Парафармацевтикалық өнім түсінігі және жіктелуі. «. Парафармация»


ББҚ сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар



бет14/20
Дата24.12.2023
өлшемі110,18 Kb.
#143165
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
9. ББҚ сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар
Сақтауға және тасымалдауға қойылатын талаптар
Биологиялық белсенді қоспалар температура, ылғалдылық және жарықтандыру режимдері сақтала отырып, биологиялық белсенді қоспаларды өндіруші көрсеткен жағдайда олардың физикалық-химиялық қасиеттері есепке алынып сақталуға тиіс.
Егер биологиялық белсенді қоспаларды сақтау және тасымалдау кезінде биологиялық белсенді қоспалардың оларға нормативтік және техникалық құжаттармен белгіленген қасиеттерінің жойылуына және олардың қауіпті қасиетке айналуына әкеп соқтыратын бұзушылық болған жағдайда биологиялық белсенді қоспаларды нарықта орналастыруға қатысушы жеке және заңды тұлғалар биологиялық белсенді қоспалардың иесіне және алушыларға хабарлауға міндетті. Көрсетілген биологиялық белсенді қоспалар сақтауға және сатуға жатпайды, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен оларды кәдеге жарату немесе жою мәселесі шешілетін нәтижелер бойынша сараптамаға жіберіледі.
Тасымалдау шарттары (температурасы және ылғалдылығы) биологиялық белсенді қоспалардың әрбір түріне арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына сай болуы тиіс.
Термикалық әсер ететін биологиялық белсенді қоспаларды тасымалдау арнайы, салқындатылған немесе изотермиялық көлікпен жүзеге асырылады.
Биологиялық белсенді қоспалар тасымалдануы және оралған биологиялық белсенді қоспаларды атмосфералық жауын-шашынның, шаңның, күн сәулесінің, механикалық зақымданудың әсерінен қорғалуы қажет ыдыста сақталуы тиіс.
10. ББҚ анықтау (Идентификация биологически активных добавок)
Сәйкестігін растау
Биологиялық белсенді қоспалар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ерікті сертификаттауға жіберілуі мүмкін.
Биологиялық белсенді қоспалардың қауіпсіздігін растау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі құжаттың болуы болып табылады.
Үйлестірілген стандарттардың тізбесі
Осы техникалық регламентпен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, үйлестірілген стандарттардың тізбесін (дәлелдеу базасы) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Сәйкестендіру
тұтыну орамында (топтық, көліктік) көрсетілген терминологияға және ақпаратқа енгізілген сипаттамалық белгілерді бағалау;
нормативтік, техникалық, басқа да ілеспе құжаттарда немесе өнімнің нақты түрлерін жеткізуге арналған шарттарда, келісім-шарттарда көзделген органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша ұсынылған ақпаратты бағалау әдістерімен жүргізіледі.
Сәйкестендіру көрсеткіштеріне сәйкес емес биологиялық белсенді қоспалар жасанды қоспаға жатады. Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізу үшін биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіруді сәйкестікті растау органдары және сынау зертханалары (орталықтары) жүргізеді.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіруді жүргізеді.
Биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіруді жүргізу нәтижелері талданады және сәйкестендіруді жүргізу хаттамасы түрінде ресімделеді.
Егер ілеспе құжаттарда және затбелгілерде биологиялық белсенді қоспалар туралы ақпарат осы Техникалық регламентпен белгіленген атауларға және сәйкестендіру көрсеткіштеріне сәйкес болмаса немесе дұрыс емес болып табылса, биологиялық белсенді қоспалар жасанды болып танылады және мәжбүрлеп кері қайтаруға жатады.
Тағам өнімінің қауіпсіздігін бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органдар заңнамада белгіленген тәртіппен жасанды биологиялық белсенді қоспаларды өндіруді және сатуды тоқтата тұру бойынша шара қабылдайды.
Сәйкестендіру коды – осы көзделген талаптарға сәйкес тұтынушылық немесе топтық қаптамада немесе тауарлар жиынтығында ББҚ сәйкестендіру мақсаттары үшін ақпараттық жүйе операторы қалыптастыратын тауар данасының бірегей нөмірін білдіретін таңбалар тізбегі;
Топтық қаптаманы сәйкестендіру коды –осы көзделген талаптарға сәйкес ББҚ топтық қаптамасын сәйкестендіру мақсаттары үшін ақпараттық жүйе операторы қалыптастыратын тауар тобының бірегей нөмірін білдіретін таңбалар тізбегі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет