Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет111/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   266
 
 
Сонда олар нәпсілеріне еріп, ақиқатты көрмей, соқырға 
айналды. Сөйтіп, үйге күштеп кірмекші болды. Алайда 
қонақтарын еш нәрсе болмағандай жайбарақат күйде көріп, 
таңғалған Лут елшілерге: 
«Сөзсіз, сендер бөгде кісілерсіңдер», – 
деді. 
(Елшілер)
: «Жоқ, біз олардың күмәнданған 
(азабын)
 алып 
келдік. Біз саған нақ шындықты келтірдік. Біз рас айтамыз», 
– деді»
1

Басқа бір аятта:
«Олар: «Қорықпа, қайғырма. Расында, біз 
(азапта)
 
қалушылардан болатын әйеліңнен басқа, өзіңді және 
отбасыңды 
құтқарамыз. 
Бұл 
ауыл 
халқына 
бұзықтықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз», – 
деді»
2
, – деп келген. 
Сонда барып олар өздерінің Аллаһ тағаланың елшілері екенін 
айтты. Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) шығып бір соққы берген сәтте 
олардың барлығының көздері соқыр болып қалды.
Аллаһ тағала: 
«Олар 
(Луттың)
қонақтарынан дәме қылды. 
Сонда олардың көздерін соқыр еттік. Ал енді азабым мен 
ескертуімді татыңдар»
3
, – деп айтқан. 
Олар мұны сиқыр деп ойлап, сендерге ертең көрсетерміз деп 
кіжінді. Сөйтіп, дуал сипалап үйлеріне қайтты. 
Періштелер Лутқа: 
«Олардың уәдесі таңертең, ал таң 
жақын емес пе?» – деді»
4
және оған отбасын алып Садумнан тез 
шығып кетуді бұйырды.
«Дереу түннің бір бөлігінде үй-ішіңмен аттан. Өзің 
олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. 
1
«Хижр» сүресі, 62-64 аяттар. 
2
«Анкабут» сүресі, 33-34 аяттар. 
3
«Қамар» сүресі, 37-аят. 
4
«Һуд» сүресі, 81-аят. 


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет