ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
www.45minut.kz
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ»
АҚПАРАТТЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАР
ТОПТАМА
Алматы, 2016
УДК 37.0.11
ББК 74.00
Б 94
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» ақпараттық қорытынды
семинар. ТОПТАМА /Редактор І.Б. Нағиев., – Алматы, 2016.
– 120 б.
ISBN 978-601-7799-97-7
Көпшілікке қызмет етуші ұжымдар бір жылдық қызметтің
қорытындысын жасайды. Жылдық қорытындыда белгілі мерзімде үздік
болып танылған қызметкерлерді марапаттау жүргізіледі. Бұл марапаттау
ұжым мен көпшіліктің ризашылығынан туындаған алғыс білдірудің
нышаны және қызметкердің кәсіби шеберлігіне тәнті болудың белгісі. Әрине
көпшілік марапатына ие болу мен сол марапатқа лайық деп танылудың өзі
қызметкер үшін ерекше шабыт сыйлайды. Атқарылған қызметінің рухани
бағасын сезініп, кәсіби деңгейін биіктетеді.
Әрбір мекеменің өз дәрежесі мен қызмет саласына сай марапаттау
жүргізуі өмірлік талап. Сондықтан, Республикалық 45minut.kz, bilimnur.
kz басылымдары ұстаздарға қызмет ететін редакция және ұстаздарды БАҚ
бағытындағы шығармашылық еңбектерін бағалай алады. Ұстаздардың
кәсіби және ұстаздық қызметін бағалау ҚР БҒМ және білім бөлімдерінің
еншісінде.
Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдері редакция ұжымы үшін
жылдық қорытынды жасау мерзімі болып жоспарға енгізілді. Бұйыртса,
алдағы уақытта тұрақты түрде осы уақыттарда өткізіліп тұратын болады.
УДК 37.0
ББК 74.00
ISBN 978-601-7799-97-7
© Нагиев И.Б., 2016
Б 94
АЛҒЫ СӨЗ
Көпшілікке қызмет етуші ұжымдар бір жылдық қызметтің
қорытындысын жасайды. Жылдық қорытындыда белгілі мерзімде үздік
болып танылған қызметкерлерді марапаттау жүргізіледі. Бұл марапаттау
ұжым мен көпшіліктің ризашылығынан туындаған алғыс білдірудің
нышаны және қызметкердің кәсіби шеберлігіне тәнті болудың белгісі. Әрине
көпшілік марапатына ие болу мен сол марапатқа лайық деп танылудың өзі
қызметкер үшін ерекше шабыт сыйлайды. Атқарылған қызметінің рухани
бағасын сезініп, кәсіби деңгейін биіктетеді.
Әрбір мекеменің өз дәрежесі мен қызмет саласына сай марапаттау
жүргізуі өмірлік талап. Сондықтан, Республикалық 45minut.kz, bilimnur.
kz басылымдары ұстаздарға қызмет ететін редакция және ұстаздарды БАҚ
бағытындағы шығармашылық еңбектерін бағалай алады. Ұстаздардың
кәсіби және ұстаздық қызметін бағалау ҚР БҒМ және білім бөлімдерінің
еншісінде.
Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдері редакция ұжымы үшін
жылдық қорытынды жасау мерзімі болып жоспарға енгізілді. Бұйыртса,
алдағы уақытта тұрақты түрде осы уақыттарда өткізіліп тұратын болады.
Ұстаздар басылымында қызмет еткен соң әрқашан ұстаздар үшін
қандай пайдалы қызмет жасай аламыз деп үнемі ізденісте боламын.
Адам күнделікті күйбең тіршіліктен бір уақыт босап, бір-екі күн болса
да өзіндік өмір есебін жасаса, әрі сол кезде рухани мекендерде болса өмірі
берекелі болады.
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» ақпараттық қорытынды семинары
ұстаздар үшін рухани мекендерде өткізу жоспарлануда. Арыстанбаб,
Қожахмет Яссауи, Үккаша ата мекендеріне танымдық сапары болады.
“Арыстанбабта түнеп, Яссауиді зиярат ет” деп бабаларымыз айтқан жолмен
жүріп өтіп ұстаздар үшін қызметімізді жалғастырамыз.
Қорытынды семинарда ұстаздар үшін “Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз”
төсбелгісі әзірленді. Төсбелгі алатын ұстаздарды білім бөлімдері, білім
мекемесі басшылары және ұстаздар ұжымы ұсынып лайықты деп таныды.
Біз де редакция атынан төсбелгілерді әзірлетіп, лайықты ұстаздарды
марапаттаймыз.
Осы топтама жинақта төсбелгі алған ұстаздар туралы ақпараттар
жазылды. Төсбелгіге лайық деп танылған ұстаздарға шығармашылық табыс
тілеймін.
Құрметпен:
Республикалық 45minut.kz басылымы
Редактор: І. Б. Нағиев
ҰСТАЗДАР ӘНІ
Республикалық 45minut.kz Ұстаздар басылымы ұсынысымен,
ұстаздарға арналған «Ұстаздар әні» жазылды. Әннің музыкасы мен
мәтіні ұстаздарға арналған құрмет пен сүйіспеншілікті білдіретін
әуен деп сеніммен айта аламыз. «Ұстаздар әні» іс-шараларда және
мерекелік бағдарламаларда әуендейді.
Республикалық 45minut.kz оқырмандарына қолдануға рұқсат
етіледі.
Ән авторларына барша ұстаздар атынан алғыс білдіре отырып,
шығармашылық табыс тілейміз.
Cөзін жазған: Темірхан Әбдіков
Әнін жазған: Жомарт Сейтбеков
Ұстаздармыз ұрпақ қамын ойлаған,
Ұлт мерейін артық көрген пайдадан.
Бар білгенін шәкірттерге үйретіп,
Баулап-баптап, намыстарын қайраған.
Қайырмасы:
Ұстаздармыз — жанын ұққан адамның,
Ұстаздар біз — айнасымыз заманның.
Кеуделерде арман отын маздатқан,
Ұстаздармыз — қамқоршысы қоғамның.
Ұстаздармыз ақ жүректі, ұлықпыз,
Ибалымыз, имандымыз, тұнықпыз.
Әр күніміз өткен емес қызықсыз,
Ел баласын қастерлеген халықпыз.
Ізденеміз, үйретеміз, сұраймыз,
Ән саламыз, ақын боп сөз құраймыз.
Ұстаздармыз шәкірттермен бақытты,
Мәңгілік ел тыныштығын қалаймыз.
“Шығармашыл,
тәжірибелі ұстаз”
төсбелгісімен
марапатталған
ұстаздар
6
СЕЙТБЕКОВ ЖОМАРТ ЖАНДАРҰЛЫ
1965 жылы 14 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында
ұстаздар отбасында дүниеге келген. Жастайынан әнге әуес, күйге құмар болып
өседі. Жамбыл Жабаев атындағы жалпы орта мектебінде оқып, білім алған.
Мектептен соң Жетісай мәдени – ағарту училищесін бітірген. Мамандығы
бойынша: Халық–аспаптар оркестрінің жетекшісі. Қазақстанға танымал
композитор, оңтүстік өңірінде күй мектебін қалыптастырған Бөрі Исаевтің
шәкірті. Музыкалық аспаптарда: домбыра, баян, фортепиано, гитара мен
ұрмалы аспаптарда ойнауды жетік меңгерген. 1988 жылы Ордабасы ауданында
ауылдық клубта вокалды аспаптар ансамбльін құрып, оның көркемдік
жетекшісі болды. Вокалды аспаптар ансамблі «Думан» деп аталды.
Шымкент халықаралық гуманитарлы–техникалық университетін
бітірген. Мамандығы бойынша Педагог-Психолог және Бакалавр
академиялық дәрежесін алып шыққан. Алғашқы еңбек жолын мектепте
ұстаздық етуден бастады. Білім және мәдениет саласында өз мамандығы
бойынша жұмыс істеп, жемісті еңбек етті. Шығармашылық жұмыстармен
айналысты. Ең алғашқы әні: «Достар туралы — ән» сөзі мен әнін өзі
жазған. Бұл ән 1991- жылы Түркістан қаласында жазылған. Содан бері
әртүрлі тақырыпта, көптеген әндер дүниеге келді.Атаулы мереке күндеріне
арналған «Ұстаздарым», «Желтоқсан -әні», «Тәуелсіздік таңы», «Жаңа –
жыл» «Наурыз –көктем» , «Асыл –ана» , «Арыс вальсі» сияқты әндер
дүниеге келді. Аудандық байқауларға арнайы жазылған әндері: «Арыс
аруы» «Жігіт сұлтаны», «Ауылым», «Мерей той». Облыстық «Ақ
көгершін» атты әскери патриоттық әндер конкурсына арнайы жазылған
әндері: «Ауғанстан», «Сарбаздар». Облыстық «Құлагер» фестивальіне
арнап жазған әні «Құлагерім», «Ақбақай» атты әндер. Бір қатар
әндері достық пен махаббат, сән мен салтанат, қуаныш пен қайғы,
Отан, еңбек, ата – ана, туыс – бауыр, табиғат, ел, жер – су тақырыбын
қамтиды. «Шәмшіні аңсау», «Көңіл назы», «Қобызшы қыз», «Забира
қыз» атты күйлері мен әндері оркестрлер мен топтардың репертуарында
аудан, облыс, республика сахналарында орындалып жүр .Т.Тәжібаев
атындағы балалар үйінің әнұраны «Алтын шаңырақ», 44859 Әскери
бөлімінің әнұраны «Арсеналшылар маршы», Өнер мектебінің
әнұраны«Өнер ордасы», Ауған соғыс ардагерлерінің әнұраны «Ауғанстан
маршы», спортық-сауықтыру ойынының әнұраны «Шарболат», Семей
полигоны ардагерлерінің әнұраны «Семей қасіреті», Жастар
орталығының әнұраны«Арыс жастарының әні», Ұстаздар қауымының
әнұраны «Ұстаздар әні», Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әнұраны
«Атамекен» Облыстағы аудан, қалалардың мәдениет күндері іс-шарасының
әнұраны «Мәдениетім-мерейім» атты әнұрандардың авторы.«Қыз
7
ұзату» «Анашым қартаймашы», «Туылған күн», «Бетховен» атты
әндеріне клип түсірілген. Жомарт Сейтбековтің әр кезеңдерде қалам тартқан
түрлі тақырыптағы туындылары мен мақалалары, әндері мен күйлері
республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда бірнеше жылдардан
бері жарияланып келеді.
Республикалық «Жаңа білім-жаңа ғасыр» атты ұстаздар шығармашылығы
топтамасына «Құт қонған шаңырақ», «Кемел шақ», «Көңіл күмбезі»,
«Ұстаздар үні», «Қос үміт» «Қоңырағыс», «Сезім сардары», «Роза»,
«Оңтүстіктің 100 күйі», «Жеңістің 65 жылдығына — 65 ән», «Ұлы
жеңістің 70 жылдығына-70 ән» «Біз білетін Зиядин»,«Ауғанстанда от
кешкен Арыстықтар» кітаптарына, «Өмірін өлеңмен өрнектеген» «Туған
жермен тағдыры тамырлас», «Арысым әнім», атты кітапшаларына,
республикалық, облыстық, аудандық баспасөз беттеріне «Айбергенов
әлемі» журналына «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары», «Оңтүстік
Қазақстан», «Южный Казакстан» «Егемен Қазақстан» газеттеріне 80-ге
жуық әндері мен күйлері, еңбектері енген.
Жомарт Сейітбеков 1991 жылдан бері өзінің туған жері Арыс
қаласында «Балалар саз мектебінде» ұстаз болып жұмыс істеп, жемісті
еңбек етіп келеді. Мектеп тарихында 1993 жылы тұңғыш рет Халық
аспаптар оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі болды. Саз мектебі
ұстаздары мен оқушыларынан құралған оркестр “Арыс сазы”деп аталады.
Оркестрдің репертуары жылдан жылға молайып, халық әндері мен күйлерін,
отандық және шетел композиторларының әлемдік деңгейдегі музыкалық
шығармаларын сахнаға шығарды. Ж.Сейтбековтің бастамасымен өнер
мектебінде 2009 жылы «Вокал бөлімі» ашылып, кәсіби музыка манмандары
жұмысқа қабылданды. 2010 жылы «Әуен» дыбыс жазу студиясы ашылып
халыққа қызмет көрсете бастады. Сол уақыттан бері жыл бойы өткізіліп
келе жатқан аудандық іс-шараларға облыстық, респбликалық, халықаралық
конкурстарға түгел қатысып, өнер көрсетіп, қаламыздың мәдениетін
көтеруге, өнерін дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Жомарт Сейітбеков қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс қалалық Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебі МКҚК —
ның директоры. Музыка маманы, Жоғарғы санатты ұстаз, белгілі
композитор. Әр түрлі тақырыпта жазылған 100-ден аса әндер мен
күйлердің авторы. Садықбек Адамбеков атындағы әдебиет және өнер
бірлестігінің мүшесі, Нұр Отан ХДП -ның мүшесі, бастауыш партия
ұйымының төрағасы. Арыс ауданы бойынша ата-аналар коммитетінің
төрағасы. Аудандық ұстаздардың тамыз маслихатында музыка, ән-күй
пәндері бойынша секция жетекшісі.
Аудандық іс-шараларды ұйымдастыру комиссиясының мүшесі,
аудандық өнер байқауларының тұрақты әділқазылар алқасының
мүшесі және төрағасы. Жомарт Сейтбековтің тікелей басшылығымен
8
мектептер арасында, аудан көлемінде жарыстар, конкурстар, байқаулар
өткізіліп отырады. Арыс қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен
2008 жылы «Біз естімеген әндер» атты авторлық ән-кеші өткізілді. Арыс
қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2009 жылы Арыс қаласының
мәдениет сарайында «Ән арнаймын жүрегімнен» атты авторлық,
шығармашылық кеші өткізілді. 2010 жылы «Ән арнаймын жүрегімен»
атты ән жинақ кітабы жарыққа шықты. 2013 жылы Облыстық білім
басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Шәмші
Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Көңіл назы» атты
авторлық, шығармашылық ән-күй кеші өткізілді.
Жомарт Сейітбеков 2009 жылы аудандық “Туған жер –
жыр әнім” атты жергілікті композиторлар арасында өткізілген
байқаудың «Бас жүлде» иегері. 2010 жылы Арыс ауданы бойынша
«Жылдың үздік композиторы» атанды. Аудандық «Үздік білім
беру
менеджері»-2011
байқауында
«Шығармашыл
басшы
менеджері»номинациясымен
марапатталды.
Аудандық
«Қос
жүректің
лүпілі»
атты
отбасылар
сайысының
жеңімпазы. 2009жылғы облыстық “Өмірімді өнерге бейімдеймін”, 2011
жылғы облыстық «Бірлігіміз жарасқан», 2012 жылғы облыстық «Өнер
құдіреті мәңгілік», 2013 жылы облыстық «Тарихқа толы, мәдени
өлке — Оңтүстік», 2015 жылыоблыстық «Ерлік даңқы мәңгілік» атты
өнер фестивальдерінің лауреаты, 22.11.2013 жылы «Ән тербеген
Сарыағаш» атты облыстық композиторлар байқауының ІІ-орын
иегері. 2008 жылы республикалық “Елім менің”атты патриоттық әндер
конкурсының дипломанты. 2012 жылы «Таңшолпан» ақпаратты-
сазды бағдарламасының Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырған
Республикалық
«Астана-Арман»
атты
Елордаға
арналған
композиторлардың ән-жыр байқауының дипломанты. «Қазақстан»
РТРК Алматы қаласындағы филиалының «Қазақстан» ҰТА директоры
Марат Сандықбайдың дипломымен марапатталған. Республикалық
Т.Айбергеновтың 75-жылдығына арналған «Бір тойым бар» атты
Қазақстандық композиторлар байқауының ІІ-орын иегері.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мәдинетін көтеруге, өнерін
дамытуға ат салысу. Халқымыздың рухани байлығы , асыл мұрасы,
таусылмас қазынасы өнерді, оның ішінде ән жанырын дамытып, жаңартуға,
отандық музыкалық шығармалардың репертуарын молайтуға өз үлесін
қосып, жас ұрпақты Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
* * * * *
9
ТЕМІРХАН ҚЫСТАУБАЙҰЛЫ ӘБДІКОВ
1 9 5 7 ж ы л ы 2 0 қ ы р к ү й е к т е Қ ы з ы л о р д а о бл ы с ы , А р а л
ауданының «Райым» колхозында туған. Шымкент педагогикалық
институтының «көркем сурет және графика» факультетін 1985
жылы бітірген.Мамандығы – мұғалім. Қазақстан оқу ісінің үздігі.
Мектеп қабырғасынан өлең жазған. «Мерейлі мекен» , «Жыр додасы»
ұжымдық жинақтарға өлендері енген. «Сырдың ерке самалы» (19998) ,
«Шағала дауыс» (2000) жар жинақтарының авторы. « Алаштың Алатау
батыры», « Аталардың ақ жолы» ,» Сөз жәннаты -өсиет» ,»Егіз арна», «
Қазыналы Оңтүстік» көп томдықтарының 10-13 томдарында шығармалары
басылды.
Қазақстан Республикасы оқу ісі үздігі.Қосымша білім беру жүйесіндегі
танымал 100 есім» атты республикалық интернет -байқаудың жүлдегері. 2008
жылы өткен 5-ші « Елім менің « атты патриоттық әндер байқауының лауреаты.
Арыс қаласында Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінде директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
* * * * *
УТЕБАЕВА НЕСИПКУЛ МЕЙМАНХАНҚЫЗЫ
Туған жылы, айы, күні: 11.04.1961ж.
Білімі: жоғары, бітірген оқу орны: ТПУ, Көкшетау университеті
ЖББ№0157376
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Санаты: Жоғары Педагогикалық еңбек өтілі: 33жыл
Жұмыс орны: Түркістан қаласы, Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия
(1993ж.бастап)
Марапатталуы: Қала Әкімінің, Облыстық білім департаменті, қалалық
білім бөлімінің,“Ұстаз”газ., ”НұрОтан”ХДП-ның, Тілдерді дамыту
бөлімінің, №9мектеп-гимназияның бірнеше дүркін Мақтау грамоталары
мен Алғыс хаттары.
Жетістіктері:
1995 жылы Облыстық педагогикалық фестивалінің 1- орын иегері;
2003ж. Аудандық тұңғыш пәндік олимпиаданың І-орын жүлдегері;
2003 жылы Облыстық ең тұңғыш пәндік олимпиадада 3- орын алған;
2005ж. Облыстық семинарда жеке шығармашылығын көрсеткен;
2007ж.“Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту”.Шымкент
2007 Әдістемелік көмекші құралы жарық көрді;
2007ж. Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде іс-тәжірибесі тарқатылды;
2008ж. Қалалық шығармалар бәйгесінің І-орын иегері;
2010ж.“Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары”
Шымкент-Москва 2010. статьясы 300-304-бетте; (халықаралық
10
конференцияда баяндамасы тыңдалып, жинаққа енген)
2010ж. “Ұстаз”газетінің штаттан тыс тілшісі;
2013ж. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі;
2014ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
“Ы. Алтынсарин”атындағы төсбелгісі.
Шәкірттері: Ақерке Тәжібаева – Елбасының арнайы грант иегері,
Қазақстан Республикасына танымал қобызшы, Құрманғазы атындағы
консервоторияның оқытушысы, Алматы қаласындағы Туристік басқарманың
бас маманы, Ерлан Мүлкібаев – тұңғыш ҰБТ бойынша «Алтын белгі»
иегері, жоғарғы оқу орнын да қызыл дипломмен бітіріп, бүгінде ҚР-да
байланыс саласында лауазымды қызмет етеді, Қанат Төлекбаев – ҚР-ның
“Болашақ” бағдарламасымен АҚШ-та оқып, бүгінгі таңда Сочи қаласында
қызмет етеді. Раушан Қамбар – Туркияда жоғары оқу орнын бітіріп, Астана
қаласында жоғары лауазымды қызметте.т.б.
Жеке қасиеттері: Ұқыпты, жауапты, ақкөңіл, өрлеу перспективасы ашық,
қоғамдық мінберлерде еркін сөйлейді, белсенді, адамдармен тез тіл табыса
алады.
Құштарлығы: Тілдер үйрену, компьютермен жұмыс жасау, іздену, кітап
оқу, басылымдарға мақала, өлең жазу, оқушыны тәрбиелеу, оқыту, саяхат
жасау т.б.
* * * * *
ГУРЛЕНБАЕВА ЖУМАБИКЕ РАЖАБОВНА
Жалпы ақпарат: Туған жылы, айы, күні: 1959 жылғы ,шілденің 1-і
Жұмыс тәжірибесі: 1982-2003 жылдар, Қарақалпақстан Республикасы,
мұғалім, 2003жылдан бастап Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кенті, жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі
Білімі:1) 1976-1977жылдары, Ташкент ФЗУ,
2)Жоғары,1977-1983 жылдары Ташкент Мемелекеттік Шет тілдер
педагогикалық институты, ағылшын тілі мұғалімі
Жеке қасиеттері: Жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет
Қосымша
ақпараттар:
мақалаларым,сабақтарым,оқушыларымның
жұмыстары артурлі сайттарда жарияланған,» Тоқырауын тынысы «Орталық
Қазақсатан» газеттеріне мақалаларым басылған,
1-санатты ағылшын тілі мұғалімі, Аудандық оқу бөліміннен берілген мақтау
қағаздарым, мектеп әкімшілігіннен бірілген мақтау-мадақтау қағаздарым,
Сарышаған кенті әкімшілігі берген мақтау қағазы.
Еңбек өтілі: 35 жыл
Құштарлығы: іздену, оқу,үйрену
* * * * *
11
ТЕМИРГАЛИЕВА ШЫНАР БАКТЫГЕРЕЕВНА
Туған күні: 02.04.1975
Білімі: 1. Орал педагогическалық колледжі 1993-1996 ж.ж
М.Өтемісов ат.Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2001-2007 ж.ж
Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі. Химия және биология пәнінің
мұғалімі
Жұмыс істеу тәжірибесі: 1995—2008 ж.ж – Казталовка ОЖББМ-де
бастауыш сынып мұғалімі сынып мұғалімі , 2008 ж. бері Казталов аудандық
білім беру бөлімінің әдіскері қызметінде.
Жалпы еңбек өтілі – 20 жыл. Санаты – жоғары.
Білім жетілдіруі: 2011 ж .- ББЖКБАРИ әдіскер ретінде, 2014 ж. – «Өрлеу»
АҚ БҚО филиалы институтында бастауыш сынып мұғалімі ретінде курстан
өтті.
Жетістігі: 2008 ж. – аудандық ББ Құрмет гр, 2014 ж.- аудан әкімінің Құрмет
гр, 2014 ж. – облыстық «Жыл әдіскері» байқауында – І орын, республикалық
кезеңде – «Ең жас әдіскер» номинациясы.
* * * * *
ШОҚАҚОВ ПЕРИЗАТ САРҚҰЛАҚҰЛЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№103 жалпы орта мектебінің директоры
1954 жылы 1 ақпан күні Шымкент облысы Отырар ауданы Отырар
бөлімшесінде өмірге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1961 жылы 1 сыныпқа қабылданып, 1971 жылы онжылдықты үздіктер
қатарында аяқтады. 1971 жылдан 1973 жылдар арасында түрлі жұмыста,
СПТУ-да оқып ауыл шаруашылығы мамандығы механизатор, шофер
мамандығын алған. 1973-1977 жылдар арасында Шымкент педагогикалық
мәдениет институтында оқып /Әл-Фараби/ өнер факультетін бітірген. 1977-
1983 жылдары музыка мектебінде,орта мектепте, педагогикалық училищеде
оқытушылық қызмет атқарған.
1983-1987 жылдары оқу бөлімінде методист-инспектор болып қызмет
жасаған. 1987-1999 жылдары С.Сейфуллин орта мектебі директоры. 1999-
2005 жылдары мектеп директорының орынбасары, аудандық мәдениет
бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.
2005-2010 жылдары мектеп директорының орынбасары, колледж
директорлық қызметін атқарған.
Шоқақов Перизат 2010 жылдан бастап жаңа салынған №103 жалпы орта
мектебінің басшысы болып қызмет атқарып келеді. Мектеп директорының
бастама көтеруімен мектепті жабдықтау, безендіру ісінде ауылдағы халыққа
12
еңбегі сіңген, білім саласында қызмет атқарған кісілердің есімдерін
кабинеттерге беру ісін қолға алды. Перизат Шоқақовтың ұйымдастыруымен
мектептің ішкі көрінісі халық педагогикасы түрлерімен толық жабдықталған.
Өзінің жан-жақты жоғары интеллектуалдығымен, ұйымдастыру қабілеті
және адамдармен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас жасаумен тек қана
мұғалімдер коллективі арасында емес, ауыл ақсақалдары, ардагерлер
алдында да үлкен беделге ие бола білді. Өзіне де және қарамағындағыларға
да қатаң талап қоюдың нәтижесінде мұғалімдер коллективінде татулық,
ұйымшылдық ахуал туғызып, рухани тәрбие жұмысын жоғары деңгейге
көтере білді. Ата-аналармен, соғыс, еңбек ардагерлерімен тығыз байланыс
жасап, мерзімді уақыттарда жиналыс өткізіп тұруды дәстүрге айналдыра
білді. Бұл істелген іс-шаралар мектеп өміріне айтарлықтай ықпалын
тигізуде. Оқушылар арасында тәртіп нығайып, сабақ үлгерімдері жақсаруда.
Мектепте домбыра, би, сурет, ағылшын тілі, шешендік өнер, спорттың
бірнеше түрлері-Дзю-до, самбо, бокс, Жеет-Куне-До қамтылған. Халықтың
рухани қажеттілігі өз мүмкіндіктері дәрежесінде өтіп тұрады. Жалпы
Перизат Шоқақов өзі өнер адамы болғандықтан мектепте мәдени іс-шаралар
көп өткізіледі. Әрбір мәдени іс-шараның өтілуіне, орындау шеберлігіне көп
көңіл бөледі. Әсіресе сахна мәдениетіне, қойылымға, мәнерлеп оқуына сын
көзбен қарай біледі.
Мектептегі қандай бір жетістік болмасын ол тек сол ұжымның
ынтымақтаса бірлескен жемісті жұмыстарының арқасында ғана қол жететін
дүние.Сондай-ақ жас ұрпаққа өз ұлтының ана тілін, өз ата салтын, өз діні
мен ділін қалыптастыруға үлес қоса біледі. Қандай нәрсені болмасын ол
мектеп ұжымымен кеңесіп шешіп отырады. Мектеп қызметкерлерінің
жағдайына жауапкершілікпен қарайды. Қай нәрсеге де адами, табиғи
көзқарасымен қарай біледі. Жасандылықтан ада, жан-жақты қабілет-
қарымының арқасында қиын түйіндерді шеше біледі.
Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының Құрмет грамотасымен наградталған.
Мектеп мұғалімдері мен оқушылары түрлі байқаулар мен олимпиадаға
және ғылыми жоба жұмыстарының облыстық дәрежедегі жеңімпаздары
атануда. Басшы ретінде мұғалімдердің жаңашыл әдістемелік шығармашылық
қабілеттерінің шыңдалуына жағдай жасап, талапқа сай жұмыс істеуін
қадағалауда. П. С.Шоқақовтың мол тәжірибесі қазіргі мектеп жағдайында
оқу-тәрбие ісінде іске асырылуда. Бүгінгі таңда оқу-тәрбие ісінде қаладағы
тәжірибе көрсеткіштері жақсы мектептермен, әсіресе №90 мектеппен /Асар
ықшамауданы/ тығыз байланыста жұмыс жүргізілуде, пән мұғалімдері, әдіс
бірлестік жетекшілері тәжірибе алмасып отырады, осындай игі жұмыстар
Перизат Шоқақовтың басшылығымен іске асырылуда екендігі даусыз
мәселе. Мектеп ұжымы басшылыққа толық сенеді.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |