Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы Америка Құрама Штаттарының ең ірі жеңісі болды. Олар Париж конференциясындағы жеңілістің есесін қайтарды. АҚШ- тың дүниежүзін билеу және ұлы державалық саясаты асықпай іс жүзіне аса бастады. Бірақ, Версаль-Вашингтон келісімдер жүйесі империалистік елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкіметінің сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзінің билеу саясатын еркін жүргізе алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесі, ұлы держава елдерінің арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екінші дүниежүзілік соғысқа әкелді
3. Ресейде 1917 жылғы революциядан кейін жаппай коммунистік жүйе орнай бастады. 1919 жылдың наурызда Коммунистік Интернационал Мәскеуде құрылды және коммунизмді бүкіл дүниеге тарату мақсатында әр елге жансыздарын жіберіп жатты. Ресейде, Францияда және Жапонияда оқып жатқан Қытайлық оқушылар коммунизмді қабылдай бастады. Олар шетелдерде және Қытайдың жер-жерінде коммунизмді үгіттеп шағын группалар құрды. Суретте сол жақтағы адам : Григорий Наумович Войтинский, ресейлік еврей, Коммунистік Интернационалдың Қытайда тұратын өкілі, ол Қытай танумен айналысып, 1920 жылы Қытай компартиясын құру тапсырмасымен арнайы барған. 1920 жылы ол Ли Дажаомен кезігуде. Қытай компартиясының тұңғыш құрылтайы өткен орын. 1921 жылы 23 шілдеде Қытайдың жер-жерінен келген делегациялар «Қытай компартиясының» құрылғандығын жариялады. Олар Қытайдың әр қаласында астыртын қимылдар арқылы жұмыскерлерді жұмыс тастауға, үкіметке қарсы шығуға желіктіріп, түрлі бүліктер мен шерулерді ұйымдастырды. Бұл тұста Қытайда ортақ үкімет орнамаған, ал «бір тұтас Қытай ұлты» идеологиясының авторы Сунь Ятсен 1924 жылы партиясын «Гоминьдан» деген атпен қайта құрды. Ол Кеңес одағының көмегіне сүйене отырып Қытайды бірлікке келтіру мақсатында Ленинге арнайы хат жазып көмек сұрады. Ленин оның талабын жерде қалдырмады, оған миллиондаған АҚШ долларына татитын алтын (Бұл алтындар шын мәнісінде Харбин банкінде сақталған патшалық Ресей қазынасы болатын) және 25 мың жауынгерді қаруландырды. Сондай-ақ, Гуаңжоуда (Гуанчжоу) «Хуаң пу әскери мектебін» құрып берген. Чан Кайши (Сүннің күйеу баласы, 1927-1949 жылдардағы Қытай президеніті) аталған мектептің директоры, ал коммунис Жоу Ынлай (Чжоу Эньлай) саяси жетекшісі болды. Бұл уақытта Гоминдан құрамына коммунистер көптеп кіре бастады. Бұның артында Ленин мен Сталиннің Қытайды "қызылдастыру" үшін істеген қитұрқылығы да жатқан еді. Кейінгі бірнеше жылда «Хуаң пу әскери мектебін» бітірген 100 мыңнан астам түлегі армияға айналды да Гуандүн провинциясын басып алды. 1927 жылдың бас шенінде аталған 100 мың адамдық қосын Қытайды біріктіру соғысына аттанды. Олар Гуаңдұннан шығып Фуцзянь, Хунань, Хубэй , Чжэцзян, Цзянси провинцияларын бақылауына алды. Бірақ, Қытайдың бірлікке келуі мен қызылдасуын қаламайтын Батыс елдері бұған ашық килікті. Айталық, АҚШ пен Британия Чан Кайшиге қаржылай қолдау көрсетті. Ел ішінде Қытайдың бірқатар буржуазия өкілдерінің де қолдауына ие болған Чан Кайши ендігі жерде коммунистерге бағытталған қуғын-сүргінді бастап кетті. 1931 жылға дейін Чан Кайшидың қуғын-сүргінінен 15 мың коммунисті қамтыған миллионға жуық адам қырғынға ұшыраған. Кейін Коминдаң жетекшілері Чан Кайши мен Ван Цзинвэй Нанкинде және Уханьда жеке-жеке үкімет құрды. Кеңес одағының қолдауындағы Ван Цзинвэй мен Чан Кайши арасындағы шиеленіс үдей түсті. Сталин оның Қытайды толық билігіне алуына қолдау көрсететінін, алайда коммунистік партияны толықтай қабылдауын талап етті. Бұл тұста АҚШ, Англия және Жапонияның жансыздары да Ван Цзинвэйге із суытпай келіп өз үгіттерін жүргізіп жатты. Соңында қаржылық мүддеде Англия мен АҚШ-тың таразысы басым түсіп, Ван Цзинвэй де коммунистерге қарсы қуғын сүргінді бастады. Осылайша Оңтүстік Қытай Англия мен АҚШ ықпалында, ал, солтүстіктегі Манжурия (Манчжурия) Жапонияның ықпалында қала берді. Қытайдағы коммунистердің жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына қарсы шара ретінде Кеңес одағы 1927 жылы тамызда қытайлық коммунистерді қару-жарақпен қамтамасыз етуді құрылтайда бекітті. Астыртын жеткізілген қарулар арқылы коммунистер Қытайдың жер-жерінде бүлік тудырып, шағын базалар құра бастады. 1931 жылға дейін Чан Кайши басқа провинциялардың әскери билеушілерімен соғысты. Жапонияның қаржылай қолдауына (500 миллион АҚШ доллары) ие болған ол 800 мың адамдық тұрақты армиясын жасақтап, жекелеген провинцияларды бақылауына ұстап тұрған милитаристерді бағындырды. Осы орайда коммунистер 7-8 провинцияда базаларын құрып үлгерді және Цзянси мен Фуцзянь арасында миллиондаған халқы бар аймаққа билігін жүргізді. Чан Кайшидің бұл базаларды алу үшін 500 мың әскермен жасаған шабуылдары сәтсіздікке ұшырады. Осы жеңістен кейін Қытай коммунистері Кеңестік үкімет құрып, оны «Жұң хуа Кеңестік үкіметі» деп атады. Бұл үкімет туы Кеңес одағының туы болды да, Лениннің бас суреті басылған валюталар шығарды. Коммунизмнің Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин сынды жетекшілерінің суреттері барлық жерде жапсырылды. «Жұң хуа Кеңестік үкіметінің» валютасы. (Бұдан аталған үкіметтің дербес үкімет емес, керісінше Кеңес одағына бағынышты үкімет екенін білуге болады). Жұң хуа Кеңестік Республикасының Бірінші құрылтай Жұң хуа Кеңестік Республикасы формалық жақтан Кеңес одағына бағынды. Бірінші хатшысы Уаң Мин Мәскеуде тұрып Қытайдағы іс-әрекеттерге нұсқау беріп отырды. Ал Мау (Мао Цзэдун) осы үкіметтің қуыршақ президенті ретінде сайланды. 1932 жылы 15 сәуірде аталған үкімет Жапонияға соғыс жариялады. 1934 жылы Гоминдаң үкіметінің коммунистердің базаларына бағыттаған соғыстарынан кейін Кеңес одағымен байланысы үзіліп қалды. 1935 жылы қарашада Сталин: « Егерде Қытай қызыл әскері Синьцзян мен Ганьсуды басқаруына ала алса керекті кезде Кеңес одағы қажетті қару-жарақпен қамтамасыз етеді» ( Жаң Готау «Естеліктерім» ) деп мәлімдеді. Сталиннің бұл мәлімдемесі Қытай қызыл әскерінің стратегиялық орын ауыстыру мақсатындағы «Ұзақ жорығына» себепші болды. «Ұзақ жорықтың» мақсаты болса – Чан Кайшидің тікелей бақылауындағы Қытайдың оңтүстік провинцияларынан шегініп, Шынжаң, Ганьсу, Нинся проинцияларына табан тіреу. Сол арқылы Моңғолия мен Кеңес одағына тікелей шектесіп, Кеңес одағының көмегіне ие болу, әрі Гоминдаң қаупін азайту. Бұл жорықта 300 мың адамнан тұратын қызыл армия 220 мыңнан астам адамын жоғалта отырып, Моңғолиямен шекаралас Ганьсу, Нинся, Шанси сынды біршама қауіпсіз аймаққа жетті. 1936 жылы маусымда Қытай коммунистік күштерінің Кеңес одағымен байланысы қайта жанданып, Мәскеу билігі Нинся арқылы қару-жарақ жеткізуге мақұл болды. Коммунистер билеген аймақтар және Қытай қызыл армиясының стратегиялық орын ауыстыруы 1933 жылы Шыңжаңда әскери өзгеріс туылып Кеңесшіл Шын Шысай билікке келді. Ол Кеңес компартиясына кіріп, Қазақстанда болған коммунистік саясат Шыңжаңда жүргізе бастады. Қазақтарға қарата қатаң жаныштау мен қырып-жою басталды. Бұл Алтай, Боғда, Баркөлден 25 мыңдай қазақтың қоныс аударуына, дүнген милитаристы Ма Буфанға тіпті зор қырғынға ұшырап, 5-6 мың қазақтың тибет асуға мәжбүр етті. 1940 жылы Өр-Алтайда ұлт-азаттық көтерілістің білтесі тұтанды. Қытай қызыл армиясының 22 мың адамдық 4 бағыты Шыңжаңға кірмек болды, бірақ олар Ма Буфан жасақтарымен болған соғыста жеңіліп 400 ден аса адамы ғана Шыңжаңға жетті. 1937 жылы Жапонияға қарсы соғыс басталғаннан кейін коммунистер қайтадан Гомин үкіметімен бірігіп кетті. Қызыл Армияның көбі Гоминге бағынатын 18-ші құрама армияға өзгертілді. Ендігі жерде олар гоминдаңның әскери формасын киіп, көк-қызыл жалауын көтерді. Маудың Қызыл армияны Гоминдаңға бағынатын 18-ші құрама армияға өзгерту бұйрығы. Гоминдаң үкіметінің туын көтерген қытай қызыл әскерлері. 1937 жылы 23 қазанда Қытай компартиясы Жоу Шияупәнді Шыңжаңға Шын Шысайға жіберді. Кеңес одағы тарабы оларға қару-жарақ, ақша, киім-кешек және әскери мамандармен қамдауға кепілдік берді («Жоу Шияупәннің Шың жаңдағы міндеті»). 1938 жылы 2 ақпанда Каң Шың Кеңес одағының Янандағы өкілі Андрейевпен кезідесуінде: «Бізге қорғаныс индустриясын құру керек, бұған Кеңес одағы қаржылық көмек берсе екен!», – деген тілегін жеткізді. 1938 жылы 17 тамызда Рын Биши өзінің Коммунистік Интернационалдағы баяндамасында: «Қызыл әскерлерде әлі де қару-жарақ кемшіл. Бар қарудың сапасы төмен, оларға шұғыл түрде артиллерия, танкілер мен ұшақтар қажет...», – деген мәліметін берген. Алайда, сол кездегі халықаралық жағдайларға байланысты Кеңес одағы коммунис қытайларға тікелей қару-жарақ бере алмады. Жапонияның Азияға бағытталған кең көлемді шабуылына байланысты Мәскеу билігіне Гомин үкіметімен уақытша болса санасуға тура келді. Гоминдаң үкіметіне қару-жарақ беріп, Жапониядан бірлесе қорғануға тырысты. Соның өзінде бұл қару-жарақтың 20-25 пайызы коммунистік Қытай күштеріне жеткізіліп отырды. 1938 жылы 16 жүк көлігіне тиелген кеңестік қару-жарақтар Янанға жеткізілді. 1938 жылы мамыр-маусым айларында 51 жүк көлігімен үш рет қару-жарақ жеткізілді. 1940 жылдарға келгенде Кеңес одағынан жеткізілетін қару-жарақтың мөлшері азая бастаған. Себебі, бұл кезде Мау Цзэдун Жапониямен құпия келісім жасасып, тек шағын партизандық әрекеттермен шектелген де, есесіне Гоминдаң үкіметіне кіргізген жансыздары арқылы мол құпия ақпараттарды жапондарға жеткізіп, Гомин үкіметінің ауры шығынға ұшырауына себепкер болған. Тіпті, сол тұстағы Маудың Кеңес одағына жолдаған мәліметтерінде де уақытша көп мөлшердегі қару-жарақтың керек емес екені де айтылады. Соның өзінде де, Моңғолия территориясы арқылы аз мөлшердегі қару-жарақ толассыз жеткізіліп отырған. 1941жылы 22 маусым күні Кеңес одағы-Герман соғысы басталды. Кеңес одағы Жапонияның Сіберияға соғыс ашуының алдын алу үшін коммунис қытайлар мен Гомин үкіметіне қару беруге мүдделі болды. Бірақ, жыл соңына қарай Жапонияның Құрама Штаттармен соғысқа бар күшін салғанын біліп, бұл жоспарды уақытша тоқтата тұрды. Кеңес одағынан келетін көмектің азаюы, Жапония армиясының бұлап-талауы және Гоминдаңның санкциясы себебінен Қытай коммунистері билеген аймақтарда экономикалық жағдай ауырлай түсті. Айталық, қағаз, азық-түлік және дәрі өте тапшы болды. 1942 жылы шілдеде әйгілі Сталинград шайқасы басталды. Осы кезде Кремль «Жапония Германиямен тіл біріктіріп Кеңес одағының шығыстан шабуыл жасауы мүмкін» деген мәліметке ие болды. Бұл құпия мәлімет Кремльді Қытай коммунистеріне қайталай қару-жарақ беру бекіміне келтірді. Сталиннің «Қытай қызыл әскерінен екі дивизия жіберіп Моңғолия арқылы қару-жарақты тапсырып алуы керек» деген шешімін Мау Цзедун қабылдамады. Ол жапон армиясының бұл істі біліп қалып әуеден шабуыл жасауынан алаңдағанын алға тартқан. 1945 жылы жазда Кеңес одағының миллиондаған әскері үш бағытта шығыс солтүстік Қытайға (Мәнжурия) басып кіріп, Кантон армиясын талқандады. Оған дейін бұл аймақта бірнеше жыл партизандық соғыс жүргізіп келген 30 мыңға жуық Қытай қызыл әскері Кеңес әскерлеріне қосылды. Жапония тізе бүге салысымен Кеңес одағы Солтүстік Қытайдағы коммунистерді аяғына тұрғызды. Жапониямен соғыстағы олжасын – Жапонияның Кантон армиясының кемінде 1 миллион әскерді жоюға жетерлік қару-жарағын, айталық 700 мың мылтық, 14 мың пулемет, 4000 зеңбірек, 600 танк, 860 ұшақ, 2500 тасымал вагоны және 679 оқ-дәрілер қоймасы; Бұл көп мөлшердегі қару-жарақ Қытай коммунистік қызыл армиясын бір жыл ішінде 400 мың әскерден 1 млн 300 мың әскерден тұратын қуатты армияға айналдырды. 100 миллионнан астам тұрғыны бар аймақты бақылауына алды. Ал, Кеңес одағының күштері Жапонияның қазынасын тонады да шегініп шықты. Ялта конференциясы бойынша Кеңес одағы Жапонияға қарсы соғысқа қатысу үшін екі шартқа қол қойған – Манжурияны Жапониядан қайтарып алғаннан кейін бір жылға дейін бақылауына ұстау және Моңғолияның дербестігін мойындау. 1940 жылы Алтайда басталған қазақтардың ұлт-азаттық күресі 1944 жылға келгенде Моңғолия басшысының қару-жарақ арқылы көмегіне қол жеткізді. Жыл соңына қарай көтеріліс үлкен жетістіктерге жетті. Алтай аймағының жартысына жуығын иеледі. 24 қазанда «Алтай қазақтарының төңкерістік уақытша үкіметін» құрып, Оспан батыр Сіләмұлы үкімет басшысы болды. Оспан батыр мен Чойбалсан 1945 жылғы Кеңес пен Гомин үкіметінің шарты бойынша Гомин үкіметі Моңғолияның тәуелсіздігін мойындауға келісім берді. Оның есесіне Кеңес үкіметінен «Қытайдағы аз ұлттардың көтерілісін қолдамауды, Манжуриядан шегініп шығуды, тек Гомин үкіметін ғана заңды үкімет деп тануды» талап етті. Кеңес одағы бұл шарттарға негізінен мақұл болды. 1944 жылы тамызда Іле аймағының Нылқы ауданында қазақтар көтеріліске шықты. Осы жылдың соңында Кеңес әскерлерімен Іледегі қазақтардан құралған партизандар Құлжа қаласын алып, «Шығыс Түркістан уақыттық үкіметі» (ШТР ) құрылды. Бірақ, үкімет басына негізі ұйғырлардан талданған адамдар отырды және үкімет тілі де ұйғұр тілі болды. 1945 жылы Тарбағатайдың Майлы-Жәйір тауы мен Еренқабырғада да партизандық күштер бой көрсетті. 1945 жылдың соңында Алтай, Тарбағатай, Іле үш аймақ ШТР-ға бірікті. 1946 жылғы келісім арқылы ШТР күшінен қалдырылды. 1946 жылы Құрама Штаттар Гоминдаң үкіметін Кеңес одағы Компартияны қолдап Қытайда азаматтық соғыс басталды. Әр қадамын экономикалық мүдде тұрғысынан ғана шешетін, адам шығыны мен заттық шығыннан барынша сақтанатын АҚШ бір жылдан кейін Гоминдаң үкіметін қолдауын тоқтатты. Ал, Кеңес одағы бар күшпен коммунистерді қолдап олардың бүкіл Қытайды алуына мүдделі болды. Тек, 1947 жылға дейін 300 мың мылтық көмекке берілді. 13 миллиард АҚШ доллары құнына ие жеңіл соғыс қарулары мен 4 миллиард долларға тең ауыр соғыс техникаларын берді. 37 мыңнан астам артиллерия, миномет және зымырандар, 600 танк, 861 ұшақ, 12 мың пулемет, 2 мыңнан астам автокөлік берілді. Соның көмегінде Қытай коммунистері азаматтық соғыста жеңіп шықты. Кеңес одағының бұйрығымен ШТР-дың үш аймағы және 15 мың әскері қызыл Қытайға берілді. 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы құрылды. Келесі күні Кеңес одағы ҚХР-ны ресми үкімет бірінші болып мойындады. Мау Мәскеуге ресми сапармен барып келісімдерге қол қойды. Сол жылдарда Кеңес одағынан Қытайға 24 миллиард доллар көлемінде көмек ұсынылды; 10 мыңнан астам түрлі сала мамандары Қытайға жіберілді; 1000 нан аса құрылыс нысандары мен мұнай-кендерді ашуға көмек берілді. Коммунистік екі үкімет арасындағы қарым-қатынас Хрущев билігі кезінде шиеленіске ұласып, Қытайдағы Кеңес одағының мамандары түгел қайтарылып, көптеген құрылыстар аяқсыз қалды. Ал, Қытай билігі Кеңес одағының қарызын астықпен қайтаруға келісім берді. Алайда, соның салдарынан 1959-1961 жылдар арасында Қытайда 43 миллион адам ашаршылықтан қырылды. | Материалды көшіріп бассаңыз https://qazaqtimes.com/article/55083 сайтының гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз. Авторлық құқықты сақтаңыз.