Қырқынбай Нұрманбетұлы(т.ӛ.ж белгісіз)
Қырқынбай батыр Шалданбайдың туған інісі, шежіре
бойынша ол Байтананың үлкен ұлы Құдайбердінің шӛбересі,
Арыстанның үшінші ұлы Нұрманбеттен тарайды. Қырқымбай
батыр туралы естеліктерде ол кӛзсіз батыр болған деседі. Ол
жауға шапқанда «Қырқымбай» деп ұрандайды екен, оның себебі,
оның туған жері Аса ӛзенінің бойындағы Қыршынды деген жер
екен.
Садыбай - Байтана батыр мен оның батыр ұрпақтары туралы
Керімбай болыстың жыршысы болған Кәрібай Есенқұлұлының
90
дастанында біршама деректер келтіріледі. Кәрібай кезінде
шайқы, шежіреші және бірқатар дастандары мен ӛлеңдері
болғанын кӛнекӛз қариялар айтып отырады. Дастанды оның
немересі Сағатай Оңғарбайұлы сақтап қалса керек. Онда
Қырқынбай батыр туралы былай жырланады:
Қырқынбай, батыр Қырқынбай,
Ұраның сенің - Қыршынбай.
Ауылда жігіт жата ма,
Тигенде жаулар ыршынбай?!
Келгенде жасы алпысқа
Бӛленді батыр алғысқа
Ат тапса, киер тон таппай,
Боп жүрген бұрын қол қысқа.
Қалмақты басып тақымға
Сүйрете тартты қоқымға
Паршалап оны тастады
Ат қойды қайта қосынға,
Жӛнелді қашып қалмақтар,
Демеймін енді қол қаптар
Қырқынбай батыр ерлігін,
Безбен жоқ тартып салмақтар.
Дастанда жырлаған мәліметтерге қарағанда Қырқынбай
алпыс жасында да аттан түспегенін, және жекпе - жекке шығып
қалмақты тақымға басып сүйреткені туралы айтылған. Осы
дастандағы айтылған Байтананың ең үлкен ұлы Құдайбердінің
Арыстаннан тараған ұрпақтары шетінен батыр болғанын кӛреміз.
«Садыбайлап!» ұрандаған оның батыр ұрпақтары Бораншы,
Шалданбай, Қырқынбайлар кезінде ойрат қалмақтарына қарсы
күресте ерен ерліктерімен кӛзге түскен, ел аузында әлі күнге аңыз
болып айтылып келе жатқан айтулы батырлар болған.
Қырқынбайдан - Кеншім, Оразбек, Сырғақ есімді үш ұрпақ
тарайды. Бүгінде Шалданбай мен Қырқынбай ұрпақтары Жуалы
ауданының Қайрат, Дихан, Б.Момышұлы елдімекендерінде сол
сияқты Талас ауданында, Тараз қаласында, Асада тұрады.
91
Шыңғара Дүйсенбіұлы (т.ӛ.ж белгісіз)
Атақты Аңырақай шайқасынан бұрын және кейін ӛмір
сүрген: Бораншы, Шалданбай, Қырқынбай, Есқара мен
Сегізбай, Шоқан мен Шыңғара, Қожақ батырлардың кӛк тәңірді
пір тұтып, туған жер атамекенін жоңғарлардан қорғау жолында
кӛрсеткен ерліктері ел аузында әлі күнге дейін айтылады.
Сондай елім деп еңіреген ерлердің бірі Шыңғара батыр. Ол
Шоқан батырмен замандас, қатар ӛмір сүрген. Жорықтарға бірге
аттанып, талай жеңістерге бірге жеткен. Шежіре бойынша
Шыңғара Байтана батырдың алтыншы баласы Дүйсенбіден
тарайды. Дүйсенбіден тӛрт бала: Сәдібек, Жәнібек, Шыңғара,
Барлыбай.
Шыңғара батырдың ерлігі туралы бірлі жарым айтылатын
ауызекі әңгімелер болмаса ешқандай дерек сақталмаған. Алайда
Садыбай - Байтана кітабында Тұрсынбай Сексенбаевтың
естелігінде:
«Бірде Шоқан батырлар Берікқара деген жерде (Кіші
Қаратаудың Билікӛл тұсындағы таудың қойнауы) отырғанда,
Шоқан ауылда болмай Созақ жаққа кеткенін білген жау ауылды
шабады. Елді шауып, малды айдап кеткенін шапқыншылар
Шоқанға хабарлайды... Шоқан жауды «Қандым» асуында қуып
жетеді. Сонша жаумен жалғыз алысып жүрген бір кісіні кӛреді.
Зер салып қараса Шыңғара екен. Елге жау тиіп, малды айдап
кеткенде, үйірден бір айғырды ерттеп мініп, қолына айыр бақан
ала салып жауға тиген екен. Осы ерліктен кейін Шоқан
Шыңғараның басына үй тігіп, алдына мал салып берген екен –
деген дерек келтіріледі.
Шежіреші қариялардың айтуынша Шыңғара ұрпағынан
Ақкісі, Сазан деген батырлар шыққан деседі.
Сазан батырдың қылышы Жуалы ауданының «Дихан»
бӛлімшесіндегі ұрпақтарында сақтаулы тұр. Шыңғара батырдың
ұрпақтары Қайрат, Дихан ауылдарында тұрады.
Кәшке Қожақұлы (1787-1867)
Кәшке Қожақұлы 1787 жылы Жуалы ауданының Мыңбұлақ
ӛңірінде дүниеге келген. Әкесі Қожақ Сегізбайұлы да батыр әрі
92
би болған. Кәшке батыр туған інісі Әлшікен, онан бӛлек тӛрт
бірдей баласымен Кенесары ханның сарбаздарының сапында
болған. Шежіре бойынша Қожақтан Кәшке және Әлшікен
тарайды. (Әлшікен Кенесары ханмен бірге бауыздалған деп
айтылады). Кәшке батырдан алты бала болған деп ұрпақ таратады
шежіреші қариялар. Олар: Абайділдә, Сатыбалды, Хаһназар,
Саржан, Есенгелді және Есім.
Жоңғар шапқыншылығынан соң Мыңбұлақ аймағындағы
қазақ ауылдарына қырғыз манаптарының жандайшаптары жиі -
жиі соғыс ашып тыныштық бермеген. Шекараны бұрын Шоқан
батыр Маймақ етіп белгілеп «Маймақ асуынан бері ассақ, ту -
талақайыңды шығарамын» - деп Шыңғара батырға бір бас, бір
тастан мұнара тұрғызғаннан кейін де тыныштық болмаған екен.
Сондай соғыстардың бірінде Кәшке батыр тӛрт бірдей
баласымен Кенесары қолымен сусыз әлсіреп қолға түседі. Қырғыз
манаптары тұтқынға түскен қазақ сарбаздарын шешіндіріп тастап
басын алады. (Оның ішінде Кәшке батырдың інісі Әлшікеннің де
басы алынады). Осы кезде Орман ханның шешесі:
- Әй, ана қазақтың денесін жабыңдар! қасиетті кісі екен -
деп бетін кӛлегейлеген екен. Кәшкеге шапан жауып жатып Орман
хан оны танып:
- Ей, Кәшкемісің?! деп бас салып құшақтаған екен.
Сонда Кәшке:
- Атаңның аузын ұрайын... Алдыңа тағы екі мың қой
салып берсем таныр едің ә! - деп ақырған екен. Оған себеп
Кәшкенің әкесі Қожақ батыр содан он шақты жыл бұрын Орман
манап пен екеуін достастырып сыйлыққа астына ат мінгізіп,
алдына екі мың қой салып берген екен.
Сол жолы Кәшке батырдың арқасында екі мыңнан астам
қазақ сарбаздары бостандық алған екен – деген деректер де бар.
Кәшке батыр мен Қыдыр 1846 - 1860 жылдары аралығында
Қоқан хандары мен қырғыздың соңғы манаптарымен шайқастарда
ерлік жасаған.
Кәшке батыр Кенесарының қазасынан кейін жиырма жыл
ӛмір сүрген деп айтылады демек, ол 1867 жылдар шамасына
келеді де ол 80 жыл ӛмір сүрген деп шамалаймыз. Кәшке
93
батырлығымен қоса би де болған деген ауызекі әңгімелер бар.
Кәшке батырдың ұрпағынан Саржан болыс болған. Кәшке
Қожақұлының сүйегі Тараз (Әулиеата) жеріндегі қорымға
жерленген. Оның бүгінгі ұрпағы негізінен Қайрат, Дихан
елдімекендерінде тұрып жатыр.
Кәшке батыр Қожақұлы туралы тарихи деректер мен
мағлұматтарды Садыбай - Байтана кітабынан, Жорабек
Мәмбеталы ұлының естелігінен және Байтана руының
шежіресінен алдық.
Ақша және Қожық батырлар
Аңырақайдағы Итішпес аталатын кӛлдің маңында, 1729
жылдың мамыр - маусым айында 40 - 45 күндік біріккен қазақ
қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық
соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі шайқас болғаны тарихтан
белгілі. Онда 30 - 35 мыңдай қазақ және 35 - 40 мыңдай жоңғар
әскері қатысты деген болжам бар.
Жоңғарлар бұл шайқаста шамамен ӛлідей 15-16 мың,
жаралы, қолға түскендері бар 7 - 8 мың адамынан айрылды.
Қалған 8 - 9 мың адам ғана отбасыларымен Ертіске, Тарбағатай
тауына шегінді. Қазақтар шешуші жеңіске жеткен осы айқас
орны жоңғарлардың жылап, еңіреп, аңырап (аңырау - қалмақша
сыңсып жылау) қалған жері ретінде әлі күнге дейін Аңырақай
даласы аталады. (К.Аманжолов, А.Тасболатов Қазақтың әскери
тарихы, 138-139беттер)
Аңырақай шайқасында кӛптеген батырлар жекпе - жекке
шыққан. Мысалы: Қанжығалы Бӛгенбай Қалдан Сереннің інісі,
қолбасы Шона Дабомен жекпе - жекке шығып, бірін - бірі ала
алмаған, ал Бӛлек батыр қалмақ батыры Аңырақайды ӛлтіреді.
Шымыр Ақша батыр қалмақ Дәржіні жекпе -жекте жер
жастандырады.
Қаратау маңындағы Күйгенкӛлде Ақша батыр қалмақтарды
қамыстың арасына алдап кіргізіп, от қойып қырғынға ұшыратқан.
Аңырақай шайқасына Қойгелді батырдың інісі Қожық пен
кіші Қарабатыр да қатынасқан. Қалың шымыр қолын бастап
келген Ақша батыр осы шайқасқа дейін бірнеше рет жекпе -
94
жекке шығып, Қас жауын жер жастандырып, кӛзге түсіп үлгерген
еді.
Қарабатыр мен қалмақ батыры Суреннің жекпе - жегін Ақша
мен кіші Қарабатыр тӛбеден бақылап тұрған. Бұл жолы
Қойгелді хазірет осы Аңырақай шайқасына тұңғыш ұлы кіші
Қарабатырды да ала келген болатын. Кіндік әкесі кӛз алдында
мерт болғанын кӛргенде кіші Қарабатыр шыңғырып жіберді.
Атын тебініп, майдан алаңына шаба женелді. Інісінің бұл
әрекетіне сүйсінген Ақша батыр да, қазақ пен қалмақ
батырларының құлаған жеріне жаудың алғашқы тобымен бірге
жеткен еді. Жау жағы ӛз батырының сүйегіне ұмтылмай бұрын
жеткен Ақша батырды ортаға алды. Жан - жақтан тірелген ӛткір
найзалар батырды аттан құлатты, сауытының кіреукесі сӛгіліп
ашық ӛндіршегінен екі - үш найза қадалды. Жаралы батыр кӛк
сүңгісіне сүйеніп әзер құламай тұрған.
Бұл кезде жетіп үлгерген қазақ жігіттері қаумалай кӛтеріп
шалажансар Қарабатырды майдан даласынан шығарып әкетеді
де, жаралы Ақша батыр мен інісі кіші Қарабатыр жау ортасында
қалып қояды.
Бұл кезде Тӛле би мен Қойгелді батырдың алдында
Қарабатыр соңғы аманатын айтып кӛз жұмды. Майдан үсті қым -
қиғаш ұрыс жүріп жатты. Осы кезде ғана Ақша батыр мен інісі
Қарабатырдың жау ортасында қалып қойғанын жауынгерлердің
біреуі Қойгелдіге жеткізеді.
Қойгелді бастаған қазақ жауынгерлері ұрандап жауға қайта
шапты, Ақша мен кіші Қарабатыр қалған майдан ортасына тез - ақ
жетті. Бұл кезде жаралы Ақша батыр найзасына сүйеніп әрең тұр
еді де, кіші Қарабатыр ағасын жан ұшыра айнала шауып қорғап
жүр еді. Майдан даласынан қазақ жасақтары жаралы Ақшаны
кіші Қарабатырдың кӛк дӛненімен қаумалап алып шығады.
Алайда қансыраған Ақша батыр Қойгелдінің кӛз алдында жан
тапсырады. Қос батырынан айрылған қазақ жасақтарының бұл
жолғы шабуылы ӛте тегеурінді, қатты болды, бар аруағын
шақырып кектенген олар жауды түре қуып тастады. Жау
ортасында қалған кіші Қарабатыр бұл жолы әупірімдеп тірі қалған
еді.
95
Қойгелді батыр інісі Ақша батырдың сүйегін ата қонысы
Билікӛл жері шалғай болғандықтан Аңырақай даласының бір
шетіне, қаза болған қазақ жасақтарымен қатарлас ақ жауып,
арулап жерледі.
Қариялар айтып тарататын шежіре бойынша Шымыр руынан
тарайтын Шоқаннан - Сарт, Жақсылық, Балық, Таңатар туады.
Сарттан - Қойгелді, Қожық, Ақша тарайды.
Ақша батырдың артында Ӛтеболат және Бекболат атты екі
баласы жетім, жұбайы жиырма жасында жесір қалады. Бір
жылдан соң асын беріп, Қойгелді келінін тұңғыш ұлы
Қарабатырға әмеңгерлік жолмен қосады. Қарабатырдан туған
баланың атын Қырғызбай қояды. Оның да кейінірек кӛзсіз батыр
және мерген аты шығады.
Қойгелді батырдың інісі Қожық та айтулы тұлғалардың бірі
болған. Жамбыл облысының энциклопедиясында Қожық
туралы мынандай мәліметтер келтірілген: «Қожық Ұлы жүз
қолының ту ұстаушысы болды. Аңырақай шайқасында
Қойгелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша, баласы
Қарабатыр да қатысады. Қойгелді батыр 1758 жылы інісі
Қожықты Пекинге елшілікке жібергені туралы Қойшығара
Салғараұлының «100 құжат» деген және «Таным тармақтары»
деген дерек жинағында айтылады.
Бұл күндері Шымыр руынан тарайтын Ақша батыр мен
Қожық
ұрпақтары
негізінен
Билікӛл,
Ақкӛл,
Жуалы
аймақтарында мекен етеді.
Қожақ батыр (т.ӛ.ж белгісіз)
Қожақ батыр туралы материалдар тіпті жоқтың қасы, бір - екі
тарихи кітапта аты аталғаны болмаса оның ерлігі және қай жылы
туылып, қай кезде қайтыс болғандығы туралы мәліметтер жоқ.
Қожақ батыр туралы білетініміз аз. Алайда, біз Қожақ батыр
туралы шағын материалды Әбдуәли Қайдардың «Қаңлы» атты
тарихи шежіре кітабынан кездестірдік. Онда былай жазылған:
«Қожақ батыр - XVII ғасырда ӛмір сүрген қаңлы
батырларының бірі. Ел жадында сақталған естеліктерде: Есім
ханның ұлы – Жәңгір хан кезінде қазақ даласына қалмақтар
96
қаптай бастайды. Оған қарсы ұйымдасқан Қарасай батыр бастаған
қалың қолдың құрамындағы батырлардың бірі - қаңлы Қожақ
батыр да болады. Тағы бір аңызда, жоңғар қолын Қошқарата
ӛңіріндегі Арқарлыдан Аңырақайға дейін қуған жорықта ерлік
кӛрсеткен Қожақ батыр Алтынемел тауының етегінде қайтыс
болған» (Ә.Қайдар Қаңлы, «Дайк-Пресс», 2004, 3756)
Оның ұрпақтарының аузында:
Сұрасаң арғы атамды – Қожақ батыр,
Ішінде ақ шатырдың ұйықтап жатыр - деп
басталатын дастаны бар екендігі айтылады.
Сәмен Дәненұлы (т.ӛ.ж белгісіз)
Сәмен батыр Дәненұлы жоңғар шапқыншылығы кезінде
Тӛле биден бата алған, әсіресе Аңырақай шайқасында ерекше
батырлығымен кӛзге түскен айтулы батырлардың бірі. Сәмен
батыр 1757 - 1758 жылдары Қойгелді батыр әскерлерінің
құрамында болып атамекенді азат етуге, сол сияқты Жуалыдағы
Қошқарата ӛңіріндегі шайқастарға қатысқан. Ол ру, тайпа емес
бүкіл қазақ халқының ортақ жерін, елдігін хандығын сақтап
қалуда жан аямай қорғаған батыр.
Сәмен батыр туралы 1992 жылдың 21 қарашасындағы
«Егемен Қазақстан» газетінде К.Рысбайұлы: «Қазіргі Кӛпекті,
Алакӛл, Мақаншы, Тарбағатай тауындағы Шілік деген жерде
Қойгелді, Бӛгенбай, Шапырашты Наурызбай басқарған әскер
ішінде мыңдықтарды басқарған Ӛтеген, Қосы, Мәмбет, Шойбек,
Сәмен, Сеңкібай қаңлы Тілеуке, қарақалпақ Қылышбек сияқты
батырлар болды» - деп жазады.
Тарихшы М.Тынышбаев, «Қырғыз қазақ халқының тарихына
байланысты материалдар» және соған қосымша ретінде
жарияланған «Қырғыз - қазақтар XVII - XVIII ғасырларда» атты
зерттеулерінде Сәмен батыр Дәненұлы есімін құрметпен атап,
оның Ботбай руының ұраны болғанын айтады.
Сәмен батыр Аңырақай шайқасында жоңғарлардың шӛктіріп
қойған түйелерден соғылған жанды қорғанын бұзып, ішіндегі ту
ұстаушы жоңғар батырын құлатқан. Ол ӛзінің шұбар айғырымен
қатарлай шӛгерілген түйелердің үстінен қарғытып ӛтіп, қорған
97
ішінде қырғын соғыс салып, қазақ қолдарының жеңіске жетуіне
үлес қосады. (Бұл мәлімет Сиқым Рысбек батыр кітабынан алынды
Алматы, Мерей 1994). Сол Аңырақай шайқасында Сәмен батыр
Ботбай руының екі мыңнан астам батыр жігіттерін бастап келген.
Арқадағы Абылайға ат шаптырып, біріккен қазақ қолы қазақ
жерін босатқанда Ботбай Сәмен, Рысбек батырлар ерекше
ерлігімен кӛзге түскен. Ол кезде жасы қартайып қалған Сәмен
батыр Садыр манапты жепе - жекте жеңеді. Кӛп қырғыздар, соның
ішінде Жайыл манап тоғыз ұлымен тұтқынға түседі. Абылай
олардың бәрінің де басын алдырып, тек кенжесін ғана Жауғаш
батырдың сауға сұрауымен аман алып қалады. Бұл оқиға 1769
жылы Садыр манап Меркіні, Талас бойын басып алып Шу
қырғыздары Сарыарқаға еніп Қоқи деп аталатын жерді басып
алған кезде болған еді.
Сәмен батыр 1757 - 1758 жылдары қазақтардың жоңғар
қақпасында екі жыл бойы шекараның күзет қызметінде болған.
Бұхар жыраудың «Қабанбай батыр» атты дастанында
мыңдықтан жасақ құрған барлығы жиырма тоғыз батырдың
рулары мен қоса есімдері аталады. Соның бел ортасында есімі
аталатын Ботбай Сәменнің батрылығы рулық, жүздік межеден
биік, ұлттық деңгейде болғанын кереміз.
Сәмен батырдың қай жылы дүниеге келіп, қай кезде ӛмірден
ӛткендігі туралы дерек жоқ. Тараздық тарихшылардың ізденістері
нәтижесінде
Сәмен
батырдың
зиратының
Талдықорған
облысының «Жоламан» елдімекенінің жанындағы Сәмен
ауылында екендігі анықтады.
Жоңғар қақпасының жанындағы тау «Сәмен тауы» мен
«Сәмен құдығы» аталатын жерлер осы Сәмен батырға
байланысты қойылған жер атаулары. Ботбай шежіресінде
Сәменнің ұлы Қаспалаң да батыр болған деп кӛрсетілген.
Мәмбет Күнбасұлы (1711-1810)
Шапырашты
Қазыбек
Тауасарұлының
жазбаларына
қарағанда Мәмбет батыр Сеңкібаймен бірге Аңырақайда ерлік
жасағанда он сегіз жастағы балаң жігіт болса керек. Осыған
қарап Мәмбет батыр Күнбасұлы 1711 жылы дүниеге келген деп
98
шамалаймыз.
Жоңғар
басқыншыларына
қарсы
қазақ
халқының
тәуелсіздігі үшін Абылай хан бастаған азаттық айқастарында
ересен қайрат кӛрсеткен батырларды Бұхар жырау:
Қаракерей Қабанбай
Қанжығалы Бӛгенбай
Ту түбінде тұр еді
Айбатты бұ күн Абылай
Тӛбеде жыға шаншылып
Әрі - бері жүр еді...
Батырлардың асқары -
Қазыбек ұлы Қасқара,
Қаумен, Дәулет қасында,
Байдәулеті басында -
Сеңкібай мен Шойбек бар
Таңсық қожа Мәмбет бар
Осылардың қасында – деп жырлайды.
Азаттық жолында әзіз бастарын қатерге тіккен ұлы батыр
бабаларымызды қалың жұрт қайтадан танып, кейінгі ұрпақ
ерліктерін еске түсіруде. Сӛйтсе де осы ел қорғаған Мәмбет
Күнбасұлы сынды батырларымызды Республикамыздың басқа
түкпірлерін былай қойғанда, ӛзінің туып ӛскен ел жұрты жете
біле бермейді.
Мәмбет батырдың ерлігі қалың жұртшылыққа қалмақ
батырымен жекпе - жекте белгілі болды. Сеңкібай батырдың
тарихында
баяндағанымыздай
Мәмбет
пен
Сеңкібай
батырлардың есімдері барлық жерде егіз адамдай бірге аталады.
Оңтүстік Қазақстанды отарлап, жерін иеленіп ӛз ӛктемдігін
жүргізген қалмақтар Алакӛл бойында жатқан қазақ қолына келіп
килігеді. Шамалхан атты батыры мұнда жеті мың әскерді бастап
келген. (Бұл туралы Сеңкібай батырды баяндағанда жазған
болатынбыз). Бұл шайқастың алдындағы жекпе - жекте Мәмбет
батыр Домбауылдың басын шабады. Қазір осы Шымыр Мәмбет
пен Жаныс Сеңкібай және Шапырашты Наурызбай батырларымыз
жекпе - жекте жауын жайратқан жерде Майдан атты қалашық бар
кӛрінеді.
99
Мәмбет батыр Абылайдың аса сүйікті батырларының бірі
болған. 1756 жылы Тӛле би қайта шақырып алғанша ұлы
ханының қасында болады. Әсіресе Мәмбет батыр Ертіс
бойында, Кӛкшетау, Қызылжар жерлерінде кӛптеген ерлік
кӛрсеткені туралы мәліметтер бар.
Абылай хан батырды аса қадірлегендіктен керей елінің
қадірлі бір адамының қызына ӛзі қалың мал тӛлеп, Мәмбетке
айттырған.
Мәмбет батыр Тӛле бидің ӛнегесімен ӛз ұрпақтарына
кӛптеген арық қаздыртып оларды диханшылыққа баулиды. Қазір
Мәмбет ұрпақтары қаздырған каналдар Тараз қаласының
тӛңірегінде үш ауданның жерін суландыруда.
Шымырдың Жаңабай атасынан тарайтын Мәмбет батыр жүз
жасаған әулие атанған, ұрпақтары кең тараған адам.
Байұзақ датқа Мәмбетұлы (1789-1864)
Байұзақ батыр Мәмбетұлы 1789 жылы қазіргі Тараз
тӛңірегінде дүниеге келген. Ел аузында ол Байұзақ датқа ретінде
белгілі. Байұзақ - Дулат тайпасының шымыр руынан шыққан.
Байұзақ Мәмбетұлы - Қазақстанның оңтүстік ӛңірінде (Оңтүстік
Қазақстан және Жамбыл облысы) Қоқан хандығына және Ресей
империясына қарсы ұлт - азаттық күресті ұйымдастырған, Тараз
аймағында елді отырықшыландыруға кӛп күш жігерін жұмсаған
батыр.
1821 жылы Оңтүстік ӛңірді Қоқан хандығы басып алғаннан
кейін, туған ағасы Бәйтерекпен бірге сұлтан Рүстем
Асфендиярұлы бастаған кӛтеріліске қатысады. Байұзақ
Мәмбетұлы беделді адам ретінде ӛз руластарына датқа болып
тағайындалады. Ол қазақтардың мүддесін қорғай отырып, Қоқан
отаршылдарына бас имей, тәуелсіз саясат жүргізуге ұмтылады.
1841 жылы Абылай ханның немересі Кенесары хан
Оңтүстік Қазақстанға келгенде, оны Мәмбет батырдың бел
баласы Байұзақ датқадан кӛп қолдау кӛреді. Кенесары ханның
қарамағындағы 20 мың жауынгердің бір бӛлігі осы Мәмбетұлы
Байұзақ датқаның қарамағындағы елден жиылған шымырлардан
құралды. Тарихшы Ермұхан Бекмахановтың монграфиясында
100
Кенесары
Қазақстанның
Оңтүстігіне
келгенде
оның
сарбаздарына келіп қосылған Ұлы жүз жасақтарын Байұзақ,
Тойшыбек сияқты батырлар басқарғандығынан тарихи деректер
келтірген.
Байұзақ
батыр
Қоқан
басқыншыларына,
орыс
отаршылдарына қарсы әлденеше дүркін үлкен азаттық
күрестерді бастады. XIX ғасырдағы отызыншы, қырқыншы,
елуінші жылдары Қоқан отарлаушыларына қарсы Талас,
Әулиеата, Меркі жерлерінде орын алған сан мың адамдық
кӛтерілістерді Байұзақ батыр басқарған. Патша генералы
Колпаковскийдің әскеріне қарсы Алматыға жақын Ұзынағаш
жерінде ӛткен соғыс қимылдарына ӛз қолымен келіп қосылады.
Ол Қоқан хандығы қойған датқа бола тұра оларды
мойынсынбады, ақ патша әскеріне қарсы қару кӛтермеді.
Қоқан хандығы ӛз билігін қорғап қалуға қолда барының
бәрін жасап бақты. «Дінсіздерге қарсы соғыс» деген ұранды
жамылып, зорлық еткен елдің ең жауынгер жігіттерін ӛлімге
айдады. Осы бір соғыстың халыққа берер пайдасы жоғын
Байұзақ батыр жақсы түсінді. Ӛзінің атқа қонған қалың қол
сарбаздарын бастап Аспара, Сусамыр, Күйік тауларын сағалап
алысқа кетті. Мұның бәрін біліп отырған Қоқан ханы Құдияр
Байұзақтың бұл әрекетіне қатты ызаланып оны Қоқанға
шақырды, бірақ ол бармады, онан кейін «орыстармен келіссӛз
жүргізуге хан атынан ӛкіл етеміз» - деп Шымкентке алдап
шақырады. Байұзақ датқа Шым қала бекінісіне аса сақтықпен
Жауғашты, Бәйтерек батыр бастаған қырық сегіз жігітпен келеді.
Байұзақ бекініске енген кезде хан ӛкілі Нұрмағанбет датқа
қақпаны жапқызып дайын тұрған баскесерлерімен жігіттердің
барлығын қырып салады. Сүйектерін жинап, зеңбірекке салып
Қошқар атаның жарынан тӛмен қарай атып жібереді.
Сӛйтіп Байұзақ батыр 1864 жылы тамыз айында 75
жасында қоқандықтардың қолынан қаза табады. Оның денесінен
қалған екі саусағы Сарыкемер ауылына таяу жердегі Талас
ӛзенінің жағасына жерленеді.
Байұзақ датқа тек қана ел бостандығы үшін ерлікпен
күрескен батыр ғана болмаған, сол сияқты шаруаларды
101
отырықшылыққа еңбек етуге үйретіп, суландыру жүйесін
жасатуға басшылық жасаған. Байұзақ датқа және оның ұрпақтары
қаздырған орындар күні бүгінге дейін бір қатар егін - жайларды
суландыруда. Бұрынғы Свердлов ауданына Байұзақ есімі беріліп,
аудан орталығы Сарыкемердің кіре берісіне 1998 жылы еңселі етіп
Байұзақ батырға ескерткіш орнатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |