Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата02.01.2017
өлшемі8,22 Mb.
#1000
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37

Сергіту сәті ( оқушылар интерактивті тақтада көрсетілетін бейнероликке қарап, музыка ырғағымен билейді)
IV. Сиқырлы шаршылар
1. Суреттегі шаршылардың және үшбұрыштардың  бос торкөздеріне сандарды таңдап қою керек. Мұнда кез келген 
бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандай да бір алдын ала белгіленген сан болуы керек.

39 саны
  
1
16
10
25
13
13
10

60 саны
30
29
20
19
11
10

18 саны
8
9
7
6
3
4
V. Үй тапсырмасы     Топтық зерттеу
Мұнда оқушылар үйде өздері алдын ала құрастырып келген логикалық есептерін қарсылас топтарға жасырады.
Қорытынды. Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, сайысқа  белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
* * * * * *
181

 Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта 
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі Сейдалиева Зауре 
Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы:     Қарсылықты  бағыныңқы   сабақтас                      
Сабақтың мақсаты:   
а)   Білімділік:  қарсылықты   салалас   және   қарсылықты   бағыныңқылы   сабақтастың   сырттай   ұқсастықтарын   және   іштей
өзгешеліктерін меңгерту;
ә) дамытушылқ: түрлі әдістер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін
жинақтау;
б) тәрбиелік: білімге, құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі аралас  сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, салыстыру, кешенді талдау, шығармашылықпен жұмыс, слайд.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі:  
Оқушылармен   амандасу,   түгелдеу,   оқу  құралдарын   тексеру.   Сыныптың   тазалығына   көңіл   бөлу.   Оқушылардың   зейінін
сабаққа аудару.
Ана  тіл – асыл қазына,                                                                                       Байлығың  білсең,  ол сенің.                                       
 Жеткізер өмір жазына
 Сонымен өсер өркенің, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай,   тілдің тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды
бастаймыз. 
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Семантикалық  кесте

Мысалдар
Шартты
рай
Көсемше
Есімше
1
Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай.
2
Егер осы  жақсылығың болмағанда, мен  жолда 
қалатын екенмін.
3
Жақсы  ұстаздық етсең , болашақтан тірек 
табарсың.
4
Оқығандарын   әбден   біліп   алмайынша,   ол   алға
жылжи алмайды.
5
Енді   он   минут   кешіккенде,   атқа   да   мініп
үлгермейді екенбіз.
6
Көшің   көрнекті     болсын   десең,   көлігің   күтімді
болсын.
Қорытындылау  сұрақтары:   
Шартты бағыныңқы сабақтас ?
 Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары ?  
Құрмалас сөйлем
       Салалас                                 Аралас             Сабақтас
         Ыңғайлас салалас                                      Шартты бағыныңқы
    Қарсылықты салалас                               Қарсылықты бағыныңқы   
    Себеп-салдар салалас                                Себеп бағыныңқы
    Түсіндірмелі салалас                                 Мезгіл бағыныңқы
    Талғаулы салалас                                      Қимыл-сын бағыныңқы
    Кезектес салалас                                        Мақсат бағыныңқы
                                  
   б)     Жаңа сабақты түсіндіру:
      Басыңқыдағы   іске   бағыныңқыда   айтылған   іс   немесе   бағыныңқыдағы   іске   басыңқыдағы   іс   қарсы   қойыла
айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.
   
Қарсылықты бағыныңқылар  Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.
1
-са да, -се де
-ғанмен,-генмен, -қанмен,-кенмен
(-а,-е,-й)+ тұра
(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне)   +   қарамай
(қарамастан)
(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + болмаса
-ғанша,-генше,-қанша,-кенше
Қыс келсе де,қар жаумады.
2
Қыс келгенмен,қар жаумады.
3
Қыс келе тұра,қар жаумады.
4
Қыс келгеніне қарамастан,қар жаумады.
5
Қыстың келгені болмаса,қар жаумады.
6
Далаға шығып жаурағанша,үйде отыр.
  
Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
182

а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде
көмектерін алмаған-ды.
ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын
еді.  ;   есімшенің   бұл   түріне   кейде  да,де  шылауы   қосылып   та   қарсылқты   бағыныңқы   сабақтас   жасалады:  Қасен
байбаламдағанмен де,ойын тоқтала қоймады;
в) есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше,менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.
г) –а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады:  Жастар білім жағынан артық бола тұра,тәжірибелі жұмысшылардың
жәрдеміне мұқтаж болады екен.
ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады:  Отыз екі
жасқа келгеніне қарамстан,осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары
Бағыныңқының
баяндауышы
Тұлғалық белгісі
Сұрауы
Сызбасы
1
2
3
4
1. Шартты рай
-са да (-се де)
Қайтсе   де?   Не   істесе
де?
/.........../ шаршаса да,
/- - - - - - /
2. Көсемше
ған                мен
(-ген)             ша
                      ше
-ғаны             бол-
(-гені)            ма-
                       са-
-ғаны + ы + на                    (-гені
+і+не) қарамастан,қарамай-
Қайткенмен?
Не еткенмен?
Қайткенше?
Не еткенше?
қайткені(не   еткені)
болмаса?
қайткеніне
 
(не
еткеніне)
қарамастан?
(қарамай)  
/...../ естігенмен, /- - - - /
/..../ ұрысқанша, /- - - - - /
/............/   шаршағаны
болмаса,     / - - - - - - - -
-/
/................./
шаршағанына
қарамастан  
(қарамай)  /- - - - -  - -/
3. Есімше
-а (-е,-й) тұра
Қайте (не ете) тұра?
/.........../   көре   тұра,
/- - - -- - - - /
Жаттығумен жұмыс: 129-жаттығу.
Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты. Жасы менімен шамалас бола
тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды. Тентек төренің мына зұлымдығына жаны күйзелген Малдыбай қарт
өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан, атқа қоныпты. Дайрабай: «Мал бағып, егін салып, әуре болғанша, сол дұғаны
неге   оқып   отыра   бермейміз?»  -  депті.   Наурыз   туса   да,   қыстау  адырлары   әлі   қыстың   қатаң  кәрінде   болатын.   Ара-тұра
шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ.
Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату.  Жаңа сабақты меңгерту барысында өзіндік жұмыс.  Берілген сөздерден
қарсылықты бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемдер құрап жазыңдар. 
1. Қараңғы, дабыр;
2. Күн, жаңбыр;                        
3. Өзен, балық; 
4. Кітапхана, кітап; 
5. Қыс, мал. 
Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше
сұрақтар   қоямын.   Түсінбеген   сұрақтарына   жауап
беремін. 
Венн   диаграмма  арқылы   қарсылықты   салалас   және
қарсылықты   бағыныңқылы     сабақтастың   сыртай
ұқсастықтарын  және  іштей өзгешілікте -рін табайық.
Бағалау:    Үй   тапсырмасын   орындап   келгеніне   және
жаңа   сабаққа   ынталы   қатысып   отырғандарын
бағалаймын. 
Үйге тапсырма: 
130-жаттығу.   
Мұстафа одан жаман кектене түскенмен, мен енді ол үйден кетпеуге бел байладым. Сексен сұлу сылаңдап тұрса
дағы, Ғалияның алмаймын кірпігіне! Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты. Өзеннің суы тайыз болғанмен,
жағасы   тік.   Жұмыс   қанша   бұлдыр   болғанымен,маңдай   алдым   қанща   бұлдыр   болғанымен,   менің   сол   кездегі   өмірім
қуанышты өмір болды. 
Семантикалық   кесте

Мысалдар
Шартты
рай
Көсемше
Есімше
1
Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай.
2
Егер осы  жақсылығың болмағанда , мен  жолда 
қалатын екенмін.
3
Жақсы  ұстаздық етсең , болашақтан тірек 
183

табарсың.
4
Оқығандарын   әбден   біліп   алмайынша,   ол   алға
жылжи алмайды.
5
Енді   он   минут   кешіккенде,   атқа   да   мініп
үлгермейді екенбіз.
6
Көшің   көрнекті     болсын   десең,   көлігің   күтімді
болсын.
Семантикалық  кесте

Мысалдар
Шартты рай
Көсемше
Есімше
1
Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай.
2
Егер осы  жақсылығың болмағанда, 
мен  жолда қалатын екенмін.
3
Жақсы  ұстаздық етсең , болашақтан тірек 
табарсың.
4
Оқығандарын әбден біліп алмайынша, ол алға
жылжи алмайды.
5
Енді   он   минут   кешіккенде,   атқа   да   мініп
үлгермейді екенбіз.
6
Көшің көрнекті   болсын десең, көлігің күтімді
болсын.
Семантикалық карта

Мысалдар
Шартты рай
Көсемше
Есімше
1
Жолдың  алыста жатқанына қарамастан, олар
кештете атқа қонды.
2
Байқаудың жақын қалғанын біле тұра, оған
көп мән бермеді.
3
Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің
ауылдан екі- үш шақырым бар.
4
Ахмет  жаңа үлгіге  жаны құмар болса да,
алдымен қажеттігіне, беріктігіне қарайтын.
5
Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды.
Семантикалық карта

Мысалдар
Шартты рай
Көсемше
Есімше
1
Жолдың  алыста жатқанына қарамастан, олар
кештете атқа қонды.
2
Байқаудың жақын қалғанын біле тұра, оған
көп мән бермеді.
3
Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің
ауылдан екі- үш шақырым бар.
4
Ахмет  жаңа үлгіге  жаны құмар болса да,
алдымен қажеттігіне, беріктігіне қарайтын.
5
Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды.
* * * * * *
ОҚО Шымкент қаласы №103 жалпы орта мектебінің
 бастауыш сынып  мұғалімі Тағаева Замира
                      4 “В” –сыныбы               Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы:  Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың  мақсаты:
1. Білімділік: Окушыларға сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін пысықтау, кұрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер 
кұрастыра білуге үйрету.
2. Дамытушылық: дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын 
қалыптастыру
3 Тәрбиелік: тиянақтылыққа, зейінін тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі:
Сабактың әдісі: сұрак - жауап, қайталау, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, үлестірмелер
Сабақ кезеңдері:
1.     Ұйымдастыру кезеңі   3мин
Өткенді пысықтау 8мин
 Жаңа сабақ ой қозғау жұмбақ шешу 3мин
Суретпен жұмыс 3 мин
184

Оқулықпен жұмыс 5 мин
Дәптермен жұмыс 3мин
Сергіту сәті 2 мин
Топтық жұмыс 5мин
Сабақты қорыту
Рефлексия, бағалау, үйге тапсырма 5 мин
Шаттық шеңбері
Сәлем саған,күн нұры, 
Сәлем саған жер-ана, 
Сәлем саған достарым, 
Сәлеметсіздер ме қонақтар! 
-Балалар, біз бүгін сондай тамаша әрі қуаныш пен ізгілікке толы қоршаған ортаға сәлем бердік. Қане,мына жайдары да 
жарқын күзгі күнге , мына мейірімді самал желге күлімсірейікші,бір-бірімізге бұрылып,жымия қарап сәттілік тілейік. 
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар өздері құраған 
суреттерге байланысты 4 топқа бөлінеді. 
І топ. Күз 
ІІ топ. Қыс 
ІІІ топ. Көктем 
IV топ Жаз 
Топтық жұмыстың тәртібін
 хабарлау
Топтық жұмыстың тәртібін хабарлау.
а)4 топтың басшысын тағайындап, мұғалімнің сенім карточкасын тапсыру.
б)Бағалау тәртібін айту. Топтық бағалау. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне сай
дөңгелекті мұғалім топ басшысына беріп 
отырады.
 Сабақ барысында топ басшысы жинаған  ұпайды есептеп айтады. Жеңімпаз топты анықтайды. 
Үй тапсырмасын тексеру.
Ешкі малын сипаттап жаз.
Құраған мәтініңдегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Ой ашар
1.
Жұмбақ:
             Өзім сөзден тұрамын,
                 Біткен ойды құрамын. 
2.
                                                            (Сөйлем)
3.
-Сөйлем мүшесі дегеніміз не? 
4.
-Сөйлемнің қандай мүшелері болады? 
5.
-Сөйлемнің дара мүшесі деген не? 
6.
-Сөйлемнің күрделі мүшесі деген не? 
7.
 

Сәйкестендіру тесті

Дара мүше

Күрделі мүше

Бала орманға барды

Болат қағаздан кеме жасады

Көшеттерді суаруға он бір бала бөлінді

Қызыл ала көбелек гүлге қонды

Орман желмен тербеледі 

Жаңа материалмен жұмыс.
 Ой ширату

Балалар, тақтада берілген бағандардағы сөздерге назар аударып, оқып көрейік.. Әр бағандағы сөздердің ішінде қай 
сөз артық деп ойлайсыңдар?
IV. Артығын тап, неге екенін дәлелде. 4 - топқа бір қатардан беру

Қысқа ---- жазды ---- ұзын бойлы --- алты 

Ұзын ---- оқыды ------ қара торы ------ тоғыз 

Қара ----- көріп тұр ---- ала торы --- екі жүз 

ақ сары --- естіді --------- бойшаң ----- алпыс 

Оқулықпен жұмыс

28 – жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелеріне талда. Олардың дара және күрделі мүше екенін айт. 
Күрделі мүшелер қай сөз табынан жасалған? 

1. Талабы жоқ бала білімнен құр қалады.

 2. Түні бойы аяз қаһарына мінді. 

3. Мұғалім оған түсіндіре бастады. 
185


4. Сәуленің атасы ұзын бойлы адам екен. 

Суретпен жұмыс
   29-жаттығу.   Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшесін тап.

Күрделі мүшелер сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.  

Күрделі мүшелер қай сөз табынан жасалған?

Сергіту сәті 

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?


Топтық жұмыс

1 - топ: 

30-жаттығу Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып  сөйлем құрап жаз. 
2 - топ:     Мақалды аяқтап, күрделі мүшені табыңыздар.
Білгенің бір тоғыз,
...................................
Еңбек етсең ерінбей
.................................
Жақсы бала ата - анасын
.........................................
3 - топ: 31-жаттығу графикалық модельді басшылыққа алып, ішінде күрделі мүшесі бар сөйлем құрап жаз.
4 - топ: 32-жаттығу Өлеңнен дара және күрделі мүшелерді тауып, олардың бір-бірінен өзгешелігін дәлелде.  Сөйлемдерді 
дара және күрделі мүшелерге талдап, кестеге орналастыр.


33-жаттығу
«Менің ойымша» мәтінді жалғастыру
  Алғашқы бөлігі берілген мәтінді аяқта.

Тасбақа мен тышқан келе жатты. Олар түлкіні көрді. Тышқан інге кіріп кетті.....

Келесі бөлігінде етістіктен жасалған күрделі мүшесі бар сөйлемдер ойлап жаз.


Ой толғаныс
 Сабақты қорытындылау. «Ия – жоқ» ойыны + -- белгілерін қою

1) Құрмалас сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.
2) Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
3) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
4) Дара баяндауыш күрделі етістіктен жасалады.
5) Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
6) Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады 

Дұрыс жауабын тексеру.

1) Құрмалас сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.-
2) Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.+
3) Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.-
4) Дара баяндауыш күрделі етістіктен жасалады.-
5) Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.-
6) Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады+

Рефлексия

Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
IX Үйге тапсырма: 

33- жаттығу

Бағалау парағына талдау. Неше оқушы «бес», «төрт», «үш»?
Суммативті бағалау. 
* * * * * *
186

БАЯНДАМА
ОҚУШЫЛАРДЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ҒЫЛЫМИ 
ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА ОЛАРДЫҢ 
ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕРІН, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Усенова Нурсулу Шералықызы
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, дарынды оқушыларды
таңдау.
ә) Тақырыпты дұрыс таңдай білу.
б) Ғылыми жобаның оқушыға әсері.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
І   КІРІСПЕ
   Қазақстан Республикасының Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи
өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек 
ұрпақтың функцияналдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін 
бұл аса маңызды» деп нақты айтылған. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында оқушыларда 
шығармашылық қабілеттің болмауы ойландыратын мәселе деп ойлаймын. «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал 
жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» демекші, мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, 
оқушы ізденісіне жол ашатындай түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде 
өзіндік ойлау қабілеті бар, әлеуметтенген жеке адам болып қалыптасады. Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы 
мен практикалық әрекеттері арқылы дамиды.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а)Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, дарынды оқушыларды таңдау.
  Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бүгінгі-таңдағы негізгі мәселенің бірі. Мұғалімнің басты міндеті: әр 
оқушының бойындағы қабілетін, бейімділігін дер кезінде көре біліп, оны дамыту. Ал қабілет шығармашылық деңгейге 
көтереді.
Оқушымен шығармашылық жұмыс бастамас бұрын мұғалім өзіне төмендегідей талап қойғаны дұрыс:
1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлесе жұмыс жасау;
2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың
тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.
  
  Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде 
баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден 
өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. Біз біріншіден 
дарынды оқушыны таңдап алуымыз қажет. Дарынды оқушыны таңдауда сабақтан тыс жұмыс жүргізудің әсері мол. Мысалы
дарынды оқушылар арасында ашық пікірталас, яғни дебат сабақтар өткізу арқылы баланың Қазақстандық қоғамдағы өзекті 
мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық 
белсенділігін, жастардың ғылымға қызығушылығын туғыза отырып, мемлекетшілдік сананы дамыта отырып, дарынды 
шәкіртіңізді табуыңызға болады.
Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік 
белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. 
Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.
   Зерттеу ісі қазіргі кезде ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір
сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады.
“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады”-деген Абай.
Бұл пікірді Абайдың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл 
неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», - деген ой-тұжырымы растайды. Биік 
танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан оқушыны
ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс.
Қазіргі уақытта мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта 
білуіне жағдай жасау. Себебі, оқушы шамасына қарай өз ісіне бейім болады, ал бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен 
айналысуға бетбұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Шын мәніндегі бейімділік әрекеті 
құштарлықпен ғана емес, оны нәтижелі орындаумен ерекшеленеді.
187

 Елбасынын дарынды балаларға айткан бес ғибраты:
1. Алдыңа мақсат қоя біл. Талмай ұмтыл. Мақсатыңа қолың бірден жете қоймаса да мойыма, алған бетіңнен кайтпа.
2. «Қолымнан келмейді» деген ұғымды санаңнан біржола өшіріп таста. Ылғи да «Қолымнан келмейтін іс жоқ, мен аспайтын 
асу жок!» деген сенімде бол! Бұл сенім жігеріңді жанып, жеңіске бастайтын бірден-бір жол.
3. Санаңда үрей, корқыныш, өшпенділік пен күншілдік сезімдері үстемдік кұрып жүрсе, олардан тез арыл. Үрей мен 
коркыныш алға басуыңа бөгет болып, аяғыңды тұсайды. Біреуге деген өшпенділігің оның да саған деген өшпенділігін 
қоздатады. Ешкімді күндеме, күншілдік — дерт, айықпас ауру.
4. Қанша білімді болсаң да, ешкашан білімдімін деп мақтанба.
5. Әрқашан денсаулығыңды сақтап, нығайтып отыру -парызың. Тәніңді таза ұста. Бейауыз болма, былапыт сөз айтудан — 
аузыңды, тыңдаудан — кұлағыңды сақта.
    Мектебімізде дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба 
қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны 
дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.
Мектебімізде 2011-2012 оқу жылында 22 оқушы ғылыми жобамен айналысса қазіргі таңда  ғылыми жобамен 35 оқушы 
айналысады. 2012-2013 оқу жылында мектебімізде ғылыми конференция 2 рет өтті. 6 оқушы өз жобасын қорғады. Биылғы 
жылы   4 оқушы ІІ орын, І оқушы ІІІ орын, бір номинация, 2 оқушы Облыстан І рын алып келді, 4 оқушы Облысқа жолдама 
алды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет