Вирустық гепатиттер жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері болып табылады.
Вирусты гепатиттер – бұл клетка ішілік өте ұсақ паразиттер – вирустармен шақыралатын, бауырдың жұқпалы аурулар тобы. Қазіргі таңда мына вирусты гепатиттер – А, В, С, Д және Е зерттелген.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының анықтауынша 2000жылы 170-200 миллион адам дүниежүзінде С-гепатитімен ауырғаны туралы тіркелген. Кейінгі 10 жылда С - гепатитімен ауырғандар саны қарқынды өсуде.Бұл жағдай мынадай себептермен түсіндірлмек; біріншіден: - инъекциялық есірткіні қабылдайтын адамдар саны өсуінен, С-гепатитін жұқтыру нашақорлар арасында өте жылдам өріс алған, алғаш есірткі қабылдаған уақыттан кейін 6-12 ай ішінде 80% нашақорлар С гепатитінің иегері болған.Сондықтан С гепатитімен ауратындардың 85% 15-30 жас шамасындағы жастар құрайды.
Бүгінгі таңда вирусты гепатиттер – А, В, С, Д және Е түрлері анықталған. Осылардың ішінде ең қауіптісі парентеральды жолмен берілетіні – гепатит С. Бұл гепатит 85 % жағдайда созылмалы гепатит С-ға әкеледі, ал 15-25 жылдан кейін бауыр циррозына немесе біріншілік бауыр рагына әкеледі. Жедел және созылмаыл гепатит С өте жиі симптомсыз жүреді, сондықтан ауруды жұқтырған алдамдар дер кезінде медициналық көмекке жүгінбейді және қоршаған ортаға қауіпты болады. Осылайша жасырын, жұмсақ ағымды болғаны үшін гепатит С-ны «мейірімді өлтіруші» деп атаған. Гепатит С-ның емі өте қымбат, ал одан толық сауығып кету мүмкіндігі аз. Гепатит С-ға вакцина әлі күнге дейін жоқ.