241
тұлғада артық қылды. Аллаһ патшалықты қалағанына
береді. Аллаһ – өте Кең, бәрін Білуші», – деді»
.
Сөйтіп, олар Талуттың
патшалығына қарсы болып, оның
басшылығында соғысудан бас тартты. Шамуил:
«Сендерге бұл Аллаһтың таңдауы екенін дәлелдейтін бір
нәрсе алып келсем, сенесіңдер ме?» – дейді. Олар: «Иә», – деген
жауап қайтарады. Сонда оларға пайғамбарлары:
«Оның
патшалығының белгісі: Раббыларың тарабынан
(көңіл)
тыныштығы бар табыттың келуі. Онда Мұса мен Һарун
отбасынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтеріп
келеді. Егер сенген болсаңдар, расында, мұнда сендерге анық
белгі бар», – деді»
.
Сол кезде көз алдарында амалиқтарға алдырып қойған
сандықшалары көктен түсіп, алдарына әкелінді.
Осыдан соң
барып исраилдіктер Талуттың басшылығына бағынып,
жауға
қарсы жорыққа аттанды.
Жол бойында Талут әскері бір өзенге
1
жақындағанда
оларға
Талут:
«Расында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кімде-
кім одан ішсе, менен емес және кім одан татпаса, әрине, ол
менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе,
(оның жөні)
басқа», – деді»
.
Бірақ қаталап, қатты шөлдеп келе жатқан әскердің азғантайы
болмаса, қалғанының барлығы судан қанып ішті. Аллаһ тағала:
«Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті»
, – деген.
Нәтижеде Талутпен бірге үш жүз
оннан астам адам ғана
қалды. Сахаба Бара ибн Азиб (Аллаһ оған разы болсын):
«Мұхаммедтің
(с.а.с.)
Бәдір
шайқасына
қатысқан
сахабаларының саны Талуттың онымен бірге өзеннен өткен
әскерінің санындай еді»
, – деген
2
.
1
Бұл Йордан өзені деп айтылады.
2
Хадисті әл-Бұхари жеткізген.