Байдалиев Д. Д


Батырбек датқа Рысбекұлы (1795-1885)



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата22.12.2016
өлшемі2,09 Mb.
#135
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

 
Батырбек датқа Рысбекұлы (1795-1885) 
Қилы  заманда  халқына  пана  болған,  елді  әділетті  ақ 
жолымен болашаққа бастаған, бір ұлыс елдің данасы мен панасы 
болған  тарихи  түлғалардың  бірі  Батырбек  датқа  Рысбекұлы.  Ол 
жоңғар  шапқыншылығында  ерекше  ерлігімен  кӛзге  түскен,  алты 
алашты  ерлігіне  тәнті  еткен  Рысбек  батырдың  тұңғышы, 
Қарабатырдың шӛбересі, ал Шінеттің немересі. 
Батырбек датқа 1795 жылы Жуалы ӛңірінде дүниеге келген. 
Ол  ӛз  дәуірінде  яғни  XIX  ғасырда  Қазақстанның  Оңтүстік 
ӛңіріндегі  қазіргі  Жамбыл  облысына  қарайтын  Жуалы 
ауданының,  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  қазіргі  Түлкібас, 
Сайрам  аудандарының  аумағына,  сол  сияқты  Шымкенттің 
тӛңірегіне билік жүргізген. 
Батырбек  датқа  Рысбекұлы  ӛзінің  әділдігімен  және 
халқына  қамқорлығымен  ел  құрметіне  бӛленген  жан  болған. 
Арқаның от тілді, орақ ауызды ақыны Шӛже: 
                                 Дулаттың Құдай сүйген сұңқарысың, 
                                 Ӛңкей бек, серілердің сұңқарысың. 
                                Жарқырап карағанда жарық қылған. 
                                 Ішінде ұлы жүздің сұңқарысың - деп баға берген. 
Ел  ішінде  беделі  зор  Батырбек  датқа  1863  жылы  Шоқан 
Уәлихановпен, патша полковнигі Черняевпен жолығып, Оңтүстік 
ӛңірді  қоқандықтардан  азат  ету  жайлы  пікірлескен  және  сол 
қанды  соғыстан  ӛз  ұлысын  алдын  -  ала  қам  жасап  аман  алып 
калған. 
Ӛз  заманының  озық  ойлы,  кӛзі  ашық  азаматы  ретінде  ол 
Кенесары  хан,  Мұса  Шорманов,  Шыңғыс  Уәлиханов,  Құнанбай 
қажы, Сыпатай батыр, Майлықожа, Мәделі ақындармен Байұзақ, 
Сопақ,  Шоқай  датқалар  сияқты  атақты  адамдармен  белсене 

102 
 
араласқан. 
Батырбек  датқаның  қайраткерлігі  адамдық  болмысы 
тұрғысында  Әбжаппар  Жылқышиев  «Дауылдан  кейінгі  жарық» 
кітабында  жазған.  Оның  қазақ  халқы  үшін  жасаған  шарапаты 
туралы  Ташкенттегі  мұрағаттан  алынған  мынадай  мәліметтер 
дәлел  болады:  «Қазақтардың  Меккедегі  Қонақ  үйін  1874  жылы 
Батырбек датқа, Құнанбай мырза мен Аңдамас бай, кіші жүзден - 
Мырқы,  Нүрпейіс  байлар  салдыртқан.  Олар  қажылыққа  барған 
кездерінде  қажылыққа  келген  қазақтардың  үйсіз  -  күйсіз, 
панасыз  жүргендерін  кӛріп  қынжылады.  Ӛзара  пәтуаласып, 
қаржы  шығарысып,  Мекке  шаһарының  хакімінен  қонақ  үй 
(тәқия)  тұрғызатын  жердің  рұқсатын  алып,  құрылысшылар 
жалдап, екі жылдың ішінде үш қонақ үй тұрғызады» -делінген. 
Сондай  -  ақ  Батырбек  датқа  ӛзінің  ерекше  діндарлығымен 
мұсылмандық  жолды  берік  ұстануымен,  халық  арасында 
имандылықты  талмай  насихаттауымен  кейінгі  ұрпақтың 
жадында  калған. Ол  қажылықтан оралған соң, 1874 жылы Бӛкей 
тауының  етегінен  Самарқаннан  арнайы  алдырған  күйдірілген 
кірпіштен  мешіт  пен  медресе  салдырады.  (Бұл  жерді  жұрт  қазір 
«Датқаның  сазы»  -  деп  атайды).  Кӛнекӛз  қариялардың  айтуы 
бойынша сол мешітке жұма намазы мен айт мейрамдарында бүкіл 
Оңтүстік  ӛңірдің  халқы  жиналатындығы,  ол  медреседе  балалар 
мұсылманша  білім  мен  тәлім  -  тәрбие  алған.  Олардың  кӛбісі 
жетім  балалар  болған  дейді.  Әулиеата  мен  Шымкент  ӛңіріндегі 
теңдессіз  осы  мешіт  1928  жылға  дейін  халыққа  қызмет  еткен 
кӛрінеді.  1885  жылы  Батырбек  датқа  дүниеден  ӛткен  соң,  денесі 
ӛзі  салдырған  мешіт  -  медресенің  қасына  жерленді.  Ұрпақтары 
оның  басына  сәулетті  күмбез  салдырған.  Алайда  Кеңес 
үкіметінің  тұсында  күмбез  бұзылып,  талқандалып  кеткен.  Қазір 
мешіт - медресе мен күмбездің орны тӛбешік болып жатыр. 
Батырбек  датқа  туралы  Жамбыл  облысының  «Ақ  жол» 
газетінде  журналист  Талғат  Талапұлы  «Батырбек  датқаны  неге 
аяламаймыз?»  атты  мақаласында:  «Ақсұңқар  ұшар  жем  үшін, 
туады  ерлер  ел  үшін»  -  делінген  емес  пе,  біздің  аталы 
сӛздерімізде. Біздің Жуалы жерінде де сол елдің елдігін танытып, 
ӛз  жерінің  жақсылығын  жалпыға  ортақ  етіп  кӛрсеткен,  сырттан 

103 
 
кӛмек  сұрап  келген  жұрттарға  ӛз  жерінен  жер  бӛліп  беріп 
(Қоңыртӛбе  ауылындағы  наймандарға,  Кӛлтоған  ауылындағы 
қыпшақтарға, Билікӛл аумағынан келген шымырларға, сондай - ақ 
іргелі  елдің  ұрпақтары  арғындар  мен  қаңлыларға),  оларды  ӛз 
алдына  еңселі  ел  еткен,  билігін  басқаларға  бұлдамаған,  ӛз 
тұсында  барымта  мен  ұрлыққа  тйым  салған,  қалың  жұртты  - 
қайран елі үшін «елім - айлап» ӛткен бір ер азамат бар болса, ол 
– кешегі Батырбек датқа еді» - деп жазады. Журналист - жазушы 
сол  тарихи  тұлғаны  ардақтау  тұрғысынан,  келер  ұрпақ  киесін 
танып,  ӛз  тарихына  тамырын  терең  жайып  ӛссін  деген  ниетпен 
елеусіз  жатқан  Батырбек  датқаға  күмбез  орнату  керек  екенін 
айтады. 
 
Ақмолда Байұзақұлы(1824-1873) 
Ақмолда Байұзақұлы 1824 жылы Тараз қаласының маңында 
дүниеге  келген,  батыр  әрі  би  болған  кісі.  Әулиеата  (Тараз)  ӛңірі 
қазақтарының  Қоқан  хандығына  қарсы  азаттық  кӛтерілісі 
басшыларының  бірі.  Ұлы  жүз  Дулат  тайпасының  Шымыр 
руынан. Шымыр шежіресі бойынша: Мәмбеттен  - Байұзақ, одан 
Ақмолда,  Ақмолдадан  -  Әлтай,  Әбдікерім,  Мұхаметкерім, 
Рахметулла тарайды. 
Ақмолда  әкесі  Байұзақ  датқа  қартайған  шағында,  XIX 
ғасырдың  алпысыншы  жылдары  Қоқан  хандығының  әртүрлі 
салықтарына,  қорлықтарына  шыдамай  күрес  ұйымдастырған 
батыр  -  басы  (батырдың  батыры  деген  мағынада)  атқа  қонады. 
Ақмолда  бастаған  он  мың  жігіт  Сайрамды,  Шымкентті  Қоқан 
хандығынан  азат  етуге  қатынасады.  Ол  ӛзіне  қарасты  елді 
Шымкент  қаласына  кӛшіріп  кел  -  деген  парманашы 
Нұрмұхамедтің талабын орындаудан бас тартады. 
Ақмолда  батырбасы  әкесі  Байұзақ  датқа  қырық  сегіз 
батырымен мерт болғанда сарбаздарға бас болып қалған еді. Ол 
осы  кезде  Әулие  -  атаға  келген  ротмистр  Шоқан  Уәлихановқа 
арнаулы  кісі  жіберіп,  ӛзінің  генерал  Черняев  әскеріне  қосылып 
Қоқандықтардан әкесінің кегін алуға дайын  екендігін  білдіреді. 
1864  жылдың  маусымында  Ақмолда  батыр  ӛз  сарбаздарымен 
Әулиеатадағы  орыс  армиясына  қосылады.  Осы  сәтті  тиімді 

104 
 
пайдаланған генерал Черняев Ақмолда батырды бірден ақ - сынға 
алады.  Шымкенттің  бекінісін  шабуылдаушы  топтың  адыңғы 
шебіне  Ақмолданы  мың  жарым  жасағымен  жұмсайды.  Оның 
жасақтары  бірден  лап  қойып,  қақпаны  бұзып  ішке  кіреді. 
Әкесінің  қос  саусағын  бір  деректерде  (бармағын  деп  кӛрсетеді) 
зорға тауып алады да, бабасы Мәмбеттің қасына жерлейді.  
Ақмолда  1864  жылы  орыс  армиясының  капитаны,  кейін 
подполковник  шенін  алады.  Бұл  туралы  деректі  материалдар 
Ташкенттегі  Ӛзбекстан  Ұлттық  мұрағатында  полковник 
Серебровскийдің  «Ресейдің  Түркістан  ӛлкесін  жаулап  алу 
тарихы» -  жӛніндегі қорында сақтаулы. 
Ақмолда Байұзақұлы ӛмірінің соңғы кезіне дейін Шымкент - 
Пішпек  керуен  жолын  қорғайтын  жасақтың  бастығы  болып 
ӛткен.  1873  жылы  49  жасында  қайтыс  болады.  Бүгінде  Тараз 
қаласының бір кӛшесіне Ақмолда батырдың есімі берілген. 
 
Керімбай Бұралқыұлы (1862-1924) 
Керімбай  Бұралқыұлы  Жуалы  ауданына  қарасты  Билікӛл 
маңында  1862  жылы  дүниеге  келген.  (Сол  кездегі  Әулиеата  уезі, 
Билікӛл болыстығы) 
Керімбай  Бұралқыұлы  -  Шымыр  руынан  шыққан  қоғам 
қайраткері,  Қойгелді  батырдың  ұрпағы.  Шымыр  руының 
шежіресі  бойынша:  Қойгелдіден  -  Сарымырза,  Сарымырзадан  - 
Жампоз, Жампоздан - Бұралқы, Бұралқыдан - Керімбай тарайды. 
Керімбай  Бұралқыұлы  Әулиеата  уезінде  19  жасында 
болыстыққа  сайланып,  ұзақ  жылдар  болыстық  қызмет  атқарған. 
Ол  елді  диханшылыққа,  сауда  -  саттыққа,  кәсіпшілікке 
ұйымдастырған.  Тұз  ӛндіретін,  балық  аулайтын  бірнеше 
кәсіпорындар  ашуға  ұйытқы  болған.  Керімбай  болыстың 
ағартушылық қызметімен де ел аузында аты қалған. 
1888  жылы  ол  мешіт,  салдырып,  орыс  -  бұратана  мектебін 
ашады. Қазіргі Тараз қаласындағы №12 мектепті қазақ балалары 
үшін Керімбай болыс интернат етіп салдырған, ол 1912 жылы Аса 
интернаты болып аталды. 
Керімбай Бұралқыұлы ӛз заманында кӛзі ашық сауатты кісі 
болған,  кӛнекез  қариялардың  айтуына  қарағанда  ақындығымен, 

105 
 
сол  сияқты  күйші  -  сазгерлігімен  де  аты  шыққанға  ұқсайды.  Ол 
1912  жылы  Ташкент  қаласында  ӛзі  жинастырып  құрастырған 
қазақ шежіресін де бастырып шығарған. 
1918    жылдың  мамыр  айында  Керімбайдың  ауылына 
арнайы  келген  халық  ақыны  Жақсыбай  Жантӛбетұлы  былай 
жырлайды:  
                             Би болған Қаратеке, атаң, Шоқан,  
                             Хан болған Сарт Қойгелді - бұл да наһан,  
                             Сарымырза, Нұрбота мен Жампоз датқа  
                             Бақ қонып, ел сұраған бәрі де паң,  
                             Абырой екі ғалам бірдей беріп,  
                             Ақыры әжі болды Бұралқы атаң,  
                             Ӛзіңмен тоғыз болып, оныншы да  
                             Ұстады мирасында Жамаш ботаң. 
Мұндағы  ақынның  жыры  Керімбайдың  ата  -  тегінің 
барлығы  да  текті  адамдар  болғанынан  мәлімет  береді.  Бабалары 
Қаратеке, Шоқан, Сарт, Қойгелділер жоңғар шапқыншылығында 
еліне  пана  болған  батырлар  мен  билер  болса,  ал  Нарбота  мен 
Жампоз  -  Қоқан  мен  Ресей  отаршыларына  қарсы  кӛтеріліс 
ұйымдастырған  күрескерлер  болған.  Елінің  азаттығы  үшін 
күрескен  осындай  ата  -  бабаларының  әруағын  сыйлап  ӛскен 
Керімбайдың ӛзі қайырымдылығы, ерлігі, шешендігі, әділ билігі, 
ең  бастысы  -  қазақ  деген  туған  елінің  қамы  үшін  күресіп, 
патшаның  отарлау  саясатына  қарсы  шыққан  қайраткер  екендігі 
тарихымыздан белгілі. 
Керімбай  Бұралқыұлының  осындай  парасаттылық  пен 
қайырымдылыққа  толы  ғұмырнамасы  журналист  -  жазушы 
Амангелді  Ормантайдың  Керімбай  болыс  атты  повесть  - 
хикаятында  егжей  -  тегжейлі  баяндалады.  (Алматы  «Мұрагер» 
2006  ж)  Осы  кітапта  журналист  Б.Әбілдаұлының  және  тарих 
ғылымдарының  кандидаттары  Ә.Жүргенов,  Ы.Сағынтаевтардың 
«Ел  арысы  Керімбай»  атты  естелігінде:  «Әулиеата  ояздық 
кеңесінің  сол  кездегі  тӛрағасы  Тұрар  Рысқұлов  аштарды 
тамақтандыратын  асханалар  ұйымдастыра  бастағанда  олардың 
алғашқылары  Керімбай  Бұралқыұлының  ауылында  -  Билікӛлде, 
сондай  -  ақ  Меркіде,  Алмалы  -  Ботамойнақта,  Күйікте  ашылды. 

106 
 
Билікӛлдің  Аса  ӛзені  құятын  тоғыз  тарау  алқабындағы  Керімбай 
қыстауында  ел  «Ақтам»  аталған  үйінде  1917  -  1918  жылдары 
талай  аш  қазақ  жан  сақтады.  Тіпті,  жылы  үй  жетпеген  соң  киіз 
үйлер тігіліп, тамаққа күніне жүздеген ірілі - уақ мал сойылып, от 
жағылып, қазан қайнағандығын кӛрген жандар азын -аулақ болса 
да  әлі  де  баршылық.  Қысқы  суықта  тойынып  әлденген 
адамдарды  киіндіру  жӛнінде  де  кӛп  әрекет  жасаған  деген 
мәліметтер кӛрсетілген. 
Керімбай  Бұралқыұлының  Әулиеата  оязынан  тыс  жерлерге 
де  кең  жайылған  атақ  -  беделімен  патша отаршылары да  кезінде 
санасуға  мәжбүр  болған.  Мәселен,  1911  жылы  Шақпақата 
жерінде,  кейін  отаршылар  Кременевка  деп  атаған  ауылда 
Ресейден  келген  мұжықтар  жергілікті  азаматтардың  жер  -  суын 
тартып  ала  бастағанда  Керімбай  Бұралқыұлы  араға  түсіп, 
отаршылдарды шегінуге, кӛп айыппұл тӛлетуге мәжбүр еткен. 
Ол  қазақтардың  білікті,  ел  ағаларымен  қатар  ӛзбектің, 
қырғыздың  игі  жақсыларымен  де  қарым  -  қатынас  жасаған. 
Керімбай  Бұралқыұлына  әкесінің  аралас  -  құралас  қатары 
Ноғайбай  Дәулетқабылұлының,  қырғыз  манабы,  Қырғызстан 
Республикасының  Президенті  болған  Асқар  Ақаевтың  бабасы 
Шабдан  Жантайұлының  орыстармен  қарым  -  қатынасы  да  едәуір 
үлгі - ӛнеге болған сияқты.  
Билікӛлден  балық  аулау  Керімбай  Бұралқыұлының 
араласуымен, оралдық мұжықтардың қатысуымен кең ӛрістейді. 
Қордайлық болыс (ол кезде Жетісу облысына қараған) Ноғайбай 
Дәулетқабылұлы  ӛз  ауылынан  -Шарбақтыдан  қазақ  балаларына 
орысша  үйрететін  мектеп  ашылғанда  Керімбай  да  Әулиеата 
оязына қарасты 32 болыстың арасында қазақ балаларын орысша 
әрі  мұсылманша  оқытатын  екі  жылдық  мектеп  -  интернат 
ашқызуға ұйытқы болған. 
 1873  жылы  ашылған  орыс  мектебі  жанынан  бұратана,  яғни 
ӛз  елінде,  ӛз  жерінде  кемсітіліп,  осылай  аталған  қазақ  балалары 
үшін  алғашқы  интернат  1883  жылы  ашылды.  Міне,  осы 
интернатта  жатып  оқитын  қазақ  балаларына  қаржы  жинаудың 
басы  -  қасында  Керімбай  Бұралқыұлы  да  болған  еді.  Кейін,  1912 
жылы  Аса  интернаты  аталған  бұл  мектеп  сол  кезде  -  Кауфман, 

107 
 
Қазан  тӛңкерісінен  кейін  -  Коммунист,  биылдан  бастап  Тӛле  би 
аталған  кӛшеде  орналасты.  Онда  Қарымбай  Қошмамбетов, 
Бауыржан  Момышұлы,  Құрманбек  Сағындықов  сияқты  еліміздің 
асыл  азаматтары  да  оқыған  еді.  Бұл  мектеп  1927  жылы 
пролетариат  кесемінің  есімімен  «Карл  Маркс»  атындағы  мектеп 
болып  аталған.    Бұл  деректер  Жамбыл  облыстық  «Ақ  жол» 
газетінен алынды. (23 мамыр 1992жыл). 
Керімбай болыс ӛте денелі кісі болған, мінетін сәйгүліктері 
еркін  кӛсіліп,  бауырын  жазып  шаба  алмайтын  деуші  еді  оны 
кӛзімен  кӛргендер.  Керімбай  болыс  туралы,  оның  шарапаты, 
даналығы,  батырлығы  туралы  ел  аузында  кӛптеген  естеліктер 
бүгінге дейін сақталып қалған. 
Керімбай  Бұралқыұлы  1924  жылы  алпыс  үш  жасында 
дүниеден  озған.  Ол  Жуалы  ауданына  қарасты  ӛзінің  жайлау 
мекені  Тоғызтарау  жеріне  жерленген.  Жуалы  аймағында 
Керімбай  болыс  мекен  еткен  бірқатар  жер  -  су  аттары  сақталып 
қалған. 
 
Мақұлбек Шерімұлы (1890 - 1976) 
Қоғам  қайраткері,  Жуалы  ауданына  қарасты  Қошқарата 
ауылында дүниеге келген. 
Сиқым  шежіресі  бойынша  Мақұлбектің  әкесі  Шерім,  оның 
әкесі Тӛребек, ал Тӛребек атақты Рысбек батырдың сегіз ұлының 
тұңғышы.  
Алғашында  Мақұлбек  ауыл  молдасынан  арапша  сауатын 
ашқаннан  кейін  1904  жылы  Омбыдағы  гимназияға  оқуға  түсіп 
орта білім алады. 
Мақұлбек  Шерімұлы    Шерхан  Мұртазаның  «Қара  маржан» 
атты  шығармасының  прототипі  -  басты  кейіпкері  болып 
табылады. 
Ол туралы Еркінбек Тұрысов: «Рысбек – Құдияр ұрпағынан 
шыққан  Сәуірбай,  Дәуімбет  би,  Батырбектен  ӛсіп  -  ӛнген  күллі 
Ақсу  –  Арыс,  Шымкент  атырабына  билік  жүргізген  әйгілі 
Қасымбек  датқа,  Ыса  датқа,  Белқожа  би,  Тӛребек  әулетінен 
шыққан  Шерім,  Нарғозы  би.  Кешегі  ақ  патша  Николайдың 
тұсында сонау Ақмешіттен Әулие атаға шейін ұлан ӛлкеде қос  – 

108 
 
жүйрігі – қара тұлпар мен қасқа тұлпары аламан бәйгенің алдын 
бермеген  атақты  Мақұлбек  болыс  ӛз  заманында  дәуірлеп  ӛткен 
Рысбек батырдың ұрпағы еді» - деген мәлімет береді. (Е.Тұрысов 
Нұржаудың нұрлы түндері. Алматы: Нұрлы әлем 1998, 124 бет). 
Мақұлбек  Шерімұлы  1910  жылы  Қошқарата  ӛңіріне  болыс 
болып  сайланады.  Ол  тӛңкерістің  тұсында  сол  елдегі  оқыған, 
заман сазын баққан, кӛзі ашық, кӛкірегі ояу, жабыққан жанға жӛн 
айтар азамат болды. Ел аузында «Шерімнің шешен ұлы» атанды. 
1917  жылғы  Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  «ұжымдастыру», 
«кәмпеске»  кезеңдеріндегі  кеңес  ӛкіметінің  жаңа  билігін 
мойындап, бар малын ӛз еркімен тапсырған. Алаштың зиялылары, 
қазақтың  марқасқалары  Ахмет  Байтұрсынұлымен,  Жүсіпбек 
Аймауытұлымен,  Мұхтар  Әуезовпен,  Сәкен  Сейфулинмен  ол 
тығыз  қарым  -  қатынаста  болды.  1920  шы  жылдардың  соңында 
Әулиеата уезіндегі ішкі істер бӛлімінде де қызмет атқарды. 
Мақұлбектің  ӛз  атағы  мен  дүбірлі  жиын  –  тойларда 
аламанның алдын бермейтін әйгілі қара тұлпары тек қана Жуалы 
аймағы  емес  бүкіл  Орта  Азияға  танымал  болды.  Мақұлбектің 
әуелде бағы болған әйгілі қара тұлпар кейін ӛз басына сор болып 
жабысты.  «Тұлпар  түбін  табады»  -  деп  қара  аттың  түбін  қуған 
Шымыр  мен  Сиқым  елінің  арасында  үлкен  дау  -  жанжал  туады. 
Ақыр  аяғында  екі  елдің  Нарқозы  мен  Белқожа  сынды  игі 
жақсылары  мен  билері  араласып,  боз  биені  құрбандыққа 
шалдырып екі жақты әрең табыстырған еді. 
Мақұлбек  Шерімұлы  1928  жылы  қазақтың  бар  кӛзі  ашық 
зиялылары  сияқты  ӛз  туыстарының  арғы  аталарынан  бастап 
зорлықшыл  шонжар  тұқымы  деп  кӛрсетуі  бойынша  қуғын  -
сүргінге ұшырады. 
Мақұлбектің  ұсталуы  туралы  Еркінбек  Тұрысов  былай 
жазады: 
«Мақұлбек  сол  жиырма  сегізінші  ұлу  жылы  қыршылдаған 
қыс ортасында ұсталды. Әулиеата, Борнай жағынан келген қызыл 
жағалы  ГПУ – лер орта Сүңгіде қыстау жайында жайбар жатқан 
кезінде  түнемеге  үстінен  түсті.  Қолын  қайыра  бұғаулап,  аяғын 
таралғыға  таңып,  айнала  қоршап,  сықырлаған  сары  аязда 
Кӛлтоғанның бай орысы Башкатов Степанның қызыл түнекелі кӛк 

109 
 
үйіне  жеткізді.  Қамба  тамына  қамап,  зілдей  қара  құлып  салып, 
сыртынан қолына мылтық беріп, қарауыл қойды» (Сонда 169 бет) 
Кӛлтоғаннан  ұзап,  Қоңыртӛбеден  ӛтіп  Күреңбелге  ілінген 
кезде ебін тауып, екі айдаушының винтовкаларын сыпырып алып, 
ӛздерін  байлап  тастап,  қос  атты  жетекке  алып,  Бӛкей  тауын 
бӛктерлеп  Шыршық  арқылы  Сырдан  асып  Байсын  жағына  ӛтіп 
кеткен кӛрінеді.  
Ол 1953 жылы толық ақталды. 
Қошқарата  аймағындағы  қариялардың  есінде  қалған 
естеліктерге  қарағанда,  Мақұлбек  Шерімұлы  атасы  Тӛребекпен 
бірге  Қаратау  шатқалына  түрлі  тал,  терек,  жеміс  -  жидек 
ағаштарын  отырғызған.  «Мақұлбек  отырғызған  ағаш»  -  деп  сол 
ӛңірдің жасыл – желекті болуына сіңірген еңбегін жұрт әлі күнге 
еске алады.   
Еліміздің  тәуелсіздігі  –  біздің  арғы  –  бергі  дәуірлердегі 
батырларымыз, билеріміз бен тарихи тұлғаларымыз  ұлттық ақыл 
– есіміздің иелері мен киелерін бүгінгі ұлы кӛшімізге үлгі - ӛнеге 
етуге  туған  ұлы  мүмкіндік.  Оларды  тек  ер  жүрек  батыр  деп 
танымай,  сонымен  қатар  ел  қамын,  жер  қамын  ойлаған,  ӛз 
халқының  ертеңін  кӛксеген  ел  қамқоршысы,  кемелді  ақыл  иесі 
деп  тануымыз  керек.  Олай  етпесек  ер  азаматтың  елім  деп,  туған 
жерім деп шыбын жанын шүберекке түйіп жүріп тӛккен тері мен 
қанының ақталмағаны болар еді. Сол сұрапыл жылдарда еліне ес 
болған,  қайраты  мен  қайсарлығын  аямаған  ынтымақ  –  бірлігін 
жасаған,  осы  күнімізге  тұтас  жетуімізге  жол  салған  аяулы 
батырларымыз бен тарихи тұлғаларымызды естен шығару мүмкін 
емес.  Бұлардың  барлығы  әуелі  ӛз  аймағындағы  жерін  жаудан 
қорғап,  жұрттың  ішкі  ынтымақ  –  бірлігін  жақтап,  сол  арқылы 
жалпы қазақтың қамын жеп,  елдік бірлікті қамтамасыз етуге үлес 
қоса  білді.  Мысалы  Жуалы  топырағында  туылып,  Талдықорған 
облысы  Ақсу  ауданына  қарасты  Қарашоқы  қорымында  жатқан 
Садыбай батыр, Дешті қыпшақтың ту тіккен Кӛк Ордасы Тӛменге 
жақын  Тыңданың  іргесінде  жатқан  Байтана  т.с.с.  батырлар 
осының  айғағы.  «Садағының  басына  сары  шіркей  үймелеп  жау 
іздеген ерлердің басы қайда қалмаған?!» - деген Махамбеттің сӛзі 
осыдан қалған. 

110 
 
Бүгінді  біз    егеменді  ел  болғаннан  кейін  қазақ  мемлекетінің 
бес  жарым  ғасырлық  мемлекеттік  құрылымында,  ұлан  ғайыр 
жерді  қалай  иеленіп,  қорғап  келгендігі  әр  кезде  кӛкейде  жүреді. 
Жазушы Несібек Дәутейұлының сӛзімен айтсақ, «Атыраудағы бір 
қазақтың  шекесіне  тас  тисе,  Алтайдағы  қазақ  найзасын  сүйретіп 
ойланбай  жетеді  екен».  Қазақ  осы  күніне  аман  жетсе,  тек 
тұтастығымен жетті. 
Ендеше  батыр  бабаларымыздың  ұлағатты  ӛмірлерін  тәрбие 
алып,  олардың  ерлік  істерін  қолымыздан  келгенше  қастерлей 
білейік. Олардың үлгі - ӛнегелері кейінгі ұрпақтың ой – сезімі мен 
ӛрісін  кеңейтуге  отаншылдық  қасиетке  тәрбиелеуге  әсер  етері 
сӛзсіз. 
                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

111 
 
ІІІ Жуалы жерінің жер – су атауларының тарихы 
 
 
 
 

112 
 
Атамекен  жеріміздегі  жер  тарихы  мен  ел  тарихы 
атауларының  кӛзі  ғасырлар  бойы  тарих  кӛшінде  алмасқан 
ұрпақтар  санасында  сақталып,  жалғастық  дәстүр  негізінде 
тұрақтанып  қорланған  жиынтығының  бір  кӛрінісі.  Қазіргі  кезде 
тарихи зерденің бір саласы ретінде танылған адамзат баласының 
тербеліп  ӛскен  тал  бесігі  –  Жер  ананың  –  атауларына  дейін 
жаңаша мән - мағына берілуде. 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  саласының  алдында  ӛз 
ӛлкесінің тарихын, рухани  байлығын, табиғатын елін,  жерін жас 
ұрпаққа  терең  таныта  білу  міндеті  қойылып  отыр.  Бұл  мәселе 
Қазақстан  Президентінің  2004  жылғы  Жолдауында  «мәдени 
мұраны сақтауда» баса кӛңіл аудару қажеттілігінен   туындайтын 
ұлт  мәдениеті  мен  дүниетанымын  зерделеудің  біртұтас  жүйесін 
жасауды  мақсат  тұтатын  «Мәдени  мұра»  бағдарламасында  да 
кӛрсетілген. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Жалпақ  жұртыңды,  иісі  алашыңды 
құрметтеу  алдымен  ӛзің  тұрған  ӛлкеңнің  тарихын,  табиғатын 
танудан басталады» - деп баға берген. 
Осы  тұрғыдан  ізденіс  жасап,  әлі  де  болса  тереңірек  ұғына 
түсетін мәселелердің бірі  - халқымыздық кіндік қаны тамған ата 
мекені, ӛлкеміздің жер – су атаулары болмақ. «Жер – судың аты  - 
тарихтың хаты» - деп ұрпақтан  - ұрпаққа ауысып, жалғасып келе 
жатқан  географиялық  жер  атауларының  қатпарынан  халық 
даналығының ізін кӛреміз. Осы халық даналығын терең ұғынған 
Шоқан  Уәлиханов:  «Кӛне  түркі  салт  –  сана,  әдет  –  ғұрпының 
қаймағы  бұзылмаған  қазақтарда  ӛмірдің  бір  саласын  қамтитын 
тарихи оқиғалармен байланысты адам аттары, жер - су атаулары, 
тағы  басқалары  есте  сақталып,  атадан  балаға  жалғасып  жатады» 
деп  баға  берген.  (Ш.Уәлиханов  Таңдамалы.  Алматы,  1985,  115 
бет). 
Халқымыз  ғасырлар  бойы  кӛшіп  қонып  келген  ӛзінің 
атамекен 
атауларын 
кӛп 
жағдайда 
жер 
бедері 
мен 
ерекшеліктеріне  орай  ӛте  дәл,  кӛркем  ұғымдармен  ерекше  етіп 
бере  білген.  Олардың  кейбіреулерінде  кісі  атымен  (антропоним) 
атау  тәжірибесі  де  кездесіп  отырған.  К.Г.  Паустовский:  «Жер 
атаулары дегеніміз – халықтың ӛз елін ақындық тілмен бедерлеуі. 

113 
 
Бұлар – халықтың мінез – құлқы, тарихы, ой аңсары мен тұрмыс - 
салт  ерекшеліктері  туралы  сыр  шертеді»  -  деп  тамаша  етіп 
анықтама 
берген.(Мекемтас 
Мырзахметов. 
Қазақ 
қалай 
орыстандырылды? Алматы: Атамұра, 1993, 58 бет). 
Кӛне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін  ата  мекен  жер  –  су 
атауларының  қалыптасуы,  сан  алуан  тарихи  оқиғалардың 
әсерінен  ӛзгерістерге  ұшырап  жатуы  заңды  құбылыс.  Олардың 
жаңаша 
дүниетанымның 
ықпаламен 
алмасып 
жатуына 
жаугершілік, 
отаршылдық 
сияқты 
саяси 

әлеуметтік 
жағдайлардың әсер етуіне тікелей байланысты болған. 
Жер  атауларының  ерекшеліктерімен,  олардың  уақыт 
талабына  сай  ӛзгеруінде  белгілі  территорияға  қоныс  аударған 
адамдардың  ішкі  және  сыртқы  миграциясын  айқын  кӛруге 
болады. Мысалы: Сақ тайпасы, олардың орнын басқан Үйсіндер 
мен  Қаңлылар.  Оларды    алмастырған  Түркі      қағанаты  мен 
түргештер.  Араб жаулауы, Тан династиясы, қарлұқтар, оғыздар, 
қыпшақ  хандығы.  Монғол  шапқыншылығы,  Ақ  орда  мемлекеті, 
Қазақ  хандығы,  Жоңғар  шапқыншылығы  мен  миграциясы, 
Қырғыз  елінің  территориялық  ұлғаюы,  Дулат  тайпасының  бел 
алуы,  Қоқан  хандығының  ықпалы,  Орыс  колонизациясы, 
жергілікті халықтың демографиялық жарылысы. 
Қазақ 
хандығының 
ішкі 
миграциясы: 
ашаршылық 
жылдардағы  Сарысудағы  тама  –  табын  руларының  Жуалыға 
қоныс аударуы, тыңды игерудегі сыртқы миграция, ХХ ғасырдың 
90 – шы жылдарындағы оралмандар миграциясы ауданның жер – 
су атауларына ӛз лебін қосты. 
Жер – су атауларының ӛзіндік танымдық және ағартушылық 
маңызы  бар.  Бұл  географиялық  атаулар  еліміздегі  егемендіктің 
бекігендігі  мен  ұлттың  басымдығы  мен  қайта  жаңғыруының 
айғағы.  
Жуалы  жерінің  жер  -  су  атауларын  тарихтың  хаты  десек, 
олар  негізінен  әр  кезеңдегі  тарихи  оқиғаларға,  жеке  тұлғаларға, 
табиғи жағдайларға байланысты қойылғандығын кӛрсетеді. 
             

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет