Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет137/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   266
 
 
(Яғқуб)
: «Мен күйзелісімнен де, қайғымнан да Аллаһқа ғана 
шағым айтамын әрі Аллаһтан сендер білмеген нәрсені 
білемін», – деді. Сосын оның жүрегінде үміт оты жанып: «Ей, 
ұлдарым! Барыңдар да, Юсуф пен інісін іздестіріңдер және 
Аллаһтың мархабатынан күдер үзбеңдер. Өйткені Аллаһтың 
рақымынан қарсы болған қауым ғана күдер үзеді», – деді»

Олар әкелерінің тілін алып жолға шықты. Бірақ оларда 
пұлдауға жарайтын ешқандай бұйым, зат жоқ еді. Мысырға 
келген олар 
«Юсуфқа барып кірген кезде: «Уа, уәзір! Бізге 
және отбасымызға ашаршылық тиді. Біз мардымсыз бір 
нәрсемен ғана келдік. Сонда да толықтай 
(астық) 
өлшеп бер 
және бізге садақа да қыл. Күдіксіз Аллаһ садақа берушілерді 
марапаттайды», – деді»
. Олар әр жылы келіп, бір жылдық астық 
алып кетіп тұрған-ды. Бұл үшінші жыл еді. Бұл жолы оларда 
астық сатып алатын еш нәрсе қалмаған болатын. Олар Юсуфтан 
жалынып садақа сұрады. Сонда Юсуф:
«Сендер надандықтан Юсуф пен оның інісіне не 
істегендеріңді білесіңдер ме?» – деді. Олар: «Сен өзің шын 
Юсуфсың ба?» – деді»

Арада бірталай уақыт өткен еді. Құдыққа тасталған кезде ол 
жас бала еді. Ал қазір ол үлкен ер жігіт болған. Юсуф :
«Мен – Юсуфпын, мынау – інім. Расында, Аллаһ бізге 
игілік жасады. Шын мәнінде, кім Аллаһтан қорқып, сабыр 
етсе, күдіксіз Аллаһ игілік істеушілердің еңбегін зая 
қылмайды», – деді. Олар: «Аллаһпен ант етеміз! Рас Аллаһ 
сені бізден артық қойды. Өйткені біз қателескен едік», – деді.
(Сонда Юсуф)
: «Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Аллаһ сендерді 
кешіреді. Ол – мейірімділердің ең Мейірімдісі. Енді мына 
жейдемді апарып, әкемнің бетіне жабыңдар, көз жанары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет