Параметрлік идентификациялау Жұмыс мақсаты


Зертханалық жұмысты орындау тәртібі



бет3/6
Дата02.12.2023
өлшемі50,4 Kb.
#132041
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ентахиииии

Зертханалық жұмысты орындау тәртібі





      1. Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендін» құрыңыз:

  • Work/Objects5 папкасынан Simulink ортасына «объектіні» жүктеңіз (нұсқа бойынша – 5.1 кесте);

  • кіріс сигнал үшін диаграмманы жинаңыз (нұсқа бойынша), оны объект кірісіне беріңіз;

  • шығыс сигналдың мәндерін Matlab жұмыс ортасына орнатыңыз; ол үшін сигналды To Workspace блогына беріңіз, осы блок атауына сәйкес айнымалының атын орнатыңыз.

To Workspace блогының баптау терезесінде Array опициясын таңдаңыз – сонда сигналдың сандық мәндерінің массивін аламыз.
Идентфикациялау процедурасын қарастырылып отырған параметрлік әдісімен орындау үшін кіріс және шығыс сигналдарының аналитикалық өрнектері қажет. Шығудағы сигнал мәліметтер массиві ретінде алынды, сондықтан оны аппроксимациялау қажет. Аппроксимациялау есебі Curve Fitting Tool пакеті көмегімен шешіледі.

      1. Curve Fitting Tool пакетін жүктеу үшін бұйрық жолда cfrool теріңіз. Шығыс сигналдың мәндерін пакет терезесіне көшіріңіз; нүктелердің орналасуына қарай аппроксимациялау полиномның түрін таңдаңыз.

Шығыс сигналдың мәндерін әртүрлі функциялармен жуықтаңыз: әртүрлі ретті полиномдарымен немесе кейбір таңдалынған теңдеулермен.
Өз теңдеуіңізді орнату үшін регрессиялар түрлерінің тізімінен Custom equations жолын таңдаңыз. Create Custom Equations терезесі пайда болады. Бұл терезенің екі беті бар. Бірінші Linear Equations бетінде коэффициенттер бойынша сызықты теңдеудің параметрлері орнатылады. Тәулділіктің өзі сызықты емес болуы мүмкін. Екінші General Equations бетінде регрессияның кезкелген сызықты емес теңдеуін орнатуға болады.

      1. Қиыстыруды аяқтап, шығыс сигналды ең тиімді жуықтайтын функцияны таңдаңыз. Осы функцияның өрнегін жазыңыз (есептелген коэффициенттерлер мәндерімен).

      2. Берілген құрылымдық параметрлерін (нұсқа бойынша) қолдана модельдің теңдеуін дифференциалды теңдеу түрінде жазыңыз.

      3. Сәйкессіздік функционалының түрін жазыңыз: кіріс функциясы мен оның туындылары орнына кіріс сигнал мен оның туындыларының өрнектерін қойыңыз; шығыс функциясы мен оның туындылары орнына жуықтау барысында алынған өрнек пен оның сәйкес туындыларын қойыңыз.

      4. Сәйкессіздік функционалдың барлық айнымалылары бойынша туындыларын нолге теңестіріп, сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін алыңыз (осы модельдің параметрлерін анықтауға негізделген жүйе).

Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің коэффициенттері әртүрлі анықталған интегралдар түрінде жазылады. Интегралдар мәндерін есептеуге Matlab жүйенің бұйрық терезесінің мүмкіншіліктерін қолданыңыз.

      1. Біріншіден алынған жүйенің коэффициенттерін есептеп (интегралдар мәндерін), оны сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің стандартты түріне түрлендіріңіз:

мұндағы А - жүйе матрицасы;


Ax b,

b – жүйенің оң жақтағы векторы;
x–белгісіздер векторы (моделдің параметрлері).

      1. Осы жүйені Matlab-тың процедурасы көмегімен шешіңіз (бұйрық терезеде); стандартты түрдегі жүйе үшін:

Ax b,
шешім келесідей табылады:
x inv(A) b.
Алдын-ала А (матрица) және b (тік жол векторы) массивтерін Matlab ортаның бұйрық терезесіне енгізу керек, сонымен бірге жүйенің шешім бар
болатын det(A) 0 шартын тексеру керек.

      1. Параметрлердің табылған мәндерін қолданып, динамикалық моделдің ізделінген дифференциалды теңдеуін жазыңыз. Модельді беріліс функция түріне түрлендіріңіз.

      2. 5.4.1 тарауында іске асырылған диаграммаға моделдің блогын қосыңыз; оның кірісінеде орнатылған кіріс сигналды беріңіз; объект пен

модельдің шығыстарын бір терезеге шығарыңыз (модель Transfer Function
блогымен жасалады).

      1. Нәтижелерін салыстырыңыз. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет