61
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
жеткізген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) Нұхтың оразасы туралы:
«Нұх айт
(күндерін)
есептемегенде,
(барлық)
уақытта
ораза тұтатын еді»
1
, – деген.
Нұх пайғамбардың қиссасынан алынар өнеге-ғибраттар
1. Шайтанның мақсаты – адам баласын өзімен бірге тозаққа
тарту. Ал тозаққа тартудың ең тиімді жолы Аллаһқа
серік
қостыру арқылы жүзеге асады. Себебі Аллаһ тағала ширкті
кешірмейді және оны істеген адамға жаннатты харам етті. Ол
туралы Құранда:
«Аллаһ Өзіне біреудің бір нәрсені серік етіп қосқанын
кешірмейді. Ал одан өзгені
(серік қосушылықтан басқа күнәні)
қалағанына кешіреді»
2
;
«Кім Аллаһқа серік қосса, расында, Аллаһ оған жаннатты
харам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін
жәрдемші жоқ»
3
, – делінген.
Сондықтан шайтан (оған Аллаһтың лағынеті болсын) Адамға
деген
дұшпандығын жалғастырып, оның ұрпақтарын пұттарға
табындырып, тозаққа түсіру
мақсатында ғасырлар бойы
бағдарламасын түзіп, реттеуде. Сол уақыттан бері ақиқат
(таухид) пен жалғандықтың (ширк) арасындағы күрес
жалғасып
келеді. Шайтан адамдарды ширкке азғырған сайын, Аллаһ тағала
халықты тура жолға бастайтын елшілерін жіберіп отырды. Яғни
барша пайғамбарлардың жіберілу мақсаты халықты таухидке
үндеу болған.
2. Нұхтың қауымына жұмсаған күш-қайратында дағуатшылар
үшін үлкен өнеге бар. Ол елін күні-түні, ашық және құпия түрде,
1
Хадисті Ибн Мәжәһ жеткізген.
2
«Ниса» сүресі, 48-аят.
3
«Мәида» сүресі, 72-аят.