Парижде болған лаңкестік оқиғаға орай



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата15.03.2017
өлшемі20,39 Mb.
#9916
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жуырда Қазақстан Респуб-

ликасы Ұлттық экономика 

министрлігі Тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау комитеті 

«Ұлттық сараптама орталығы» 

Алматы қаласы бойынша фи-

лиалының Мәжіліс залында 

қол даныстағы  терминдерді 

біріздендіру мәселесіне арнал-

ған семинар-кеңес болып 

тті. Семинарды мекеменің 

Құқықтық жұмыстар, мемле-

кет  тік сатып алу және сани тар-

лық-эпидемиологиялық аудит 

б лі мінің бастығы Ж.Аламұ-

ратова жүргізіп отырды. 

 Ғылым мен техниканың дамуы 

жаңа терминдердің, ұғымдар мен 

атаулардың пайда болуына ықпал 

етіп келе жатқаны белгілі. Осы 

орайда қазақ тілінің терминдер 

қоры да жаңа с здермен толықса 

да, кейбір баламаларды аудару-

да бірізділіктің сақталмай келе 

жатқаны жасырын емес. Бұл ретте 

негізгі әрі басты мәселелердің бірі 

– жаңа терминдердің тіліміздің 

табиғатына нұқсан келтірмеуінде 

болып отыр. Семинарға қатысқан 

мамандар аталған мәселелердің 

шешілу жолдарына баса мән берді. 

Кеңесте с з алған А.Бай тұрсынұлы 

атындағы Тіл білімі институты тер-

минология б лі мінің меңгерушісі, 

филология ғылымының докторы, 

доцент Сәрсенбай Құлманов се-

минар та қырыбына байланысты 

ой-пікірлерімен б лісті. 

Бір атап  терлігі, Ұлттық са-

раптама орталығының Алматы 

қаласы бойынша филиалында 7 

зертхана, оның ішінде бактерио-

логия зертханасының 7 аудандық 

б л і м ш е с і   м е н   с а н и т а р л ы қ -

г и г и е н а л ы қ   5   з е р т х а н а л ы қ 

б л і м ш е с і   ж ұ м ы с   і с т е й д і . 

Мемлекеттік тілдің қолданыс ая-

сын кеңейту және іс қағаздарды 

м е м л е к е т т і к   т і л д е   ж ү р г і з у д е 

зертханалардың іс қағаздары, 

хаттамалар мемлекеттік тілде 

толтырылады. Семинар-кеңесте 

қазақ тілінде ресімделіп, толты-

рылатын іс қағаздарды жетілдіру, 

онда қолданылатын термин-

с здерді мән-мағына тұрғысынан 

сарапқа салу тәрізді мәселелер 

қарастырылды. Медицина са-

ласында әртүрлі қолданылып 

ж ү р г е н   т е р м и н д е р д і ң   б а р 

екені, оларды бірізге түсіру – 

уақыт талабы болып отырғаны 

тілге тиек етілді. Семинар ба-

рысында қолданыстағы 1000-

нан аса терминдерден тұратын 

с з д і к к е   т а л д а у   ж а с а л ы п , 

ұсыныс-пікірлер ортаға салын-

ды. Жиын соңында мамандар 

қазақ тіліндегі медициналық атау 

с здерді біріздендіруді әрі қарай 

жалғастыра түсудің маңызы зор 

екенін атап  тті. 

Г.БАҒЫТҚЫЗЫ,

Мемлекеттік тілді дамыту және 

БАҚ-пен жұмыс б лімінің 

бастығы


АНА ТІЛІ

5

№46 (1304) 



19 – 25 қараша

2015 жыл


өзтаным

өзтаным


өзтаным

Бетті дайындаған  Гүлсінай ИСАЕВА,

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Этнолингвистика б лімінің аға ғылыми қызметкері,

филология ғылымының кандидаты

қоршаған ортаны тану арқылы оған жақын 

мағыналармен байланыстырып танымдық, 

тілдік тұрғыда бейнелейді. 



Шаңырақ – 1. этн. киіз үйдің уықтарын 

біріктіріп ұстап тұратын күлдіреуіштері 

бар  дөңгелек  шеңбер; 2. ауыс.  Өзінің 

туған тұрғын үйі; 3. ауыс. Орда, мекен; 4. 



ауыс. Əулет, үрім-бұтақ;  5. ауыс. Отбасы, 

жанұя  (ҚС, 1390 б.).  Ə.Нұрмағамбетов 

бұл сөздің «түпкі тегі моңғол тілдерінен 

деп жобалаймыз. Жазба моңғол тілінде 

– «чағарығ», қазіргі моңғолдарда – «ца-

гариг», буряттарда «сахариг» тұлғалары 

біздегі  «шеңбер», «құрсау»  орнына 

жұмсалады» дей келе, «моңғолдардағы 

осы тұлға басқа түркі тілдеріне өткенде 

шеңбер  қалпындағы  заттарға  атау  бо-

лып  тағылғандығын  мына  бір  дерек-

тер  анықтайды:  якут  тілінде  «күмбез» 

мағынасын «чампырық» тұлғасы берсе, 

бізде киіз үй жабдығының бірі – шаңырақ. 

Осыған  қарағанда,  қазақтар  қолданып 

жүрген «шаңырақ» – «шеңбер» баламасы» 

деп топшылайды (Нұрмағамбетов, 292 б.). 

Т.Досановтың  тұжырымдауынша, 

«Шаңырақ > шаң [астыңғы бөлегі шартты 

түрде ғана бар геометриялық екі жарты 

шеңбердің бірі] > йарақ [образующий]. 

Киіз үй [жарты сфера], йарақ [сфераобра-

зующий], яғни шаңырақ бұл арада бүтіннің 

орнына  бөлшекті  қолдану  арқылы  екі 

жарты  шеңберді  алмастырған  белгісі. 

Киіз үй жарты шар үлгісінде жасалған, ал 

оның құрамдас қарама-қарсы екінші бөлігі 

«Жер» деген мифтік ғаламшардың жара-

тылу концепциясын бейнелеген көшпелі 

ата-баба даналығын əйгілі жеті кереметтің 

Соңғы кездері баспасөз беттерінде 

«паш»  сөзіне  байланысты  əртүрлі 

көзқарас бар. Осыған орай азды-көпті 

түсініктеме  беріп,  сөздің  мəнісін 

тарқатып көрсек.  

Қазақтың əдеби тілінде паш сөзі 

«ашық, айқын, белгілі, жария» деген 

мағына  береді.  Паш  сөзі  тілімізге 

парсының  «жайылу,  шашылу » 

деген  мағынаны  білдіретін    (ﻓﺵ)



фаш сөзінен (мəселен, ат жалының 

желбіреуі, орамал ұшының желбіреуі, 

т.б.) (Persian-English Dictionary. F. 

Steingass. Beyrut. First Edition 1892. 

New Reprint 1998. – 1523 s.; s. 929-

930)  жəне  араб  тілінің  «жайылу, 

белгілі болу» мағыналарын беретін 

ﻓﺸﻮ))  фашу  сөзінен    енген.  Араб 

тілінде осы сөзден туындаған ﺇﻑﺵﺍء 

(ишфаа) «жаңалықты  жария  ету, 

барлығына айту», ﺍﻥﺕﺵﺍﺭ (əнтишаар

«жария болу немесе сырқаттың жайы-

луы» тəрізді мағыналарды да үстейді 

(Serdar Mutçalı. Arapça-Türkçe Sözlük. 

Dağarcık Yayınları, 1040 s. – S. 661-

662). 


Қазақ тілінде паш сөзі -ет, -қыл, 

-бол көмекші етістіктерімен тіркесіп 

қолданылады. Паш ету / паш қылу 

«а) көпке белгілі, мəлім болу, сы-

рын ашып беру; ə) атын қалдыру; 

б) дəріптеу» (Қазақ сөздігі (Қазақ 

тілінің біртомдық үлкен түсіндірме 

сөздігі). – Алматы: «Дəуір» баспасы, 

2013. – 1488 бет. 1055 б.) мағыналарын 

білдірсе, ескі қазақ тілінде паш болу 

паш қылу «əйгілеу, жариялау, жария 

болу»  жəне паш қылмау «əйгілемеу, 

ешкімге білдірмеу» мағыналарымен 

қолданыста болған. Мысалы, Паш 



болып  сыртқа  сырым  шықпай 

тұрып, Анама сездірейін хатқа жа-

зып  («Əбуғалисина.  Əбілхарис»); 

Жұртқа  сөйлеп  Пайғамбар  паш 

қылмады, Көңілінде ойлады үшбу 

сөзді («Қисса Зейнеп пен Заидтың 

уақиғасы») (Мамырбекова Г. Қазақ 

тіліндегі  араб,  парсы  сөздерінің 

түсіндірме сөздігі . – Алматы, 2014. 

– 654 б.).

Бұл сөз туыстас түркі тілдерінде 

жоғарыда көрсетілген қазақтың əдеби 

тіліндегі  мағыналарымен  бірдей, 

алайда  кейбір  тілдерде  дыбыста-

луы  жағынан  ерекшеленіп  келеді. 

Мəселен,  татар  тілінде – фаш: 

фаш  булу,  фаш  иту / фаш  кылу

əзербайжан тілінде – faş: faş etmək, 



faş olmaq; түркімен тілінде – паш 

[па:ш]; түрік тілінде – faş: fȃşetmek 



/ fȃşeylemek, fȃşolmak  (Толковый 

словарь  татарского  языка.  В  трех 

томах. – Татар теленең аңлатмалы 

сүзлеге. Өч томда. – ІІІ Т-Һ. – Казань: 

Татарское  книжное  издательство, 

1981. – С. 339.; Словарь туркменско-

го языка. – Ашхабат,1962. – С. 523; 

Misalli Büyük Türkçe Sözlük. Haz.: 

İlhan Ayverdi. – Kubbealtı, 2010. – 1411 

sayfa. – S. 371.).

бірі – Египет пирамидасымен ғана қатар 

қоюға пара-пар. 

Тілдік тұрғыда шаңырақ сөзі – шаң 

жəне қарақ түбірлерінен біріккен туынды 

сөз. Көне түркі сөздігі бойынша шаң  түбірі 

– «таң шапағын», ал қарақ түбірі  – «көз, 

қарашық»  дегенді  білдіреді.  Сонымен, 

көне түркі тілдеріндегі шаң – қазіргі «таң 

ату», «таң қылаң берді» тəрізді тіркестерде 

кездесетін таң сөзімен мағыналас түбір. 

Яғни шаң түбірі мен таң түбірін біртектес 

деп тануға болады. Сондай-ақ жарық, күн 

тəрізді мағыналық реңк беретін таң || шаң || 

шам ортақ түбірлерді айтып өтуге болады. 

Осылардың ішіндегі тілімізде шам сөзімен 

жиі кездесетін «шам жамырады» деген 

фразеологизміне  тоқталғымыз  келеді. 

Бұл тіркес қас қарайып, қараңғылық түсу 

мағынасын білдіргенімен, мұндағы негізгі 

уəж күннің ұясына қарай батуы болып тұр, 

яғни күн сəулесі шашырап, өзінің ұясына 

қашып бара жатқан бейнені елестетеді. 

Ал көне тілімізде сақталып қалған қарақ 

түбірі ұрыны қарақшы қарақтапты тұрақты 

тіркесінен «аңду, қарауылдау» мағынасын 

аңғартып,  қазіргі  тілімізде  қырағы  қия 

жазбас (мағынасы – «өте сақ»), қырағы 

көз  (мағынасы – «байқағыш,  көргіш») 

сияқты идиомалық тіркестерден «өткір 

көзді»  түсіндіретін  қырағы  сөзімен 

төркіндес деп тұжырымдаймыз. Қарақ || 

қырағы түбірлері көру, байқау мағынасын 

үстейтін біртектес түбір. Сөзімізді акаде-

мик Əбдуəли Қайдардың этимологиялық 

талдауымен тұжырымдар болсақ, ғалым 

шаңырақ сөзінің түбірі шаң сөзі деп, сөзбе-

сөз мағынасы «жарыққа қарау» екенін айта 

келіп,  оны  мынадай  бөліктерге  бөледі: 

шаңырақ < шаң + (қ) ар + ақ (Қайдар, 272 

б.). Сонымен, таңертең түндік ашылған 

соң, үй ішіндегілер шаңырақ арқылы ең 

бірінші жарық дүниенің нұры шашылған 

күн сəулесін көруіне байланысты «таңды 

көру»  немесе  «таң  шапағына  қарау» 

мағынасындағы екі сөздің (таң жəне қарау) 

бірігуінен шаңырақ сөзі осылай жасалса 

керек.

Шаңырақ ұғымының ұлтымызға тəн 

дүниетаным, наным-сенім, салт-дəстүр 

секілді  мəдени  факторлардағы  алатын 

орны ерекше. Өйткені тілімізде «шаңырақ» 

лексемасына қатысты лексикологиялық, 

фразеологиялық,  паремиологиялық 

бірліктер мен прецедентті мəтіндер киіз 

үйдің  басқа  құрылымдық  бөліктеріне 

қарағанда көп кездеседі. 

Сөздіктерде берілген анықтамаларға 

сүйене отырып, шаңырақ сөзінің негізгі 

мағынасы ретінде «туған үй», «отбасы», 

«Отан»  мағыналарын,  ал  түр-тұлғалық 

белгісі  ретінде  «киіз  үйдің  ағашы», 

«үйдің жоғарғы бөлшегі» мағыналарын 

қарастыруымызға болады.



Алтын  шаңырақ – туған  жер, 

Отан мағынасын үстейді. Мəселен, Са-



малда  самғап  жамырап,  Шабыңдар, 

к ə н е   б а ғ л а н д а р .   А қ   б ес і к ,   а л т ы н 

шаңырақ, Өзіңде жүрсек не арман бар 

(Ғ.Қайырбеков). 



Қара шаңырақ. Қазақ тілінде қара 

шаңырақ  –  атадан  балаға  мирас  болып 

қалған үлкен үй. Дəстүр бойынша, үйдің 

үлкен ұлдары өз еншілерін алып, бөлек 

отау тігеді де, кенже ұлы əке үйіне мұра 

болып  қалады.  Мысалы,  Үлкен  ұлдың 

сыбағасына  еншіге  қоса  көш  бастау 

тиетін, кіші ұлға қара шаңырақ тиетін, 

ортаншылары малдан ғана енші алатын 

(С.Мұқанов).  Қазақ  халқы  оны  «қара 

шаңырақ иесі» деп атайды. Құнанбай өз 

басы  бір  шешеден  жалғыз,  бəйбішенің 

жалғызы.  Қара  шаңырақ  иесі.  Қалың 

дəулер мен əмір, билік иесі (М.Əуезов).

Белгілі түрколог А.Н.Кононов: «Кейбір 

тұрақты тіркестердегі қара сөзі бірқатар 

қосымша мағына береді» деп қара сөзінің 

7 қосымша мағынасын көрсеткен. Олар: 

1) үл кен, ірі, көп: қара мал, қара орман; 2) 

бас  ты, ұлы, құдіретті, қуатты: қара теңіз 

«ұлы теңіз»; 3) күшті: қара жел «күшті 

жел», моңғ.: хара бороо (күшті жаңбыр); 

4) таза: қырғ. қара шамал «жауын-шашын-

сыз жел» (таза); қара суық; 5) құрлық, жер: 

қара құм; 6) солтүстік, аспанның солтүстік 

жағы:  қарақытай  (Қытай  халқы  Тянь-

Шань тауының солтүстік жағында орна-

ласқандықтан солай аталады); 7) мал, көп-

шілік: ірі қара мал «сиыр» (Кононов, 160 б.).

Жоғарыдағы қара сөзінің көрсетілген 

бірінші «үлкен» мағыналық реңкі қара 

шаңырақ тіркесінің мағынасын ашады. 

Қара шаңырақ, яғни «үлкен шаңырақ», 

«үлкен  үй»  дегенді  білдіреді.  Үлкен  үй 

деп – атадан  балаға  мирас  болып  келе 

жатқан үйді айтады. Əдетте, əрбір ата-ана 

балаларының біреуін (көбінесе, кіші ұлын) 

«Өскенде қарашаңырақ иесі сен боласың» 

деп бала күнінен құлағына құйып өсіреді. 

Бұл – қазақ халқының ертеден келе жатқан 

əдет-ғұрпы. 

Қазіргі  таңда  қарашаңырақ  тіркесі 

халқымыздың дəстүрін көрсететін тұрмыс-

салттық жағдайда ғана емес, қоғамның 

басқа  да  салаларында  қолданылып, 

дəстүрлі  жалғастықпен  келе  жатқан 

мирас тық  ұғымын  білдіреді.  Мəселен, 

тіл  білімінің  қарашаңырағы  деген 

тіркестен тіл ғылы мында жоғары білім 

мен біліктілікті сақтап, оны келер ұрпаққа 

мирас етіп қалдырып отырған киелі орын 

екенін түсінеміз. 

Шаңырақ көтеру – өз алдына үй болу, 

үй лену деген мағынаны білдіретін тұрақ-

ты  тіркес.  Көп  ұзамай  Мариямға  үйле-

ніп, шаңырақ көтерді («Мəдениет жəне 

тұрмыс»). 



Шаңырағың биік болсын! – екі жас 

үйленіп,  отбасын  құрғанда  айтылатын 

тілек  сөз.  Бұл  тілектің  мағынасы – екі 

жасқа дəулетті өмір тілеу. Сонау заманда 

көп қанатты, биік шаңырақты киіз үйді 

дəулеті  бар  байлар  ғана  тіккен. 14-30 

қанатты үйлердің əлбетте, шаңырағы биік 

болып тігіледі. Ондай көп қанатты үйлердің 

шаңырағын аттылы адам көтеретін болған. 

Мұндай  үйді  қазақ  күнделікті  күйбің 

тіршілікте  тікпеген.  Үлкен  тойларда, 

көпшілік  болатын  жиындарда  тігілген. 

Онда ет асылып, қымыз сапырылып, асқа 

толы дастарқан жайылып жатады. Міне, 

«шаңырағың  биік  болсын»  деген  тілек 

арқылы дана қазақ екі жасқа байлықты, 

молшылықты тілеген.

Шаңырағы бөлек сөз тіркесі «ата-

анасынан, бауырларынан бөлек жеке үй» 

дегенді білдіреді. 

Шаңыраққа қара – мына отырған 

өз үйің емес, əдеп сақта деген мағынаны 

аңғартады.  Осындай  тілдік  оралым 

арқылы үлкенді-кішіге қай жерде болма-

сын тəрбиелікті, əдептілікті сақтауын на-

сихаттайды. Мысалы, – Кім берген саған 



ол ерікті? Шаңыраққа қара (3.Шашкин). 

Осы  тұрақты  тіркестерден  көріп 

отырғанымыздай, шаңырақ – отбасының 

беріктігі,  дəстүр  көрсеткіші,  ұрпақ 

жалғастығы болып табылатын киіз үйдің 

ең қасиетті бөлігі. Шаңыраққа қатысты 

тілдік  бірліктердің  көбісі  отбасының 

тыныштығына, дəулеттілігіне байланысты 

болумен қатар, үйінің күйзелісіне де бай-

ланысты  қалыптасқан.



Шаңырағына ат ойнату || шаңыра-

ғыңа қобыз ойнату (тарту) || Шаңы-

рағына  шоқ  орнату  –  үйінің  астан-

кестенін шығару, ілек салып, ойран-то-

палай  ету  деген  мағынаны  үстеп  тұр. 

Мысалы,  Ескі  заман  болса,  бұл  хабар 



жетісімен-ақ, қайын жұртың сойылын 

сүйретіп қалың қолмен келіп қалар еді 

де, дүмді неме шаңырағыңа қобыз ойна-

тып зықыңды шығарар еді (С.Мұқанов). 

Тартылып жібек белдеу, шым зерлеген, 

Ақ  киіз  оймышталған  күн  көрмеген, 

Алтындап шаңырағына шоқ орнатып

Шеңбері  шымқай  күміс  күмбезденген 

(Н.Ахметбеков).



Шаңырағы ортасына түсу // шаңы-

рағы  құлау  –  отауы  бұзылу,  отбасы-

ның  берекесі  кету,  татулығы  жойылу 

деген мағынада. Мысалы, Үйіңе жетпей 

жұлының үзілсін! Шаңырағың ортасына 

түсіп, бала-шағаң тентіреп кетсін,  деп 

қарғап-сілеп келеді (Ғ.Мұстафин). Қанша 

үйдің шаңырағы құлады. Қанша тірлік 

өшті (Ə.Нұрпейісов). 

Шаңырағы шайқалу. 1. Отбасының 

бақытсыздыққа ұшырауы; 2. ауыс. Жалпы 

мəселеде берекесі кету. Мысалы, Біздің 

шаңырағы шайқалған туған тіліміздің 

тағдырын өзге біреулер түзеп бере ал-

майды. («Жас Алаш»). Қазіргі тілдік ұжым 

«шаңырағың шайқалмасын» бата-тілегінің 

формасы мен қолданыс аясын біршама 

өзгерткен. Нақтырақ айтқанда, шаңырағы 



шайқалмау  тіркесін  «ауызбіршілік», 

«тыныштық»  ұғымдарымен,  керісін-

ше, шаңырағы шайқалу тіркесін «ымы-

расыздық», «бейберекетсіздік»  ұғым-

дарымен алмастырып қолдануда. Оған 

мысал  ретінде  төмендегі  үзінділерді 

келтіруге болады.

А л   ж ү з д е г е н   ж ы л д а р   б о й ы н -

да  шаңырағы шайқалмаған, керегесі 

қозғалмаған,  тəуелсіздік  туын  қолдан 

шығармаған Түркия түріктерімен тығыз 

байланыста жан-жақты жақсартудың 

жалпы түрік бірлігі үшін маңыздылығын 

естен  шығаруға  болмайды («Қазақ 

əдебиеті» газеті).



Даланың дал-дұл болып омырауы, 

Ел босып боз інгендей аңырады. 

Ақтабан шұбырынды Алқакөлде 

Шайқалды қазақ ата шаңырағы... 

(С.Мəуленов).



Қара  шаңырақт ан   қан  жау-

дыру  «əлегін  аспаннан  шығару,  екі 

аяғын бір етікке тығу» деген мағынада 

қолданылады.  Мысалы,  Бұл  қылығы 

құлағына тисе, қара шаңырақтан қан 

жаудырады ол (Б.Нұржекеев).

Шаңырақ тура мағынасында əде би 

нор маға сай болса, ауыспалы ма ғы   на-

сында  түр-сипатына  қарай  «үлкен», 

«даңғарадай», «дөңгелек», «шең бер» 

сияқты  қарапайым  сөздердің  мағы-

насымен  ауысып  қолда ны лады.  Бұл 

шаңырақтың  киіз  үйдегі  үлкен  əрі 

дөңгелек пішінді белгісіне қарай туын-

даған  мағына  екені  белгілі.  Ол  мы-

надай  туынды  сөзден,  сөз  тіркесінен 

байқалады. 



Шаңырақтай – шаңырақ  секілді 

үлкен. Мысалы, Ен даланы қаптаған 



шаңырақтай-шаңырақтай кеурек пен 

жусанның ашқылтым исі қатты жел-

мен күшейе түскендей (Д.Исабеков).

Шаңырақтану  –  шаңырақтың 

форма сына сəйкес əрбір заттың домалақ-

тануымен байланысты айтылады. Мыса-

лы, Шаңы рақ тана бастаған жасқыл-



тым мүйіздер ауаны осқылап, қайыңның 

безіндей  қатып-сенген  маңдайлар 

соғылысқанда жарқ етіп от шыққандай 

болады (О.Бөкеев). 

Шаңырақ  салар  –  түйені  (кей-

де  жалпы  көлік  күшін)  сипаттайтын 

атау.  Бұл  тіркес  көшіп-қону  заманы-

нан  қалыптасса  керек.  Қазақ  халқы 

жайлаудан  көшер  алдында  киіз  үйді 

жығып,  түйенің  жотасына  қомды  ар-

тып,  оның  үстіне  шаңырақты  салып 

көшетін  болған.  Көшіп-қону  кезінде 

шаңырақты ат немесе басқа да мал үстіне 

емес,  оны  тек  түйеге  салып  артатын 

болғандықтан, шаңырақ салар тіркесі 

түйе сөзінің орнына қолданылып жүр 

деп тұжырымдаймыз.



Оты  өшкен  үйдің  шаңырағына 

байғыз  саңғиды.  1.  Қазақ  халқы  киіз 

үйдегі тіршіліктің жайын ошақтағы от-

пен  байланыстырады.  Халқымыздың 

дəстүрлі сенімі бойынша от түрлі сипат-

та келеді. Мəселен, екі көзден от жанған 

(яғни өжет, өткір мінезді адамға байла-

нысты айтылады), жүрегінің [көзінің] 

оты бар (жігерлі, қайратты адам туралы 

айтылады), көзінен от шашты немесе 



көзінен  от  жарқ  етті  (ашу-ызамен 

қаһарлана қараған адамның кейпі) тəрізді 

т.б. тіркестер оттың агрессиялық сипа-

тын  білдірсе,  оты  жанбау  (ісі  ілгері 

баспаған немесе үйленбеген кісі тура-

лы), оты өшу (үйдің иесіз қалуы) секілді 

тіркестерде утопиялық сипат танылады. 

Сол себептен, Түндігінен түтін шыққан 



үй – тіршілігі бар үй дегенді білдірсе, 

Қазақ  халқының  дəстүрлі  ұғымында 

байғыздың  шақыруы  жаман  ырымға 

баланып,  бұл  құсқа  қатысты  əртүрлі 

аңыздар  қалыптасқан. 2.  ауыс.  Күш-

қуаты  кеткен,  ертеңгі  күніне  сенімі 

жоқ елге кім көрінген келіп, білгенін 

істейді, мазақ етеді (Қайдар Ə.Т. Халық 

даналығы  (қазақ  мақал-мəтелдерінің 

түсіндірме сөздігі жəне зерттеу). – Алма-

ты: Тоғанай Т, 2004. – 560 бет.).

Шаңырақ 


Шаңырақ 

Қазақ халқының көшпенді өмір 

салтында баспана рөлін атқарған 

киіз үй туралы көптеген зерттеулер 

жарық көргені белгілі. Киіз үйдің 

құрылымы, оның көшпелі өмір салты-

на ыңғайлылығы және т.б. қасиеттері 

туралы көптеген мағлұмттар бұл үйдің 

өзіндік ерекшелігін, маңыздылығын 

айшықтай түседі. Осы орайда киіз үйдің 

негізгі бөлігінің бірі – шаңырақ туралы 

не білеміз? Шаңырақ сөзінің мән-

мағынасы, оған қатысты атаулар мен 

ұғымдарды жеке қарастырып көрсек. 

Шаңырақ, Отан лексикондарының о бастағы мағыналары халқымыздың өте ежелгі 

діни-мифтік наным-сенімі мен космологиялық-философиялық таным-түсінігінен 

тілімізде қалып тасқан өзара синоним сөздер. Ұлттық рәміздік нышандарымыздың 

жүйесі бөлек тілдерге сіңісіп кетуін Еуразия кеңістігіндегі іргелі мемлекетіміздің бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет