Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.
914 жылы Махди Египетті жаулап алу жорығының нәтижесі?
2.
Египетте жер реформасын жүргізгендер?
6 Дәріс. X-XV ғасырдағы Иран.
Негізгі сұрақтары:
1.
Аббасилер халифатының құрамындағы Иран.
2.
Иран аумағындағы феодалдық мемлекеттер. Саманилер, буидтер,
газнауилер.
3.
Селжүктер билігі кезіндегі Иран.
ХІ ғасырдың 60-жылдары Аббастар халифатының әлсіреуі нәтижесінде
Иранның шығысында Саффар әулеті басқарған мемлекет құрылып, Систан
мен Хорасанда өз билігін орнатты. 900 жылдан кейін Саффарилер жаулап
алған жерлер 819 ж.Мауераннахрдегі қалыптасқан Саманилер әулетінің
қолына көшті. Саманилер өкіметті 999 жылға дейін өмір сүрді.
Иранның батысы мен оңтүстік батысында 935 жылдан 1055 жылға
дейін Буидтер мемлекеті өмір сүрді.Каспий теңізінің оңтүстігіндегі тау
халықтарының кедей отбасынан шыққан 3 ағайынды Буидтер алғаш
жалдамалы әскер Бағдатты басып алды.Іс жүзінде халифты да бағындырып
алып, Ахмед ибн Буид оны өзіне «Эмирлердің эмирі» деген атақ беруге
мәжбүр етті.Шираз бен Рейде Ахмед Буидтің інілері Хасан мен Али ел
басшылары болды. Буидтік басшылардың ішінде белсенділігімен әсіресе
Азуд – ад –Доулэ (949 – 983 жж.) ерекше көзге түсті.Ол Ширазды
басқаратын.Ол феодалдық рентаны қатаң тәртіпке келтіріп, ауыл
шаруашылығын көтеру жолында көптеген шаралар қолданды.Буидтер
шийзмге қамқорлық жасап отырды.Саманилер мен Буидтер мемлекеттерінде
арабтар билігі кезінде қалыптасқан жерге феодалдық меншіктің түрлері
сақталып қала берді. Х ғасырдың аяғына қарай ерікті қауымдық
шаруалардың көпшілігін феодалдық басыбайлы шаруаларға айналдыру
процесі негізінен аяқталды.
999 жылы Саманилер мемлекеті құлағаннан кейін Амудария өзеннің
батысы мен оңтүстігіндегі Хорасан, Систан жерлері және Ауғанстан 977
жылдан 1187 жылға дейін өмір сүрген Газнаулер мемлекетінің қол астына
көшті.Бұл мемлекеттің негізін Газни қаласы маңындағы шағын вассал
князьдік қалады. Газнилер түркі тілдес халықтар болған.Газниулер мемлекеті
өзінің саяси қуаттылығының шегіне Махмуд сұлтанның (998 - 1030) тұсында
жетті.Махмуд пұтқа табынушы индустарға қарсы солтүстік Индияға
"Қасиетті соғыс" жариялады.Махмуд Индияға 17 рет жорық жасады. Тек бір
жорығында ғана, деректердің мәліметті бойынша, Махмуд Индиядан 57 мың
құл, 20 млн. дирхемдік байлықпен 350 піл әкеткен. "Дін үшін" соғыс туының
астында жерсіз қалған, байығысы келген мыңдаған шаруалар өз еркімен
жиналатын. Махмуд Газнауи Буидтер мемлекетімен де соғысты. 1017
жылы ол Хорезмді басып алды.
ХІ ғасырдың басында Орта Азиялық селджук оғыздары Иранмен Кіші
Азияға қоныс аударды.Қарахандық түріктерден қудалаушылық көрген
оғыздар сұлтан Масуд Газнаулиден Абиверде,Серахс, Ниса, Мерв
аудандарынан көшіп – қонып жүретін жер сұрап алды. Ақысына әскери
қызмет атқаруға уәде берді, әскері жетіспеген Масуд оғыздар тілегін
қанағаттандырып, 1035 ж. Олардың сұраған жерлерін біраз бөлігін берді.
Бірақ жыл өткен сайын оғыздардың жерлерін кеңейту талабы өсе түсті.
Ашуланған Масуд Газнауи оғыздарға қарсы әскер жіберді.Селджуктық
оғыздар көсемдері ағайынды Тоғрылбек пен Шағрылбектер 1040 жылы ол
әскерді талқындап, өздеріне Хорасан мен батыс Иранға жол ашты. 1043
жылы Газнауилер Хорасан мен Хорезмнен айырылды. Тоғрылбек басқарған
Сельжуктер бүкіл Иранды басып алды.Сельжуктер батысқа қарай жылжи
отырып Иракты,Әзірбайжан мен Арменияны басып алды. 1055 жылы олар
Бағдадты басып алып,аббасид халифі Қаимды Тоғрылбекке сұлтан атағын
беруге мәжбүр етті.1077 жылы Рум сұлтанаты құрылып, оның қол астында
Кіші Азия қалды.
Исмаилилік шиит Хасан ибн Саббах басқарған секта 1090 жылы
Казвин қаласының солтүстігіндегі Аламут («Бүркіт ұясы») қамалын басып
алды да, өз ортылығына айналдырды. Кейін исмайлилер Альбрус,
Кухистан,Сагс, Ливан тауларына бірнеше қамалдар мен замоктарды басып
алды, сөйтіп, «таулық қарт» басқаратын, теократиялық исмаилилік мемлекет
құрылды. Ол 1090-1256 жылдар аралығында өмір сүрді.
Секта мүшелері қатаң тәртіппен, антпен берік топтасқан ұйым
құрды.Исмаилилер сельжуктерге қарсы аянбай күрес жүргізді,өмірін қиюға
дайын тұратын фидайлар өздеріне қас деп санайтын саяси және мемлекеттік
қайраткерлерді өлтіріп отырды. Адамның басын айналдырып, мас қылатын
есірткі тартатын Хасан Саббахтың исмаилилері «хашиш тартушылар»
атанды.Арабтар оларды «хашишийун» деп атаған.Осы сөзден еуропалықтар
исмаилилер сектасының мүшелерін ассасин деп атап кетті.Бұл француз,
итальян тілдерінде «өлтіруші» дегенді білдіреді.Алғаш исмаиллилер –
ассасиндер бұқарасын қолөнершілер мен шаруалар құрады.ХІІ ғасырдағы
Сириялық араб Усама ибн Мунқыз, мемуарлар авторы, исмаилилерді
«кедейлер», «жүн түтушілер еді» дейді.Замоктар мен жерлерді басып
алып,сектаның басшылары бай феодалдарға айналды.ХІІІ ғасырдың басына
қарай Ирандағы исмаилилер мемлекеті кәдімгі феодалдық мемлекетке
айналды.
Сельжуктер билігі кезінде қолөнершілер мен көпестер арасындағы
қырқысулар ондаған жылдарға созылды.Тегеран тұрғындары қорғауға
ыңғайлы болу үшін жерден үй жасап, сонда тұра бастады.Рейде ХІІІ
ғасырдың басында ақсүйектер жеңіске жетті. Бұл жеңіс өте қымбатқа түсті.
Екі жақтан 100 мыңдай адам қаза тапты дейді таришылар.Мұндай қанды
қырқысулар Нишапур мен Исфаханда да орын алды.Бұл қырқысулардың
идеологиялық негізінде діни нанымдағы қайшылықтар – шииттер мен
сунниттер келіспеушіліктері жатты.ХІ ХІІ ғасырда Ирандағы феодал
ақсүйектер сунниттердің, қала мен деревня кедейлері – шииттердің
идеологтары болды.
«Ұлы Сельжуктер» сұлтанына Балх ауданында көшіп – қонып жүретін
түрік-оғыздар көтерілісі ауыр соққы болып тиді.Балх оғыздары ауыр салыққа
– жылына сұлтан дастарханына 24 мың қой беріп отыруға наразы болып,
көтеріліске шықты. Олар 1153 ж. сұлтан әскерін талқандап, сұлтан
Санжардың өзін тұтқынға алды.Сонан соң Мерв пен Нишапур қалаларын,
Хорасанды тонап, талан – таражға салды.Парсы ақыны Анвар бұл
тонаушылықты өзінің «Хорасанның көз жасы» атты элегиясында өте шебер
бейнелеген.
Бұл
көтерілісті
оғыз
тайпасының
басшылары
пайдаланып
қалды.Соғыста қолға түскен олжаларды иемденіп, жер үлестерін кеңейтті.
Ондағы басыбайлы шаруалар қатары да көбейді.Қарапайым шаруалар
бұқарасы көтерілістен пайда таппады.Санжар сұлтан (1118 – 1157 жж.) өлген
соң «Ұлы Сельжуктер» сұлтанаты бірнеше ұсақ князьдыққа бөлініп кетті.Бұл
сұлтанаттың әлсіреп ыдырауына байланысты ХІ ғасырда бұрынғы Сельжук
империясының леннигі болған Хорезмнің саяси маңызы күшейді. Суару
жүйелерінің дамуы, ауыл шаруашылығының жоғары дәрежеде жетілуі, Орта
Азияны орыс, Иран жерлерімен қосатын керуен жолының бойында
орналасуы
Хорезм
басшыларының
қуатын
өсірді.
«Ұлы
Сельжуктердің»құлауын пайдаланып, Хорезм шахтары ХІІ ғасырдың 80-90
жылдарында Мерв пен Хорасанды өз мемлекеттеріне қосып алды.1210 жылы
Мұхаммед Хорезмшах тұсында алынды. Ал 1215 жылы Ауғанстан
толығымен түріктерге қосылды.
ХІІ –ХІІІ ғасырлар аралығындағы Иран экономикасы біраз жандана
түсті. ХІІІ ғасырдың басында жазылған «Табаристан тарихының» авторы
Ибн Асфандияр Мазендаран облысы туралы былай дейді: «Бұл жерде арпа –
бидай, жеміс – жидек, аң мен төрт түлік дегенің өте жеткілікті. Байлық
көзіңді тойдырады.Бір жапырақ бос жатқан жерді кездестіре алмайсың».
Соңғы Хорезм шахтар Сельжук сұлтанындағы дағдарысты пайдаланып,1132
жылы төменгі Ирак пен Хузистанда саяси биліктерін қалпына келтірген
Аббасидтік Бағдад халифатымен сәтсіз соғыстар жүргізді. Ақыры 1220 жылы
Хорезмшах империясы монғол жаулап алушыларының оңай жеміне айналды.
Дін. ХІІ ғасырдың басында сунниттік қағидалар тұжырымдалып бітті.
1112 жылы қайтыс болған имам Мұхаммед Газалы «Ихья улум – ад дин»
деген еңбегін жазды.Ол мұсылмандық діни қағидаларды қарапайым халыққа
жақындатуға, қазақырақ етуге тырысты.Мухаммед Газали атеистік
философияға қарсы еңбек те жазды («Философтардың күйреуі»). Атеист
философтар оған «Күйреудің күйреуі» деген трактатпен жауап берді. ХІ
ғасырда Иранның қала тұрғындары арасында суфизм (ислам дініндегі
мистикалық – аскеттік бағыт) ықпалы күшті болды. ХІІ ғасырдағы ақын
Сенан өзінің сопы болуын кезбе дуананың ықпалы деп көрсеткен. Ол дуана
сұлтанның дүние – қоңыздығын айыптап, «көзі ақсын» деп қарғайтын дейді.
Сопылықпен бүркемеленген шиитік дін Ирандағы қала кедейлерінің,
шаруалардың дініне айналды. Ол үстемдік етуші сүнниттік дінге қарсы
бағытталды.
Иранды Монғолдардың жаулап алуы. Монғол әскерлері Иранға
1220жылы басып кірді.Жебе мен Сүбедей басқарған монғолдықтар қолы
Хорасан, Мазендаран мен Гилян арқылы өтіп, Рейді алды.1231 жылы
монғолдар Тебризді, 1237 жылы Исфаханды басып алды. Иран 1253-1256
жылдары Шыңғысхан немересі Хулагу хан басшылығымен толық
бағындырылады.1256 жылы монғолдар исмаилиттер мемлекетін талқандап,
Аламутты; ал 1258 жылы Аббасилер халифатын талқандап, Бағдадты басып
алды. Иранның көп бөлігін, Армения мен Әзірбайжанды, Ирак пен
Түркістанды, Грузияны қамтыған ұланғайыр Хулагид мемлекеті құрылды.
Монғолдардың ұлы ханы Құбылайдан Хулагу «ильхан» деген атақ алды. Сол
себепті бұл мемлекеттер «Ильхандар»мемлекеті деп те аталды. Оның
астанасы Тебриз қаласы болды. ХVІ ғасырдың басында астана Сұлтание
қаласына көшірілді.
Монғол жаулап алушылығынан кейін Иранның көп
жері
жайылымдарға айналып, егіншіліктен гөрі мал шаруашылығы басым бола
бастады.Монғолдар Иранда өздерінің «Ұлы ясы» заңдарын таратты.Ол
бойынша Иранда қайтадан құлдар еңбегі едәуір орын алды. Мұның бәрі
қолөнерінің құлдырауына себеп болды. Монғол шапқаншылығына аз
ұшыраған батыс және оңтүстік Иран қалаларында ерікті қолөнершілер еңбегі
өз мән – маңызын жоғалтқан жоқ. Дегенмен ол қалаларда да қол өнерінің
дағдарысы орын алды.Ерікті қолөнершілерді қанаудан түсетін табыс
Ильхандар қазынасының едәуір бөлігін құрады.
Шығыс Иранның монғол шапқыншылығынан көп шардап шегуі батыс
пен оңтүстіктегі қалалардың рөлін күшейтті. Исфахан, Иезд,Шираз
қалаларының маңызы артты. Хулагулік Иранның сыртқы саудасына, әсіресе
парсы шығанағындағы Хормуз портының маңызы артты. Бұл порт арқылы
Индияға Иран жылқы апарып сатты. Ал Индиядан индиго, лак,мата әкелетін.
Хулагулер билігі кезінде Тавриз қаласы дамып гүлдене түсті.
Ильхандардың алғашқы астанасы болған бұл қаланың қолөнершілері
жасаған бұйымдар, тоқыған маталар кеңінен белгілі болды. Қала сауда
керуені жолындағы маңызды қойма пунктінің рөлін атқарды. Кейінірек
мұндай маңызды рөлге Хулагулердің екінші астанасы – Сұлтание ие болды.
Оның негізін Арғын хан (1284 – 1291 жж.) қалаған болатын. Қала негізінен
1305 жылы салынды.
Иранда монғол билігінің орнауы елдің жер қатынасына өзгерістер
енгізді. Жерге феодалдық жеке меншіктікке қатты соққы берілді. Хулагидтер
тарихшысы Васаф ұлы Сеидтер сияқты қадірлі де байқуатты әулеттердің жер
иеліктері мемлекет меншігіне көшті деп көрсетеді. Арғын ханның уәкілдері
жүздеген жылдар бойы әкеден балаға мұра ретінде қалып келе жатқан жеке
меншіктегі жерлерді сот арқылы тартып алды. Орта және ұсақ жер иелері өз
меншіктерін арзанға сатып жіберіп, күйзеліске ұшырады.
Гейхат хан (1291 – 1295 жж.) тұсында монғол әскер басылары жер
иеліктерін алып, баий бастады. Олар жергілікті байлармен аралысып, тату
өмір сүруге тырысты. 1295 – 1304 жылдары билік құрған Арғын ханның
баласы Газан хан сунниттік Ислам дінін қабылдады. Онымен бірге ислам
дінін бүкіл монғол әскері де қабылдады. Олар Иранда көптеген жаңа зәулім
мешіттер салғызды.
Газанхан жетінші елхан болды. Ол өзінің ғұлама оқымысты уәзірі
Рашид – ад – динмен бірлесе отырып, елеулі реформалар жүргізді. Олар:1)
Исламды мемлекеттік дін деп жариялады;2) 1304 жылы тұрақты алым –
салық мөлшері делгіленеді. Әр облыс, қала, деревня үшін ақшалай және
заттай салық мөлшері анықталып, бекітілді. Шаруалар әскерлерді,
шабармандарды өз есебінен асыраудан босатылды.Олар енді мемлекет
тарапынан қаржыландыратын болды. Пошта станциялары ұйымдастырылды.
Солар шабармандарды, уәкілдерді қарсы алып, тамағын, көлігін қамтамасыз
етіп отыратын болды. 3) Монғол жауынгерлеріне жеке меншік жерлер
бөлініп берілетін болды. Ол үлес ихта деп аталды. Сонымен бірге ірі әскери
бөлімдерге де жер үлесі берілді.Ол үлес жүздік, ондық әскери бөлімдерге
үлестірілді. Ихта иесі салық иммунитетін пайдаланды. Ол қазынаға иеліктен
жиналған өнімнің аз мөлшерін ғана сый ретінде беріп отыратын. Ол әскери
қызметін атқарып, шаруалардың жерді уақытылы өңдеп отыруына басшылық
ететін.
1303 жылғы жарлық монғол әскерлеріне таратылып берген жерлерге
шаруаларды заңды түрде бекітті. Бұл жарлық бойынша «Шыңғыс хан
ясасына» сай шаруалардың бір иеліктен екінше иелікке кетуіне тыйым
салынды. Қашқын иесінің шаруаны құлға айналдыруына тыйым салынды.
Газан хан шеберханаларындағы құлдар еңбегін жойды. Ерікті қолөнершілер
еңбегі өнімді болды. Газан хан бірыңғай күміс тиын енгізді. Суару жүйесін
жетілдіруге көп қаржы бөлінді. Сөйтіп, Газан хан реформалары бір
орталыққа бағынған мемлекетті, оның өкіметін нығайтуға бағытталды.
ХІV ғасырдың 30 жылдарынан өзара қырқысулар басталды. Ол
елхандар мемлекеттінің ыдырауына, оның аумағына бірнеше тәуелсіз
мемлекеттің құрылуына әкеп соқты. Ол мемлекеттер: оңтүстік Ирандағы,
Фарс және басқа облыстардағы Мозаффарилер (1333 – 1393 жж.) мемлекеті,
астанасы Бағдад болған Жалаирлар мемлекеті (1340 – 1411 жж.), Тебриздегі
Чобанилер мемлекеті (1344 – 1356 жж.), т.б. болды. Хорасанның
шығысындағы елхандар билігі 1353 жылға дейін сақталды.
Хорасанның батысындағы 1337 жылы монғолдар билігіне қарсы
көтеріліс бұрқ ете түсті.Ол Себзевар маңындағы Баштин ауылында басталды.
Шаруалар монғол уәкілін өлтірді. Көтерілісшілер Себзеварды алып, оны өз
мемлекеттінің астанасы деп жариялады. Себзеварлар әскери – көшпелі
Монғол-түріктік үш жасақты талқандап, Нишапур қаласы мен батыс
Хорасанды азат етті. 1344 жылы Сербедар мемлекеті ұзындығы 550 км, ені
200 км жерге тарады.
Каспий теңізінің оңтүстігіндегі Гурган аймағында көшіп – қонып
жүрген соңғы монғол елханы Тоғай Темір хан сербедарлар көсемін келіссөз
жүргізу үшін өз ордасына шақырады. Ол көтерілісшілер басшыларын алдап
қолға түсірмекші болды. Сербедарлар көсемі Яхья Керраби хан ордасына 300
(бір деректер бойынша 1000) жауынгер жасақшысымен келді. Елханның арам
ойын сезіп қойған сербедарлар ханнан бұрын қимылдауға бел байлады.
Шарап құйылған кеселер таратыла бастағанда Яхья басын қаси бастады. Осы
белге бойынша сербедарлар қылыштарын суырып алып, монғолдарға
шабуыл жасады. Елхан жауынгерлері жеңіліп, тымтырақай қашты. Сөйтіп,
1353 жылы елхан ордасы жойылды.
Сербедарлар мемлекеті 1337 жылдан 1381 жылға дейін өмір сүрді.
Мұндай көтерілістер ХІV ғасырдың ортасында Иранның басқа облыстарында
да болып тұрды. Осындай көтерілістердің бірінің нәтижесінде Мазендеранда
Сеидтер мемлекеті құрылды. Ол 1392 жылға дейін өмір сүрді.Көтерілістің
және кейін құрылған өкіметтің басшысы сеиттік Кавам – ад –дин Мараши
болды. Амул қаласы Сеид мемлекетінің астанасы болды.
1373 жылы сербедарлар көтерілісі Керман қаласында да болды.
Көптеген ихта иелері мен дін басылары өлтірілді. Олардың мал мүліктері
кәмпескеленді. Көтеріліс тоғыз айдан кейін жеңілді. Ирандағы феодалдық
бытыраңқылық, өзара қырқысулар оны Темірдің жаулап алуын жеңілдетті.
Жаулап алушылық 1380 жылдан 1393 жылға дейін созылды. 1381 жылы
Темір әскері Себзеварды алып, Сербедарлар мемлекетін жойды.
1383 жылғы Сербедарлар көтерілісін Темір асқан қатыгездікпен басты.
Екі мың адам тірідей көмілді деген дерек бар. 1387 жылы Темір Исфахандағы
көтерілісті де басып тастады. Жетпіс мың көтерілісшілердің кесілген
басынан мұнара тұрғызылды дейді тарихи деректер. Ал 1392 жылы
Мазандерандағы халық қозғалысы талқандалды.Көтеріліске қатысқан кедей
халықты жазалай отырып, Темір феодалдар тарапынан қолдаушылыққа ие
болып отырды.
Темір қайтыс болған соң 1405-1447 жылдары Хорасанды оның баласы
Шахруқ басқарды. Батыс Иранды Шахруқ балалары мен немелері басқарды.
1441 – 1442 жылдары Хузистанда үлкен халық көтерілісі болды. Оны сеиттік
Мұхаммед басқарды. Ол халық арасына Мұшаш аталып кеткен
болатын.Оның қол астына он мыңға жуық адам жиналып, олар өздерін
фидйалар, яғни өз істері үшін өмірін қиюшылар деп атады. Мұхаммед
Мұшаш 1465 жылы өлді. Оның ізбасарлары 1508 жылға дейін Хузистанда
билік құрды.
ХV ғасырдың ортасында көшпелі түрік оғыздардың Қарақойлы
мемлекеті Темір ұрпақтарынан батыс Иранды басып алды.1468 жылы бұл
жерді Ақ қойлылар басып алды. Батыс Иранның астанасы Тебриз болды. Ақ
қойлылар билігі 1502 жылға дейін созылды.
ХV ғасырдың екінші ширегінде Оңтүстік Әзірбайжандағы Ардебил
қаласында діни Сефевилік феодалдардың ықпалы күшейе бастады. Олардың
арғы атасы Ардебилдегі сопы орденінің басшысы Сефи-ад-дин болатын
(1252-1334 жж.)
Олардың арғы «қасиетті тегі» сефевидтердің шах атағы үшін күресін
жеңілдетті. Сефевилерді жергілікті халықтан басқа Кіші Азия мен Сирия
аралығындағы шииттік мұсылман түрік көшпелілері де қолдады. Бұл
көшпелілер «қызылбастар» деп аталатын. Олай аталу себебі бастарына өздері
қасиетті санайтын 12 имам санына қарай 12 қызыл жолағы бар шалма
орайтын.
1499 жылы осман түріктерінің орталықтандыру саясатына наразы
болды болып, Ақ қойлылар билігін мойындағысы келмеген қызылбастылар
өз басшысы деп жас Исмаил Сефевиді жариялады.Олар Солтүстік
Әзербайжанға басып кіріп, Ширванды талқандады. Сонан кейін олар
оңтүстікке бет алып, Ақ қойлылардың басты күшін талқандады. 1502жылы
Исмаил Тебризді басып алып, Иранның шахиншахы деп жарияланды. Сөйтіп,
Иранда 1502 жылдан 1736 жылға дейін Қызылбастылардың Сефевилік
мемлекеті өмір сүрді.
Мәдениет. Арабтар билігі кезінде Ирандағы әдебиет араб тілінде
дамыды. VІІІ ғасырдан бастап Иранда шуубиттік (Шууб – арабтардан басқа
ислам дінін қабылдаған халықтар) бағыт өріс алды. Бұл бағыттың өкілдері
арабтың саяси және мәдени үстемдігіне қарсы тұрған оппозицияны құрады.
Олар арабтардың қол астындағы халықтар мәдениетінің араб мәдениетінен
жоғары
екенін
дәлелдеуге
тырысты.Бірақ
шуубиттердің
өздері
шығармаларын араб тілінде жазды. 923 жылы өлген Табари мен оның жолын
қуушы Ибн Мискавейхтың (1030 жылы өлген) жалпы тарих бойынша
еңбектері, ХІ ғасырдағы ибн Хордад – бектің және Х ғасырдағы Истахридің
жағырапия саласындағы еңбектері араб тілінде жазылды.
Х ғасырдың ортасында саманидтық уәзір Балами Табаридің тарихи
шығармаларын парсы тіліне аударды. 970 жылы парсы тілінде Абулмансур
Муваффактың фармакология саласындағы (970 ж.), жағырапия саласындағы
белгісіз автордың, сондай –ақ 1050 жылы Гардизидің тарихи еңбегі де парсы
тілінде басылып шықты. 1077 жылы өлген Абулфазыл Бейхактың Шығыс
Иранның әлеуметтік тарихы жөніндегі еңбегі де парсы тілінде жазылды.
Парсы тілінде тек Иранда емес,ьОрта Азияда, Әзербайжанда,
Селжуктік Кіші Азияда да жазды.Осы тілде Фирдоусидің (940 – 1033 жж.)
«Шахнамасы»(«Патшалар кітабы») жазылды.Ол еңбегінде Фирдоуси
«Хвадай намак» деген еңбекке сүйене отырып, Иран мен Орта Азияның
сонау ерте заманнан арабтар жаулап алғанға дейінгі тарихын баяндайды.Ол
халық көтерілісінің көсемі Маздак туралы сүйіспеншілікпен жазады.
«Шахнамеде» Иран патшасы ІІ Хосров (591 – 628 жж.) пен оның әйелі
Шырынның махаббаттары жырланған.Фирдоуси «Шахнамасын» жазып
бітірген соң, біраз уақыт қудалауға ұшырады.Сол кездегі Газни сұлтаны
Махмудқа шығарманың арабтар үстемдігіне қарсы бағыты,мұсылмандыққа
дейінгі пұтқа табынушы батырларды мақтауы ұнамады. Фирдоуси шиит
еретик деп есептелді.
ХІ ғасырдағы Иранның көрнекті ақындары Миничихри Гургани болды.
Гургани «Вис пен Рамин»деген поэманың авторы. Дүние жүзіне әйгілі Омар
Хайям (1048-1122) ақын, философ болды.Сондай – ақ Анвар мен Аттар да
ірі ақын, философтар болған.ХІ ғасырдағы Ирандағы әкенің балаға деген
өсиеті «Кабус наме» деген шығармада тұжырымдалған.Иранның бейнелеу
өнері араб жаулап алушыларына байланысты біраз кідіріп қалды. Арабтар
адамның бейнесін салуға рұқсат етпеді. Дегенмен байлар мен ақсүйектердің
үйлері ою-өрнекпен әсем безендірілетін. Орталығы Кашан мен Рей болған
керамика өнері зор табысқа жетті.Сәулет өнері де дамып, жетіле түсті.Көп
бұрышты мұнара – кесенелер салынды.Мысалы, ХІ ғасырда Кабус кесенесі
салынды. Мешіттер мен медреселер де сәулет өнерінің көрсеткіштері болды.
Әсіресе, Х ғасырда салынған Дарғандағы Тарик ханэ мен Наиндегі мешіт
сол кездегі сәулет өнерінің ең жоғарғы жетістіктері.
Мораге қаласында атақты математик, астроном, дәрігер әрі ақын
Насреиин Туси (1201-1272 жж.) өте бай кітапхана, үлкен аурухана және
обсерватория ашты.1260 жылға жуық Ата-Мелик и –Джувейни парсы тілінде
«Тарих и-жиһангупаи»(«Әлемді бағындырушы тарихы») деген Шыңғысхан
туралы үлкен тарихи еңбек жазды.Газан ханның уәзірі Рашид-ад дин
фазлаллах Хамадани (1247-1318жж.) біздің заманға дейін сақталмаған
жаратылыстану ғылымының энциклопедиясын құрастырды. Сонан кейін
парсы тілінде «Джами ат Таварих»(«Жылнамалар жинағы») деген үлкен
тарихи еңбек жазды. Оның бірінші бөлімі монғолдар тарихын, олар құрған
мемлекеттер тарихын баяндайды. Екінші бөлімі дүние жүзі халықтарының
тарихын қамтиды. Бұл еңбекті жазу үшін Рашид-ад-дин Венеция
көпестерінен сатып алған Батыс Еуропа елдерінің тарихы жөніндегі
кітаптарды пайдаланған. ХІV ғасырда Васааф пен Хамадаллах Казвинилердің
тарихи еңбектері жазылды.
Ширазада ұлы парсы ақыны Муслихаддин Саади (1184-1291жж.) өмір
сүрді.Ол Гуджаратта үнділіктер тұтқынында болып, Сирияда кресшілердің
қол астында құлдықты бастан өткізген. Ол «Гүлстан», «Бустан» деген
дидактикалық әңгімелер жинағын жазды.Қала тұрғындарының өмірін
жырлаған ақындардың бірі Хафиз (1300-1389жж.) болды. Ол Шираз
қаласында тұрған.Парсы тілінде жазған ірі ақындардың бірі Джелаладдин
Руми болған (1207-1273жж.).
ХІІІ – ХV ғасырлардағы архитектура ескерткіштерінен Хамадандағы
Гумбади Алавийан кесенесін,Сұлтаниедегі Олжайт-хан мешітінің кешенінің
(ХІVғ.), Вераминдегі (ХІVғ.), Мешхедтегі (ХVғ.) мешіттері, Гераттағы
Намазгах (ХVғ.) мешітін атап өтуге болады.Олардың бәрі түрлі-түсті ою-
өрнектермен әсем безендірілді.Гератта ХV ғасырда суретші-миниатюристер
мектебі қалыптасып, оның атағы Еуропа, Азия елдеріне жайылды. Бұл
мектептің талантты шеберлерінің бірі Бекзат болды.
Достарыңызбен бөлісу: |