұхаммед!)
Саған елшілердің хабарларын көңіліңді
орнықтыру үшін баян етеміз. Осыдан саған ақиқат және
мүміндер үшін бір насихат пен ғибрат келді»
2
, – деп
түсіндірген.
Бұл Пайғамбар (с.а.с.) мен оған ілескен мүміндердің
көңілін
орнықтыруға, әрбір оқиғаны ақыл таразысына салып, сол
әңгімелерден ғибрат алуларына,
адамдар арасында талас
тудырып келе жатқан тарихи қателіктерді көрсетуге, соларды
түзетуге, адамдарға ақиқатты таныту мақсатына бағытталған.
Сондай-ақ кейінгі буындағы мүміндерге
насихат пен рухани
жәдігер ретінде келтірілген. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: