Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


қандай жаман!», – деді. Сол уақытта Ибраһим мен Исмаил



Pdf көрінісі
бет95/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   266
қандай жаман!», – деді. Сол уақытта Ибраһим мен Исмаил 
Үйдің 
(Қағбаның)
 іргетасын көтере: «Раббымыз, бізден қабыл 
ал, расында, Сен – қалтқысыз Естуші, бәрін Білушісің. 
Раббымыз, екеуімізді Өзіңе бойсұнушы ет, ұрпақтарымыздан 
да Өзіңе бойсұнушы бір үмбет ете көр әрі бізге ғибадат 
рәсімдерімізді 
(қажылық 
амалдарымызды)
 
көрсетіп, 
тәубелерімізді қабыл ал, әлбетте, Сен – Өзің тәубені Қабыл 
Етуші, аса Мейірімдісің! Раббымыз, 
(ұрпағымыздың)
ішінен 
оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі хикметті 
(Өзінің 
сүннеттерін)
 үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, 
расында, Сен – аса Үстем, өте Данасың», – деп 
(жалбарынды)
»
1
, – дейді. 
Ибраһим мен Исмаил үйді тұрғызуды бастап бұрышына 
жеткен кезде, Ибраһим сол бұрыштың ерекше болуын қалады. 
Сөйтіп, ол Исмаилге: «Маған осы бұрышқа лайықты бір тас 
әкел», – деп бұйырды. Исмаил: «Мен шаршап тұрмын», – деп 
жауап қатады. «Орныңнан тұр», – дейді Ибраһим. Исмаил 
орнынан тұрып, тас іздей бастайды. Бірақ ол лайықты тас таппай 
қайтады. Кенеттен сол бұрышқа бір тас қаланып, Ибраһимнің 
құрылысты жалғастырып жатқанын көрді. Ол: «Уа, әкетай! Бұл 
тасты саған кім әкелді?» – дейді. Ол: «Маған оны шаршамайтын 
Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) алып келді. Бұл – жаннаттан келген 
тас», – деді. Ол туралы деректерде: «Ол алғашында ақ тас болған. 
Сосын қарайған. Оны қарайтқан Адам ұрпағының күнәлары», – 
деп айтылған. 
1
«Бақара» сүресі, 124-129 аяттар. 


108
 
 
Сонымен, Қағба құрылды. Бұл лай-балшықсыз жалаң 
тастармен тұрғызылды. Оның биіктігі Ибраһимнің бойына 
жеткен кезде, ол тастарды қалай алмай қалды. Сонда ол ұлына 
аяқ қойып құрылысты жалғастыратын бір тас әкелуді бұйырды. 
Ұлы бір тас алып келді. Ибраһим оның үстінде жалаңаяқ тұрған-
ды, оның аяқтарының ізі тасқа басылды. «Ибраһимнің мақамы» 
дегеніміз – осы. 
«Ибраһимнің мақамы» Қағбаға тақау жерде болатын. 
Қажылыққа келген адамдар Қағбаны тауап еткенде, сол жерде 
қатты сығылысып, Құранда баян етілген Ибраһимнің мақамын 
көру үшін бір-біріне зиян келтіретін жағдайлар жиі кездесетін. 
Сондықтан Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) 
сахабалардың келісуімен оны орнынан жылжытып, қазіргі 
орнына қойған. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет