Папиллома



Дата06.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#13106
түріСабақ
Байланысты:
Папиллома 205Б

ПАПИЛЛОМА

Орындаған:Ахмолдина Азина

Аманғос Диас

Аманова Аяужан

205Б

Папиллома-жалпақ және өтпелі эпителийден өсіп шығатын ісік.Пішіні шар тәрізді,тіні қатты немесе жұмсақ,үсті бүрлі,көлемі тары немесе ірі бұршақтай болады.

Ол теріде.ауыз,мұрын қуысында.көмейде.бүйрек астауында,қуықта,сүт бездерінің өзектерінде.ми қарыншаларының ішінде өседі. Папиллома көлденеңі 1 см-ге дейін болған түйінше түрінде кейде сабақшаға ілінген полип тәрізді терінің не шырышты қабықтарының үстінде жайғасатын ісік,оның сырты бүртіктеніп тұрады.Микроскопта қарағанда осы бүртіктерді көп қабатты эпителий қаптап жатқаны,эпителий қабатының қалығдығы әр түрлі екендігі,оның беткей бөлігінде гиперкератоз,дискератоз құбылыстары көрінеді.

Әр түрлі механикалық әсерлер нәтижесінде папилломада қабыну,қанау үрдістері дамиды.Папилломаның организм үшін маңызы оның қай жерде жайғасқандығына байланысты.Мысалы,көмей папилломасы жас балаларда тыныс жолдарын басып қалып асфиксияға соқтырады. Ересек кісілерде өсетін көмей папилломасы мен қуық папилломасы қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін-малигнизация.


Көптеген жағдайларда папиллома вирустық табиғатқа ие. Папиллома қоздырғышы папиллома-адам вирусы — паповавирустар тұқымдасы папилломавирустар (Papillomavirus) вирусының қоздырғышы болып табылады. Онколог маман бас және мойын қатерлі ісігінің факторлары ретінде шылым, алкоголь және адам папилломасының вирусын атады. қазіргі уақытта папиллома вирусынан туатын ауыз жұтқыншағы ісігіне шалдығып жатқандар саны әлем бойынша өсіп жатыр.

ПАПИЛЛОМА

МАКРОПРЕПАРАТ

Теріде кең немесе тар негізде, бүрлі беті бар, жылжымалы (түрлі-түсті қырыққабатқа ұқсайды) шар тәрізді ісіктің пайда болуы анықталады.

МИКРОПРЕПАРАТ


1-Папиллома беті,көпқабатты тегіс жалпақ эпителиймен қапталған.

2-Дәнекер тінді строма.



Гемотоксилин-эозин боялған.

НАЗАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ,

АЙНҰР АМАНЖОЛҚЫЗЫ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет