Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата22.12.2016
өлшемі2,09 Mb.
#135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

  Ақпан батыр (1701-1772) 
  Ұлан  -  байтақ  жерімізді  осы  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізу  үшін, 
елінің  тәуелсіздігі  үшін  жанқиярлықпен  шайқасқан  жаужүрек 
тұлғалардың бірі Ақпан батыр. 
  Ақпан  Нұрбайұлы  1701  жылы  Қазығұрт  тауының  етегінде 
дүниеге келген,  Ұлы  жүз  ішіндегі  Жаныс  тармағынан  шығатын 
Шегір руынан. Ақпанның азан шақырылып қойылған аты Ӛтеуіл 
болған,  жеңгелері  оның  кӛзінің  ерекше  ұясына  сыймай  ақшиып 
тұратындығынан «Ақпан» атап кеткен. 
  Ақпан  батыр  отыз  бес  жыл  қалмақ  шапқыншылығымен, 
жиырма бес жылдай Қоқан басқыншыларымен күресіп ат үстінде 
ғұмыр кешкен. 
  Ақпанның  батырлығы  түйе  бағып  жүріп  барымташылардың 
Сандыбай атты батырын жекпе - жекте жеңіп, алдына ӛңгеріп, ел 
алдына алып келген жас кезінен - ақ шығады. 
  Қоқан  ханның  баласы  Қатаған  қаңлының  баласы  Кұлан 
батырының  аулына  шапқан  кезде  де  Ақпан  кӛзсіз  ерлік  жасап 
Сарман  сартты  бұғалық  тастап  қолға  түсіреді.  Осы  оқиғадан  соң 
Тӛле  би  ер  есебінде  ел  кӛзіне  түскен  Ақпанды  шақырып  алып 
ақыл - кеңесін береді. Алда жойқын соғыс бар екендігін ескертіп, 
дайындалуды тапсырады. 
  Бұл  кезде,  яғни  1723  жылы  Цеван  Рабтанның  қазақ  жеріне 
жойқын  жорығы  басталады.  Тӛле  бидің  ұйымдастыруымен 
Шымырдан  -  Қойгелді,  Жаныстан  -  Ӛтеген,  Ботбай  Қосын  - 

68 
 
Сәкен,  Қаңлыдан  -  Құлан,  Ыстыдан  -Тӛлек,  Тамадан  - 
Алшынбай, Қарақалпақтан - Құламбек, Қоңыраттан -Тӛлебай ӛз 
руларынан, жауға қарсы қол жинай бастайды. 
  Сол  кезде  Ақпан  батыр  да  Шыршық  пен  Жуалыға  жаушы 
шаптырып, алғаш жүздік, сонан соң мыңдық жасақтап Қаратӛбе 
деген жерде туын тігеді. 
  Шегірдегі  «Жердің  шетін  бер,  жаудың  бетін  бер»  -  деген 
Ұлы  жүзге  мәтел  қалдырған  Айт  атаның  ұрпақтары;  Назардың 
Рысбегі,  Досқожа,  Апақ,  Ақмырза,  Әлімбек  Қарқара  ұрпақтары; 
егіз  ер  Бақабай  мен  Сейбек  Таңбай  сынды  ержүрек  ұлдары 
«жүздік»  бастап,  қос  мыңдық  қосынды  ақбоз  атын  ойқастатып 
Ақпан батырдың ӛзі басқарады. 
  Ақпан батырдың «Амансай», «Қанды айлақ» қырғыннан соң 
дүркіреп  аты  шығады,  сол  соғыста  шегірлер  жауға  қарсы 
«Бақтиярлап!», «Ақпандап!» ұрандап шыққан еді. 
  Сонан  соң  Ақпан  батырдың  жасағы  Тӛле  би,  Қойгелдіге 
қосылып Жетісуды азат етуге аттаныс жасайды. 
  Ақпан  батыр  туралы  Қазақ  білім  академиясының  аға 
ғылыми  қызметкері  Сәбит  Дүйсебаевтың  еңбегінен  үзінді 
келтірейік: 
  «1729  жылғы  Алакӛл  маңындағы  шайқаста  үш  жүздің 
біріккен жасақтары қалмақ қолымен жан аямай соғысады. Жердің 
шетінде,  жаудың  бетінде  жатқан  найман,  жалайыр,  албан,  суан 
елдерінің жанқиярлық ерлік күресінің бел ортасында Ақпан да ӛз 
қолымен  бірге  болады.  Содан  кейін  Ақпан  батыр  Шыршықта 
қалмақ  қолбасшысы  Жоғастың  әскерін  талқан  етіп,  қалың  дулат, 
қоңырат,  қаңлы  елдерінің  рухын  кӛтереді.  Бұдан  соң  тарихтан 
белгілі  «Қара  қыстақ  соғысында»  (Қордай  мен  Іле  арасында), 
«Бұланты»  қорғанында  (Жетісуда),  әйгілі  Аңырақай  соғысында 
Ақпан соғыс тактикасын жете меңгерген қолбасшы ретінде кӛзге 
түседі. Ақпан, мәселен 100 ден 1000 ға дейін мергендер жасақтап, 
топ  -  топқа  бӛліп,  үнемі  дайын  алып  жүрген,  ӛзінің  шебер 
қолданатын  «Ай  қораланды»  әдісімен  жауды  айнала  қоршауға 
алып,  әр  тұстан  атқылап  қырып,  артынша  жау  шебіндегі 
абыржушылықты  пайдаланып,  негізгі  қолмен  жайпап  ӛтетін 
болған. 1756 жылы Шу маңындағы соғыста Тӛле би, Қазыбек би, 

69 
 
Жолбарыс  хан,  Қабанбай,  Бӛгенбай  батырлармен  тізе  қосып 
қалмақтың  қолбасшысы  Донықтың  отыз  бес  мыңдық  әскерін 
талқандауда ерлік кӛрсеткенде Ақпан бар қазаққа танымал еді»  - 
деп жазады.(Қазақ тарихы. 2002, №1. Ақпан батыр.) 
  Ақпан  батыр  сол  сияқты  Бұқар  әмірлігінен  бӛліне  сала 
кӛптеген  шет  жерлерді  басып  алған  Қоқан  хандығының 
басқыншылығына да қарсы соғысады. 
  Хамза  Амандықовтың  «Ақпан  батыр»  атты  тарихи  дастан  - 
романында  «Ақпаннның  Қоқан  хандығына  қарсы  күресі», 
«Қожабек  пен  Ақпан  айқасы»  атты  тарауларында  бұл  оқиғалар 
ӛлең тілімен шынайы етіп суреттелген. 
  Сол сияқты дастанда Жуалы жеріндегі Алатау қойнауындағы 
Шегір  қамалының  тарихы  және  Ақпан  батырдың  Шақпақ  ата 
әулиесіне сиынғаны туралы да мол деректер келтіреді. 
  Ақпан  батырдың  тарихын  зерттеуде  талантты  қаламгер 
Уәлихан Сүлейменұлы да үлкен еңбек сіңірген. 
  Ақпан  батыр  Әулие  Ата  маңында  Қоқан  хандығы 
датқаларының  зомбылығына  араша  түсіп,  жауды  қуып  келе 
жатқанда  Жуалы  жеріндегі  Құлан  асуында  жау  оғынан,  
жетпістен  асқан  шағында  мерт  болады.  Оның  сүйегі 
Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Иассауи  кесенесіне  қойылады.  Бір 
ескертете  кететін  жәйт  кесенеде  жатқандардың  тізімінде  Ақпан 
батырдың есімі жоқ, оның себебі ол ӛзінің азан шақырып койған 
Ӛтеуіл атымен жерлеген. 
  Бүгінде  Ақпан  батырға  ұрпақтары  Қазығұрт  баурайынан 
ескерткіш  тұрғызған,  Шымкент  қаласындағы  бір  орта  мектепке 
Ақпан есімі берілген. 
  Күллі қазақ халқының ұлы азаттық шайқасында жоңғарлар 
мен  қоқандарға  қарсы  күрескен  Ақпан  батыр  сияқты  елін, 
жерін сыртқы жаулардан азат ету жолында қан тӛккен асыл ерлер 
ешқашанда ұмыт болуға тиісті емес. 
 
  Қойгелді батыр (1702 -1795) 
  Қойгелді  Сартұлы  дулат  тайпасының  шымыр  руынан 
шыққан,  жоңғар  басқыншылығына  қарсы  азаттық  күресте  қол 
бастаған  атақты  қолбасшылардың  бірі.  Туған  жер  үшін  жан 

70 
 
алысып  жан  берісіп  қырқысқан  қазақ  батырларының  ішінде 
Қойгелді батырдың шоқтығы биік. 
  Тарихи  мәліметтерге  сүйенсек  ол  1702  жылы  дүниеге 
келген. Ол туралы М.Тынышбаевтың 1925 жылғы «Қырғыз, қазақ 
халқының  тарихы  туралы  материалдары»  атты  еңбегінде  оның 
XVIII  ғасырдың  бас  кезінде  туып,  XIX  ғасырдың  бас  кезінде 
қайтыс болғаны айтылады. Батырдың туған және  қайтыс болған 
жылдарын толық XVIII ғасырға жатқызуға болады. 
  Сол  кездегі  Шымырлардың  ата  қонысы  Сарыағаш  маңайы 
Шымкент  тӛңірегі,  Қаратау,  Билікӛл,  Ақкӛл,  Шу,  Іле  ӛңірлерін 
жайлаған. 
  Әкесі  Қойгелдіні  жеті  жасында  Бұхара  медресесіне  оқуға 
береді. Онда ол жылдай білім алып, елге діни сауаты мол азамат 
болып оралады. Кейбір кітаптарда Қойгелдінің хазірет атануы да 
сондықтан деп кӛрсетеді. 
  Қойгелді  батырдың  ӛмірі  Ұлы  Жүздің  атақты  биі  Тӛлемен 
тығыз байланысты.  
  Қазанғап ақынның: 
                                 Сол күндерде хазірет 
                                 Сарттың ұлы Қойгелді, 
                                Тӛледен кейін бастаған 
                                Ұлы жүзді бұл еді - деп жырлауы сондықтан. 
   Оңтүстік  қазақтары  арасында  «Тӛле  би  келмей  жүріс  жоқ, 
Қойгелді келмей ұрыс жоқ» - деген мәтел жұрт аузында әлі күнге 
дейін сақталған. 
 Қойгелді  батыр  түрлі  шайқастарда  жекпе  -  жекке  шыққанда 
жеңіліс  кӛрмей  жоңғарлардың  тоғызын  ӛлтіріп,  қазақ 
сарбаздарын  жеңіске  рухтандырған  ерлігі  ел  аузында  аңызға 
айналған.  Оның  даңқы  бүкіл  қазақ  халқына  Аңырақай 
шайқасында  шыққан.  Бұл  шайқаста  Қойгелдімен  бірге  оның  екі 
інісі Қожық пен Ақша және баласы Қарабатыр да қатысады. 
 Қойгелді  қолбасшы  ретінде  Жетісу  жерін  жаудан  түгел  азат 
еткенше жүргізілген соғыстың барлығына да қатысады. 
Жоңғар  қалмақтары  ежелден  қара  бұқаға  табынған. 
Сондықтан  ба, 
қырғыз  жерін  жайлаған  жоңғарлардың 
қолбасшысы  жауының  үрейін  ұшыру  үшін  дулығасының 

71 
 
сыртынан  қара  темірмен  қаптап,  шетіне  бұқаның  екі  мүйізін 
мықтап бекіткен екен. Сойылған қара бұқаның терісін сауытының 
сыртынан  жауып,  жауына  шабады  екен.  Ол  қазақтар  арасында 
Қарабұқа деген атпен белгілі болған. Оның жалауы да қара болып, 
байрағының басына қара бұқа басы ілінген. 
Қойгелді  батыр  бастаған  қазақ  жауынгерлері  жасыл  ала  ту 
кӛтереді  екен.  Екі  жақтың  жауынгерлері  бетпе  -  бет  келген 
кезде, жау жағынан Қарабұқа шығады. Сол кезде Қойгелді батыр: 
-  Кәне  жауға  жекпе  -  жекке  кім  шығады?  -  деп  еді, 
Қарабұқаның  сұмдық  кейіпінен  сескенген  сарбаздар  үнсіз  тұрып 
қалыпты. Сонда Қойгелді арыстандай ақырып:  
-  Бәйдібек  -  ші,  Бәйдібек!  Айналайын  Домалақ  ана,  ӛзің 
қолдай  кӛр!  -  деп  астындағы  ақылтеке  сәйгүлігін  кӛсілте  жауға 
шабады. 
  Бұл  жекпе  -  жек  Қаратаудың  етегінде,  Билікӛлдің 
жағасында  тегіс  жазық  алаңқайда  болыпты.  Үш  қайтара  дабыл 
қағылған  соң  батырлар  жекпе  -жекке  шығады.  Қарабұқа  астына 
тауға үйренген арғымақ атын тақымдап, ӛгіздей ӛңмеңдеп келеді. 
Сапта тұрған қазақтар:  
-
 
 Иә, аруақ, иә, аруақ! Домалақ ана қолдай гӛр! Түркістанда - 
Түмен баб, Арыстанда Арыстанбаб, қолдай гӛр! - деп сарт - шұрт 
айқасқа шыққан қос батырды кӛздері тесіп, тына қалады. 
  Әуелі  екеуі  де  бірін  -  бірі  ала  алмай  ӛте  шығады.  Қарабұқа 
қайратты  болғанмен  ебедейсіз  екен.  Бұрылуы  нашар  екені 
байқалды.  Осыны  қас  -  қағым  сәтте  -  ақ  сезген  Қойгелді  екінші 
рет  жекпе  -  жекке  шауып  келе  жатып  лезде  жалт  беріп, 
Қарабұқаны  жанынан  ӛткізе  бере  құлақ  -  шекеден  найзамен 
түйрегенде  жау  дулығасының  бауы  үзіліп  кетеді.  Дулыға  ұшып 
түседі. Қарабұқаның  бас  терісіндей  дулығасы  түскен  соң  оның 
адам  бейнесі  кӛрінеді.  Ал,  бас  киімнің  ұшып  түсуі  -  әсіресе, 
соғыста  жаман  ырым.  Қойгелді  үшінші  қайтара  шапқанда 
найзаны  дулығасыз  басқа  емес,  қолтықтың  астына  салады.  Сол 
кезде Қарабұқаның жан даусы шығып, аяғы  үзеңгіге ілініп, басы 
жерге еңкейіп, қара қаны бетін жауып кетеді. ( Мәлімет Сыйқым 
Рысбек батыр кітабынан алынды). 
  1734 
жылғы 
жоңғар 
шапқыншылығының 
ақтабан 

72 
 
шұбырынды алқакӛл сұламадан кем түспеген жойқын соғысында, 
Ұлы жүз қазақтарының оннан жетеуінің құрып кеткені тарихтан 
белгілі.  Осы  кезеңде  қалған  елді  аман  сақтап  қалу  мақсатында 
Тӛле би мен Қойгелді батыр дулаттарды Қарақалпақ жеріне алып 
ӛтеді.  Кейін  1739  жылы  Тӛле  бидің  бұйыруымен  Қойгелді 
бастаған қол Ташкентті қайырып алады. 
  Тӛле  би  мен  Қойгелді  ӛз  елін  отырықшыландыруға, 
суармалы егіншілікпен айналысуға, балаларды медресеге оқытуға 
кӛп кӛңіл бӛлген. 
  Жамбыл 
облысының  энциклопедиясында,  Қойгелді 
ӛзінің  сарбаздарымен  1739  жылы  Қаратау,  Алатау  ӛңірлерін 
жайлаған жоңғарларға деп жіберілген қару - жарақ тиелген орыс 
керуенін  қолға  түсіріп,  ӛз  сарбаздарын  орыс  мылтығымен 
қаруландырғаны туралы да мәлімет келтіріледі. 
  Кейін  қазақтар  1756  -  1757  жылдары  жоңғар  қалмақтарын 
атамекеннен  біржолата  қуа  бастағанда  керуеннен  тартып  алған 
мылтықтардың кӛп пайдасы тиген еді. Сол орыс мылтықтарының 
біреуін  Қойгелдінің  Аңырақай  шайқасында  жараланып  қаза 
тапқан  інісі  Ақша  батырдың  тұңғыш  ұлы  Ӛтеболат  алған  екен. 
Оның  замандастары,  ұрпақтары  бұл  мылтықты  жай  тастар, 
қорғасын  оғын  -  жайдың  тасы,  жай  оғы  дейді  екен.  Бұл  мылтық 
1916  жылғы  патша  ӛкіметіне  қарсы  кӛтеріліске  дейін  Ӛтеболат 
ұрпақтарында сақталған екен. 
  Қойгелдінің  қолбасшылық  дарыны 1758  жылдары жоңғар 
басқыншыларына қарсы ақтық шайқастарда ерекше кӛзге түседі. 
Оның  басқарған  17  мыңдай  қолында  Ұлы  жүздің  қару  ұстауға 
жарайтын  барлық  батырлары  дерлік  болған.  Оның  сарбаздары 
қазақ  жерін  жоңғарлардан  бӛлек  Қырғыз,  Түркпен,  Қоқан,  Хиуа, 
Бұхар басқыншыларынан босату жолында да кӛп ерлік жасаған. 
  Карл Миллер: «Тӛле би мен Қойгелді  батыр Ұлы жүздің ең 
басты адамдары» - деп баға берген. 
  Қойгелді  Тӛле  би  кӛз  жұмған  соң  билікті  ӛз  қолына  алып 
оңтүстіктегі  Ұлы  жүзді  40  жылдай  басқарды.  1771  жылы 
Абылайды  хан  сайлағанда  ақ  киізге  кӛтерісуге  қатысқан.  1781 
жылы  Абылай  қайтыс  болғанда  хан  сүйегін  Түркістанға 
жерлеудің басы - қасында болады. 

73 
 
  Ұрпақтарының  айтуына  қарағанда  Қойгелді  90  жастан 
асқанда Мекке - Мәдинаға қажылыққа барып, дін жолына кӛбірек 
бет бұрған, шамамен 1795 жылы 93 жасында қайтыс болады. 
  Қойгелді ұрпақтарынан Жетібай, Бӛлтеш, Жампоз, Бұралқы, 
Керімбай  сияқты  билер,  Ӛтеболат,  Қырғызбай,  Байшағыр, 
Қарабатыр,  Шонды  сияқты  батырлар  шыққан.  Ал  Қабыланбек 
(Қойгелдінің немересі) бек болып қалада бес қақпаны билеген. 
Бір  ғана  Ташкент  қаласының  ӛзінде  Қойгелді  базары, 
Қойгелді  кӛшесі,  Қойгелді  қақпасы  деген  атаулар  болған. 
Қойгелді  соғысқан  жерлер  Қазақстанның  оңтүстік  ӛлкесінде 
Қотырбұлақ,  Майтӛбе,  Қошқарата,  Ақкӛл,  Қаратау  сияқты 
жерлердегі шайқастардың іздері әлі күнге белгілі. 
Батыр  сардар  Қойгелді  туралы  Ресей  мұрағаттарында  да 
материалдар  жеткілікті,  білім  іздеп  Иран  жұртына  да  барып 
қайтқаны  туралы  айтылады.  Қойгелді  батырдың  Ташкентте, 
Сарыағашта,  Сайрамда,  Шымкентте  т.б.  қалаларда  салдырған 
керуен сарайлары, мешіт - медреселері, қаздырған тоғандары бар. 
  Қазір  Жамбыл  облысындағы  бір  шаруашылық,  Тараз 
қаласындағы бір үлкен кӛше Қойгелді есімімен аталады және оған 
ескерткіш орнатылған. 
 
  Қарбатыр Жаманестіұлы (?-1729) 
  Қарабатыр  - Дулат  - Сиқым  елінің  бас батыры, әрі Ұлы жүз 
ғана  емес,  бүкіл  қазақ  елінің  Тӛбе  биі.  Тӛле  бидің  туған 
қарындасын алған күйеу баласы. 
  Шежіре  бойынша  Сиқым  руының  Борасынан  -  Есбосын, 
Есбосыннан  -  Тілеуқабыл,  Тілеуқабылдан  –  Жәуіш,  Жәуіштен  - 
Жаманесті,  одан  Қарабатыр  тарайды,  Қарабатырдан  -  Шінет. 
Шінеттен  -  Рысбек.  Былайша  айтқанда  Қарабатыр  Шінетұлы 
Рысбек батырдың атасы болады. 
  1723  жылдың  наурыз  айының  ызғарлы  күндерінде  Аса 
бойындағы, Билікӛл, Талас маңындағы ауылдар батысқа қарай бет 
алып  ағылып  кӛше  бастады.  Ат  үстінде  жүрген  Тӛле  би,  мына 
сұмдық  кӛріністі  бастан  -  аяқ  кӛзімен  ӛткізіп  кӛш  жолына  таяу 
биік  тӛбе  басында  тұрады.  Қалың  Борас  пен  қатар  жатқан 
Шыңғожа  -  Шымырлардан  бес  жүздей  азаматты  атқа  қондырған 

74 
 
Қойгелді мен Қарабатыр жаудың жолын бӛгеп, кӛш жолын күзетіп 
Қосбұлақ, Арбатас,  Аралтӛбе асуларында  қалған. Ел кӛші  түгел 
ылди  асқан  соң,  ат  басын  осылай  бұрмақшы  деп  Тӛле  биге 
жеткізді. Тӛле би: 
- Ай, Қарабатыр, Қойгелді қос арыстаным - ай! Сендер барда 
атам Бәйдібектің, аруағы арып, туы жығылып кӛрген бе, еді. Жоқ! 
Тозбайды ел тоздырмаймыз - деп ат басын енді Ханқорған биігіне 
бұрды. 
  Осы  кӛріністі  Тӛле  бидің  жанында  болып  кӛзімен  кӛрген 
Қожаберген жырау «Елім - ай» дастанында былай жырлайды: 
                              Жау қалмақ жақындады Шуға таман,  
                             Сескенді ел есі шығып, онан жаман.  
                             Күн сайын әр ауылды жау кеп шауып,  
                             Орнап тұр ел басына ақыр заман... 
        
                               ...Қазақтар қаша кӛшіп ұрыс салды, 
                              Бетпақта адастырды қалмақтарды. 
                              Еділ - Жайық, Арқаға қазақ ауып, 
                              Шу, Талас, Сыр, Қаратау жауда қалды. 
  Қарабатырдың 
ұрпақтары  жетім  қалған  бес  баласы 
Сыйқымдардың ӛз ауылында Сайрамсуда, ал марқұмның соңғы 
ӛсиетіне  сәйкес  Шінет  нағашысы  Тӛле  бидің  қолында  ӛсіп  ер 
жетеді. Шінет пен оның баласы  Рысбек батырдың одан тараған 
Батырбек датқаның барлығы да тарихта белгілі адамдар болған. 
  Аңырақай  шайқасында  қазақ  -  қалмақ  қолдарының 
қырғыны  айдан  астам  толастамаған.  Аламан  шайқаста 
Қарабатыр ойраттың бір батыр ноянының басын шауып түсіреді. 
Оны  сырттай  байқап  қалған  оның  Сурен  атты  інісі  қазақ 
батырына  кектеніп  жүреді.  Сурен  қонтайшыға  жалынып  жүріп 
Қарабатырмен жекпе - жекке кезекті сұрап алады. Сӛйтіп мәстек 
торысын ары - бері ойқастатып келіп ортаға тоқтайды да, қасқая 
тұрып: 
-
 
  Әй,  Қарабатыр,  қатын  болмасаң  шық  жекпе  -  жекке! 
Менің  атым  Сурен  мерген!  Ағамның  кегін  алып,  қаныңды 
ішемін! - деп ар намысына тиер сӛзбен айғай салады. 
-
 
  Атын атап, жекпе - жекке шақырғанда шықпай қашқақтау 

75 
 
ӛліммен  тең,  онда  батырдың  бұрынғы  бар  абыройынан 
айрылғаны. Қарабатыр ӛзінің  Жорыққара атты айғырының айыл 
-  тартпасын  тартып,  Тӛле  бидің  алдына  келіп  бата  сұрайды.  
Қарабатырды  жекпе  -  жекке  әдейі шақырып тұрса жеңетініне 
сенетін бір құпиясы бар шығар  - деп Тӛле би қатты қобалжулы 
еді. 
-
 
 Би аға, кӛп алдында атымды атап шақырғанда бармағаным 
ӛлім  ғой!  Тағдырдың  салғанын  кӛрермін  батаңызды  беріңіз!  - 
дейді Қарабатыр. 
-
 
 Тӛле би: Бәйдібек   бабамның,   Домалақ   анамның   әруағы  
қолдасын -  деп кемсеңдеп кетті. 
  Шайқас  басталып  та  кетеді.  Қазақ  батырының  сілтеген 
найзасын  Сурен  қайқы  қылышпен  шорт  шауып  тастайды,  сӛйтіп 
Қарабатыр найзасыз калады. Сол сәтте қалмақ батыры сәтін тауып 
сүңгісін  Қарабатырдың  қолтық  астына  салып  жібереді.  Тор  кӛз 
сауыт  сетінеп  сүңгі  қабырға  етін  жыра  ту  сыртынан  шықты. 
Ендігі  кезекте  жау  сүңгісінің  сабын  Қарабатыр  да  шауып 
тастайды. Ол ендігі қан кетіп әлсірей беретінін сезіп тез қимылға 
кӛшті.  Кӛп  ұзамай  -  ақ  жаудың  қалқан  ұстаған  қолын  шауып 
түсіреді.  Бір  оңтайлы  сәтте  жоңғардың  ӛндіршегіне  қылышын 
сұғып,  суырып  алды.  Әлсіреген  бос  кеудені  тақымға  қысты  да 
мойын омыртқасын бұрап жібереді. Қарабатыр жоңғардың басын 
кесіп үлгермей жатып жүрек тұсынан оқ тиіп шалқалай береді. 
 Қарабатырдың  қазасы  Суреннің  он  тоғыз  жасар  ұлынан 
келген  еді.  Сӛйтіп  қазақтың  аяулы  батыры  қой  құмалағындай 
қорғасыннан мерт  болды. Екі жақ бір  - біріне  лап  қойып  қырғын 
соғыс  басталып  кетті.  Екі  жақ  та  дер  кезінде  ӛз  батырларына 
жетуге асықты. Қазақтар жағы шала - жансар Қарабатырды Тӛле 
бидің алдына жеткізді. Қарабатыр қиналып жатып: 
- Би аға, Шінетім - сізге аманат деп кӛз жұмды. Майдан үсті 
қым - қиғаш қырғын соғыс ұласып жатты. Қойгелді бастаған қазақ 
қолы  Қарабатыр  мен  Ақшаның  қазасынан  кейін  қатуланып 
дулаттың екі бірдей қас батыры  үшін қалмақтардан аянбай кегін 
алды. 
  Бұл  шайқас  мамыр  айының  соңғы  жағында  болған  еді.  Шу 
ӛзенінің  батысынан  сегіз  күн  суыт  жүріп,  жолда  аманатқа 

76 
 
қойылып  Қарабатырды  Манкенттегі  Борас  Тоғанай  бейітіне 
жеткізіп жерледі. 
  Осы  соғыста  кіші  Қарабатыр  да,  Ақша  батыр  да  ерекше 
кӛзге  түседі.  Кіші  Қарабатыр  деп  отырғанымыз  ол  Қойгелді 
батырдың  тұңғыш  ұлы.  Қойгелдінің  бәйбішесі  толғатып 
жатқанда  Сиқым  Қарабатыр  келіп  қалып,  әйел  оңай  босанады. 
Сәби кіндігін Қарабатыр ырыммен  қылышпен кесіп  «кіндік әке» 
атанған.  Әке  -  шеше  қалауымен  «Қарабатыр»  деп  үш  қайтара 
айқайлап,  ӛз  атын  сыйлаған  Дулат  елінде  үлкен  Қарабатыр,  кіші 
Қарабатыр есімдері қатар аталатыны сондықтан. 
  Жоңғардың  жеңісінен  желкілдеген,  жолын  кесіп,  әуселесін 
қайтарған  әйгілі  Қарасиыр  -  Бұланты  шайқасында  Қарабатыр 
қолбасы  - Тоғанай,  Борастан, Құлбайымбет, қусирақтан құралған 
сиқым  мыңдығын  бастады.  Бұл  мыңдық  қарасиыр  жағында 
қоршауда  қалған  қалың  қалмақ  қосының  ортасынан  қақ  жарып, 
Бұланты  жағасында  тас  -  талқанын  шығарған  Саңырақ  батыр 
түменінің құрамында соғысты. 
  Бұлантыдан қашқан жауды ӛкшелей қуып, әр бір асқан бел, 
ӛткен жол, әр қадымы туған жерге жақын тартып, алдынан кӛзге 
ыстық  Кӛсеге  жоны,  жасыл  жайқынды  Таластың  жайлы  лебі 
ескен  сайын  қуат  -  кұдіреті  асып,  тастүйін  боп  келе  жатқан 
Қарабатыр  Қойгелдінің  туын  кӛтерген  Сиқым,  Шымырдың 
мындығы оларды түн жамылып айнала қоршап, таң сазында тас - 
талқанын  шығарған  -  деп  жазады.  Е.Тұрысов  Бәйдібек  атты 
кітабында. 
  Жаманестіұлы Қарабатыр туралы жазған кезде біз «Тӛле би 
мен  Қойгелді»,  «Сиқым  Рысбек  батыр»,  Е.Тұрысовтың 
«Бәйдібек»  атты  шығармаларын,  Сыйқым  руының  шежіресін, 
Қожаберген  жыраудың  «Елім  -  ай»  дастанынан  үзінділер 
пайдаландық. 
 
  Сегізбай Есқараұлы (1712-1792) 
  Сегізбай Есқараұлы байтана руының айтулы батырларының 
бірі. Сегізбайдың әкесі Есқара батыр, әрі би болған кісі. Ол 1720 
жылы  жетпіс  жасында  дүниеден  ӛткенге  ұқсайды.  Сүйегі  Тараз 
қаласындағы Қарахан қорымына жерленген. 

77 
 
  Сегізбай  батыр  соғысқа  жастайынан  араласады.  Әкесі  оны 
соғыс  ӛнеріне  жастайынан  баулыған.  17  жасында  Аңырақай 
шайқасына  қатынасады.  Сегізбай  батыр  Қойгелді,  Шоқан 
батырлардың тұстасы болған. Шоқан батырмен бірге Күркіреусу 
және  Қошқарата  аймағындағы  бірқатар  соғыстарға  араласады. 
Сегізбай  батыр 1758 жылғы атамекенді толық жоңғарлардан  азат 
еткенге  дейін,  яғни  ақтық  шайқасқа  дейін  қатынасып  46  жыл 
ӛмірін ат үстінде жаугершілікте ӛткізген. 
  Есқараұлы 
Сегізбай 
батыр 
жауды 
қуып, 
Жоңғар 
қақпасындағы  жеңіске  дейін  Абылай  ханмен  бірге  барады. 
Абылай  ханның  ӛзінен  қалмақ  ханының  қызын  олжаға  алғанға 
дейін яғни 46 жасқа дейін үйленбеген екен. 
  Байтана  руының  шежіресі  бойынша,  Есқараның  бірінші 
әйелінен:  Есенаман,  Сегізбай  батыр,  Әзберді  би  туылады. 
Сегізбайдан екі бала - Қаржау және Қожақ би, батыр тарайды. 
  Сегізбай  батыр  сексен  жасында  дүниеден  қайтқан  сүйегі 
Қарахан - Әулиеата қорымына жерленген. 
  Сегізбай  батыр  туралы  жазғанда  біз  Садыбай  Байтана 
кітабын,  Жорабек  Мәмбеталыұлының  естеліктерін,  Байтана 
руының шежіресін пайдаландық. 
   
  Қаңлы Құлан батыр (т.ӛ.ж белгісіз) 
  Ел  намысын  ту  еткен  батырлар  шоғырына  жастай 
араласып,  атақты  батырлармен  тізе  қосып  талай  -  талай 
шайқастарға  қатысқан  батырлырдың  бірі  -  қаңлы  руынан 
шыққан Құлан батыр. 
  Құлан 
батыр  заманында  жазу  сызудың  ӛркендей 
қоймағаны  белгілі,  алайда  батырдың  ерлік  істері  қағазда  емес 
халық  жүрегінде  сақталып  шағын  да  болса  деректер  кейінгі 
ұрпаққа жетіп отыр. 
  Абылай  дәуірінің  айнасы  болған,  ақыл  ойға  кемел, 
«Кӛмекей  әулие»  атанған  Қалқаманұлы  Бұхар  жыраудың 
толғаулары  мен  жырларынан  бізге  жеткен  мәліметтер  бар. 
Оның  «Қабанбай  батыр»  жырына  сүйенсек,  мыңдықтан  әскер 
құраған қас батырларының ішінде Қаңлы Құлан батырдың есімі 
де аталады. Тағы да бір дерек кӛзі Ақпан батыр жырында Құлан 

78 
 
батыр  Ақпан  екеуінің  замандас  әрі  жақын  жолдас  болғандығы 
айтылады. 
  Жоңғар  шапқыншылығында  Шымкент,  Ташкент  тӛңірегі 
мен  Қаратау  баурайындағы  қазақтардың  басына  түскен  жағдай 
ӛте  ауыр  болды.  Тӛле  би  мен  оның  тӛңірегіндегі  батыр 
билерді Қазақстанның шығыс, батыс,  солтүстік, бӛлігінен қол 
үздіргендей  еді.  Осындай  қиын  -  қыстау  кезеңде  Тӛле  бидің 
қасында Қойгелді батыр бастаған азын - аулақ батырлар қалып, 
Ӛтеген, Сәмен батырлар Жетісу жерінде кейде Арқада айқасты. 
Сеңкібай,  Шойбек,  Ошақты  Саңырық,  Сіргелі  Елшібек,  Қаңлы 
Құлан батырлар Абылай әскеріне барып қосылды. 
  Жазушы 
Еркінбек  Түрысов  Бәйдібек  атты  тарихи 
шығармасында  Қошқарата  ӛңіріндегі  болған  бір  шайқасты: 
«Жаудың енді қалай да қазақты осы жерде бір қанға бӛгейміз, - 
десіп  бекінген  жері  Шығыс  Қостұра,  Боралдайдың  аңғары  еді. 
Сол  жерге  табан  тіреген  тӛрт  мыңдай  ойрат  шерігін  тұс  - 
тұсынан  қамаған  шымыр  Қойгелді,  Ошақты  Саңырық,  Сиқым 
Қарабатыр,  Қаңлы  Құлан,  Жаныс  Ӛтеген,  Сеңкібайдың  бір 
түмен қолы тӛрт күндік қиян  - кескі ұрыста тас - талқан етті» - 
деп баяндайды. (Е.Тұрысов. Бәйдібек. Алматы Нұрлы әлем 1998). 
  Тӛле  би  мен  Қойгелді  батыр  бастаған  қолдың  Ташкентті 
алудағы  Құлан  батырдың  ерлігі  Хамзе  Амандықовтың 
«Жолбарыс  ханның  қазасы»  атты  әңгімесінде  тӛмендегідей 
баяндалады:  «Сиқымнан  Қарабатыр,  Мәлік  батыр,  Қаңлыдан 
Құлан батыр, Рамаданнан Алшынбай батыр, Сіргеліден Қаратай, 
Тӛлебай  батырлар,  шегірден  әлі  «жілік  майы  толмаған»  Ақпан 
батыр  секілді  жауымен  талай  ұрысқан...  батырлар  мен  ежелгі 
ардагер  -  асылдар  бір  сапқа  тұрды.  Тәуке  ханнан  қалған 
дәстүрге  айналған  әскери  тәртіпті  білетін  Қойгелді  қазақ 
жасақтарын  ондыққа,  жүздікке,  мыңдыққа  бӛліп,  әр  рудың 
сарбаздарын  ӛзеріне  басқартты.  Шабуылдың  далада,  қалада, 
кӛшеде  ӛтетін  тәсілдерін  үйретті.  ...Бозсуды  қалаға  бұрып, 
Жолбарыс  ханның  ләшкері  ініне  су  кеткен  тышқандай  далаға 
шыққан  кезде  жалаңдаған  жауынгерлер  шетінен  басын  қоспай 
жаншып, кәлләсін алмадай домалатыпты. 
  Құлан  батыр  туралы  кӛптеген  тарихи  кітаптарда  қысқаша 

79 
 
деректер  кездескенімен  оның  туылған  уақыты,  жекпе  -  жек 
сияқты жеке ерліктері, қайтыс болған мезгілі мен жерленген жері 
туралы айтылмайды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет