Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет81/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   266
«Сонда Лут оған иман 
келтірді»
2
, – деп айтқан. 
Мұны көрген Ибраһим олардан мүлдем үмітін үзді. Пұттары 
сынды және олардың көз алдында ұлы мұғжиза көрініс тапты. 
Бұдан артық не керек? Сол кезде барып ол өз отанынан кетуге 
байлам жасады. 
Намруд патша 
Бұл хабарлар сол уақытта Бабылды билеп тұрған Намруд 
деген патшаға жетті. Ол: «Оны маған алып келіңдер», – деді. 
Ибраһим алдына келген кезде, ол одан Раббысы туралы сұрай 
бастады. Бұл туралы Аллаһ тағала Құранда:
«
(Мұхаммед!) 
Өзіне Аллаһ патшалық бергеніне 
(паңданып)

Ибраһиммен Раббысы жайында таласқанды көрмедің бе?»
3
– 
деген. 
1
Хадисті әл-Бұхари риуаят еткен. 
2
«Анкабут» сүресі, 26-аят. 
3
«Бақара» сүресі, 258-аят. 


92
 
 
Намруд сол кездегі бүкіл жер жүзіне үкімін жүргізіп отырған 
патша еді. Бір деректе: Әлемді түгелге жуық билеген төрт үлкен 
патша болған. Олардың екеуі мүмін: Сүлеймен және 
Зұлқарнайын, ал екеуі кәпір: Намруд пен Бухтунсар деп 
айтылған. 
Ибраһим оған: 
«Раббым өлтіреді және тірілтеді»
1
, – деді.
Сол уақытта Намруд абақтыдан өлім жазасына кесілген екі 
кісіні алып келуді бұйырды. Ол екеуінің бірін өлтіріп, бірін 
босатты да: 
«Мен де өлтіремін және тірілтемін»
2
, – деді. 
Ибраһим бұл жерде мұндай тар ойлау шеңберінің аясында 
емес, ол негізгі өмір мен өлім турасында айтқан болатын. Сонда 
ол бұдан да күшті бұлтартпайтын дәлел ұсынып: 
«Расында, 
Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, сен оны батыстан 
келтірші», – деді. Сонда кәпір сасып қалды. Аллаһ залым елді 
тура жолға салмайды»
3
.
Бірақ ол Ибраһимнің оттан аман қалғанын біліп, оған қарсы 
шығуға бата алмай: «Біздің арамыздан кет!» – деді. Сөйтіп, 
Ибраһим Иракты тастап шығып, Шам еліне бет алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет