Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

Әбдеш төлеубаев, археолог:
–  Өркениеттiң  басы  –  металлургияда.  1970-80  жылдарға  дейiн 
«көне  металлургияның  орталығы  Еуразия  даласы,  Ирак,  Иран  жерi, 
Қапқаз  маңы,  Орал  тауының  етегi»  деп  келген  болатын.  Ал  қазiргi 
кезде  бұдан  5500  жыл  бұрын,  сонау  қола  дәуiрiнде  Қазақстан  жерi 
көне металлургияның орталығы болғаны дәлелденiп отыр. Сондай-ақ, 
Қазақстан жерi тек көне металлургияның ғана емес, көне өнердiң де 
орталығы екенi анық. Орталық Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Шы- 
ғыс Қазақстан, Жетiсуда сонау қола дәуiрiнде көне өнердiң түтiнi түзу 
шыққанын ұлы ғалым Әлкей Марғұлан тамаша етiп жазып қалдырды. 
Кейiнiрек  Кемал  Ақышев  ағамыздың  Есiктегi  «Алтын  адамды» 
табуы  –  дүниежүзiлiк  өркениеттi  бағалаудың  жаңаша  көзқарасын 
алып  келдi.  Сол  арқылы  қазақ  жерi  асыл  металдардан  түйiн  түйген 
ұсталық  өнердiң  де  орталығы  болғаны  ерiксiз  мойындалды.  Бүгiнге 
дейiн  қазақ  топырағынан  үш  «Алтын  адам»  –  Есiктегi,  Аралтөбедегi 
және  Тарбағатайдың  баурайындағы  Шiлiктiден  табылды.  Соңғысы, 
тiптi, бiздiң заманымызға дейiнгi VIII ғасырда Иранмен ешқандай да 
байланыс орнамай тұрған кездегi өнер туындысы. Демек, осының бәрi – 
Сақтардың туындысы. Мен осы мәселелер жөнiнде, әсiресе, Айтберген 
Құлментегiмен көп пiкiр бөлiсемiн.
Жалпы Тұрсынжан, Айтберген және Махмұт Құлментегi – ұлттық 
мәдениетiмiздегi  қасиет  дарыған  iрi  ұста-қайраткерлер.  Олардың 
өнер  туындыларын  жасаудағы,  көне  қару-жарақтарды  қайта  қалпына 
келтірудегi технологияларын өз ауыздарынан жазып алып, тарихи дерек 
ретiнде тiркеп, кейiнгi ұрпаққа үйретудiң қамын жасау қажет. Өйткенi 
сыртқы зерттеушiден гөрi, қолымен жасаған ұста өнер туындысының 
барлық қыр-сырын ашып бере алады.
Ұсталық – үлкен қасиет. Бұрын ата-бабамыз ұста дүкенiне тәу етiп 
баратын. Ағайынды темiршiлер ұста дүкенi сонау тәңiрмен, ғарышпен, 
бақсылықпен байланысты екенiн анық сезiнедi. Осы ұсталықты, оның 
маңайындағы  дүниелердi  зерттеу  арқылы  қазақ  мәдениетiнiң  сан 
қырын ашуға болады.
Әшiрбек көпiшев, өнер зерттеушi:
–  «Ұста»  деген  ұғымның  ауқымы  кең.  Бiр  ұғым  –  алтын,  күмiс, 
темiрдiң сыңғыры естiлiп тұратын темiр ұсталығына келiп тiресе, көне 
қойнауында халықтың рухын осы ғасырға жеткiзген сөз ұстасы дейтiн 
патшалық  тұр.  Одан  әрiге  кетсек,  Асан-Қайғыға  дейiнгi  абыздардың 
үн  ұстасы  тұр.  Бұдан  бөлек  көне  дәуiрдегi  Күлтегiн,  Тоныкөк  рухы 
түрлi  кезеңдерде  шайқалып  келiп,  Бауыржан  Момышұлынан  тұрақ 
тапқан батырлық ұстасы тұр. Одан тереңдей түссек, жетi атасыз қыз 
алыспайтын генетикалық тегi терең, бiрде-бiр түрмесi, соты болмаған 

71
рух ұстасы бар. Осы ұсталықты бiз тұтас қарауымыз керек. Осы кезге 
дейiн белгiлi деңгейде «қарағай басын шалып жүрген» «шортандарға» 
жем болмай келсек, сол сан-салалы ұсталықтың жемiсi. Сол сұрапыл 
темiршi  ұсталығының  аса  көрнектi  өкiлдерi  –  ағайынды  Жетенұлы 
Тұрсынжан, Айтберген, Махмұт Құлменовтар. Бабасы – Омар да үлкен 
ұста  болған.  Бұл  азаматтар  туралы  газет-журналдарда  1987  жылдан 
берi  жазылып  келедi.  Сосын  рухты,  намысты  қамшылайтын  тұста, 
«Өнер»  баспасы,  «бiз  неге  iрi  нәрселердi  әлемдiк  дәрежеде  көрсете 
алмаймыз?»  деген  сауалға  тiрелдiк.  Бұл  сауалға  жауап  iздеуге  менi 
Франкфурттағы,  Токиодағы,  Лондондағы,  Пекиндегi  кiтап  көрмелерi 
ерiксiз  итермеледi.  Ешкiмнiң  аяғы  аспаннан  салбырап  түскен  жоқ. 
Сосын  ағайынды  ұсталар  жайлы  жобамды  дайындап,  мемлекеттiк 
тапсырыстар  тағдыры  шешiлетiн  «темiршiлiк»  дейтiн  ұғымнан  аулақ 
жатқан  кеңселерге  жол  тарттым.  Жобаны  дәлелдеуге  тура  келдi.  Кей 
тұста «соғыстық» та. «Өзге кiтап шықпай қалса да, халықтың рухын 
оятатын осы кiтапты шығарамын» деп бекiдiм. Ақыры мәселе шешiлдi. 
«Кiтаптың барлық безендiрiлуiн өзiмiз жасаймыз» деп бұлар да бекiп 
алды. Белгiлi ғалым Аманқос Мектептегiне өздерi тапсырыс берiп, кiтап 
сыртындағы  «Темiршi»  дегендi  Орхон  жазуымен  бәдiздеп  жазғызды. 
Бұл ұсталардың да мiнезi оңай емес екен. Менi кәдiмгi қызған темiрдей 
етiп алты-жетi рет төстiкке салып жiбердi. Бұл азаматтардың қайтпас 
қайсар, батыр және өте сауатты жiгiттер екенiн сонда нақ сезiндiм. Рас, 
кей  сәтте  суарылған  темiрдей  қайтатын  кездерi  де  бар.  Бұл  кiтапты 
шығару жолында бiз осындай үлкен процестен өттiк. Ақыры осындай 
ғажап кiтап дүниеге келдi. Осы кiтап шыққан бетте Германияда үлкен 
көрмеге  қатысты.  Сонда  шетелдiктер  «бұл  әлi  игерiлмеген  тың  әлем 
ғой, мына кiтап неге ағылшынша, французша, немiсше, хансуша немесе 
кирилицамен  жарық  көремеген?»  деген  сауалдың  астында  қалдық. 
Мiне, ұлы даланың цивилизациясының құдiретi!
Бiздiң заманымыздан бұрынғы VII ғасырдың орта тұсында Ассирия 
патшасы  Ашшурбанипалдың,  V  ғасырдың  басындағы  Парсының 
I-Дарий  патшасының,  V  ғасырдың  соңын  ала  даңқты  Геродоттың 
жазбаларында мынадай сұрапыл жолдар бар: «Шығыста Тәңiртаулар, 
Көк таулар бар. Сол Көк таудың екi қапталында бiзге қауiп төндiретiн 
жауынгер һәм өнерлi халық бар. Бұл халықтардың қолынан келмейтiнi 
жоқ және шапқыншылықпен бүкiл жердi алуы мүмкiн!».
Шығысы  –  Тынық  мұхитындағы  Сары  теңiздi  тiреген,  батысы  – 
Дунайдың қақ жүрегiне дейiнгi кеңiстiктi алып жатқан ұлы өркениет 
бүтiн  Еуропаның  тiзесiн  дiрiлдеткен  болса,  сол  өркениеттiң  басты 
қаһармандары – ұсталар. Ағайынды үшеу сол ұлы ұсталық мәдениеттiң 
бүгiнгi мұрагерлерi. Сондықтан бұларға Алатау баурайынан ауқымды 
жер берiп, үлкен ұстахана салу керек. Сол жерде әлемдiк деңгейге жауап 

72
беретiн  темiршi  ұсталығының  технологиясын  дамытуға,  талантты 
шәкiрттер дайындауға жол ашу керек.
Қазақ  елiнiң  төрт  құбыласын  аралап,  ескiнi  бiлетiн  кәрi  құлақ 
қариялардан  сұрап,  жазып  алып,  ұсталық  өнерге  қатысты  көне 
мағлұматтарды  ағайынды  Құлменовтар  өз  iс-тәжiрибесiнде  пайда- 
ланған.  Ежелгi  ата  дәстүрiмiзге  сай  баталарын  алған  сол  дана 
қарттардың аты-жөндерiн бергендi жөн көрдiк. 
1. Сәрсенбек ата – Кеген ауданы, Жалаңаш қыстағында 1917 туған. 
а) темiршi-ұста, темiрдi суғаруда жоғары деңгейге жеткен
ә) атбегi, саятшы, ағаш шеберi. 
2.  Бекен  Еңгебайұлы  –  Кеген  ауылында  1918  жылы  туған,  жетi 
атасынан тек қуалаған темiршi-ұста. Зергер, ағаш шеберi, күйшi. 
3.  Нағашы  атамыз  Шоқпарұлы  Бәзiл  –  Қулықтаудың  Жылысай 
қыстағында 1903 жылы туған. Қазақтың ыдыс-аяқ бұйымдарын жасай- 
тын асқан ағаш шеберi. 
4. Әубәкiрұлы Қожан ата – Кеген ауданы, Жылысай ауылында 1905 
жылы  туған.  Балуан,  ат  үстiндегi  аударыспақ,  ойынының  сайыскерi, 
көкпаршы,  аңыз  әңгiмелер  мен  жыр  дастандардың  және  барымтада 
қолданылған қару түрлерiнiң бiлгiрi. 
5. Абиырұлы Әлихан ата – Шарын өзенiнiң бойындағы Сарытоғай 
қыстағында 1922 жылы туған. Темiршi-ұста, мылтық жасаудың шеберi, 
шежiрешi. 
6. Бескемпiр ата – Қарқара қыстағында 1907 жылы туған. Қазақтың 
қару-жарақ түрлерiнен хабары мол адам. 
7. Сағатбай ата – Шелектiң Жаңатұрмыс ауылында 1912 жылы туған. 
Қазақтың салт-дәстүрiн, ұлттық ойындарын және аңыз әңгiмелерiн көп 
бiлетiн қария.
8. Мәкiлқожа Иманәлiұлы Құланбайтегi – 1916 жылы туған, өнерден 
хабары  мол  адам.  Саз-аспаптары  және  қару-жарақ  түрлерiнiң  қалай 
аталуы, жасалуы жөнiнде құнды деректер бердi. 
9. Қожақов Әбдiраманұлы Нәжiмеддин – Жиделi-Байсын аймағының 
Құлқұдық қыстағында 1904 жылы туған. 
Темiршi-ұста, пышақ, кездiк суғарудың жетiк бiлгiрi, алтын-күмiс- 
пен зергерлiк бұйымдар жасаған. 
10. Әшiмхан Төлепбердiұлы – Алтай аймағы Қызылкүңгей қыстағы 
Қатынқарағай ауылында 1913 жылы туған. 
а) аңшы, мерген, тас қалаушы шебер. 
ә) домбыра, сыбызғы, тұрмыстық бұйымдар жасайтын ағаш шеберi. 
Сонымен қатар, осы аспаптарда ойнай да бiледi.

73
«Дос БоЛЫП қАс қЫЛҒАННАН сАқтА, қҰДАй...»
Алматы  облысы  Райымбек  ауданында  Тянь-Шанның  сәруәр 
сiлемiне  жамбастап  жатқан  бiр  ауыл  бар.  Аты  –  Тоғызбұлақ.  Таудың 
қуысында, Құдайдың уысында жатқан несiбелi мекен. «Жатып қалып 
бiр тоқты, жайылып мың қой болған жер» деп қасиеттi қара шалдар 
сондай  мекендi  айтқан  болар,  әсiлi.  37-де  тоғыз  грамм  қорғасынның 
құрбаны  болған  жетiсулық  әйгiлi  ағартушы  һәм  ақын-композитор 
Қапез  Байғабылұлы  1896  жылы  сол  өңiрде  дүниеге  келген.  Қыстауы 
– үш Меркiнiң сағасындағы Ақтоғай. 17 жасында Ыстамбұлға барып, 
бiлiм  тоқып  қайтқан.  Кейiн  ағартушылық  жолын  таңдап,  жүрген 
жерiнiң  бәрiнде  мектеп  ашып,  елдi  сауаттандыру  iсiмен  айналысты. 
1937 жылы Коми АССР-нiң Ухта қаласында атылған. Шығыстың қиса-
дастандарынан мол хабардар болған кiсi.
Қапездiң  әндерiн  жарыққа  шығарған  талантты  әншi,  Құрманғазы 
атындағы  консерваторияның  түлегi  Ғалымжан  Досанұлы  едi,  1996 
жылы 29 жасында белгiсiз жағдайда Тәшкенде көз жұмды.
Қапез  1920-25  жылы  Жалаңашта  мектеп  ашып,  сол  аймақтағы 
жастарды оқытты. Әйгiлi академик Ақай Нүсiпбеков ең алғаш Қапезден 
тәлiм  алған.  Кейiн  аудандық  бiлiм  беру  басқармасын  басқарды, 
үш  ауданның  (Нарынқол,  Кеген,  Ұйғыр)  ағартушысы  болды.  Ораз 
Жандосов Кеген ауданына I-хатшы болып келгенде Қапездiң iскерлiгiне, 
шешендiгiне, ел бастауыш көсемдiгiне айрықша тәнтi болыпты. Бюро 
мүшесi болды.
1934 жылы қарағайдан қидырып мектеп салды. Алыс түкпiрлерден 
мұғалiмдер  алдырды.  Кейiн  Қапез  Байғабылов  ұсталып  кеткен  соң 
Аралдағы  меткептi  нөмiрлеп  отырып  бұзып,  Тоғызбұлаққа  әкелiп 
тұрғызды.  Қазiр  Қапездiң  атында.  Бұл  –  ашаршылықтың  аяғы, 
репрессияның  басы  қылтиған  кез.  1931-33  жылдардағы  ашаршылық 
кезiнде  Қапез  Қарағандыдан  ауып  келген  60  үйдiң  басын  қосып, 
«Облатком»  деген  ауыл  құрды.  Алдына  мал  салып,  басына  баспана 
бергiздi.  Ол  өзiне  жүктелген  барлық  мiндеттi  абыроймен  атқарып 
шықты. Ауып келген жұртты құтты қонысқа орналастырады.
Сөйтiп, 1937 жылы 12 желтоқсанда Жоғарғы Кеңеске тұңғыш рет 
депутат сайлау науқаны өтедi. Жергiлiктi билiк Оңғарбаева Салиха деген 
сауыншы  әйелдi  ұсынады.  Жоғарыдағылар  Жалаңаш  аймағындағы 
сайлау науқанын Қапезге тапсырады. Кiрген жерiн бесiк, шыққан жерiн 
есiк етiп жүретiн Қапез халықты өз сөзiне тоқтатады. Сөйтiп, сауыншы 
депутат атанады. Арада төрт күн өткен соң, Сыдықов Нүсiпәлi, Қайыпов 
Қыдық,  Әбiш,  Саңқай  дейтiн  ауданның  игi-жақсылары  кешқұрым 
Қапездiң  үйiне  жиналады.  Қонақтарға  арнап  қазанға  ет  салынады. 
Патефонды ойнатып қойып, бiр бұрышта отырған Қапездiң үлкен ұлы 

74
Нұржiгiт апақ-сапақта ауладан шыққан тосын дыбысты естидi. Далаға 
шықса  көршi  үйдегi  Кеген  аудандық  атқару  комитетiнiң  орынбасары 
Таубек Намазбековтi ГПУ-дiң екi жендетi алдына салып айдап барады 
екен. Бұл жағдайды көрген Нұржiгiт шешесiне айтады. Екi көзi төрт 
болып Қапездiң жары отыр. Ет пiсуге тақап қалғанда үй иесi Қапез де 
келедi. Үйде отырған қонақтардың бәрi жақсы таныс, бiрақ «бiздiң үйге 
ат iзiн салмайтын Қыдықты мұнда қай Құдай айдап келдi екен?» деген 
күдiк-күмәннiң ортасында қалғаны да рас. Сол аралықта есiк қағылады. 
Шалқалай  ашылған  есiктiң  арғы  жағынан  өңi  өрт  сөндiргендей  екi-
үш адам кiрiп келедi. Бiреуi Жаркенттен келген ұйғыр, Әзизов дейтiн 
ГПУ-дiң нәшәндiгi. Екiншiсi хатшысы, Қарағанды жақтан ауып келген, 
кезiнде  Қапездiң  шапағатын  көп  көрген  адам.  Үшiншiсi  Өскенбай 
Өмiржанов дейтiн Қапездiң үйiнен неше рет дәм татқан азамат. Әзизов 
«дереу  үкiмдi  оқы»  деп  Өскенбайды  түртпектейдi.  Өскенбай:  «Қапез 
талайларға пана болған, балалардың сауатын ашқан айтулы ағартушы 
ғой»  деп  ежiктей  бастағанда-ақ  көзi  қанталаған  Әзизов  Қапезге  өзiн 
тұтқындау  туралы  қағазды  ұсына  қояды.  «Бәрiн  түсiнiп  отырмын, 
бюродан жаңа ғана шыққам. Дұрыс құзғындарым, тажал бiзге де таяған 
екен.  Ей,  Өскенбай!  Мыналардың  iшiнде  сөз  түсiнетiнi  сен  болуың 
керек, балаларымды қорқытпа. Дәл қазiр екi қызым, бiр ұлым ұйқтап 
жатыр.  Ал  мына  Нұржiгiт  17  жаста,  ол  есейiп  қалған,  бәрiн  көзiмен 
көрiп  тұр.  Аман  болса  келер  ұрпаққа  ақиқатты  осылар  айтады.  Ал 
тiнтiңдер, менде қарағайдан ойып жасаған домбырадан өзге қару жоқ. 
Менде тек бөрi қайратты жүрек бар. Тәуекел, көрдiк басқа салғанды. 
Дәтке  қуат!»  деп  Қапез  жинала  бастайды.  Жендеттер  қолға  iлiккен 
қағаздарды  теңдеп,  Қапездi  алдына  салып  айдап  әкетедi.  Бұл  –  1937 
жылдың  16  желтоқсаны  болатын.  17  желтоқсан  күнi  Рысбек  дейтiн 
мiлитса Әзизовтың нұсқауымен Қапездiң ұлы Нұржiгiттi айдап әкетедi. 
Дүниенiң  қияметiн  көрген  сол  Нұржiгiт  бүгiнде  86  жастағы  ақсақал. 
Алматы  облысы  Еңбекшiқазақ  ауданында  тұрады.  Асылдың  сынығы, 
тұлпардың  тұяғы.  Көрген-бiлгенiнiң  бәрiн  көңiлiне  жасырған  үкiдей 
ғана  қара  шалдан  сөз  сұрадық.  Кесiлген  бастың  қанымен  жазылған 
тарихтың көзi тiрi куәгерi ғой...
Алты шалды бiр түнде айдап әкеттi
–  «Халық  жауы»  деп  әкемдi  айдап  әкеттi.  Ендi  мұнысы  «бөрiнiң 
бөлтiрiгi» дегенi ғой. Алдарына салып отырып оқалылардың ортасына 
алып  келдi.  Әзiрейiлдей  болып  төрде  Әзизов  отыр.  Екi  жағында  екi 
милиция. Ол екi милицияның бiрi – Рабат Мәмбетов, уақытында әкем 
Қапезден  сабақ  алған,  екiншiсi  Мүлкiбай  –  Жалаңаштың  учаскелiк 
инспекторы.  Төрде  отырған  Әзизов:  «Ей,  жалмауыз  паразит,  арабша 

75
бiлесiң  бе?»  дедi.  «Бiлемiн,  әкем  менi  ерте  оқытқан,  артынша  латын 
келдi,  оны  да  бiлемiн»  дедiм.  «Ендеше  оқы  мынаны!»  деп  төтемен 
жазылған қағазды менiң алдына тастай салды. Оқыдым. Хат Қытайдан 
келiптi. Үркiншiлiкте Кеген, Нарынқол аймағынан Қытайға бiздiң көп 
ағайындар  ауған.  Үдере  көшкен  қазақтардың  iшiнде  Айса  дейтiн  бiр 
ұйғыр  кетiп  едi.  Өте  қазымыр  адам.  Тiршiлiгiнде  әкеммен  әңгiмесi 
жараспаса  керек.  Хатты  ұйымдастырған  сол  найсап  екен.  Хаттың 
астына  «Оразалы»  деп  жалған  қол  қойып,  тiке  Әзизовке  жiберiптi. 
Самауырдан су ақса, «Самарқанды су алды» деп қара түндi қаптататын 
Әзизовке  бұдан  артық  қандай  iлгек  керек?  Хатпен  танысып  болған 
соң менi жендеттер наганымен ұрып-соғып мырзақамауға отырғызды. 
Ақыр  соңында  Әзизов  «ГПУ-дың  басшысы  менi  ұрып-соқты»  деп 
бiреуге тiс жарып айтатын болсаң, мен сенi өзiм атып өлтiрем, шешеңе 
де айтушы болма» дедi де бес-алты күннен соң, менi босатты. Шешем 
екеумiздi  әкеммен  15  минөт  сөйлестiрдi.  Iшкi  істер  министрлiгiнен 
үлкен пәгөндiлер келдi. Әкем алашақ-берешегiнiң бәрiн қағазға түсiрiп 
бердi.  Сосын  шешеме  «ерiңе  айтар  сөзiң  бар  ма?»  дедi.  Шешем: 
«Балаларды  оқудан  шығарып  жiбердi,  ол  аздай  үйден  қуып  жатыр» 
дедi.  Әкем:  «Үйден  қуса  ауаткомға  бар,  балаларды  оқудан  шығарса 
аудандық оқу бөлiмiне бар. Қазiр менiң орнымда Мұса Яхияров дейтiн 
ұйғыр отыр. Айдалып бара жатқанда ақырғы айтқан өтiнiшiмдi жұтпас. 
Нұржiгiт ендi сен оқу iздемей-ақ шешеңнiң бiр жағына шығыс, қалғаны 
Құдайға аманат» дедi. Әкемдi сол айдағаннан Жаркентке апарды, одан 
Шамалған асырды, кейiн шүйдесiне шитi мылтықтi тiреп отырып Коми 
АССР-iнiң Ухта қаласына апарып бiрақ жауыпты. Сол кеткеннен мол 
кеттi. Екi аралықта соғыс басталды, менi соғысқа алмай Қарағандыға, 
КАРЛАГ-қа  айдады.  Нарынқол,  Кеген  және  Ұйғыр  ауданынан  бай-
құлақтың  тұқымы  деп  1500  адамды  қойдай  иiрiп  әкелiп  тас  көмiрге 
салды да жiбердi. Сосын бiр күнi шахтадан қашып шықтым. Түкiргенiң 
– таскөмiр. Нан жеу керек, бiр бөлке – 150 сом тұрады. Еңбек қылып нан 
тапсам  деп  базарға  бардым.  Мына  қызықты  қараңыз,  Қарағандының 
базарында бiздiң ауылдан айдалып кеткен Сейсебай дейтiн құмалақшы 
шал отыр. Бұл кiсiнiң қалай қуғындалғанын бала күнiмiзде естiгенбiз. 
Әйгiлi Мәртөбенiң үстiнде бас қосатын алты шал бар едi. Бiр күнi сол 
шалдардың бiреуi түс көрiптi. Оны келесi бiр ақсақал «ендеше түптiң 
түбiнде совет өкiметi құлап, басқа өкiмет орнайды екен» деп жориды. 
Қалғандары «Аллаху акбар» деп бет сипап, қоштап бередi. Жотаның 
басындағы  осы  әңгiменi  iргеде  бұғып  жатқан  орманшы  естiп  қалып, 
дереу  КГБ-ға  жеткiзген.  Iле-шала  алты  шалды  қара  мәшинеге  салып 
алып кеттi, содан ол кiсiлер iз-түссiз кеткен. Солардың iшiнде кеткен 
Сейсебай шал алты жылын өтеп, сол Қарағандыға жер аударылған кезi 
екен. Қарғандыда кездескенiм сол шал. Әлмерек деген жалғыз баласы 

76
Октябрь колхозында есепшi едi. Ол менiң әкемдi жақсы бiлетiн. Сосын 
«Ассалаумағаләйкум  Жәке-ау,  мен  Әлмерегiңмiн  ғой»  деп  құшақтай 
алдым. Сейсебай сол жерде талып жығылды. Айналада жүрген адамдар 
«мынау бiздiң құмалақшымызды талдырып қойды» деп менi жазғырып, 
киiмiмнiң дала-даласын шығарды. «Мен бұл кiсiнiң баласымын» дедiм. 
«Шал айтсын» дедi. Хан базардың iшiндегiлер су бүркiп Сейсебайды 
тiрiлтiп алды. Сосын ол кiсi: «Ол – менiң ұлым, тимеңдер!» дедi. Сонда 
Сейсебай  88-де  екен.  Шал  менi  жетектеп  отырып  жататын  жерiне 
алып келдi. Ол үй Қарағандыдан сегiз шақырым жерде, Нұра өзенiнiң 
жағасындағы  Тельман  дейтiн  колхозда  екен,  бiр  кемпiрдiң  үйi.  Жол-
жөнекей болған жағдайдың бәрiн айттым. «Қайран, Қапез! Ол да ұста- 
лып кеткен екен ғой...» деп жолда көзiнiң жасын бiр сығып алды. Сосын: 
– Сен ендi Әлмерексiң, менiң баламсың. Қазiр барған үйде солай айт, 
– дедi. Солай айттым. Түйенiң сүтiн бердi. Ұстарамен шашымды алып, 
жуындырды.  Шалдың  үйiнде  15  күн  жатып,  тынықтым.  Сосын  мен: 
«Жәке-ау, сiз маған ере алмайтын секiлдiсiз. Мен ендi осы Қарағандыдан 
жаяу тартып отырып Жалаңаштың желкесiндегi Тоғызбұлаққа жетуiм 
керек. Жол жағдайын қағазға түсiрiп беретiн адам табыла ма?» дедiм. 
Сейсебай шал тiлдей хат жазып берiп: «Осыдан заулап отырып қашқан 
бойда Ақтоғайға барасың. Жолда ұсталып қалмасаң, бес-алты қонып 
Қарқаралыға  жетесiң.  Қарқаралының  бөктерiндегi  үлкен  тауға  шық, 
аяғың бүлдiрген мен малинаға боялады. Күнi бойы сол бүлдiргендi жеп 
жат, қас қарайғанда таудан төмен сырғанап түссең, Қарқаралы ауданы- 
ның үстiнен шығасың. Ауылдың шетiне iлiккен бетте «Бурабай шалдың 
үйi  қайсы?»  десең,  кез  келгенi  көрсетiп  бередi.  Тоқсанның  төртеуiне 
келiп отыр. Сақалы белуарына түскен, екi әйелi бар көнекөз. Мына хатты 
сол Бурабай қартқа берсең, саған Жалаңашқа барар жолдың кестесiн 
сызып бередi» дедi. Бұрын Бурабай да түрмеде болған екен. Құлжаға 
неше рет барып қайтыпты. Содан жаяу-жалпылап Қарқаралыға жеттiм. 
Шалдың  үйiн  тауып  бардым.  Үйiне  кiрдiм.  Қазанда  сары  iрiмшiк 
қайнап жатыр. Бурабай шал төрде жатыр екен, тiзе бүгiп сәлем берген 
соң  хатты  ұсындым.  Оқыды  «Арабша  бiлесiң  бе?»  «Бiлем».  Сақалы 
белуарына түскен Бурабай шал сонау Қарқаралыдан Жалаңашқа дейiн 
барар жолдың жоспарын келiстiрiп тұрып арабша жасап бердi. Кәдiмгi 
жалғыз аяқ, аткештiнiң жолына түзiлген карта. Қолыма төрт тараптың 
бағытын  бiлдiретiн  компас  бердi.  «Қарағым,  негiзгi  бағытта  күннiң 
шығысын бетке ал, оң қолыңда түстiктi бетке ал, сол қолыңда артыңа 
қарап батыс бағыттан тайма. Күндiз тынығып, түнде айдың жарығымен 
ғана жүрiп отыр. Арбаның, көлiктiң жолына түспе, жалғыз аяқ жолмен 
жүр, мiне жолың!» дедi. Тарттым да кеттiм. 

77
соғыстың аяқталғанын Жаркентте жатып естiдiк
Қарқаралыдан шығып, Жданов колхозына тақай бергенде бұршақ 
құйып жiберді. Ағашты қалқалап жата қалдым. Сол сәт ту сыртымнан 
екi  адам  келiп  қалды.  Бiреуi  ұзындау,  тегi  орысқа  ұқсайды,  екiншiсi 
аласа  бойлы  қазақ  жiгiтi.  Сөйтсем,  олар  Кузбастың  шахтасынан 
қашып келе жатқан мен сияқты қашқындар екен. Олардың шыққанына 
бiр  айдың  шамасы  болыпты.  Қазақ  жiгiтi  –  Қырғызстаннан,  татар 
жiгiт  –  Семейден.  Бұршақ  басыла  бере  Қарқаралы  жақтан  үш 
салт  атты  көрiндi.  Бас  киiмдерi  жылтылдап  келедi,  КГБ-нiң  адамы 
екенi  алыстан-ақ  менмұндалап  тұр.  Таяп  келгенде-ақ  қамшыларын 
үйiрiп  салды.  «Соғыстың  қайнап  тұрғаны  анау,  сендердiң  қашып 
жүргендерiң  мынау»  деп  сабалап  ала  жөнелдi.  «Соғысқа  жiбермесе 
қайтiп барамыз?» дедiм. Алдарына салып алып Жданов колхозының 
бастығының үйiне әкелдi. Қасымдағы екi жiгiттi екi бригадирге бердi. 
Менi колхоз бастықтың үйiне қалдырды. Сол жерде жиырма күндей 
болдық.  Қырманға  шықтық,  бидай  сапырдық.  Қара  жұмысқа  әбден 
жегiлдiк. Менi үй иесiнiң бәйбiшесi кiрпiк қақпай бақылап жүредi. Бiр 
күнi колхоз бастықтың ағайыны, үлкен бiр беделдi адамның асы болды. 
Сөз  ұстаған  адамдардың  мәзiрiн  сауындатып  тұрып  таратады  ғой. 
Жан-жақтан көп адамдар келдi. Түйесi де, биесi де сойылды. Қашудың 
бұдан артық ретi келмейтiнiн сездiм. «Олар тойға айналғанда, бiз қойға 
айналайық». Әлгi екi серiгiме «бүгiн түнде қашуымыз керек, ас болып 
жатқан үйдiң төменгi жағында, ақырғы киiз үйдiң iргесiндегi шидiң 
түбiнен үш рет ысқырамын» деп хабар айтып қойдым. Уәде бойынша 
үш  рет  ысқырған  бетте  шидiң  түбiне  арқаларында  дорбалары  бар, 
екеуi келдi. Асқа келгендердiң қонаға қалғандары аттарын матастырып 
байлап  қойыпты.  «Басқасына  тимеңдер,  мына  тор  биенi  шешiңдер» 
дедiм. Алдына мен мiндiм, менiң артым Тұрапбай, одан соң татар мiндi. 
Судан өтiп алған соң тор биенiң шылбыр-тiзгiнiн түрiп, қайтып қарсы 
бетке айдап жiбердiк. Жылқыны алып кетсек, қуғынның көкесi сонда 
болады. Оларға адам емес, ат керек. Содан түнде айдың жарығымен 
жүрiп отырамыз, кейде елсiзде күндiз де жүремiз. Сөйтiп, Алматыға 
жеттiк. Қырғызстанның жiгiтiн тауар таситын пойызға салып жiбердiм. 
Татар Семейде тұратын әкпесiне кеттi. Мен он бiрiншi күн дегенде, 
Шет Меркiнiң қабағына iлiндiм. Сәт Қазақстанның жұрты бiр алаңқай- 
ға кәртөшке егiп қойыпты. «Туған топыраққа жеттiм бе?» деп бiр түп 
картопты  қазып  жiберiп,  қабық-сабығымен  шикiлей  қаршылдатып 
жеп жiбердiм. Тоғызбұлаққа, үйге келдiм. «Халық жауының» әйелiне 
үй-жай бере ме? Бiр лашықта отыр екен. Терезенi шүберекпен түрiп 
қойыпты.  Iштен  Мәйкө,  Шөке  деген  екi  қарындасымның  дауысы 
шығады.  Мәйкө  Қарағандының  ФЗО-сынан  бiр  ай  жүрiп  келiптi. 

78
Жылап-сықтап көрiстiк. «Дауыстарыңды қатты шығармаңдар, қашып 
келдiм. Мен екi шешеме жолығып, беттерiнен сүйем, сосын қайта ұстап 
әкетсе  де  өздерi  бiлсiн»  дедiм.  Өз  шешем  Жiбекке,  құлағыма  сырға 
өткiзiп  бауырына  басқан  үлкен  шешемнiң  алдына  келiп  жығылдым. 
«Сенi қайта айдап кетедi ғой» деп екеуi де жылап қоя бердi. Сосын 
үлкен шешем «колхоз бастық Тұрғанбекке барып амандас, сені алып 
қалса сол алып қалады» дедi. Iргедегi Жуантөбеге бардым. Көрiстiк. 
«Қайран  Қапезiмнiң  баласы-ай!  Сенiң  де  көрмегенiң  қалмады  ғой» 
деп  ол  өксiп  кеттi.  Шәйдi  ауызға  ала  бергенде  сөмкесi  мен  наганын 
салақтатып  Мүлкiбай  дейтiн  мiлитса  да  жеттi.  Ол  келе  сала  «Саған 
iздеу салғалы бiр ай болды, одан берi қайда жүрсiң?» «Жолда жүрдiм, 
аң  секiлдi  жорттым,  мал  сияқты  жайылдым.  Келдiм,  шешелерiмнiң 
бетiнен сүйдiм. Ендi не iстесең, соны iсте». Мүлкiбай: – О, Құдайдың 
құдiретi,  –  дедi  колхоз  бастыққа  қарап  тұрып.  –  Әкесiн  де  айдап 
апарып өткiзiп едiм, бiрақ Қапездiң баласын айдаймын деген ойымда 
болып па едi. Ендi амал жоқ, бұл баланы Жалаңашқа алып кетемiн, – 
дедi. Тұрғанбек Баймұқан дейтiн шаруашылық бастығына бұрылып: 
«Жақсы жүрдек атты ер-тоқымымен алып кел, Қапездiң баласы мiнiп 
барсын» дедi. Оның қолынан басқа не келсiн?..
Сонымен  тау  мен  таста  қашып  жүрген  «халық  жауларының» 
тұқымдары Жалаңашта үш ай жаттық. Күнде әкелетiнi бiр қағаз. Кiлең 
жала.  «Басымды  алыңдар,  тiлiмдi  кесiңдер,  бiрақ  мұндай  жалалы 
нәрсеге қол қоймаймын. Кiнәм болса мойныма қойып тұрып атыңдар» 
дедiм. Тепкiлеп ала жөнелдi. Содан 1944 жылдың 6 қарашасында қырбақ 
қар жауған, сол қырбақпен алты адамды этаппен айдап отырып Ұйғыр 
ауданына  қарасты  Қырғызсайға  өткiздi.  Жолда  Шошанайға  қондық. 
Әкемдi  ұстап  әкетердiң  алдында  көршiмiз  Таубек  Намазбековтi  екi 
жендеттiң айдап әкеткенi жайлы баяндадым ғой. Сол Таубек ақталып 
шығып,  Шошанайда  колхоз  бастығы  екен,  сол  үйге  қондық.  Менi 
көрiп шешесi мен әйелi жылады. Сосын Таубек: – Әкең айдалып бара 
жатқанда  «елге  аман  оралсаң,  ұлымның  бетiнен  үш  қайтара  сүйшi» 
деп аманат айтып едi, ол аманатын орындадым, – деп бетiмнен сүйдi. 
– Мен ертең бiр тандыр нан пiсiртiп Қырғызсайдағы түрмеге барамын. 
Мiлитсаның бастығымен сөйлесейiн, – дедi. Бiздi Қырғызсайға апарып 
жапты. Ертесi күнi сағат он шамасында Таубек әйелi екеуi келдi. Нанды 
молынан  әкелiптi.  Маған  сегiз  жыл  кесiлгенмен  Таубек  хабардар. 
Ол  мiлитсаның  бастығымен  тату  көрiнедi,  екеуi  сөйлестi.  Хатшысы 
менiң аузымнан шыққанның бәрiн жазып алды. Сосын КСРО-ның Бас 
прокуроры Вышинскийге арыз жазды. Жедел жететiн түрде жөнелттi. 
Оның ақшасының бәрiн Таубек төледi. Сонымен бiз этаппен айдалған 
күйi Жаркентке өттiк. Бiз соғыстың аяқталғанын сол Жаркентте жатып 
естiдiк. Бiр жыл өткен соң Вышинскийден хабар жетiп менi босатты. 

79
Ең ақырғы рет Талдықорғандағы қант зауытының iргесiнде колониядан 
босап шықтым.
Әндер қалай жазылған?
1931-33 жылдардағы сталиндiк геноцид тұсында аштыққа ұрынған 
халықтың қайғы-қасiретiн Қапез осы «Айхай» әнiне арқау еткен. Әндi 
өзiнiң  сенiмдi  достарының  ортасында,  көбiне  үйде  жеке  отырғанда 
ғана орындаған екен. Бұл әндi оған Ораз Жандосов, Ыдырыс Көшкiнов, 
Нұрбек Балабеков, Майлы Ормановтар ғана айтқыза алған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет