129
ШУҒАЙБ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
Сондай-ақ Аллаһ тағала тарабынан тағы бір ұлы пайғамбар
келді. Ол – Шуғайб, тегі Мәдиян ибн Мәдиян ибн Ибраһимге
барып тірелетін арабтан шыққан пайғамбар. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
Әбу Заррға (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбарлар мен елшілер
туралы әңгімелей отырып:
«Олардың төртеуі араб: Һуд, Салих,
Шуғайб және өзіңнің Пайғамбарың, ей, Әбу Зарр!»
– деген
1
.
Сондай-ақ
Аллаһ
елшісі
(с.а.с.)
Шуғайбты:
«Ол
–
пайғамбарлардың шешені»
, – деп сипаттаған
2
.
Мәдиян елі
Шуғайб Маған деген қалаға жақын орналасқан Лут көлінің
маңындағы Мәдиян деп аталатын елді мекенде тұратын мәдиян
тайпасынан шыққан. Маған – қазіргі таңда Йордания мемлекетіне
қарайтын танымал қала. Ал Лут теңізі –
Жәбірейіл оның
қауымын асты-үстін келтіріп жойғаннан кейін, Аллаһ тағала
олардың жұрттарының орнында жаратқан Өлі теңіз, бұл теңіз әлі
күнге дейін бар.
Шуғайбтың елі Аллаһқа күпірлік қылып,
қылмыс жасайтын
және пұтқа табынатын еді. Олар жол торып, өткен-кеткеннің мал-
мүлкін күштеп тартып алатын. Сондай-ақ саудамен айналысып,
көп қиянат тірліктерге баратын.
Кіріспеде айтқанымыздай, пайғамбарлардың
міндеттерінің
бірі: қоғамдағы қарым-қатынас кереғарлығымен күресу.
Шуғайбтың кезеңі экономикалық мәселеге дөп келді. Мәдиян
қоғамындағы негізгі дерт сауда саласындағы бұзықтық пен
алаяқтық еді. Наным мәселесінде олар «әл-әйкә» деп
аталатын бір
1
Хадисті Ибн Хиббан жеткізген.
2
Мұны Ибн Исхақ риуаят еткен.