Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет201/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   266
: «Міне, осы, мені мен 
сен екеуміздің арамыздың айырылуы. Ал енді саған сабыр 
ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын. Кеме теңізде 
кәсіп істейтін кембағалдардікі еді. Оны ақаулы еткім келді. 
Өйткені арт жақтарында әрбір 
(жарамды)
кемені тартып 
алатын патша бар еді. Ал баланың мүмін әке-шешесі бар 
болатын. Оның әке-шешесін бас тарттыруға, қарсылыққа 
мәжбүрлеуінен қорықтық. Раббылары оларға оның орнына 
одан да таза әрі мейірімді бір бала беруін қаладық. Ал енді 
дуал, бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында 
екеуіне тиесілі қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу 
кісі болғандықтан, Раббың оларға қазыналарын шығарып 
алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мейірім еді. Сондай-ақ 
мұны мен өздігімнен істемедім. Міне, осы – сенің сабыр ете 
алмаған істерің», – деді»
, – деп айтқан.
Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
тәпсірлеуінше, Қыдыр кемені тескен кезде бір патша жолында 
кездескен барлық кемелерді тартып алып келе жатқан болатын. 
Тесілген кемені көрген патша оны керек қылмастан алмай кетеді. 
Ал Қыдыр өлтірген балаға келсек, Аллаһ тағала бұл баланың 
ержеткенде залым, кәпір, ата-анасын жәбірлейтін адам 
болатындығын біліп, оны өлтіруге әмір етті. Сөйтіп, бұл баланың 
орнына мүмін әке-шешесіне ізгі бір бала сыйлады. Енді оның 


223
 
 
ауыл шетіндегі қаңыраған дуалды түзетіп қойғандығын айтсақ, ол 
дуалдың астында бір марқұм жақсы кісінің екі баласына тиесілі 
қазына жатқан болатын. 
Мұса пайғамбардың қауымындағы Қарунның қиссасы 
Қарун Мұсаның немере ағасы болып келеді. Мұса – Имран 
ибн Қаһистің ұлы, ал Қарун Ясһаб ибн Қаһистің ұлы еді. Қарун 
Мұса мен оның қауымының ұстанған дініне сенбеді. Аллаһ 
тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет