Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Сонда ол: «Ең білімдісі – мен», – деп жауап береді. «Аллаһ



Pdf көрінісі
бет198/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   266
Сонда ол: «Ең білімдісі – мен», – деп жауап береді. «Аллаһ 
біледі» деп айтпағаны үшін Аллаһ оны айыптады. Оған 
Аллаһ: «Расында, екі теңіздің қосылған жерінде тұратын 
1
«Бақара» сүресі, 67-74 аяттар. 


220
 
 
пенделерімнің бірі сенен де білімді», – деп уахи етті. 
(Мұса)

«Уа, Раббым! Оны қалай табамын?» – деп сұрады. Сонда оған: 
«Себетке балық салып ал, балықты қай жерде жоғалтсаң ол 
сол жерде», – деген жауап қайтарылды...»
, – деп айтқанын 
риуаят еткен
1

Сонымен, Мұса жолға шығып, жанына қызметкер ретінде 
Юшағ ибн Нун деп аталатын бір жас баланы серік етіп ертіп 
алады. Бұл бала кейіннен пайғамбар болып, Мұса мен Һарун 
дүниеден өткеннен кейін Исраил қауымын басқарған. 
«Сол 
уақытта Мұса қызметкеріне: «Екі теңіздің қосылған жеріне 
жеткенге дейін тоқтамаймын немесе жаяу жүріспен жылдар 
өткіземін», – деді. Екеуі екі 
(теңіздің)
 құйғанына жеткен кезде, 
балықтарын ұмытты. Сонда 
(балық)
ыршып түсіп, теңізден 
жол алды»

Оларда өздерімен бірге алып шыққан қуырылған балық болды. 
Ал екі теңіздің құйған жері деген – Қызыл теңіздің қос қапталы 
болатын. Аталмыш мекенге жеткенде, Мұса ұйқыға кетті де, 
Юшағ ояу отырды. Сол кезде әлгі қуырылған балық тіріліп, 
себеттен секіріп, теңізге түсіп жүзіп кетеді. Юшағ бұл жайтты 
тамашалап отырды. Бірақ Мұса оянғаннан кейін болған жайтты 
оған айтуды ұмытып кетеді. Сапарларын одан әрі жалғастырып, 
«екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса қызметкеріне: 
«Азығымызды 
әкелші. 
Расында, 
бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет