Вирусты гепатит С инфекциясының ағымын 3 жағдайда анықтайды: жедел инфекцияның симптомсыз ағымы: науқастар бойында инфекцияның бар екенін білмей қоршаған ортаға жұғу көзіне айналып жүре беруі; Гепатиттің созылмалы түріне ауысуы: 60% жағдайда вирус жұқтырғандар жедел ағымынан кейін вирус элименациясы болмайды және созылмалы гепатит С дамиды; Бауыр циррозының және гепато-целлюлярлы карциноманың даму қаупі: созылмалы гепатит С потенциальды фотальды ауру болып табылады. Бауырдың өршуші зақымдануы жиі симптомсыз жүреді де, клиникалық көріністері тек бауыр циррозы және гепато-целлюлярлы карцинома кезінде байқалады. Вирусты гепатит С кезінде инкубациялық кезең шамамен 2 аптаға созылады, бірақ 26 аптаға дейін болуы да мүмкін.
Жедел вирусты гепатит С инфекциясы (30% жағдайда) сарғаюмен жүреді, бірақ көптеген науқатарда сарғаю алды кезеңі болмайды. Бауыр ферметтерінің (АлТ) деңгейінің жоғарлауы тән. Ал ол вирусты гепатит В-да аз мөлшерде көрініс береді. РНК вирусы қан сары суында және бауыр тінінде өте ерте анықталады, ал құрылымсыз антигендерге антидене өндірілуі өте жәй басталады.

Көптеген жағдайда вирусты гепатит С инфекциясы созылмалы ағымда жүреді. Бұндай ағым бұрын жедел HCV инфекциясымен ауырған шамамен 70%науқастарда кездеседі, тіпті бұрын жедел түрімен ауырмаған болуы да мүмкін.Бауыр ферменттерінің жоғарылау деңгейі бауыр тінініңзақымдалу ауырлығымен түзелмейді. Созылмалы вирусты гепатит С инфекциясымен шамамен 20% науқастарда цирроз дамуына алып келеді. Көбіне жұқтырған науқастарда ауру субклиникалық түрде жүреді.
С-гепатитінң диагнозы арнайы зертханалық әдістермен тексерілген соң ғана қойылады, бұл тексерістер бауырдың зақымдануын- биохимиялық зерттеу арқылы, вирустың ағзада бар- жоғын және оның қай сатыда дамуын яғни вирус маркерін- ИФА(иммунды-ферментті талдау) арқылы анықталады, сонымен қатар ПЦР-диагностикасы вирустың ағзадағы бар екенін және оның көбеюін генетикалық тұрғыдан дәлелдейтін әдіс.

С гепатитінің емделуі Қазіргі таңда С- гепатитінің тиімді ем сызбасы қолданылып75-85% ғана толық емделеді, әйтседе дұрыс та, ықтиятты қолданылған ем бұл аурудың циррозға немесе баурдың қатерлі ісігіне айналуына тоқтау болады.Сол себепті емдеу алдына екі мақсат қойылады:
2.Ағзадағы, әсіресе бауырдағы вирустың санын азайту, немесе жою.
Бұл ауру өте қатерлі сондықтан емді яғни вирусқа қарсы терапияны осы саладағы тәжірибелі маман инфекцинист(гепатолог) жүргізу керек,сонымен қатар ауырған адам үнемі бақылауда болу керек.Емдеу уақыты 6-7 айға дейін барады.