микробиологиялық және басқа да зерттеу түрлеріне жолдама алу.
2 кезең- базалық зерттеулер жүргізу және сараптамалық
қорытындысын алу.
3 кезең - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу. Тіркелген биологиялық қоспалар "азықтүлікке арналған диеталық қоспалардың тізіліміне" енгізіледі.
ББҚноменклатурасы.Олардыжіктеупринциптері.Биологиялықбелсендіқоспалар – бұл өсімдік, жануар немесе минералды тектес табиғи шикізат негізінде жасалған препарат.
Олардың қызметі адам ағзасын пайдалы компоненттермен қамтамасыз ету болып табылады. ББҚ құрамы мен әсері бойынша үш үлкен топқа бөледі: нутрацевтика,парафармацевтика, эубиотиктер. Нутрацевтика - бұл ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін
қажетті қоректік заттардан тұратын тағамдық қоспалар: аминқышқылдары, дәрумендер, минералдар, провитаминдер, макро - микроэлементтер, майлар, көмірсулар, ақуыз қосылыстары және т.б. Олардың әрекеті семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары аурулары, қатерлі ісіктер, иммунитет тапшылығы жағдайлары, асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алуға, денсаулықты жалпы жақсартуға бағытталған. Нутрацевтикалықпрепараттарқұрамыбойыншакелесітоптарғабөлінеді: Негізінен белок пен аминқышқылдарының көздері;
Негізінен тағамдық талшықтардың көздері (пектиндер, кебек, өсімдік талшықтары, микрокристалды целлюлоза);
Негізінен суда еритін витаминдердің көздері;
Негізінен макро- және микро элементтердің көздері. Парафармацевтика - бұл дәрі-дәрмек компоненттері бар, бірақ микроскопиялық дозада. Олар негізінен вирустық аурулардың немесе созылмалы аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Сондай-ақ, парафармацевтика улы қосылыстарды жою үшін қолданылады. Құрамына пептидтер; ара шаруашылығы өнімдері; органикалық қышқылдар; өсімдік антиоксиданттары;
гликозидтер; эфир майлары; құрамында азот бар органикалық қосылыстар; полисахаридтер кіреді. Құрамыбойыншапарафармацевтикакелесітоптарғабөлінеді: