Жанарбек Әшімжан: Димекеңнiң көзiн көргендер «Қонаев бiр
адамға дауыс көтерiп ұрысқан жан емес» дейдi. Рас па?
сергей корнеев: Рас. Өйткенi ол кiсi дауыс көтере алмайды.
Өте сұңғыла адам, бәрiн ақылмен, сабырмен жеткiзедi. Бiрде
мынадай жағдай болды: бiз саяжайдан шығып, Науаимен төмендеп
келе жатқанбыз. Көлiкте Димаш Ахметұлы, комиссар және мен.
Жол полициясының бәрi хабардар. Жүйткiп келемiз. Қиылыстағы
сақшылардың бәрi жолды тазалап қойған. Бiр қиылысқа келгенде
бұлғақтап келе жатқан үлкен тракторды алыстан көзiм шалды. Қолын
шекесiне қойған сақшы қиылыста бiздi шығарып салып тұр, артында
келе жатқан тракторды ол көрiп те тұрған жоқ. Әлгi трактор тоқтайтын
емес. Бiз де жүйткiп келiп қалдық, әлгi трактор бұлғақтаған күйi үлкен
жолға бiр-ақ шығып кеттi. Мен де тежегiштi басып үлгердiм. Димаш
Ахметұлы артқы орындықтан қапсырыла маған қарай құлады. Менде
зәре жоқ. Түрлi ой санамнан жүгiрiп өттi. Қастандық болуы да ғажап
емес. Бiрақ Димекеңдей данаға қастандық ойлайтын жан баласы жоқ
шығар! Сосын тракторды айналып өттiк. Киiмiн түзеп орнына қайта
отырды. Тракторға қарап «рөлiне ие болмай ма?» дедi де қойды. Ары
қарай жұмысқа тартып отырдық. Өздерiнiң мiндетi болған соң, кейiн
жол сақшылары ол жағдайды тексерiптi, әлгi тракторшы араққа сылқия
тойып алған көрiнедi. Ал қайсыбiр қайырымсыз басшы болса, әлгi
тракторшыға «геноцид» орнатып жiберер едi.
Жанарбек Әшімжан: Ал Қонаев шетелдерге, Мәскеуге сапарға
шыққанда жүргiзушiлер де жүре ме?
сергей корнеев: Жоқ. Ол кiсiнiң Мәскеуде өз көлiгi және жүргiзу-
шiсi болды. Бiз тек Қазақстан бойынша ғана жүрдiк. Шетелдердегi
сапарларда Қонаевты алып жүрудi арнайы қызмет өкiлдерi үйлестiрiп
отырды.
Жанарбек Әшімжан: Ал Зуһра Шәрiпқызының жеке көлiгi болды ма?
сергей корнеев: Жоқ, Зуһра Шәрiпқызын таситын мемлекеттiк
көлiк болған жоқ. Ол кiсi негiзiнен үй шаруасындағы адам болды. Ал тау
етегiне серуенге шыққанда, Димекеңнiң көлiгiмен шығып жүрдi. Жал-
пы, Зуһра Шәрiпқызы Димаш Ахметұлының жұмысына ешқашан қол
сұққан емес. Екеуi тату-тәттi өмiр сүрдi. Отбасылық көңiл-күй барлық
уақытта қалыпты, көңiлдi болды. Өз басым екi үлкен кiсiнiң жабырқау-
лы кезiн көргем жоқ. Күнделiктi жұмысқа алып кетерде Зуһра апай бiрге
шығып, бiзбен амандасатын. Димекеңе саулық тiлеп шығарып салатын.
Димаш Ахметұлы философиялық астары қалың күлдiргi анекдоттарды
жақсы көрдi. Осыны сезген мен Димекеңнiң көтерiңкi көңiлiн одан
әрi асқақтату үшiн қызықты анекдоттар жинайтын болдым. Таңертең
жұмысқа келе жатқанда бiрiншi бала-шаға амандығын сұрайды. Сосын
90
«Ал ендi буы бұрқыраған жаңа анекдоттарыңнан айта отыр» дейдi.
Шамам келгенше мен де ақтарылам.
Жанарбек Әшімжан: Сiз үлкен жауапкершiлiктi арқалаған шопыр-
сыз. Iшiмдiк мәселесiне қалай қарадыңыз?
сергей корнеев: Қалыпты. Той-томалақта ептеп ұрттадым. Ал
қызмет бабында аузыма тигiзген емеспiн.
Жанарбек Әшімжан: Димекеңнiң аңшылыққа аңсары айрықша
болған көрiнедi. Аңға шыққанда Қонаевты сiз алып жүрдiңiз бе?
сергей корнеев: Иә, ол кiсi өте күштi аңшы болды. Мерген! Бiрақ
аңшылықтың заңдылықтарын ешқашан бұзған емес. Қанша аңсары
ауып тұрса да аңшылық мерзiмнiң басталуын күтетiн. Аңшылық
мерзiм басталғаны туралы басылымдарда жарияланған сәтте барлық
құжаттарын дайындап, кесiмдi ақшасын төлеп барып аңға шығатын.
Бiр күнi Қарашеңгелге аңға кетiп бара жатқанбыз. Ол жақта қырғауыл
өте көп. Жолда ағызып бара жатқанда алдымыздан бiр қырғауыл ұшып
шығып бiздiң көлiкке соғылып қалды. Сонда Димаш Ахметұлы: «О,
Сереке, аңшылықты сәл ерте бастап жiбердiң», – деп күлдi. Ал Димаш
Ахметұлы жөн-жосықсыз аңды ата бермейтiн. Аңшылығының сертi –
бiр қабан, бiр-екi қырғауыл. Тау-тасты жаяу аралағанды жақсы көретiн.
Жанарбек Әшімжан: Кейде Димекең iс-сапарда қарамағындағы-
лардың үйлестiрген протоколына бағына бермейтiн көрiнедi.
сергей корнеев: Ондай жағдайлар болған. әл-Фараби көшесiнде
үлкен ата-апалар жол бойында қол көтерiп Димаш Ахметұлына
талай хат берген. Жол бойында кiшкентай бүлдiршiндер тұрса түсiп,
амандасып маңдайларынан сипайтын. Кортеж-партежге қарамайды,
«тоқта!» дейдi. Бiттi. Бiр қызық жағдайды баяндап берейiн. «Алматы
базарларында баға өсiп кеттi» деген әңгiме Димекеңе жеткен көрiнедi.
1979 жылы болатын. Күн жексенбi едi, саяжайда болатынбыз. Ол
кiсiлер серуендеп жүрдi. Бiз өз шаруамызбен айналысып жатқанбыз.
Кенет Димаш Ахметұлы «Волганы» дайындаңдар, жүремiз!» дедi.
Қайда? Не үшiн? Белгiсiз. Жол сақшылары, кезекшi бәрi демалып
жатыр. Қарапайым киiнiп алған. Әбден көлiкке отырғанда барып «көк
базарға тарт!» дедi. Комисар екеумiз бiр-бiрiмiзге қараймыз. Амал
жоқ, көк базарға келдiк. Сақшылар әбден көк базарға келгенде ғана
хабардар болды. Димаш Ахметұлы базарға кiрiп көкөнiс, азық-түлiктiң
бағасымен өзi танысып шықты. Сәлден соң барып сатушылар Қонаев
екенiн танып аң-таң. Ертесi қызметке келе сала баға мәселесiн орнықты
қылды.
Алматы қаласының сәулетiне салтанат қосқан жалғыз тұлға –
Қонаев. Брежневпен достығын қазақ халқының мұратына жұмсаған,
ұлттың кемелденуiне арнаған қасиеттi адам.
...Сөйтiп мен 1982 жылдың соңында қауiпсiздiк комитетiне қайта
келдiм. Одан кейiн де ол кiсiмен өте тығыз қарым-қатынаста болдық.
91
І І - б ө л і м
сАясИ Портреттер
«қАЛАМПЫр»
Бүгiнгi кейiпкерiмiз саясат тақтасындағы нәзiк жыныстылардың
iшiндегi жұмбақ жан – Айткүл Байғазықызы Самақова ханым. Ай
жарықта яки шаңқай түсте былайғы көзге көп көріне бермейді,
алайда басқару тетіктеріне едәуір ықпалды. 1949 жылы ақпан
айының екiншi жұлдызы күнi Алматы қаласында туған. Жанұялы,
бiр ұлы бар.
Жамбыл қаласындағы Технологиялық институтты тәмәмдаған
Айткүл Байғазықызының бағын Кеңес кезiндегi партиялық қызыл
билет ашты десе де жарасады. Қызыл жалауды сүйiп тұрып, тiзе
бүгіп адал ант берген Самақова жас та болса партияның бiраз билiк
эшелонында өмiрiн өткiздi. Аудандық, қалалық билiк деңгейiнде ұстап
үйренген былғары сөмке, Айткүл ханымды Жоғары партия мектебiнiң
дәлiзiне алып келдi. Атағынан ат үркетiн әйдiк мектептегi үш жыл
(1983-1986 жж.) кейiпкерiмiздiң қайраткерлiк масштабын кеңейтiп,
ауқымды алаңдарға алып шықты. Бұдан соң, Самақованың дәуiрлеу
кезеңi басталды, министрлiк пен Президент әкiмшiлiгi дәлiздерiндегi
сайрап жатқан сансыз iз осыған дәлел. Кейiн ҚР Парламентiнiң
жоғары палатасы – Сенат төрағасының орынбасарлығына келiп табан
тiредi.
Жалпы, Айткүл Байғазықызы Президент сенiмiне кiрген адамдар-
дың қатарынан саналады. 1999 жылғы ҚР Президентiн сайлау кезiнде
Самақова ханым айрықша белсендiлiк танытты және уақыт өте келе
осы іс-қимылының бәсіресін де алды. 1999 жылдың қаңтарында вице-
спикерлiк лауазымнан, ҚР Президентi жанындағы отбасы және әйелдер
жөнiндегi ұлттық комиссияның төрайымы мiндетiне ауысты.
Ел iшiнде «портфельсiз министр» деген лақап аты бар жұмбақ
жаныңыз осы.
Балғымбаев үкiметiнiң тұсында Қырымбек Көшербаев, Серiк Бүр-
кiтбаев, Жәнiбек Кәрiбжанов, Александр Павлов мырзалар қызмет-
терiнен жоғары-төмен «жылжытылып» жатқанда ілкідегі орнына
«тастай батып, судай сiңiп» жылы орнын суыта қойған жоқ.
92
Одан кейiнгi Қасымжомарт Тоқаев үкiметiнiң «аласапыранынан»
аман қалған да осы бір қалампыр тектес жұмбақ жан. Кемелұлының
кеңсесінен зейнеткерлердiң жадында «мәңгiге» қалған Наталья
Коржованың басы салбырап шыққанын, ал Қайырбек Сүлейменов,
Бауыржан Мұхамеджанов мырзалардың екi қайтара қызметiне кел-
генін бiледi. Бұдан кейiнгi Тоқаев үкiметiмен тiресіп баққан «Жас
түркiлердiң» тағдырын айналып өткен Айткүл Самақова әлi сыр бермей
келеді.
Самақова ханымға өз тарапымыздан табиғатын ашу үшiн «Қалам-
пыр» деп айдар тақтық. Таратып айтайық, қалампырдың сабағы өте
қатты, өзге гүлдерге қарағанда қайсыбiр алғашқы бұрқасындарда
қауыздары қақырап-қақырап ұшып кетпей шыңылтыр аяз келгенше
шыдас беретiн өсiмдiк. Сонымен бірге, қалампырдың қауызында да гүл-
ге тән нәзіктік байқала бермейдi. Өзге гүлдер секiлдi ашық-шашық емес,
сөре төрiнде мығым да жинақы тұрады. Кез келген гүл павильонына
кiрiп барғанда бiрден көзге түсіп назар аударта қоймайтын өсiмдiк те
осы. Ал ғайыптан тайып сiзге осы гүл тарту етiле қалса, өзге гүлдерден
гөрi ең ұзақ сақталатынына, күресінге лақтырылып кеткен жағдайда
қауызы сабағынан оңай ажырамайтынына көзiңiз жетеді. Қалампырдың
қауызында, яғни iркес-тiркес иiнтiресе жапсарласқан жапырақшалары
арасында әлдебiр сыр тығылып жатқандай әсер қалдырады. Қалампыр
ауа райының ыстығынан гөрi, салқынын қалайды.
Расында, ҚР Президентi жанындағы және әйелдер жөнiндегi ұлттық
комиссияның төрайымы Айткүл Самақова ханымның сырын iшiне
бүгiп жүретiнi ақиқат.
Оңайлықпен ақтарыла қоймайды. Журналист атаулыдан ат-тонын
ала қаша қоймаса да өзін өте кербез ұстайды. Қайсыбыр ақжағалылар
сынды өзiнен лауазымы төмендерге бұйырыңқырап, ал өзiнен
жоғарылармен тиiсiнше иiліңкіреп сөйлейтіндердің қатарынан емес.
Әрине, мiнезi барынша қатқыл, бiрақ қажет жерiнде сына бiлетiн
шеберлiгі де жетерлiк. Бейнелеп айтқанда, Айткүл Байғазықызын
билiк элитасының көлеңкесiнде көзге түспей өскен гүлге теңеуге әбден
болады.
Бұл кiсi екі тізгін бір шылбыр ұстаған кезеңдегі болмысын кейінгі
ұрпаққа тарихта бала саудасымен қалдырып отырған жәйi бар. Шекара
асқан шараналарды саудаға салу «жобасының» «бас продюсерiне»
БАҚ өкiлдерi өре түрегелiп, қатты қарсыласқан. Алайда «портфельсiз
министр» өз мақсатына сәтiмен жетiп келедi.
Сондай-ақ, тұлғаны зерттеу барысында тапқан дереккөздері ел
парламенті қабылдаған «Неке және отбасы туралы» Заңның 76-бабын,
яғни қорғансыз балаларды сыртқа сату мәселесін күшiнде қалдыру
93
үшiн күндiз-түнi бiр тынбай жұмыс жүргiзген Айткүл Самақова ханым
екенін дәлелдегендей. Бiрақ халық қалаулылары бұл жобаға екi мәрте
қарсылық көрсетіп бақты, соған қарамастан жоба көпшілік дауыспен
қолдау тапты.
Айткүл Байғазықызының кез келген ақпарат құралдарында
жарияланған фотосуретіне, болмаса көгiлдiр экраннан бейуақыт
көрсетiп қалған бейнесiне көз салыңызшы! Жанарын бiр нүктеге
қадаған күйi ешкiмге сыр бермей, өз ойымен жеке қалған жанды
көресiз. Ашылып сөйлемеген қалпы, қысқа-нұсқа жауап берiп бір
мезгiлде дәлізде сырғи басып шығып бара жатқанын байқайсыз.
Ел жадында үнемі қайталанатын осы бір сурет қана қалған. Билік
табалдырығындағы образын ол осылай қолмен жасап жүргенiн ептеп
болса да байқаған шығарсыз.
Жоғарыда сурет деп қалдық қой. Расында, Айткүл Самақованың
қарашығынан «Менің суық реңдi суретiмдi шегiне жеткiзiп бейнелеп
берген қылқалам шеберi, шенеунiктiк келбетімді де аша алады»
дейтін ой ұшқыны байқалатындай. Қалай болған күнде де Айткүл
Байғазықызның мойнында, сүйегiне таңба түсірмес үшiн бар қай-
раткерлiгiн сарқа жұмсар үлкен шаруа тұр.
Нәзiк бел мұны көтере алар ма екен?!
94
той тойЛАМАйтЫН тҰЛҒА
Билiктiң ашамайына аяқ артқан әкiм-қараларымыздың бiразы тойға
үйiр. Тiптi, кейбiр шенеунiктерiмiздiң «ғарыштық жылдамдықпен» өс-
кен қызмет жолына қарасаңыз, той өткерудегi белсендiлiгi ықпал ет-
кендей әсер қалдырады... Тiптi, сол той мәселесiне келгенде шатқаяқтап
қалмас үшiн арнайы ұстап отырған кеңсе иелерi бар сияқты. «Той –
Құдайдың қазынасы» дейдi. Сәтiмен тойланатын, тұлымды ұлы –
Ұрымды алып, бұрымды қызы – Қырымды жайлағандай ойландыратын
тәлiмi бөлек той болады. Мысалы, ой олимпiнiң иесi ұлы Абайдың,
жыр жампозы Жамбыл сынды iрi тұлғалардың жеке есiмдерiне
телiнген тойлар, қара жердi қарс айырып шығып, аспанға атқақтаған
қара алтынның ғасырлық тойы, киелi Түркiстанның, тамырынан
тарихтың иісі аңқыған қасиеттi Тараздың 2000 жылдық торқалы тойы...
Әлеуметтi айран-асыр ағылдырып, бiрақ сағындырып жеткен мұндай
киелі тойдан толайым рух аласың. Әлiпбиге бас қойған жас ұрпаққа
мұндай тойлар тарихи сабақ. Көмбесі көрiктi тойдан бөрiктi ой түйiп
қайтасың.
Ал, ендi адамға рух бермек түгiлi ұнжырғаңды түсiрiп, шаршатып,
мезi етiп жiберетiн тойлар аз емес. Айшылық жерден әртiс алдырып,
аста-төк ас iшiп, аяқ босатудан аспайтын, тойдан тәбәрiк ретiнде
соңында түйiп қалар тәлiмi жоқ, мұздай ерiп, судай сiңiп кететiн
ламбадалық лап етпе рухы төмен тойлар да жоқ емес. Бiр түн батыстық
әуендермен миыңды ашытып, бала-шағаны желпiндiрiп қойып соңына
«халықаралық реңк» берiп жiберетiн де тойлар бар. Бұған рухыңды
аласартар рулық тойларды қосып қойыңыз. Бiр сайға жүз киiз үй тiгiп
тастап қапелiмде пайда болған «батырлардың» тойларын жадыңыздан
шығармаңыз. Жалпы, ел iшiнде мына рәуіштегі сөз ара-тұра бой көрсе-
тiп қалады: «үлкен байрақты тойларда үлкен ақшалар «шайылады».
Мұның анық-қанығына көз жеткiзген ешкiм жоқ, дегенмен «жел
соқпаса, шөптiң басы қимылдамайды» дегенді тегін айтпаса керек...
Орағытып алып келген ойымыздың дiңiне дүрбi салайық. Бетке
алған келiстi кейiпкерiмiз – бірнеше облыс пен Елордада тізгінін
ұстаған Өмiрзақ Шөкеев. Шөкеев, әсіресе Қостанай облысында қызмет
атқарғанда нағыз шаруқор әкім ретінде айрықша көзге түсті. Алысқа ат
шаптырып, қонақ алдырып, кермесiне шылбыр тiзiлген тойлы ауылдан
бiртүрлi сән-салтанаттың, шат-шадыман шаттықтың лебi есiп тұрады.
Кей облыстың көңiл-күйiнiң барометрiн де осы той бiлдiрiп жататын
жайттар аз емес. Ал, Алаштың ардақты ұлдары Ахмет Байтұрсынов
пен Мiржақып Дулатовты дұниеге әкелген Қостанай өңiрi бұл
орайда бiртүрлi көңiлсiздеу сияқты көрiнетiнi рас. Осы өңiр әкiмiнiң
қанаттастарынан артықшылығы да осында. Әйтпесе, астығымен
95
мейманасы тасып отырған солтүстiк аймаққа әкiм болып келген
Өмiрзақ Естайұлы той десе өзге тiрлiктi түрiп қойып, тайлы-таяғымен
кiрiсетiн оңтүстiк өңiрден барды.
Өзгелердiң кейде Өмекеңдi «Шымтанай» деп қоятыны бар. Нағыз
қазақы шенеунiк. Жалпысында той өткерсе, осы кiсi кiрiссiн. Түркiстан
топырағынан түлеп ұшқан Өмiрзақ Шөкеев Мәскеу көрген жiгiт. Дала
мен қала мәдениетiн тел емген. Орыс қаласынан оңды iлiм алған
азамат ат жалын ерте тартып мiндi. Оның Президент аппаратындағы,
Министрлер кеңсесiндегi және Оңтүстiк Қазақстан облысының
әкiмшiлiк үйiндегi әсерлi жылдары ерте жемiс бердi. Екі жастың
біріне келмей Экономика министрi қызметiне тағайындалды. Екi жыл
өтiсiмен өз жетекшiлiгiндегi министрлiктiң арнасын кеңейтiп, сауданы
қосып алды. Одан кейiн де мұнай мен қаржы каналдарының ағыстарын
андыды.
Кез келген билiк иесiнiң ерте жетiлуiне оған дейiн жоғары билiк
дәлізінде жусап үйренiп қалған белгiлi бiр тұлғалар ықпал ететiнi мәлім.
Осы мақсатта Өмiрзақтың өрiс жаюына өткел болған адам ретiнде
белгiлi қаржыгер-реформатор Дәулет Сембаев жиi ауызға iлiнедi. Олай
болса, Дәулет Хамитұлының сенiмi өз иесiн адаспай тапты.
Экономика ғылымдарының кандидаты Өмiрзақ Естайұлы қазiргi
күнi ең ықпалды тұлға. Өз саласының нағыз бiлгiрi. Саяси ойындарға
өте сақ, көзге көрінбейтін саяси жүрістерден бойын аулақ ұстап жүретiн
және сенiм үдесiнен шыға бiлетiн қайраткер. Ол солтүстікті басқарып
тұрған тұста бiздiң көп шенеунiктер шабуылдап Астанаға қарай шабады
да жататын, ал Қостанайдың әкiмi көп уақытын егiс алқаптарында,
шаруашылық орындарында өткiзетінін сезетінбіз. Әлеуметтік ағыс-
тардың арасынан табылған бос уақыт болса сергектікке баулитын
теннис алаңынан табылады. Футбол мен хоккейге де теріс қарамайды.
Сарапшы мамандардың пікіріне құлақ ассаңыз, Естайұлы есепке
жүйрік. Бөлiнген қаржыны мақсатты жұмыстарға, халықтың әлеуметтiк
тұрмысына жұмсауға үйренген. Шектен асып жер иеленiп жүрген
Терещенко секiлдi алпауыттарды ашық майданға шақырып жүрген
бiрден-бiр билiк өкiлi. Уақытында «ағымдағы астық бағасы шаруаның
еңбекақы, маңдай терiн де ақтамайды» деп ақырып теңдік сұраған да
осы кiсi. Отандық өнiмдердi елге жеткiзу жолында отқа түсiп жүретiн
бiрден-бiр ұлтқа бүйрек бұратын тұлға.
Той тойлауды көп жаны сүйе бермейтiн Шөкеев Қостанайға шырай
кiргiздi. Бiр ашылып, бiр жабылып, есік-терезесінен жел гулеп,
басынан сантүрлi оңтайландыруларды өткiзген тағдыры бөлек Торғай
өңiрiнің тамырына да тiршiлiк нәрін қайта тамызғандай болған. Бұл
күндері мемлекеттік аса лауазымды қызметтерде жүрген Өмірзақ
96
Естайұлының Қостанайды басқарған тұсын неге екпін салып отырмыз.
Бейнелеп айтқанда, Қазақстан астығының сапалы һәм құнарлы бөлiгiн
берiп жатқан Қостанай өңiрiнiң табиғаты сол елдi басқарып отырған
әкiмi мiнездес. «Сырнайлатып-кернейлетiп, қызылды-жасылды жаса-
нып алып, қазан асып, той өткiзгенше, бұрқасынға ұрындырмай
бидайымды жиып алғаным жөн» дегенге дәйiм жығылып жүредi.
Солтүстікті басқарып тұрғанда некерлерiн ертiп өзi кiндiк қаны
тамған оңтүстiкке барып шаруашылық саласына байланысты тәжiрибе
алмасып қайтты. Қалай болғанда да сорпаның бетінде, сөздің өтінде
жүретін Шымқаладан үйренетін тұстар көп қой...
1998 жылдың шiлiңгiр тамызында төрттағандап тұрған Қостанай
облысына барып, төрт жылға жеткiзбей табанға тұрғызды. Қазiр
алдыңғы облыстардың қатарынан саналады.
97
«ДИЗАйНер»
Билiктiң жалына жармасып келе жатқан шендi-шекпендi әкiм-
қаралардың iшiнде атқарған шаруалары халық санасына аса сiңiмсiздеу,
алайда, атқа қонған азаматтардың алқа-қотан мәжiлiсiнде есiмi ала-
бөтен аталатын шенеунiктер бар. Шалбай Құлмаханов мырзаға осы
қатардан ойып тұрып орын беруге болады. Қазақ политехникалық
институтынан инженер-құрылысшы мамандығы бойынша сауат сын-
дырып шыққан Шалбай мырза қарапайым құрылысшыдан бастап,
республикалық деңгейдегi үлкен құзырлы орындардың бiразында тер
тектi. Шынын айту керек, Шалбай мырза Алматы шаһарына қарыздар.
Оңтүстiк астанадағы құрылыс мекемелерiнiң мектебiнен алған дәрiстер
(1963 жылдан бастап 1982 жылға дейiн) Құлмахановты әкiмшiлiк
орындарында жұмыс iстеуге икемдi, қатқан шенеунiк етiп шығарды.
Алматы қаласы және Әуезов аудандық атқару комитетi кеңселерінде
өткен дәмдi дәуiрлер республикалық көлемдегi лауазымдарға жол
сiлтедi. Нәтижесiнде Шалбай Құлмаханов Солтүстiк Қазақстан
облысының атқару комитетiнен бiр-ақ шықты. Iле-шала бұл сапар
Ақтөбе қаласында жалғасты. Осыдан бастап кейiпкерiмiздiң жалауы
анабір жылдарға дейін еш төмендеген емес.
Шашына қырау түсiрген iлкiдегi жылдардан гөрi, бiздi Шалбайдың
соңғы уақыттардағы атқарған қызметтерi қызықтырады. Өмiрiне шуақ
сыйлаған әсем Алматыға Шалбай Құлмаханов 1994 жылдың шыбынсыз
жазында әкім болып келіп, 1997 жылы аман-сау кетті. Сол жылдар
шежіресін тыңдасаңыз, әлгі бір кісі айтқандай 150 емес, мыңдаған
жылдарға кететін тарихы бар көне шаһар базарлар туралы әфсананың
салмағын әлсiретпей айтып бередi. Базар атаулыға сүрiнiп жығылар
дәуір сол кісінің тұсынан басталады. Әрине, заман талабы да сол болса
керек. Сол кезде қала халқы сүйген құлына ат қойғандай, Шалбайға
«Базарком» деген айдар тақты. Өз берекесi өзiнен артылып жататын
Алматыға басшылық еткен Құлмаханов «Базарком» деген атқа кiр
келтiрмей кеттi. Жазиралы жылдардың жемiсi шығар, Шалбай мырза
әкiм кезiнде жеке бизнесiн де «жайқалтып салды» деген сөздер желдей
есiп жүр. Алматыдағы атынан ат үркетiн кейбiр жеке медициналық
орталықтар, мейманхана, саунаға қатысты әңгiме бола қалса, бiр
ұшы жаңылмай барып Шәкеңе жетiп жығылады. Сөйтiп, киелі қалаға
басшылық жасаған Құлмаханов есiмiн тарихқа базар жағдайымен
жазып қалдырды.
Кейiн ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетке төраға болып
келдi. Жалпы, мiнез-құлқы төтенше жағдайларға толы болып жүретiн
Құлмаханов төтенше жағдайлар саласына бөтен реңк бере қойған жоқ.
Сол уақыттары Өскеменде, Көкшетауда, Атырауда, өзге де аймақтарда
98
ормандар өртенiп, ауылдарды су басып жатты. Әрине, Жаратқаннан
келген жарлыққа шара жоқ, Тәңiрдiң тарттырған азабына қарсы тайлы-
тұяғыңмен тосқауыл қоя алмайсың, алайда, төтенше жағдайларға
байланысты осы салаға тоқтаусыз құйылып жатқан қаржы аймақтардағы
ернеуінен асып құйылып жатқан арналарға бөгесін болар ма еді...
Бұдан кейiн саясат сапарындағы аумалы-төкпелi тағдырларға толы
Нұрқадiлов пен Құлмаханов соқпағы қайта түйiстi. Ат ауыстырған екеу
осыдан кейiн едәуiр жүз шайысып қалғаны туралы қоғамдық пікірдің
көрігі қызып жатты. Құлмаханов көштi бастап Жетiсуға кеттi, Заманбек
Қалабайұлын Алматыға деген ерекше махаббаты алып қалды. Бiрақ
жас мөлшерлерінде екі жыл ғана айырмашылық бар қаңтарда туған
қос қыран бір-бiрiмен ат құйрығын кесісіп кеткендей әсер қалдырды.
Заманбек Нұрқадiлов Құлмахановқа кезінде қолдау көрсеткені үшін
эфир арқылы қалың жұртқа еңсесi түсiңкіреп отырып жеткізді.
Өкiндi! Ал өз кезегінде Құлмаханов: «Нұрқадiлов басшылығы кезiнде
Талдықорған өңірі бiлте шаммен өмiр сүрдi» деп бірақ қайырды.
Айтылған жәйлардың ара салмағын уақыт өзi таразылап берер. Мына
жайды айрықша айтқымыз келедi: қалың бұқара Талдықорғанның
еңсесi көтерiлiп, қолы аузына жеткенін Құлмаханов беделіне әкеліп
телуде. Ал енді бұл орайдағы біздің уәж былай: оңтайландыру
саясатының ұр тоқпағына жауырынын төсеген Талдықорған облыстық
мәртебеден айырылғаннан кейін біраз жылдар бойын тіктей алмады.
Сан салалы зауыттардың мұржасынан шығатын түтіндер сап тыйылды.
Әр ауылдарға жарықты ала қашатын электр желілерінің бойынан қуат
кетті. «Ильич шамын» білте шам ауыстырған осы бір үш-төрт жыл
Талдықорған аймағына басыбүтін өзгеріс керек екенін анық сездірді.
Өгейлеу болып қалған өлкені Елбасының өзі бас болып айрықша
назарға алды. Облыс орталығы Талдықорғанға көшірілді. Үкіметтік
жобалар жүзеге асырылып, кәсіпорындар іске қосыла бастады. Ал
осындай қамқорлыққа бөлене бастаған аймаққа қандай әкім келсе де
«балтырын байпақ қысқан бай ұлындай» беделге ие болатыны сөзсіз
еді.
Рас, қантамырында құрылыс түйіршіктері ойнақ салып жүрген
Құлмаханов шашылып қалған ғимараттарға тез арада жан бітіре
бастады. Бұл, сөз жоқ, үкіметтен бөлінген қаржының күшімен жүзеге
асырылған толайым шаруа еді. Алайда, іле-шала Жеті өзеннің сағасына
ту тiккен Құлмахановқа «Дизайнер» деген лақап ат қосақталды. Себебi,
Талдықорған жерiндегi жаңаланған ғимараттардың сыртқы бетiне
ғана қан жүгiрiп, iшкi көрiнiсi таз қалпында қалғанынан болса керек.
«Өзгесiнен гөрi, өзi отыратын үйдi қатырды» деп жүрді қалың қараша.
Мезгіл өте келе сынаптай сырғыған уақыт сол ғимараттардың сыртын
сылып тастап қайта жасалғанын да көзіміз көрді.
99
Ұлан-ғайыр Алматы облысын билеп отырған бурыл шашты Шалбай
мырзаның келесі бір үлкен қателiгi – басым көпшiлiгi қазақтар тұратын
облыстың iс-қағаздарын орыс тілінің ордасына айналдырғаны.
Өзi Балқаш ауданындағы нағыз қазақы қаны тамып тұрған Құйған
ауылында дүниеге келдi. Сөйтіп, қазағы қалың өлкедегі көзі қара тілі
сары әкімге айналды. Бiр адамды жолда қалдыратын қазақшасы бола
тұра, орысшаға келгенде опырыла кететiнi көңiл күйзелттi. Мінбеге
көтерiлген бетте баяндама атаулыны бастан-аяқ тек мемлекеттiк тiлде
тәпсiрлеп шықса, ертең бүкiл аудан қазақша ән салып жүре бермес пе
еді?!. Ал, бiз ара-тұра қазақша тұздықтап қойып, тiлiмiздi майыстырып
орысша сөйлеуге бейiмбiз. Жетісу – бір кездері Құлмахановтың
кезекті бір қызметтік жолында ат шалдырған орманы қалың Солтүстiк
Қазақстан облысы емес, тiлi де, дiлi де, табиғаты да ерекше қасиетті
өлке болатын!
P.S.
Шалбай Құлмахановтың өнер дегенде жұлып берер өзегi бөлек
дегендi көп естiмеймiз. Абырой болғанда әкiмге ұпай әкелетiн облыстық
театр бар. Талдықорған өңірінде көптің көзінге түспей жүрген таланттар
жетерлiк. Құлмаханов қоржынындағы тiлдей қағаздардан әлгi өнер
иелерiнiң мұң-мұқтажы туралы жазылған сөйлемдердi оқығымыз
келедi. Құрылыстан қолы қалт еткенде өнер мен мәдениетке көңiл
бөлсе, көпшiлiк дән риза. Ашылмаған аралдарды сахнаға алып шықса
– Алашқа қызмет еткенi. Ал, сол сахнаға көтерiлген өнерпаздардың
тек қошқар мүйiздi оюлы киiмдерiн ғана жылтыратып берсе, ежелгi
«дизайнер» атыңызды қайта тiрiлткенi...
100
Достарыңызбен бөлісу: |