Анықтамалық қолданба Пікірлер Ұғымдар


Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата22.12.2016
өлшемі4,35 Mb.
#225
1   2   3   4   5   6   7   8   9

32. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері
Тұлға  бес  түрлі  мүмкіндіктерімен  сипатталады.  Олар  келесідей: 
танымдық, құндылықты, шығармашылдық, ара-қатынастық (ком-
муникативтік) және көркемөнерлік.
Тұлғаның  танымдық  (гносеологиялық)  мүмкіндігі  оның  өзі 
жинақтаған  ақпараттың  көлемі  және  сапасымен  анықталады.  Бұл 
ақпарат  сыртқы  дүние  (табиғат  және  әлеуметтік)  жөніндегі  білімдер 
мен  өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға 
адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар 
да кіреді.
Тұлғаның құндылықтық (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгілік-
тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне 
орай  әлеуметтену  үдерісінде  игеріп  қабылдаған  мұраттары,  өмірлік 
мақсаттары,  наным-сенімдері  және  ұмтылыс-ниеттері,  яғни  бұл 
психологиялық  және  идеологиялық  сәттердің  бірлігі,  тұлға  санасы 
мен  оның  өзіндік  санасы  жөнінде  әрі  бұлардың  бәрі  көңіл-күй,  ерік 
және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның 
дүниетанымында,  көзқарастарында  және  тіршілік  ұмтылыстарында 
ашылып, көрінуі.     
Тұлғаның  шығармашылдық  мүмкіндігі  -  ол  қабылдаған  және  өз 
бетінше  меңгерген  ептілік  және  дағдылар,  жасампаздық  ,  өнім  беру 
немесе қайта жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың 
қандай да бір не бірнеше еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен қадағалау-
бағалау салаларындағы іске асыру шамасы.
Тұлғаның  қарым-қатынас  (коммунинативті)  мүмкіндігі  -  оның 
басқа  адамдармен  жасаған,  орнықтырған  әңгіме  сұхбатқа  түсу, 
байланыс  түзу  әрекеттерінің  сипаты  және  беріктілігі.  Өз  мазмұны 
бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу әлеуметтік рөлдер жүйесінде 
байқалады.
Тұлғаның  көркемөнерлік  мүмкіндігі  -  оның  әсемдік  әлеміндегі 
қажеттерінің  деңгейі,  мазмұны  және  жеделдігімен,  сонымен  бірге 
олардың қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның 
көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында 
әрі  өнер  туындыларын  қажетсінуінде,  пайдалануында  ен  жая, 
ашылады.
Әрқандай қоғам өзінің тұлғалық сапа – қасиеттерді бағалау өлшемін 
(критерии) тағайындайды. 

63
33. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы
Тұлға көп деңгейлі ұйымдасу құрылымына ие. Тұлғаның психологиялық 
ұйымдасуының ең жоғары әрі жетекші деңгейі  - оның қажетсіну – сеп-
түрткілік аймағы, яғни тұлға бағдары, оның  қоғамға, жеке адамдарға, 
өзіне және өзінің  еңбектік міндеттеріне қатынасы.  Тұлғалықтың мәнді 
тараптары – оның ұстаным бағыт – бағдары ғана емес, өзі қалаған қарым 
– қатынастарын іске асыра білу қабілеттілігінде. Бұл адамның іс-әрекеттік 
мүмкіндіктерінің  даму  деңгейіне,  оның  қабілеттеріне,  білімдері  мен 
ептіліктеріне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ес, зерделік сапаларына 
тәуелді.
Адам дайын қабілет не мінезбен дүниеге келмейді. Бұл қасиеттер өмір 
барысында, белгілі табиғи тіршілік желісінде қалыптасады.
Адамның  анатомиялық  –  физиологиялық  ерекшеліктері,  жүйке 
жүйесінің негізгі сапалары, жүйке үдерістерінің жүрісі оның нәсілдік
(генотип) болмысына тәуелді. Әр адамның биологиялық құрылымында, 
яғни бастау табиғатында оның психикалық даму мүмкіндіктерінің бар-
шасына  негіз  қаланған,  Дегенмен,  әлеуметтік  тіршілік  иесі  білім  мен 
ғылымда,  салт  –  дәстұрде,  заттасқан  және  рухани  мәдениетте  бекіген 
өткен  әулеттер  тәжірибесін  меңгергеннен  соң  ғана  тұлға  санатына 
көтеріледі. Адамның табиғи тарапын оның әлеуметтік мәніне қарсы қоюға 
болмайды. Адам табиғатының өзі тек биологиялық эволюция өнімі ғана 
емес, ол тарихтың да туындысы. Адам бойындағы биологиялықты оның 
“хайуандық” белгілері деп қарауға типті де болмайды. Адамның барша 
биологиялық  табиғи  нышандары  адами  болмысқа  ғана  тән,  олардың 
бірде бірі жануарларда болмайды. Нақты қоғамдық шарт, жағдайларда 
ғана адам қалыптасып, тұлғалық дәрежеде көрінеді.
Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, 
қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. 
Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. 
Күнделікті  тұрмыстық  күйбең,  пайдакүнемдіктен  аса  алмаған  адамды 
төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның 
қоғамдық  мәнді  құндылықтарынан,  оның  рухани  жігерлі  шабытынан 
көрінеді.
Тұлға ерекшелігі – оның дербестігі. Өзінің  жеке дербестігін таныған 
тек өкілі қалай болса, солай өтіп, ауысып жатқан әлеуметтік нұсқау талап-
тардан өзін тәуелсіз, еркін сезеді; әлеуметтік жүгенсіздіктер мен әміршіл-
әкімшіл, қуғын-сүргін замандарда өз болмысын билеп біледі, қоғамдық 

6
күйзелістерден жабырқап, тарықпайды. Тұлға дербестігі оның ең жоғары 
психикалық сапасы рухани жігерлілікпен байланысты келеді. 
Рухани жігерлілік тұлғаның жоғары санасынан, барша ұждансыздыққа 
табанды  қарсы  тұра  білуді  қажетсінуінен,  ұлағатты  мұраттарға  жан-
тәнімен  берілгендігінен,  азаматтыққа  сай  келмейтін  өресіз,  өнегесіз 
ниеттерден алшақ болуынан, бір мезеттік мансап пен пайдакүнемдікке 
берілмеуі мен жалған әлеуметтік жалтаң белсенділіктен аулақ жүруінен 
көрінеді. Неғұрлым қоғамның рухани-мәдени деңгейі төмен болса, ол 
қоғамда жалпыламай теңдестіру бағыты белең алып, адам қадірін тану 
қалады, талапты саяси-идеологиялық стандарттарға көзсіз бағынушылар, 
құлдық психологиядағы пенделер саны ұлғаяды.
Тұлға сапалары оның тұрмыс – қызметтік жеке қатынастарының 
өрісімен әлеумет тіршілігінің әрқилы саласына еніп, араласа білуімен 
анықталады. Шығармашыл тұлға тікелей әлеуметтік қоршау шеңберінде 
тұсауланып қалмай, ауқымды да кең қоғамдық өмір даңғылында даму 
бағытын алады. Бір тұлға бойының өзінен бүкіл әлеуметтің болашақ 
даму желісін аңғарамыз. Себебі тұлғалыққа жетіскен әрбір адам – қоғам 
келешегінің айнасы, содан да ол елдің бүгінгі жағдайынан озық жүреді. 
Тұлға дербестігі  оның матаулы тұйық топ тұсауынан тәуелсіздігін 
білдіреді, тұлға дамығандығының көрсеткіші есептеледі. 
Тұлға дамуы – оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өмір 
кезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі қоғамдық алғы шарттарды, 
әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға 
итермелейтін жағдаяттардың күшін жойып отыруын талап етеді.
Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру (идентификация) мен 
тұлғалық дербестену (персонализация) үлкен маңызға ие.
Идентификация – тек өкілі санасында өзін басқа адамдармен, тіп-
ті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен теңдестіру, ұқсастыру сезімінің 
қалыптасуы.
Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің ке-
мелді өкілеттілігін, қадір – қасиетін ұлықтай білуі мен нақты әлеуметтік 
қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.
Өзге адамдармен тұлға өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі жөніндегі өз 
тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас 
жасайды. Тұлғаның  өзіндік танымы (рефлексия)  нақты «Мен»  мәніне 
сәйкес болуы да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін» орынсыз асқақ тұту не 
оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден 
ішкі тұлғалық дау-дамай күйзелісі (конфликт) пайда болады.

65
Тұлғаның  өмір  жолы  нақты  тарихи-  әлеуметтік  кеңістікте  өтеді. 
Өндірістік  -  материалды  жағдайлардың,  тұтыну  аймақтарының, 
әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір 
сүру  қалпын  айқындайды,  оның  әрекет  –  қылығындағы  тұрақтанған 
меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.
Әр тұлға өзінің өмірлік ізгілікті бағыт – бағдарын (стратегиясын) 
қалыптастырады.  Ізгілікті  бағыт  -  бағдар  мәні  –  тұлғаның  өмірлік 
ұстанымы,  өз  құндылықты  бағытына  сәйкес  ағымдағы  тіршілік 
жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай 
әдістері жүйесінің тұрақталған бет алысы.
Тұлға қалпының аса маңызды көрсеткіші оның өзіндік психикалық 
реттеу  әрекеті,  оның  әрекет  –  қылығының  әлеуметтік  қалыптасқан 
өлшем – шектерге сай емес, тікелей  жанама қарым – қатынасқа түсе 
білуі.
Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: 
сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу, 
қоршаған  ортамен  қатынас  түзу  қабілеті  және  өзіндік  әрекет
-  қылықты  реттеудің  адамгершілік  принциптері.  Тұлғаның  бұл 
ерекшеліктерінің  бәрі  тума  (генетикалық),  нәсілдік  және  әлеуметтік  
- мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі. 
34. Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және
 әлеуметтік жағдаяттардың өзара байланысы
Тұлғаның  болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық 
ұйымдасу  табиғатында  күні  ілгері  берілген.  Оның  жекеленген  даму 
сұлбасы  (схемасы)  да  тек  өкілінің  осы  табиғи  негізі  –  генотипімен 
анықталады. Дамудың әрқилы кезеңдері түрлі гендер бақылауында  бола-
ды, дегенмен, олардың белсенділігі аяқ асты өздігінен көрінбей, сыртқы 
ықпалдар әсерінен іске асып жатады. 
Психикалық  даму  үдерісі  тек  генетикалық  себептерден  ғана  бол-
май, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің 
маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланыс-
ты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи 
және әлеуметтік себептердің өзара байланысы да тығыз болады.
Дамудың әрбір нақты кезеңінде белгілі қоршаған орта ықпалдарына 
деген сезімталдық жоғары таңдамалық сипатқа (сензитивтікке) иелігі-
мен ерекшеленеді.

66
Сензитивтік  –  бұл  кей  орта  ықпалдарын  өткізіп,  қалғандарына 
тосқауыл болатын тұлғалық елеуіш қасиет.
Ол айырым адамдарда тар, ал өзгелерде кеңдеу келеді. Нақты тек 
өкіліне,  оның  даму  бағытына  қоршаған  орта  ықпал-әсерінің  ауқымы 
мезеттік жағдайға сәйкес көрініс береді.
Әр даму кезеңі ендігі дамуға негіз қалайды. Адамның даму субъек-
ті  болуына  оның  бір  ғана  белсенділігі  жеткіліксіз.  Оның  қандай  орта 
ықпалдарын  қалайтыны  сол  адамның  психикалық  ерекшеліктеріне 
тәуелді.  Өзін  қоршаған  ортаға  жаңалықты  өзгерістер  ендіре  отырып, 
адам  өз  генотиптік  бағдарламасын  іске  асыру  үшін  тиімді  жағдайлар 
жасайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде баршаға бірдей әрекет-қылық 
формалары қаланып, ал кейінгі кезеңдерде даралықты, жекеленген қылық 
формалары пайда бола бастайды.
Адамның  табиғи  тұстарын  оның  әлеуметтік  мәніне  қарсы  қоюға 
болмайды.  Адамдағы  биологиялық  сипаттарды  оның  бойындағы 
қандай да төменгіліктің белгісі деп түсінуден аулақ болған жөн. Адам 
құрылымындағы биологиялық нышандардың өзін де тек адамилық ныша-
ны деп білген дұрыс. Адам тумадан өзінің әмбебап дамуының генетикалық 
мүмкіндіктеріне негіз болған жоғары биологиялық құрылымға ие. Адам 
биологиясының өзі де әлеуметтік себепті, яғни оның қоғамдық – тарихи 
дамуымен орайласқан.
Психиканың пісіп жетілуі мен қалыптасуын ажырата білген орынды.
Психиканың пісіп жетілуі – бұл адам психикасының іштей өз бетін-
ше (спонтанное) өзгерістерге түсуі.
Психиканың  қалыптасуы  –  бұл  психиканың  сыртқы  ықпалдарға 
және ең алдымен әлеуметтік әсерлерге тәуелді дамып, белгілі нәтижеге 
келуі.
Жалпы  генетикалық  жағдаяттардың  әсері  себебінен    болатын  тек 
өкілінің  барша  морфологиялық,  физиологиялық  және  психикалық 
ерекшеліктердің бірлігі – адам құрылымын (конституциясын) түзеді.
Биологиялық  және  әлеуметтік  жағдаяттардың  өзара  ықпалдастық 
проблемасы  психология  тарихында  психологиялық  дамудың  бірнеше 
теорияларының пайда болуына негіз қалады.
Биологиялық  пісіп  жетілу  теориясы  адамның  психикалық 
қызметтері  нәсілдікпен  анықталатынын,  оның  қоршаған  ортаға 
тәуелсіздігін, ағзаның биологиялық пісіп жетілуі барысында дамитыны 
жөнінде тұжырым жасайды. Әрбір тек өкілінің дамуы бүкіл адамзат 
тегінің дамуын қайталап отырады (биогенетикалық заң).

67
Қоршаған ортаның жетекшілік ролі теориясы бойынша – адамның 
психикалық дамуындағы шешуші жағдаят – бұл қоршаған орта. Бұл 
теорияны  қолдаушылар  психикалық  дамудағы  сапалық  өзгерістерді 
жастық кезеңдермен байланыстырмай, олардың бәрі білім, ептілік және 
дағдылардың топталуынан деп түсіндіреді.
Қазіргі заман ғылым деректері белгілі биологиялық жағдаяттардың 
адамның қандай да психикалық сапаларының қалыптасуын қиындататын 
не жеңілдететін шарттар ретінде қызмет ететінін айғақтайды.
Генетикамен  сыбайлас  психология  саласы  –  психогенетика  –  тек 
өкілінің  әрекет-қылық  ерекшеліктерінде  көрінетін  генотип  пен  орта 
жағдайларының  өзара байланысын зерттейді.
35. Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу
Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін 
үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады: 
.Тұлға  проблемасының    әдіснамалық  және  жалпы  теориялық
зерттеулері. Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен пробле-
маларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалық 
принципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің 
өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық 
сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы, 
және  т.б.  Тұлға  психологиясындағы  жалпы  теориялық  проблемалар: 
тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динами-
касы) және дамуы, т.б. проблемалар.
2.Тұлғаның нақты құрылым бірліктерін және тұлға ерекшелік-
терін,  яғни  тұлғаның  сеп-түрткі  –  қажетсіну  аймағын,  агрессивтігін, 
күйзелісін, мінезін және т.б. эмпирикалық талдауға арналған зертте-
улер. 
3.Тұлға  жөніндегі  біртұтас  авторлық  теориялар:  Фрейд,  Юнг, 
Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.
Тұлға  жөніндегі  зерттелеулердің  бұл  үш  тобы  өзара  байланысты 
келеді.
Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере 
отырып, екі негізгі  бағытты – номотетикалық және идеографиялық  - 
ажырата атамай болмайды.
Номотетикалық  бағыт  –  тұлға  қызметтерінің  жалпы,  әмбебап 
заңдарын  талдауды  көздейді.  Бұл  салада  қолданылатын  басты 

68
әдістер  –  жаратылыстану  әдістері:  бақылау,  эксперимент,  деректерді 
математикалық – статистикалық өңдеу.
Идеографиялық  бағыт  –  тұлға  бірегейлігін,  оның  қайталанбас 
біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлек-
сия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан 
алынған  деректерді  теориялық  жалпылыққа  келтіреді  әрі  түсіндіре 
баяндайды.
Тұлға психологиясындағы психоаналитикалық бағдар  XIX-XX ғ.ғ. 
тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд.
Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, 
психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу 
әдістері, даму және невроздар.
Фрейд  пікірінше,  психикалық  өмір  ашық  сана,  астар  сана  және 
бейсаналық деңгейде  өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты 
бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, 
өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер  мен табиғи 
қозғаушы күштерді қамтиды.
Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы 
ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім)  инс-
тинктері.
Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстин-
кттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, 
тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді.
Өлім инстинкттері – қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне 
(мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік 
және агрессия)  бағдарланады.
Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің  инс-
тинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол 
адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады: 
«ОЛ»(Ид-ОНО), «МЕН»(ЭГО-Я),» ЖОҒАРЫ МЕН»(СУПЕР ЭГО-
сверх Я).
«ОЛ» (Ид-Оно) – Абай өз философиясында бұл түсінікті «Менікі» 
терминімен береді - психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума 
инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты 
ошағы. «ОЛ» «либидо» деп аталатын сексуалды энергиямен қаныққан. 
Адам – тұйықталған энергетикалық жүйе, әр адам бойындағы күш-қуат 
– тұрақты шама. Бейсаналылығынан әрі ақыл өлшеміне келмейтіндігінен 
(иррационал) «ОЛ» қанағат алу (рахаттану) принципіне бағынады, яғни 
адам өмірінің басты мұраты – рахат және бақыт осы инстинкттен.

69
«МЕН»(Эго-Я) – инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық 
(реальность)  принципі  негізінде  орындап  баруға  ұмтылады.  «МЕН» 
адам  бойында  бейсана  және  ашық  сана  күйінде  бірдей  орын  иелейді. 
«МЕН» деңгейі инстинктті «ОЛ» - мен ұдайы тайталаста болып, адамның  
сексуалды құмарлықтарын басып отырады. «МЕН» үш ықпал әсеріне: 
«ОЛ», «ЖОҒАРЫ МЕН» және өз талаптарына бағындыруды көздеген 
қоғамға  –  тәуелді  келеді.  «МЕН»  аталғандар  арасында  үйлесімділік 
орнатуға ат салысады, бірақ рахаттану принципін басты мақсат тұтпай, 
болмыс шындығымен жүргенді қалайды.
«ЖОҒАРЫ  МЕН»  (Супер  –  эго,  сверх    -  я)  –  ата-аналар  және 
қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің ба-
рысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан бол-
мысына ұқсап дамиды. Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде 
ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» 
қалыптасады.  Бұл  комплекс  түрлері  баланың  сәйкестену  нысанына 
(әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі-біріне қайшы толғаныс 
(жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы 
дүниені анықтайды. «Ол» (эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне 
өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті 
ықпалдарға тап болып, оны «үрей» билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ере-
кше тосқауылдар – психологиялық қорғаныс тетіктерін іске қосады.
Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен 
әйгіленген  бағыт  –  бұл  бихевиоризм.  Бихевиоризмнің  зерттеулері 
аясы – адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні 
ілгері  болжау  және  қадағалауды  міндетіне  алған  жаратылыстану 
ғылымының эксперименталды саласы есептелінді.
Бұл  бағыт  негізін  қалаушы  Д.Уотсон  пікірінше,  адам  тумадан 
қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай 
нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша 
әрекет-қылығы оқу-үйретудің нәтижесінде пайда болады.
Уотсонның анықтауынша, тұлға – әдетті дағдылар жүйесінің туын-
дысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық  қызметін 
ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған  әрекеттерінің жиынтығынан 
байқауға болатынын  алға тартады.
Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объ-
ективті  сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реак-
ция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі 
бекер,  яғни  адам  ойы,  санасы  өлшестіруге,  санаққа  келмейді,  осыдан 

70
олар  зерттеу  нысаны  бола  алмайды).  Адамның  ішкі  жан  дүниесінде 
болып жатқанның бәрі – тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе – бұл 
адамның  тысқы  әсерге  болған  жауап  әрекеті,  оның  сырттай  көрінетін 
әрекет-қылықтары  және  осы  әрекеттерге  мәжбүрлеуші  қоршаған  орта 
ықпалдары  (стимулы)  мен  жағдайлары.  Психологтың  міндеті  –  жауап 
әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы 
қандай жауап әрекет боларын болжастыру.
Сонымен, бихевиоризм тұрғысынан тек өкілінің бойында қоршаған 
ортаға икемдесуге қажет жауап әрекетке байланысты қандай мүмкіндіктер 
болса, солардың бәрі түгелдей тұлғалық сипатты береді, яғни тұлға – бұл 
дағдылар, саналы басқарылатын инстинкттер, әлеуметтенген эмоциялар, 
жаңа дағдылар түзуге қажет бейімдесу қабілеті, қалыптасқан дағдыларды 
бекіту және сақтап қалу қасиеті;
Осыдан,  тұлға  -  ұйымдасқан  және  ықтималды  тұрақты  дағдылар 
жүйесі.  Дағдылар  тұрақты  әрекет-қылық  негізі,  сонымен  бірге  олар 
тіршіліктің  өзгермелі  жағдайларына  бейімдескен,  болмыс  өзгерісіне 
сәйкес жаңа дағдыларды қалыптастырады. 
Тұлға  психологиясының  гуманистік  бағыты-  психоанализ  және 
бихевиоризм  принциптеріне  қарсы  тұжырымдарымен  қалыптасты. 
Бұл психологиялық теорияның басты ұстанымы: адам – бірегей және 
қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға 
қабілетті біртұтас құбылыс. Гуманистік психологияның ірі өкілдерінің 
бірі А.Маслоу.
Гуманистік психологияны басқа ғылыми ағымдардан ерекшелейтін 
принциптер төмендегідей:
адамды біртұтас дүние ретінде қарастыру;
адамға деген қамқорлық негізі – психотерапиялық жәрдем;
адам болмысы бастауының субъективтігі;
тұлға түсініктері мен құндылықтарының басымдылығы;
тұлға бойындағы ұнамды қасиет – сапаларды ұлағаттау, олардың 
өзінше іске қосылуы мен қалыптасуын зерттеу;
-  тұлғаның  өткен  өміріне  байланысты  себептік  жағдаяттарға 
байыппен қатынас жасау;
-  сырқат  адамдарда  болып  қалатын  жекеленген  деректерді  емес, 
қалыпты немесе данагөй тұлғаларды зерттеуге бағытталған әдістер 
мен тәсілдерді икемділікпен пайдалану.

7
Тұлғаның рөлдік теориясы адам әрекет-қылығын екі түсінік негізінде 
сипаттайды: «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл теорияның не-
гізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б.
Әлеуметтік  мәртебе  (статус)  –  бұл  тек  өкілінің  қоғамдық 
құқықтары  мен  міндеттері  жүйесіндегі  басқа  да  көптеген  амал-
әрекеттерімен  байланысқан  негізгі  де  нақты  дәрежелік  бағыт-
бағдары.
Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік ұстанымдары 
мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез-
құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді.
Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса – ол мақтаныш, 
ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек 
көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін туындатады.
Қай  деңгейде  болмасын,  адамның  әлеуметтік  бағдар  –  бағытының 
ауысуы  тұлғалық  қасиет-сапалардың  өзгеруіне  себепші  болады  да, 
оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік санасы 
мен  өзіндік  бағамын  жаңа  арнаға  салады.  Адам  араласқан  әлеуметтік 
қатынастар  жүйесі  де  жаңаланады,  сырттай  қатынастағы  адамдар 
көзқарасы  да  ауысып,  назарындағы  тұлғадан  күтетін  тілек-ниеттері 
жүйесі өткендегі қалпынан шығады.
Әлеуметтік рөл – қоршаған орта адамдары қалау-күткеніне сәйкес 
нақты тұлғаның мәртебесіне орайласқан әрекет-қылық үлгісі (моделі), 
яғни өзге адамдардың өз әрекеттерін нақты мәртебелі тұлғада бекіген 
құқықтар  мен  міндеттерге  сәйкестендіріп,  немесе  оларды  бұлжытпай 
қайталап, орындауы.
Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі де осы әлеуметтік рөлді атқару 
барысында өз өрісін тауып, іске асып жатады. Субъект ретіндегі адамның 
өз әлеуметтік рөлін атқаруы оның қызығулары мен қажеттеріне сай болған 
білім, дағды және ептіліктерінен көрінеді.
Рөлдік  әрекет-қылық  –  әрдайым  әлеуметтік  жүйе,  сонымен  бірге 
тек  өкілінің  субъектив  құндылықты  бағыт-бағдары,  қызығулары  мен 
қажеттеріне орай қойылатын шынайы рөлдік талаптар бірлігіне сәйкес 
іске асып отырады.
Сондықтан, әр адамның  түрлі әлеуметтік топтармен, олар арқылы 
бүкіл қоғаммен байланыстыратын өз әлеуметтік рөлін орындау әрекеті 
тікелей  оның  санасы,  психикасы,  даралығы  және  бірегей  «Мені» 
тұрғысынан өңдеуден өтеді.

7

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет