Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


қалпына келеді. Түгел үй-іштеріңмен маған келіңдер», – деді



Pdf көрінісі
бет138/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   266
қалпына келеді. Түгел үй-іштеріңмен маған келіңдер», – деді. 
Керуен 
(Мысырдан) 
шыққан кезде
1
әкелері
(Яғқуб)
: «Егер 
1
Екеуінің арасы сегіз күндік жол еді. 


154
 
 
алжыды демесеңдер, шын мәнінде, мен Юсуфтың иісін сезіп 
отырмын», – деді. 
(Адамдар)
: «Аллаһпен ант етеміз! Әрине, 
сен бұрынғыдай жаңылысып отырсың», – деді. Сүйінші 
келген сәтте-ақ жейдені Яғқубтың бетіне жаба сала оның көзі 
көруге айналды да, ол: «Аллаһ тарабынан сендер білмейтін 
нәрсені білемін демеп пе едім?» – деді. 
(Ұлдары)
: «Уа, әкеміз! 
Күнәларымыздың кешірілуін тіле! Расында, біз қателескен 
едік», – деді. 
(Яғқуб)
: «Сендер үшін Раббымнан кейінірек 
кешірім тілеймін. Өйткені Ол өте Кешірімшіл, ерекше 
Рақымды», – деді»
.
Яғқубтың ұлдарына:
«Сендер үшін Раббымнан кейінірек кешірім тілеймін»
дегендегі мақсаты, ғұламалардың айтуынша, дұғасын таң 
алдындағы уақытқа қалдыру еді. Бірде Омар (Аллаһ оған разы 
болсын) мешітке келіп, бір кісінің: 
«Аллаһым! Мені шақырдың, 
жауап бердім. Маған бұйырдың, бойсұндым. Міне, сахар
1
, мені 
кешір»
, – деп дұға қылып жатқанын естиді. Құлақ салып қараса, 
дауыс Абдуллаһ ибн Масғудтың (Аллаһ оған разы болсын) 
үйінен шығып жатыр екен. Омар бұл жайында сұрағанда, ол: 
«Өйткені Яғқуб ұлдарына деген дұғасын таң алдындағы 
уақытқа қалдырған»
, – деп жауап берген.
 
Юсуфтың ата-анасымен кездесуі 
Яғқубтың отбасы Мысырға барды.
«Олар Юсуфтың қасына барғанда, ол әке-шешесін өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет