Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет112/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   266
 
 
Бұйырылған жерге барыңдар. Расында, олардың соңы таң 
ата жоғалады» деген бұйрықты білдірдік»
1
.
Аллаһ тағала: 
«Сонда оны да, үй-ішін де, жойылатындардың ішіндегі 
кемпірден басқасын түгел құтқардық»
2

«Тек Луттың отбасын таң ата құтқардық. Бізден бір 
нығмет ретінде. Осылайша, шүкірлік еткендерге сый 
көрсетеміз»
3
, – деген. 
Сөйтіп, Лут Садумды тастап шықты. Онымен бірге екі қызы 
ғана болды. Олар ауылдан қашық кеткеннен кейін, таң атып күн 
шыққанда садумдықтарға Аллаһтың азабы келді. Аллаһ тағала: 
«Расында, оларға таңертең ертемен бір азап келді. Ал енді 
азабым мен ескертуімді татыңдар»
4
, – деп айтқан. 
Әуелі Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) оларды бір ащы дауыспен 
қарсы алып, сосын қанатының бір шетімен ол қалаларды аспанға 
көтерді. Көтерілгені соншалықты, аспандағы періштелер ол 
қалалардағы тауықтар мен иттердің үндерін естіді делінген. 
Сосын аспаннан оларға әрқайсысының аты жазылған тастар 
жауып, елдің асты-үстін ойрандады. 
«Оларға әміріміз келген сәтте ол жердің үстін астына 
келтірдік. Сондай-ақ үстеріне қыздырылған, Раббыңның 
құзырында таңбаланған қиыршық тас жаудырдық. Бұл 
(апат)
 залымдардан ұзақ емес»
5

«Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды. Оны асты-үсті 
қып, үстеріне қиыршық тас жаудырдық. Күдіксіз, осында 
1
«Хижр» сүресі, 65-66 аяттар. 
2
«Шұғара» сүресі, 170-171 аяттар. 
3
«Қамар» сүресі, 34-35 аяттар. 
4
«Қамар» сүресі, 38-39 аяттар. 
5
«Һуд» сүресі, 82-83 аяттар. 


127
 
 
көрегендер үшін өнегелер бар. Өйткені ол жер жол үстінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет