§ 8. АМЕрИКА ҚҰрАМА ШтАттАрЫ
Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШқа тигізген
әсері. АҚШ экономикасы мен американдық монополиялар
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қатты күшейіп, байи
түсті. Өйткені бұл ел аумағының соғыс қимылдарынан
шалғайда болуына байланысты жойқын қиратылудан
аман қалған-ды.
Әскери тапсырыстарды орындау арқылы Америка
монополиялары ұшан-теңіз табысқа ие болды. АҚШ-тың
өндірісі тез ұлғайды. 1920 жылы бұл елде дүниежүзінде
өндірілетін таскөмірдің жартысына жуығы, шойын мен
болаттың 35%-ы, мұнайдың 23%-ы, автомобильдердің
85%-ы шығарылып жатты. Бұрын АҚШ қарызданған
елдер қатарында болса, енді қарыз беруші мемлекетке
айналды. Еуропа елдері соғыстан АҚШ-қа көптеген мил-
лиард долларға қарыздар болып шықты.
49
Экономикасы күшейген АҚШ халықаралық сахнада-
ғы оқиғаларға белсене араласатын болды. 1918 жылғы
8 қаңтардағы конгреске ұсынған 14 баптан тұратын
жол дауында президент Вудро Вильсон соғыстан ке-
йінгі дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағ-
дарламасын жариялады.
Бағдарлама баптары бейбіт шарттар жасасудың және
Еуропа елдерінің демократиялық бағытпен дамуының
негіздерін қалады. Алайда Париж конференциясының
нәтижесі АҚШ-тың жетекші елге айналу позициясын
толық қанағаттандырмады. АҚШ жоспарына қарсы
тұрарлық күштері әлі де жеткілікті Ұлыбритания мен
Франция Еуропа деңгейінде де, Ұлттар Лигасында да
жетекшілік рөлін сақтап қалды.
Сыртқы саясаттағы мұндай сәтсіздікті оппозициядағы
республикалық партия жетекшілері пайдаланып, ендігі
жерде Еуропа істеріне АҚШ-тың араласпауын, Еуропа
елдерінің АҚШ-пен одақтаспауын қолдайтынын алға тарт-
ты. Олардың оқшаулану саясатына орай, АҚШ конгресі
Версаль шартын бекітпей тастады, оған қоса АҚШ Ұлттар
Лигасының мүшелігінен бас тартты. Бірақ АҚШ ең күшті,
ең бай мемлекет ретінде дүниежүзі елдерінің дамуына
шешуші ықпал етумен болды. АҚШ ұсынған “Дауэс жос-
пары”, “Юнг жоспары” Еуропа елдерін, әсіресе Германия-
ны қалпына келтіруде үлкен үлес қосты. Қиыр Шығыста
Жапониямен бақталас болған АҚШ Қытай мәселесіне
көңіл бөліп, ондағы Гоминьдан тобына қолдау жасады.
Латын Америкасы елдеріне байланысты саясат күшейе
түсіп, Америка империализмінің үстемдігі ұлғайды.
1920 жылы сайлауда демократиялық партия жеңіліс
тауып, билікке республикашылдар келді. Президент бо-
лып Огайо штатының сенаторы Уоррен Гардинг, 1924 жы-
лы ол қайтыс болған соң президент болып Масса чусетс
штатының губернаторлығынан вице-президенттікке
көтерілген Калвин Кулидж сайланды. Жаңа үкімет “Аме-
рика бизнеспен айналысады” деген ұранды алға тартты.
1922—1929 жылдардағы АҚШтың ішкі және сыртқы
саясаты. Басқа елдерге қарағанда Америка капитализмі
тез жетілу үстінде болды. 1924 жылы өндіріс кәсіпорын-
дары шығаратын өнім Ұлыбритания, Франция, Герма-
ния, Жапония қосылып өндіретін өнімнен асып түсіп,
50
дүниежүзі капиталистері өндіретін өнімнің 44%-ына тең
болды. Машина, ұшақ, электротехника, химия салалары
маңызды орын алды. Америка монополиялары басқа да
салаларда үстемдік жүргізді. 1929 жылы корпорациялар
қолына елдегі өндірістің жартысынан көбі жинақталды, ал
онда елдегі жұмысшылардың 90%-ы істеді және барлық
өнеркәсіп өнімінің 92%-ы шығарылды.
1928 жылы сайлауда республикалық партия өкілі Гер-
берт Гувер президент болып сайланып, ол Америка азамат-
тарына керемет жақсы өмір орнайтындығы жөнінде уәде
берді. Бірақ жағдай тез арада күрт өзгеріп, АҚШ бұрын-
соңды болып көрмеген дағдарысқа ұшырады.
Өзінің сыртқы саясатында АҚШ үкіметі оңашалану
бағытын ұстанып, Еуропа мәселелерімен және сол ай-
мақтардағы елдермен әскери-саяси одақтарға қосылмауға
бел байлады. Әйтсе де, көптеген халықаралық мәселелер
бойынша АҚШ-тың басымдылығы байқалды.
1929—1933 жылдардағы АҚШтағы экономикалық
дағдарыстың ерекшелігі. Экономикалық дағдарыстың
күшті болғаны сонша, дағдарыс бүкіл экономиканы
күйретіп, АҚШ-ты 1913 жылғы деңгейге шегіндіріп тас-
тады. 1932 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1919 жылға
қарағанда 50%-ға қысқарды. 13 млн адам жұмысынан
айырылды. АҚШ-та бұл кезең ұлы дағдарыс жылдары
деп аталды.
Дағдарыс мемлекеттің бүкіл қаржы жүйесін қамтыды.
1933 жылдың наурыз айында акцияның жалпы құны
4,5 есе төмендеді. 4 жыл ішінде 5,5 мың банк жұмыстарын
тоқтатты, бұл АҚШ-тың барлық банктерінің бестен бір
бөлігі еді. Миллиондаған ұсақ салымшылар ақшаларынан
айырылып, кедейленіп қалды.
Әлеуметтік жағдай қатты ушықты. Жұмыссыздық
бойынша сақтандыру жүйесі, әлеуметтік көмек ұйымдары
дегендер мемлекетте атымен жоқ еді. Қатал дарашылдық
идеологиясы бойынша әркім өз тағдырына өзі жауапты
деген пікір алға тартылды. Адам тағдыры үшін мемле-
кет тарапынан жауапкершілік болған жоқ. Мемлекеттің
әлеуметтік көмегі американизмнің негізін бұзады деп
есептелінді.
Дағдарыс пен оның бүкіләлемдік ауқымы төтенше,
көлемді шаралар қабылдауды талап етті. Мемлекетте
51
қайыршылық халге жеткен бұқара халық қана емес, саяси
жүйенің құлауынан қауіптенген ірі америкалық бизнес те
бір шара қолдануды талап ете бастады.
1932 жылғы сайлау науқаны осындай жағдайда бас-
талды.
президент Ф. рузвельттің “Жаңа бағыты”. 1932 жылғы
қарашадағы президент сайлауында Герберт Гуверге
демократиялық партияның өкілі Франклин Делано Руз-
вельт (1932—1945 жж.) бәсекелес болды.
Рузвельт сайлау науқаны барысындағы бір сөзінде:
“Мен америкалықтарға жаңа бағыт беремін” дегенді айт-
ты. Осы жаңа бағыт деген сөз ұранға айналды. 1933 жыл-
дың наурыз-маусым айларында алғашқы жүз күн деп
аталатын кезеңде жаңа президент конгрестің өзі ұсынған
біртұтас заңдар пакетін қабылдауына қол жеткізді.
Наурыз айында конгрестің бірінші сессиясы өз жұ-
мысын бастады. Үш ай бойы конгресс көптеген заңдар
қабылдады. Олардың мәні Америка үшін, капиталистік
әлем үшін экономиканы мемлекеттік реттеуден көрініс
тапты. Барлық шаралар төтенше, ерекше сипатта болды.
“Жаңа бағыттың” теориялық базасына Джон М. Кейнс-
тің экономикалық ілімі алынды. Бұл ілім бойынша,
өндірістің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін
экономиканың мемлекет тарапынан белсенді реттелуі
қажет. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағытының” негізгі мін-
деті — мемлекеттің өнім өндіру үрдісіне тікелей араласуы-
мен елді дағдарыстан шығару болатын. Жаңа әкімшілік
жұмысшылар мен фермерлердің әлеуметтік-саяси құқық-
тарын ұлғайтуға кірісті. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыты”
арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу АҚШ өмірінің
тұрақты факторына айналды.
Президенттің алғашқы шаралары — банктер жүйесі мен
жұмыссыздарға көмек ұйымын тәртіпке келтіру, штат-
тық, федералдық ауқымда көмек көрсететін мемлекеттік
ұйымдар құру болды. Осы мақсат үшін Төтенше федерал-
дық ұйым құрылды, көмек сұраушыларға 500 млн дол-
лар бөлінді. Кейде күш қолданатын шаралар енгізу де
ұсынылды. Соған орай “Ұлттық өнеркәсіпті қалпына
келтіру туралы” Заң (ҰӨҚК) өмірге келді. Заң үш бөлімнен
тұрады: бірінші бөлім әділ бәсеке кодекстерін енгізуді
қарастырды. Әртүрлі өндіріс салаларының кәсіпкерлері
52
жиылып, оларды теңестіретін өнім өндіру шартын қа-
растырды. Бұл бәсекені күштеп шектеу болатын.
Мұндай кодекстер АҚШ өнеркәсібінің 95%-ын қам-
тыды. Өндіріс көлемі мен тұтыну нарығының арасалмағы
өнеркәсіп дағдарысынан шығудың басты тірегі болды.
“Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру” Заңының
екінші бөлімі кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы
қатынасты реттеді. Заңның бір бабы кәсіподақты мо-
йындауды, жұмысшылардың келіссөз жүргізу құқығын,
кәсіпкерлерге жалдану және еңбек шарттары туралы
ұжымдық келісімге тұруды қарастырды. Бұл АҚШ-та
өндірістік кәсіподақ құруға үлкен күш берді.
1935 жылы ҰӨҚК заңының баптары негізінде еңбек
қатынастары туралы акт қабылданды. Ол ұжымдық
келіссөз тәжірибесінің қағидаларын АҚШ-тың ұлттық
саясаты ретінде мойындады. Сондай-ақ жұмысшылар мен
кәсіпкерлер мүдделерін реттеу тетігі болып табылды.
Дағдарысқа қарсы шаралардың үшінші бөлімі қоғам-
дық жұмысқа және мемлекеттік өнеркәсіп, әскери және
басқа обьектілер құрылысына ірі қаржы қарастырды.
Келесі маңызды заң актісі ауыл шаруашылығын рет-
ке келтіру заңы болды. Ол заң фермер қожалықтарына
материалдық көмек беруді, ферма өнімдерін сатып алуды,
сөйтіп ауылшаруашылық өнімі мен өнеркәсіп өнімдерінің
баға айырмашылығын кемітуді ойластырды.
1936 жылғы президент сайлауы науқанында Руз-
вельт ке жергілікті қуатты күштер қарсы шықты. Олар
мемлекеттік реттеуден ығыры шыққан ірі бизнесмендер,
көптеген газеттер, республикалық партия жағындағылар
және Одақтық Лигаға біріккен басқа да оңшыл саяси топ-
тар болды. Дегенмен Ф. Рузвельтке халықтық майданнан
құралған көпшілік сайлаушылар қолдау көрсетті.
Осы кезде АҚШ-та екіпартиялық жүйе біраз жаңа-
ланды. Саяси өмірде бұқара халықты өзіне тарту әр пар-
тияның аса маңызды мақсатының бірі ретінде қаралды.
Мемлекеттің беделі өсіп, мәртебесі биіктеді.
“Жаңа бағыттың” әлеуметтік реформалары. 1930 жыл-
дары бірқатар маңызды әлеуметтік реформалар қа-
былданды: еңбек қатынастары туралы заң, әлеуметтік
қорғау туралы заң, жалдау шарттарының әділеттілігі ту-
53
ралы заң. Бұлар балалар еңбегіне тыйым салатын, еңбекке
аз төлемақы төлеуге, жұмысшылар мен қызметшілер үшін
жұмыс аптасын барынша ұзартуға тыйым салатын заңдар
болды.
1938 жылғы дағдарыс үкіметті жаңа мемлекеттік
құрылыс пен қоғамдық жұмыс үшін бірнеше милли-
ард доллар бөлуге мәжбүр етті. Ауыл шаруашылығын
көтерудің маңызды шарасы өнім беретін жерді қай-
та қалпына келтіру бағдарламасы болды. Бұл әсіресе
1930 жылғы құрғақшылық пен шаңды бораннан кейін
ерекше қолға алынды. АҚШ-та жұмыссыздық бойынша
сақтандырумен бірге, зейнетақымен қамтамасыз ету ту-
ралы заң қабылданды.
АҚШтың дүниежүзілік рөлі. панамериканизм
және оқшаулану саясаты. АҚШ-тың сыртқы саясатына
1929—1933 жылдары болған дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс қатты әсер етті. Жағдай АҚШ-ты экономикалық
және саяси оқшаулануға итермеледі. Бұл 1935 жылғы
бейтараптық туралы заңнан басталды. Ол заң бойын-
ша, еуропалық саяси одақтарға қатыспау және соғысып
жатқан мемлекеттерге экономикалық немесе әскери көмек
көрсетпеу белгіленді. Сондықтан АҚШ-тың сыртқы саяса-
ты оқшау сипатта болды.
АҚШ-тың сыртқы саясаттағы өзекті бағыты Ла-
тын Америкасына бағытталды. Рузвельт континент
мемлекеттерімен қарым-қатынаста бетбұрыс жасады.
“Iзгі көрші” аталатын жаңа саясаттың бұрынғы бағыттан
айырмашылығы Латын Америкасы мемлекеттерінің
ішкі ісіне араласпау қағидасы бойынша және өзара
келісім негізінде сауда жасау, техникалық көмек беру
негізінде құрылды. Бұл саясаттағы жаңа бағыт АҚШ-тың
американдық жүйедегі басқарушылық жағдайын бекіте
түсті.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. АҚШ экономикасының тұрақтануына қандай жағдайлар себеп болды?
2. Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзі
лік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?
3. Г. Гувер мен Ф. Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қан
дай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?
4. Ф. Рузвельттің “Жаңа бағыт” саясатының мәні неде?
5. Отар мен доминион арасында қандай айырмашылық бар?
54
Екінші бөлім. 1918—1945 жылдардағы
аЗиЯ жәнЕ аФрика ЕлдЕрі
§ 9. ЖАпОНИя
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония.
ХХ ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталис-
тік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізді. Елді
билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп,
экономиканың дамуы соғыс талаптарына бағытталды.
Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның
ықпалында болды. Ең алдымен, ол Қытайды бағындыруды
көздеді. Жапония 1914 жылғы тамызда Германияға соғыс
жариялап, Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін
басып алды. Келесі жылы Қытайға 21 талап ұсынып,
оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе
бастады.
Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон
бур жуазиясы одан әрі байи түсті. Елде әскери жағдай
енгізіліп, қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашар-
лады. 1917—1918 жылдары нан жетіспей, азық-түліктің
бағасы жоғарылай берді.
1918 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жа-
понияның 36 префектурасында ашыққан тұрғындардың
қозғалысы басталды. Жапон тарихында бұл қозғалыс-
ты “күріш бүліншілігі” деп атайды. Ашыққан халық
кө шелерге шығып, күріш сататын дүкендерді, күріш
қамбаларын, күріш сататын саудагерлердің үйлерін
қиратып, ойран салды. Ызаланған халық өсімқорлар-
дың, ірі кәсіпкерлердің күріш қорларын бөліске салды.
Көтерілісшілердің ұйымдастыру комитеттері күріштің
және басқа тағамдардың қымбатшылығын әшкерелеп,
олардың бағасын арзандату талабын қойды.
“Күріш бүліншілігі” Жапониядағы 144 қаланы қам-
тыды. Әсіресе Осака қаласындағы халық толқулары өзінің
жойқындығымен ерекшеленді. Осы қаланың Нискуоно
ауданында жиылған 20 мың көтерілісші өзіне қарсы
шыққан полиция тобын таспен атқылап, машиналарын
өртеп жіберді. Бір күннің ішінде Осака қаласындағы
көтерілісшілер 250-ден астам қамбаны қиратты.
55
“Күріш бүліншілігі” Жапония халқының стихия-
лық түрде өткен наразылығын байқатып, саналы қоз-
ғалыстардың өршуіне жол ашты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты
күшейді. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл
өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті. Қиыр
Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды.
Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға
қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы
Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп ал-
ды. Ресейдің құрамындағы Приморье, Солтүстік Сахалин
жерлері 1922—1925 жылдары Жапония қарамағында бол-
ды. Тайваньдағы, Кореядағы отарлау саясаты қылыштың
күшімен жүргізілді.
АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді. 1921—1922
жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз
шегініс жасауға мәжбүр болып, Шаньдуннан бас тартты.
Оның әскери-теңіз флоты шектелді.
1924—1932 жылдары елді Сэйюкай, Минсэйто, Какку-
син, Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді.
Төменгі палатаның беделі өсіп, жоғары палатаны қалып-
тастыруда императордың ықпалы төмендеді. 1925 жылы
заң бойынша сайлауға қатысушылар саны көбейіп, бұл
халықтың 16%-ын құрады.
Өкімет жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын
1923 жылғы қарашадағы жойқын жер сілкінісіне байла-
нысты шараларды пайдалана отырып, басып тастады.
1920 жылдардың екінші жартысында Жапония би-
леушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды. Ең алдымен,
олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып, содан
кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді (Танака жоспа-
ры). Ол үшін әскери күшін, теңіз флотын ұлғайтуға кірісті.
1929—1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс жылдары Жапония да біраз қиыншылықты бас-
тан кешірді. Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқы-
лық жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне
жеңілдік туғызды. Жапония 1932 жылы Қытайдың
Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ
мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Бұл жер-
де жапон қарулы күштері шоғырланып, шекаралас КСРО
56
және Моңғол Халық Республикасына қауіп төндірді.
Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа
елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті. Чан Кай-
ши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы
Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді.
1920—1930 жылдар аралығындағы экономикалық
дағдарыс өрістеп көптеген кәсіпорындар жабылып,
жұмыссыздық жаппай белең алды. Шаруалардың жағ-
дайы нашарлады. Елде саяси күрес күшейе түсті. Ол
жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен
ғана тынбады. Ұлтшылдыққа, озбырлыққа құныққан орта
топтар, әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы
және ішкі саясатты күшейту, керек болса, фашистік тәртіп
орнату талаптарын көтерді. Төменгі шендегі офицерлер
ереуілдері мен бүліктері өкіметті алаңдатпай қоймады.
1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто
қаза тапты. Жаңа үкімет жаппай қарулану, Жапония мен
Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту, үкімет мүшеле-
рін қорғау және т.б. шараларды қолға алды. Бұлар Жаңа
экономикалық құрылым және Жаңа саяси құрылым деп
аталған бағдарламалардың негізін қалады.
Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге
ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан
Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті.
Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті
басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады. Сая-
си партиялар жабылып, демократтар қамауға алынды.
Сөйтіп, ұлттық бірлікке жету ойластырылды. Таққа
көмектесу қауымдастығының мақсаты жаңадан таққа
отырған императорды мадақтау, оған табыну болды.
Озбырлық саясат ұстаған Жапония Германия мен
Италияға жақындасты. Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шіл-
деде Қытайға қарсы үлкен соғыс ашып, оның ішкі аудан-
дарын жаулап алды. 1939 жылы жапон әскерлері Моң-
ғолияға шабуыл жасады. Бірақ Біріккен Моңғол-Ке ңес
қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегіну-
ге мәжбүр болды.
1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан
жеңіліп қалғанда, жапон үкіметі Үндіқытай (Вьетнам,
Лаос, Камбоджа) мен Индонезия аралын, Малайзия
57
мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті. 1940 жылғы
27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия Үштік одақ
аталған әскери бірлестігін құрды. 1941 жылы сәуір айында
Жапония мен КСРО бес жылдық бейтараптық шартқа қол
қойды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. Әлемді
жойқын соғысқа итермелегендердің бірі болған жапон
милитаристері тоқтаусыз шабуылдап, Оңтүстік-Шығыс
Азия мен Қиыр Шығыс халықтарын қан қақсатты. Бірне-
ше Қытай қалалары, соның ішінде, Тяньцзин, Нанкин,
Шанхай, Ухань және т.б. қиратылып, бейбіт тұрғындар
қырғынға ұшырады. Елде шовинистік ұрандар көтеріліп,
“жапондықтар тәңірдің нұрына бөленген ерекше халық”,
“Жапония бастаған азиялық гүлдену ғасыры басталды”
деген ресми үгіт жүргізілді.
КСРО-мен бейтараптық шарт жасасып алған соң оның
негізгі озбырлық бағыты Оңтүстік-Шығыс Азияға ауысты.
Қытайды басып-жаншып, ең дамыған аудандарын жаулап
алып, оның байлығын өзіне тасыды. Үндіқытай елдері де
тоналды.
Тынық мұхит пен Азия аймағының негізгі қарсыласы
АҚШ болғандықтан, оған қарсы соғысқа дайындық
жасырын түрде жүргізілді. АҚШ басшылары да күдік
тумас үшін Жапония 1940—1941 жылдары онымен
бірнеше келіссөздер жүргізді. Екі ел сауда қатынастарын
сақтап келді. 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ-тың бүкіл
Тынық мұхиттағы әскери-теңіз күштері шоғырланған
Гавайядағы Перл-Харбор базасына тұтқиылдан жапон
крейсерлері мен ұшақ таситын кемелері шабуыл жасап,
жеңіске жетті. Содан соң көпке дейін бұл аймақта жапон
үстемдігі орнады. Бірақ 1942 жылдың ортасына дейін
Тынық мұхитта үстемдік құрған жапондар 1943 жылы
теңіз шайқастарында біріккен американ-ағылшын күш-
терінен жеңіле бастады. Филиппинді қайтарып алған
АҚШ ұшақтары жапон аралдарын бомбалауға кірісті.
1944—1945 жылдары жапон қалалары мен кенттері қатты
қиратылса да, оның саяси-әскери билеушілері соғысудан
бас тартпады. 1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚШ алғашқы
атом бомбаларын Жапонияның екі қаласы — Хиросима
мен Нагасакиге тастап, аталған қалаларды өртеп жіберді.
58
Әскері Азияның әр жерінде шашылып, өзі өрт астында
қалған Жапонияға КСРО үкіметі Ялта—Потсдам келісімі-
не сәйкес 9 тамызда соғыс жариялады. Кеңес Қарулы
Күштері Квантун армиясына соққы беріп, Қытайдың
солтүстік-шығыс ауданы мен Солтүстік Кореяны босатты.
Оған қоса Оңтүстік Сахалинді, Куриль аралдарын басып
алды.
Бүкіл әлемді жаулап, билеп-төстеуді армандаған жапон
саясатшылары мен генералдары 1945 жылы 2 қыркүйек-
те тізе бүгуге еріксіз көнді. Шетел әскерлері ел тарихын-
да бірінші рет жапон жеріне аяқ басып, ел егемендігінен
айырылды.
Көптеген бейбіт елдерге қырғын әкелген жапон мили-
таризмі күйреп, халық бостандыққа жетті. Отарлық
бұғауындағы Тайвань, Корея, Қытай жері азаттық алды.
Осылайша, Қиыр Шығыстағы соғыс ошағы талқан-
далды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жапонияның Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ішкі және сырт қы
саясатын сипаттаңдар.
2. Жапон билеушілері Қытайға қандай талап қойды?
3. Екі соғыс аралығында Жапония қандай кезеңдерден өтті?
4. Жапон милитаризмінің жоспарларын айтып беріңдер.
5. Тынық мұхиттағы соғыстың барысы және оның нәтижесі қандай?
Картадан көрсетіңдер.
6. Жапония неліктен жеңіліске ұшырады деп ойлайсыңдар?
§ 10. тҮрКИя
түрік халқының ұлтазаттық күресінің басталуы.
Түркия халқының ұлт-азаттық күресі алғышарттарының
пісіп-жетілуі Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
шаруашылық күйзелісімен тығыз байланысты.
Соғыста жеңілген Түркия жеріне Антанта тобының әс-
кері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Англия,
Франция, Италия және Грекия әскерлері басып алған
аймақтарында жергілікті халыққа зорлық-зомбылық
көрсетті. Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор
және Дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймақтарын
басып алды.
59
А н т а н т а б а с қ ы н ш ы л а р ы н ы ң
зор лық-зомбылығы, Ресейдегі ре-
волюциялық өзгерістер Түркия
халқының наразылығын күшейте
түсіп, елдің тәуелсіздігі үшін күреске
жұмылдырды. Ұлт-азаттық күрес тү-
рік халқы біртұтас топтасқан аймақ —
Анадолы түбегінде басталды.
Құқық қорғау ұйымдарын құру.
1918—1923 жылдар дағы ұлт-азаттық
қозғалыстың басшылығында Құқық
қорғау ұйымдары атты буржуазия-
лық-патриоттық қоғамдар болды. Осы
аттас ұйымдар Түркияның көптеген
аудандарында құрылды. Бытыраңқы ұйымдардың басын
қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын 1919 жылы
мамырда Анадолыға келген генерал Мұстафа Кемал паша
өз қолы на алды.
Мұстафа Кемал паша 1881 жылы Салоника қаласында Али Риза
бей деген ұсақ қызметшінің отбасында дүниеге келеді. 1894 жылдан
бастап жас Кемал әскери мамандыққа бейімделе бастады. Әскери
лицейді және академияны үздік бағамен аяқтайды. 24 жасында Бас
штабтың капитаны деген шенге жетіп, Сирия гарнизонында оған
әскери қызмет жүктеледі. 1905 жылы “Жас түріктер” ұйымымен
жақындасып, Сирия тобындағы жас офицерлерді бірік тіріп, “Ватан”
саяси үйірмесін құрады.
1911—1913 жылдары М. Кемал Африкадағы және Балқан
түбегіндегі соғыстарға қатысқан. 1916 жылы Кавказ майданын
да генерал шені мен паша деген лауазым алды. Ол отаршылдарға
қарсы азаттық күрестің туын көтерген Шығыстағы алғашқы саяси
қайраткерлердің бірі болды. 1918—1923 жылдардағы Түркиядағы
ұлтазаттық күрес оның есімімен кемалдық революция деп аталды.
М. Кемалдың тікелей қатысуымен 1919 жылы та-
мызда және қыркүйекте Құқық қорғау ұйымдарының
жалпытүркиялық конгрестері өткізілді. Сивас қаласында
өткен конгресте 13 адамнан құрылған уәкілетті өкілдік
комитет сайланды. Оның төрағалық қызметі М. Кемалға
жүктелді.
Сұлтан үкіметі шетел әскерлерінің көмегімен азаттық
қозғалысын басуға кіріскенде, М. Кемал бастаған өкілдік
Мұстафа Кемал
60
комитет жаңа парламент шақыру қажеттігін жариялап,
бұқара халықты азаттық күреске жұмылдырды.
1920 жылы Анкара қаласында Ұлы халық жиылысы
(жаңа парламент) шақырылып, Түркияның тәуелсіздігі
мен тұтастығы жарияланды. Ұлы жиылыс елдегі жалғыз
ғана заңды орган деп жарияланды. Мұстафа Кемал
бастаған жаңа үкімет құрылды.
1921—1922 жылдардағы ресей — түркия келісімдері.
М. Кемал үкіметі 1920 жылғы мамырда Мәскеуге өкіл-
дер жіберіп, келіссөзге кірісті. 1921 жылы 16 наурызда
Кеңес — Түркия достық және өзара көмек туралы
келісімге қол қойылды.
Келісімге сәйкес, Кеңестік Ресей үкіметі революция-
шыл Анкара тобына тегін 10 млн сом дық алтын, қару-
жарақ, оқ-дәрі жеткізетін болды.
Сакария шайқасы. 1921 жылы наурызда Түркия ар-
миясы Иненю атты ауылдың маңайында гректің басқын-
шы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске ие болды.
Азаттық жолындағы күрестің шешуші шайқасы
1921 жылы 23 тамыз — 13 қыркүйек күндері Сакария
өзенінің бойында өтті.
1922 жылғы сәтті шабуылдардың барысында гректер-
ден Анадолы түбегі толық тазартылды. Италия мен Фран-
ция әскерлері де елден шығарылды. 1922 жылы қарашада
Түркияның Ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жою
туралы заң қабылдады, ақырғы сұлтан V Мехмед елден
қуылды.
Түркия халқының ұлы жеңісі халықаралық конфе-
ренцияда бекітілді. 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна
қаласында өткен халықаралық конференция Түркия мен
7 шет мемлекеттің (Англия, Франция, Италия, Грекия,
Румыния, Югославия, Жапония) арасындағы бітімді
бекітті. Лозанна келісімі Түркияның аумақтық бүтіндігі
мен мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады.
Кемал үкіметінің реформалары. Азаттық күресте же-
ңіп шыққан Түркия буржуазиясы өз билігін тұрақтанды-
ру ды қолға алды.
1923 жылдың сәуір айында Республикалық халықтық
партия құрылды. Партияның төрағасы М.Кемал паша
парламенттік сайлауда жеңіп шығып, бұл партия үкіметті
басқарушы күшке айналды.
61
1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жария-
ланды. Рес публиканың бірінші президенті бо лып М. Ке-
мал паша сайланды. Сакария жеңісінен кейін М. Кемалға
маршал шені мен қазы атағы берілді. 1923 жылы 13 қазан-
да мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді. 1924 жылы
3 наурызда халифат жойылып, халиф әулеті елден
қуылды.
1924 жылы 20 сәуірде Түркия мә жілісі жаңа Кон-
ституциясын жария лады. Конституция демократиялық
тәртіпті бекітті. Азаматтардың же кебасының еркіндігі,
жекеменшік қауіпсіздігі, сөз, ой-пікір, баспасөз, жиналыс
және ұждан бостандығы қорғалады деп жарияланды.
1920—1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформала-
ры елдің мәдени және тұрмыс жағдайына үлкен өзгерістер
енгізді. Діни мектептер жабылып, азаматтық мектептер
ашылды, шариғаттық сот орнына азаматтық сот органда-
ры енгізілді. 1926 жылы азаматтық заң жинағы қабыл-
данды. Бұл заң негізінде көп әйел алуға, бір адамның
(ерінің) қалауы бойынша ажырасуға тыйым салынды.
Азаматтық некелесу тәртібі, әйелдердің еркектермен
теңқұқықтығы жарияланды.
1925 жылы еуропалық киім кию, араб әліпбиінен ла-
тын алфавитіне көшу жүргізілді. Түрік әйелдеріне сайлау
құқығы беріліп, оларға мәдени, қоғамдық, саяси өмірге
қатысуға жағдай жасалды. 1934 жылы мәжіліс фами-
лия енгізу заңын жариялады. Сол жылы 24 қарашада
Түркияның Ұлы халық жиналысы М. Кемалға Ататүрік
(түріктердің атасы) деген фамилия берді.
Экономикалық салада Кемал үкіметі этатизм (мемле-
кет) саясатын жақтады. Экономика дамуы мемлекет қам-
қорлығына алынып, мемлекет қаржыларының кө мегімен
өнеркәсіп орындары, теміржол және тасжолдар, порттар
салынды. 1925 жылғы заң негізінде ашар салығы жо-
йылып, түрік шаруалары біркелкі ақша салығын тө лей-
тін болды. Бұл заң ауылдағы ескі феодалдық әдеттер дің
сақталуына тежеу болып, түрік шаруаларының тауар-
ақша қатынастарына көшуіне жеңілдік туғызды.
30жылдардағы түркия республикасының халық
аралық беделінің тұрақтануы. 1930 жылдарда Түркия
Республикасының экономикалық жағдайының тұрақ-
тануына байланысты оның халықаралық жағдайы да
62
жақсара түсті. Түркия мен КСРО арасындағы экономика-
лық қатынастардың дамуы арқасында, КСРО берген 8 млн
доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында кеңес
мамандарының көмегімен ірі тоқыма кәсіпорындары са-
лынды. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лига-
сына қабылданды. 1936 жылы Түркия Республикасының
өтініші бойынша Швейцарияның Монтре қаласында
халықаралық конференция шақырылды. Босфор мен Дар-
данелл бұғаздарын бақылайтын халықаралық комиссия
таратылып, бұғаздар Түркия Республикасының толық
иелігіне қайтарылды. Түркия өз қалауы бойынша бұғаздар
жағалауына әскери бекіністер салып, қарулануға еркіндік
алды.
1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы
Балқан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция
және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын
жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы түркия.
1939 жылы қыркүйек айында Мәскеуге келген Түрік деле-
гациясы екі ел арасындағы өзара көмек келісіміне дайын
екенін білдірді. Гитлерлік Германиямен жақындасқан
сталиндік үкімет Түркия ұсынысын қабылдамады.
Түркия Республикасының ұлттық мақтанышы — Айя-София храмы
63
1941 жылы 18 маусымда Түркия мен Германия арасын-
да достық және өзара жауласпау шартына қол қойылды.
1941 жылы 25 маусымда Түркия үкіметі бейтараптық
саясатты жақтайтынын жариялады.
1943 жылы Исмет Иненю Каир қаласында Рузвельтпен
және Черчилльмен кездесіп, Англия — АҚШ одағымен
жақындасудың жолын ашты.
1945 жылы 23 ақпанда Түркия Германияға соғыс жа-
риялап, антигитлерлік одақ жағына ауысқанын білдірді.
1945 жылы 19 наурызда КСРО үкіметі 1925 жылғы Кеңес-
Түрік бейтараптық келісімін жойғанын мәлімдеді. Кеңес
үкіметінің бұл әрекеті көп жылдар бойы қалыптасқан
Кеңес-Түрік достық қатынастарының бұзы луына себеп
болды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 1918—1923 жылдардағы Түркия халқының ұлтазаттық күресінің
себептерін атаңдар.
2. Мұстафа Кемалдың әскери қызметінің өсу жолдарын ашып көр
сетіңдер.
3. Кемалдық революцияның барысын сипаттаңдар.
4. 1920—1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформаларына сипатта
ма беріңдер.
5. Кемал Ататүрікті прогресшіл саяси қайраткер деуге бола ма?
Достарыңызбен бөлісу: |