Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет54/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   266
 
 
жалпы және жеке тәсілде тоғыз жүз елу жыл бойы Аллаһтың 
жолына шақырды. Оған санаулы-ақ адам иман келтірді. 
Дағуатшы Аллаһ жолына шақыруда барлық тәсілдерді қолданып, 
үлкен күш-қайрат жұмсау керек. Ешқашан «қанша айтсам да, 
тыңдамайды» деп күдер үзуге болмайды. Себебі дағуатшының 
міндеті жеткізу ғана, ал тура жолға салу – Аллаһ тағаланың 
құзыретінде. 
3. Аллаһ тағаланың жазасы келгенде, одан бірде-бір кәпір 
аман қалмады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): 
«Егер де Аллаһ Нұх қауымынан біреуді мейіріміне алғанда
бір сәбидің анасын мейіріміне алар еді. Нұх қауымында 
(дағуат 
жасап)
 тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сосын жүз жыл ағаш екті. 
Сосын өскесін оларды кесіп, кеме жасады. 
(Қауымы)
 өтіп бара 
жатып, оны әжуалап: «Құрлықта кеме жасап жатырсың ба? 
Ол қалай жүзбек?» – дейтін. 
(Нұх)
: «Әлі көресіңдер!» – деп 
айтатын. Көшелерге су толғанда, бір сәбидің анасы қатты 
жақсы көретін баласы үшін қорқып, таудың үштен біріне 
шығады. Су жеткен кезде таудың ең үстіне көтерілді. Су 
мойнына жеткен кезде, 
(сәбиін)
қолымен жоғарыға көтеріп 
тұрып екеуі де суға батқан. Егер де Аллаһ Нұх қауымынан 
біреуді мейіріміне алғанда, сол сәбидің анасын мейіріміне алар 
еді»
, – деп айтқанын Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) 
риуаят еткен
1

1
Хадисті әт-Табари мен Әбу Хатим жеткізген. 


63
 
 
ҺУД (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Ад қауымы 
Нұхтың ұлдарының бірі Самның немерелерінің ішінен Һуд 
шықты. Оның ата-тегі Һуд ибн Абдуллаһ ибн Рабах ибн Жаруд 
ибн Ад ибн Аус ибн Ирам ибн Сам ибн Нұх болып өрбиді деген 
дерек бар. Сондықтан да, Һудтың қауымы оның аталарының 
есімімен бірде «ад», бірде «ирам» деп аталады. 
Һуд қауымы Ахқаф деген аймақты мекендеді. Құрандағы 
Ахқаф сүресі осы Ад қауымы тұрған жерге қатысты аталған. 
Ахқаф дегеніміз – құмды тау. Ол жер Йеменде, Оман мен 
Хадрамауттың аралығындағы теңізге таяу орналасқан. Оны 
Йеменде «Шехр» деп атайды. Аллаһ тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет