Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Ұмытқанымды айыпқа бұйырма және маған ісімде



Pdf көрінісі
бет200/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   266
«Ұмытқанымды айыпқа бұйырма және маған ісімде 
қиындық жүктеме», – деді»
.
Мұнан кейін олар бір жағажайға түсіп, біраз жүрген соң 
Қыдыр ойнап жатқан балалардың қасына келіп, олардың біреуін 
жығып құлатып, бауыздап өлтіріп тастайды. 
«Екеуі жолға түсті. 
Бір ұл бала кездесіп еді, 
(Қыдыр)
оны өлтірді»
. Көз алдында 
кісі өліміне куә болған Мұса шыдап тұра алмай: 
«Ешкімді 
өлтірмеген бейкүнә жанды өлтірдің бе? Шынында, сен теріс 
іс жасадың», – дейді»
. (Қыдыр) тағы да: 
«Сен менімен бірге 
жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?» – деді»
. Мұса: 
«Егер осыдан кейін де сенен әлдене жайлы сұрасам, мені серік 
етпе. Шынында, сен менің тарабымнан ақталудың 
(шегіне)
 
жеттің
 1
»
, – деп соңғы уәдесін берді.
Сосын шаршап-шалдығып, қарындары ашып, бір ауылға 
келеді. Бірақ ол ауылдың адамдары бұларды үйлеріне түсіріп, 
1
Яғни онда мені тастап кеткенің үшін сені айыптай алмаймын. 


222
 
 
қонақ қылмайды. Екеуі үйлеріне түсуге сұранса да, 
қабылдамайды. Сонда олар ауыл сыртына шығады. Қараса, бір 
дуал қаңырап, құлайын деп тұр екен. Қыдыр барып ол дуалды 
түзетіп қояды. Мұса оның қонақ күтуге жарамаған ауыл 
адамдарының құлайын деп тұрған дуалын еш ақысыз жөндеп 
бергеніне таңырқап қалады. Аллаһ тағала: 
«Сонда екеуі тағы жүріп, бір ауыл халқына барып, 
тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар екеуін қонақ қылудан 
бас тартты. Сонда екеуі ол жердегі жығылғалы тұрған 
дуалды көріп, 
(Қыдыр)
оны жөндеді. 
(Мұса)
: «Егер қаласаң, 
бұған ақы алар едің», – деді. 
(Қыдыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет