Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


Сонда оны Исхақ және артынан Яғқубпен сүйіншіледік»



Pdf көрінісі
бет93/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   266
Сонда оны Исхақ және артынан Яғқубпен сүйіншіледік»
1
, – 
дейді. 
Яғни Сарраға үш сүйінші хабар келді. Оның алғашқысы – 
Ибраһим мен Сарраның Исхақ деген ұл сүйетіндіктері, екіншісі – 
Яғқуб атты немере көретіндіктері, кейінгісі – Сарра анамыздың 
ұзақ жасайтындығы жайлы еді. Бұл сүйінші хабарды естіген 
Сарра анамыз таңданысын жасыра алмай: «Сорым құрысын, мен 
кемпір, ал мына ерім шал болып тұрып туамын ба? Шын мәнінде, 
бұл – таңғаларлық нәрсе», – дегенде, Аллаһтан үмітін үзгендердің 
бәріне ғибрат болар: 
«Сен Аллаһтың ісіне таңғаласың ба? 
Сендерге Аллаһтың рақымы мен берекесі болсын, 
(Ибраһим)
 
үйінің мүшелері! Аллаһ – аса Мақтаулы, даңқ Иесі»
2
, – деген 
уахи келді. 
Расында да, пенденің тоқсанға келіп ұл көріп, немере құшуы 
таң қалдыратын жайт. Десе де, ғайыптың ісін ешкім болжап 
болмаған. 
Осылайша, Ибраһим мен Сарра өз ұрпақтарынан келетін 
пайғамбарлар тізбегімен сүйіншіленді. Әбу Һурайрадан (Аллаһ 
оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыздан (с.а.с.): 
«Кім құрметті?»
– деп сұрағанда: 
«Құрметті, ол – 
құрметтінің баласы, құрметтінің немересі, құрметтінің 
1
«Һуд» сүресі, 71-аят. 
2
«Һуд» сүресі, 72-73 аяттар. 


106
 
 
шөбересі – Юсуф ибн Яғқуб ибн Исхақ ибн Ибраһим»
, – деп 
жауап берген
1

Бұл – тек Юсуф пайғамбарға ғана тән дәреже. Оның әкесі, 
атасы және бабасының барлығы пайғамбарлар болған. 
Қағбаның тұрғызылуы 
Ибраһим Меккеге жасаған сапарларының бірінде ұлы 
Исмаилге: «Ей, балақайым! Аллаһ маған бір бұйрық берді», – 
дейді. Ол: «Уа, әке! Раббың бұйырған нәрсені істе», – деді. 
Ибраһим: «Сен маған көмектесесің», – дейді. Ол: «Әрине», – 
дейді. Ибраһим: «Аллаһ маған осы жерде Аллаһ үшін бір жай 
соғуымды бұйырды», – дейді. «Мен сенімен біргемін», – дейді 
Исмаил. Бұл оқиға Құранда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет