Ахметов А., Ахметова Г


 бап.  Мемлекеттік қызмет туралы заңдар



Pdf көрінісі
бет34/36
Дата22.12.2016
өлшемі2,12 Mb.
#296
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

2 бап.  Мемлекеттік қызмет туралы заңдар  

Мемлекеттік  қызмет  туралы  заңдар  Конституциядан,  осы 

Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 

актілерінен тұрады. 



 

3 бап. Мемлекеттік қызметтік принциптері  

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет: 

1) заңдылық; 

2) қазақстандық патриотизм; 

3) мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық жəне 

сот  бұтақтарына  бөлінуіне  қарамастан,  мемлекеттік  қызмет 

жүйесінің біртұтастығы; 

4)  азаматтар  құқықтарының,  бостандықтарының  жəне  заңды 

мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы; 

5)  жалпы  қол  жетімділік,  яғни  Республика  азаматтарының 

мемлекеттік қызметке қол жеткізуге жəне өз қабілеттері мен кəсіби 

даярлығына  сəйкес  мемлекеттік  қызмет  бойынша  жоғарлатуға  тең 

құқығы;   

6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі; 

7)  мемлекеттік  қызметшілердің    кəсібилігі  мен  жоғары 

біліктілігі; 

8)  мəні  бірдей  жұмыстарды  орындағаны  үшін  еңбекке  ақыны 

тең төлеу; 

9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар 

өз  өкілеттігі  шегінде  қабылдаған  шешімдерді  орындаудың 

бағынысты  мемлекеттік  қызметшілер  мен  төменгі  мемлекеттік 

органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі; 

10)  мемлекеттік  қызметшілердің    бақылауда  болу    жəне 

есептілігі; 

11)  мемлекеттік  құпиялар  немесе  заңмен  қорғалатын  өзге  де 

құпия                  болып келетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір 

мен жариялылықты ескеру;         

12)  мемлекеттік  қызметшілердің  құқықтық  жəне  əлеуметтік 

қорғалуы; 

13)  мемлекеттік  қызметшілерді  қызметтік  міндеттерін  адал, 

ынталы  атқарғаны,  өте    маңызды  жəне  күрделі  тапсырмаларды 

орындағаны үшін көтермелеу;            

 14)  мемлекеттік  қызметшілердің  қызметтік  міндеттерін 

орындамағаны жəне өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 

жеке жауаптылығы; 

15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін  арттыруды үздіксіз 

жүргізу принциптеріне негізделеді.    


2.  Мемлекеттік  органдарда  саяси  партиялардың  ұйымдарын 

құруға  жол  берілмейді.  Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдық 

міндеттерін атқарған кезде олардың талаптарын басшылыққа алады 

жəне  саяси  партиялардың,  қоғамдық  бірлестіктер  мен  олардың 

органдарының шешімдеріне байланысты болмайды. 

 

4 бап. Осы Заңның қолданылуы 

Осы  Заң  барлық  мемлекеттік  қызметшілерге  қолданылады, 

бұған 


Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясында, 

конституциялық  заңдарында  немесе  өзге  де  заң  актілерінде  олар 

үшін  өзгедей  құқықтық  мəртебе  белгіленген  жағдайлар 

қосылмайды. 

Техникалық  қызмет  көрсетуді  жүзеге  асыратын  жəне 

мемлекеттік  органдардың  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін 

адамдар  мемлекеттік  қызметшіге  жатпайды.  Мұндай  адамдардың 

тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

 

5  бап.  Мемлекеттік  қызмет  істер  жөніндегі  уəкілетті  орган 

мен  оның аумақтық бөлімшелері  

 1.    Мемлекеттік  қызмет  істер  жөніндегі  уəкілетті  орган  (бұдан 

əрі – уəкілетті  орган)  Қазақстан  Республикасының  Президентіне 

тікелей  бағынысты  жəне  есеп  беретін,  мемлекеттік  қызмет  саласында 

бірыңғай  мемлекеттік  саясатты  іске  асыруды  жүзеге  асыратын 

мемлекеттік орган, оған мынадай өкілеттіктер жүктеледі; 

1)  мемлееттік  қызметті  жетілдіру  жəне  тиімділігін  арттыру 

саласында  мемлекеттік  бағдарламаларды  əзірлеуге  жəне 

іске асыруға қатысу; 

2)  мемлекеттік  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  нормтивтік 

құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар əзірлеу, сондай-ақ 

өз  құзіреті  шегінде  заңдарда  көзделген  тəртіппен  нормативтік 

құқықтық актілер қабылдау; 

 3)  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымдар  санаттарына  үлгілік 

біліктілік талаптарын белгілеу жəне бекіту; 

4)  мемлекеттік  қызмет  қызметшілері  жөніндегі  республикалық 

кадрлары 

жай-күйінің 

мониторингін 

жүргізу, 

сондай-ақ 

мемлекеттік қызметтің кадрлар резервін қалыптастыру; 

5)  мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу  жүйесін   жетілдіру

оларды əлеуметтік-құқықтық қорғау жөнінде ұсыныстар əзірлеу; 



6) мемлекеттік əкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізбесін 

жəне  осы  Заңға  сəйкес  өзге  де  актілерді  əзірлеу  жəне  оларды 

Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну; 

7) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер даярлау, 

қайта  даярлау  жəне  біліктілігін  арттыру,  оның  ішінде  шетелдерде 

де, мəселелері жөніндегі қызметін үйлестіру; 

8) 

мемлекеттік 



бағдарламалар 

бойынша 


мемлекеттік 

тапсырысты  қалыптастыру  мен  орналастыруды  жəне  мемлекеттік 

қызметшілерді  қайта  даярлау  мен  олардың  біліктілігін  арттыруды 

үйлестіру; 

9)  мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік  қызмет  саласындағы 

зыңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 

10)  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымды  атқаруға  арналған 

конкурстарды  өткізу  тəртібін  белгілеу,  сондай-ақ  конкурстардың 

дұрыс өткізілуін бақылауды жүзеге асыру; 

11)  мемлекеттік  органдардың  Заңды  жəне  де  нормативтік 

құқықтық актілерді бұза отырып,  қабылдаған шешімдерінің күшін 

жою туралы ұсыныстар шығару; 

12)  мемлекеттік  қызметшілердің  мемлекеттік  қызмет  туралы 

заңдардың 

қолданылу 

мəселелері 

бойынша 

мемлекеттік 

органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың  іс-əрекеті  мен 

шешіміне жасалған шағымдарын қарау; 

13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгіну; 

14)  мемлекеттік  қызмет  мəселелері  жөніндегі  халықаралық 

шарттардың жобаларын дайындауға қатысу; 

15)  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  өзге  де 

өкілеттіктерді жүзеге асыру жүктеледі. 

 2.  Мелекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  органдардың  бірыңғай 

жүйесін уəкілетті орган бағынысты аумақтық бөлімшелер құрады. 

Аумақтық  бөлімшелер  өз  қызметін  уəкілетті  орган  белгілеген 

құзырет шегінде жүзеге асырады. 

3.  Уəкілетті  орган  мен  оның  аумақтық  бөлімшелерінің 

шешімдері бұйрықтар нысанында ресімделеді. 

 

6 бап. Мемлекеттік органдардың кадр қызметі 

Мемлекеттік органдардың кадр қызметі өз құзіреті шегінде:  

1)  мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік  қызметшілердің,  мемлекеттік 

қызмет  өткеруіне  байланысты  шешімдерін  ресімдейді,  қызметшілердің  жеке 


істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына ( қызмет 

ету тізімдерін) қажетті жазбалар енгізеді; 

2)  мемлекеттік  қызметшілердің  заңда  белгілеген  шектеулерді  

қабылдауы  туралы  келісімін  жазбаша  нысанда  белгілейді ( өзіне 

қабылдаған  шектеулерді  бұзған  жағдайда  құқықтық  салдарлар 

туралы хабардар етеді); 

3)  мемлекеттік  қызметшілерге  олардың  құқықтық  жағдайының 

мəселелері  жөнінде  ақыл-кеңес  береді,  мемлекеттік  қызметте 

болумен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды; 

4)  уəкілетті  орган  ұсыну  үшін  бос  лауазымдар  тізімін,  бос 

лауазымдарды  толтыру  жөнінде  өтінімдер  жəне  өзге  де  қарекетті 

ақпарат дайындайды; 

5)  мемлекеттік  қызметшілерді  оқытуды, (қайта  даярлауды) 

қайта  мамандандыруды)  жəне  олардың  біліктілігін  арттыруды 

ұйымдастырады; 

6) заңдарда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

 

2  Т А Р А У 



 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

 

7 бап. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін саралау 

1)  Мемлекеттік  қызметшілер  лауазымдарының  құрмына 

мемлекеттік қызметшілердің саяси жəне лауазымдары кіреді.  

2. Саяси лауазымдарға: 

1)  Қазақстан  Республикасының  Президенті  тағайындайтын 

мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; 

2) Қазақстан Республикасының Парламентінің палаталары жəне 

Парламент  палаталарының  Төрағалары  тағайындайтын  жəне 

сайлайтын қызметшілер, олардың орынбасарлары; 

3) Конституцияға сəйкес Президенттің жəне Үкіметтің өкілдері 

болып табылатын қызметшілер; 

4)  орталық  атқарушы  органдар  мен  ведомстволардың 

басшылары жəне олардың орынбасарлары. 

3)  əкімшілік  мемлекеттік  қызметшілер  үшін  санаттар 

белгіленеді. 



Лауазымдар  санаттарын  жəне  əкімшілік  лауазымдарын 

санаттарға жатқызу тəртібін уəкілетті органның ұсынысы бойынша  

республика  Президенті бекітеді. 

4) Саяси мемлекеттік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары 

белгіленбейді. 

 

8 бап. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары 

Мемлекеттік қызметшінің: 

1)Республиканың  азаматтарына  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясымен  жəне  кепілдік  берілетін  құқықтар  мен 

бостандықтарды пайдалануға; 

2) өз өкілеттігі шегінде мəселелерді қарауға жəне олар бойынша 

шешімдерін  қабылдауға  қатысуға,  тиісті  органдар  мен  лауазымды 

адамдардың оларды орындауын талап етуге; 

3) белгіленген тəртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін 

қажетті ақпарат пен материалдар алуға; 

4)  лауазымдық  міндеттерді  атқару  үшін  белгіленген  тəртіппен 

меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; 

5)  басшыдан  мемлекеттік  қызметшінің  атқаратын  лауазымына 

сəйкес  қызметтік  өкілеттік  міндеттері  мен  көлемін  дəл  белгілеуді 

талап етуге; 

6)  жеке  басының  қадір-қасиетінің  құрметтелуіне,  басшылар, 

өзге  де  лауазымды  адамдар  жəне  азаматтар  тарапынан  өзіне  əділ  

жəне құрметпен көзқарас жасалуына; 

7) өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тəжірибесіне жəне 

осы Заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуын 

жəне еңбегіне ақы төленуіне; 

8)  тиісті  бюджет  қаражаты  есебіннен  қайта  даярлануға  қайта 

мамандануға жəне біліктілігін арттыруға; 

9) 

өзінің 


мемлекеттік 

қызмет 


өткеруіне 

қатысты 


материалдармен  кедергісіз  танысуға,  қажет  болған      жағдайларда 

жеке түсініктеме беруге; 

10)  біліктілігі  мен  қабілеті,  өзінің  қызметтік  міндеттерін  адал 

орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға; 

11)  қызметшінің  пікірінше  негізсіз  айып  тағылған  жағдайда 

қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге; 



12)  еңбегінің  қорғалуына,  денсаулығының  сақталуына,  қауіпсіз 

жəне жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына; 

13) əлеуметтік жəне құқықтық қорғалуға; 

14) мемлекеттік қызметпен өз қалауы бойынша босауға; 

15) зейнетақымен жəне əлеуметтік қамсыздандырылуға; 

16)  жоғары  тұрған  мемлекеттік  қызметті  жетілдіру  жөнінде 

ұсыныстар енгізуге құқығы бар. 

 

9 бап Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері 

Мемлекеттік қызметшілер: 

1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; 

2)  Қазақстан  Республикасының  Президенті  бекіткен  тəртіппен 

мемлекеттік қызметшінің антын беруге; 

3) 

азаматтар 



мен 

 

заңды 



тұлғалар 

құқықтарының, 

бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын жəне қорғалуын 

қамтамасыз  етуге,  заңдарда  белгіленген  тəртіп  пен  мерзімде 

азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар 

қолдануға; 

4)  өзіне  берілген  құқықтар  шегіне  жəне  қызмет  міндеттеріне 

сəйкес өкілеттігін жүзеге асыруға; 

5) мемлекеттік тəртіп пен еңбек тəртібін сақтауға; 

6) өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға; 

7) заңдарда белгіленген  қызметтік  əдеп  нормаларын сақтауға; 

8)  басшылардың  бұйрықтары  мен  өкімдерін,  жоғары  тұрған 

органдар  мен  лауазымды  адамдардың  өз  өкілеттігі  шегінде 

шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; 

9)  мемлекеттік  құпияларды  жəне  қорғалатын  өзге  де  құпияны 

сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, 

заңмен  белгіленген  белгілі  бір  уақыт  ішінде,  ол  жөнінде  қолхат 

бере отырып сақтауға; 

10)  қызметтік  міндеттерін  атқару  кезінде  алған,  азаматтардың 

жеке  өмірін,  ар-намысын  жəне  қадір-қасиетін  қозғайтын 

мəліметтерді  құпия  сақтауға  жəне  олардан,  заңдарда  көзделген 

жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; 

11) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге; 

12) 


мемлекеттік 

қызметшінің 

жеке 

мүдделері 



оның 

өкілеттігімен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларға, оларды 

тағайындауға  құқығы  бар  лауазымды  адамды      дереу      хабардар 

етуге; 


13)  қызметтік  міндеттерін  тиімді  атқару  үшін  өзінің  кəсіби 

деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті. 

Мемлекеттік  қызметшілердің  осы  Заңда  белгіленген  негізгі 

міндеттерінен  туындайтын  нақты  міндеттері  үлгі  біліктілік 

талаптар 

негізде 


айқындалады 

жəне 


тиісті 

мемлекеттік 

органдардың  басшылары  бекітетін  қызметтік  нұсқаулықтарда 

көрсетіледі. 

 

10  бап.  Мемлекеттік  қызметте  болуға  байланысты 

шектеулер 

1. Мемлекеттік қызметшінің : 

1) өкілді органдардың депутаты жəне жергілікті өзін-өзі басқару 

органдарының мүшесі болуға; 

2)  педагогтік,  ғылыми  жəне  өзге  де  шығармашылық  қызметті 

қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; 

3)  кəсіпкерлік  қызметпен  айналысуға,  соның  ішінде,  егер 

коммерциялық  ұйымды  басқаруға  тікелей  қатысу  Қазақстан 

Республикасының  заңдарына  сəйкес  оның  қызметтік  міндетіне 

кірмейтін  болса,  ұйымдық-құқықтық  нысанына  қарамастан, 

коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; 

4)  үшінші  тұлғалардың  істері  бойынша  өзі  қызмет  істейтін  не  

өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік 

органда өкіл болуға; 

5)  өзінің  қызметтік  іс-əрекетін  материалдық-техникалық, 

қаржылық  жəне  ақпараттық  қамтамасыз  ету  құралдарын,  басқа  да 

мемлекеттік мүлік пен қызметтік емес мақсатта пайдалануға; 

6)  ереуілдері  қоса  алғанда,  мемлекеттік  органдардың  қалыпты 

жұмыс  істеуіне  жəне  қызметтік  міндеттерді  орындауға  кедергі 

келтіретін əрекеттерге қатысуға; 

7) лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты азаматтар мен 

заңды  тұлғалар  көрсететін  қызметті  жеке  мақсатына  пайдалануға 

құқығы жоқ. 

2.  Мемлекеттік  қызметші  белгіленген  тəртіпке  жəне  заңдарға 

сəйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызмет 

өткеру  уақытына  өзінің  меншігіндегі  коммерциялық  ұйымдардың 

жарғылық  капиталындағы  үлесті  (акциялар  пакеттерін)  жəне  осы 

адамдарға заңды тиеслі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалға берілген 



өзге  де  мүлікті  қоспағанда,  пайдалану  табыс  алуға  əкеп  соғатын 

өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті. 

Мемлекеттік  қызметшінің  сенім  білдірген  басқаруға  берілген  

мүліктен, соның ішінде сыйақы,  дивиденттер, ұтыстар, мүлікті жалға беруден 

жəне  басқа  да  заңды  көздерден  түскен  табыс  нысанында  табыс 

алуға құқығы бар. 

3.  Заңдарда  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  мемлекеттік 

қызметшіге  өзінің  жақын  туыстары ( ата-анасы,  жұбайы,  аға-інісі, 

апа-сіңілілері,  жұбайының  ата-аналары  мен  балалары)  атқаратын 

қызметке тікелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. 

4. Мемлекеттік қызметке: 

1)  белгіленген  тəртіппен  əрекетке  қабілетсіз  немесе  əрекетке 

қабілеті шекетеулі деп танылған; 

2) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдар атқару 

құқығын айырған; 

3)  біліктілік  талптарында  тиісті  қызметтерді  атқару  үшін 

денсаулық  жағдайына  арнаулы  талаптар  белгіленген  реттерде 

медициналық  мекеменің  қорытындысына  сəйкес  лауазымдық 

өкілеттікті орындауға кедергі келтіретін науқасы бар; 

4)  өзінің  мəртебесін  жəне  соған  негізделген  беделін  жеке 

басшылық,  топтық  жəне  өзге  де  қызметтік  емес  мүдделерге  

пайдалануға  алып  келуі  ықтимал  əрекеттерге  жол  бермеу 

мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас 

тартқан; 

5)  мемлекеттік  қызметкер  кірер  алдында  бір  жыл  ішінде 

сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылығы  үшін  тəртіптік 

жауапкершілікке тартылған; 

6) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана 

құқық    бұзушылығы    үшін  сот  тəртібімен  əкімшілік  жаза 

қолданылған; 

7)  мелекеттік  қызметке  кіру  уқытына  өтелмеген  немесе  заңда 

белгіленген  тəртіппен  алынбаған  соттылығы  бар  адамдарды 

қабылдауға болмайды.  

5.  Аталған  мəліметтерді  табыс  етпеу  немесе  бұрмалау 

мемлекеттік  қызметке  қабылдаудан  бас  тартылу  үшін  негіз  болып 

табылады. 

 


3  Т А Р А У 

 

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТКЕ  КІРУ 

  

11 бап. Мемлекеттік саяси қызметке кіру 

1.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілердің  мемлекеттік  қызметке 

кіру  тағайындау  не  сайлау  негізінде,  сондай-ақ  заңдарда 

белгіленген  басқа  да  реттерде,  тəртіп  пен  жағдайларда  жүзеге 

асырылады.  

 

12 бап. Мемлекеттік əкімшілік қызметке кіру құқығы  

1.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  мемлекеттік 

əкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар. 

Мемлекеттік  əкімшілік  қызметшінің  мемлекеттік  əкімшілік 

лауазымға  орналасуы  жəне  жоғары  тұрған  санаттағы  лауазымды 

атқару  жолымен  қызметі  бойынша  жоғарылауы,  осы  Заңмен 

өзгедей  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  конкурстық  негізде 

жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік қызметшілердің сол мемлекеттік органда ауысу 

тəртібімен  бір  қызмет  санатының  ішінде  мемлекеттік  əкімшілік 

лауазымға орналасуы осы лауазымды атқаруға үміткер мемлекеттік 

келуі жағдайында конкурстық іріктеусіз жүзеге асырылуы мүмкін.  

3.  Мемлекеттік  саяси  қызметшілердің,  сондай-ақ  тұрақты 

негізде  жұмыс  істейтін,  өз  өкілеттігін  доғарған  жəне  ұсынылатын 

біліктілік 

талаптарына 

сай 

келетін 


Парламент 

депутаттарының,  мəслихат  депутаттарының  мемлекеттік  

əкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасуға құқығы бар. 

Мемлекеттік  саяси  қызметшілер  мен  тұрақты  негізде  жұмыс 

істейтін  Парламент  депутаттарының,  мəслихат  депутаттарының 

мемлекеттік  əкімшілік  лауазымға  орналасу  тəртібін  Қазақстан 

Республикасының Президенті айқындайды.  

4.  Мемлекеттік  қызметке  кіру  кезінде  жынысына,  нəсіліне,  қай 

ұлтқа  жататынына,  тіліне,  əлеуметтік  тегіне,  мүлік  жағдайына, 

тұрғылықты  жеріне,  дінге  қатынасына,  сеніміне,  қоғамдық 

бірлестіктерге  қатыстылығына  жəне  кез  келген  өзге  де  мəн-

жайларға    қарай    қандай  да  болсын  тікелей  немесе  жанама 

шекетеулер белгілеуге жол берілмейді.  


5.  Осы  Заңда  белгіленген  жағдайларды  қоспағанда  конкурстық 

іріктеуден өтпегенде азаматтарды мемлекеттік əкімшілік қызметке 

қабылдаған лауазымды адам осы Заңның  28-бабында  белгіленген 

тəртіппен жауапқа тартылады.  

 

13  бап.  Мемлекеттік  қызметке  кіру  кезінде  қойылатын 

талаптар 

Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға:  

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға; 

2) республика заңнамасында мемлекеттік қызметшілердің тиісті 

лауазымдық санаттарына қатысты басқадай белгіленбеген болса, он 

сегіз жастан кіші болмауға; 

3) біліктілік талаптарына сай келетін қажетті білімі жəне кəсіби 

даярлық деңгейі болуға тиісті.  

2.  Мемлекеттік  қызметке  кіргенде  азамат  өзінің  тапқан  табысы 

жəне  салық  салу  объектісі  болып  табылатын,  оған  өзінің  меншік 

құқығы  бар  мүліктер  туралы  салық  қызметі  органдарына 

мəліметтер ұсынуға міндетті. 

3.  Азаматтар  міндетті  арнайы  тексеруден  өткен  соң  əкімшілік 

мемлекеттік қызмет атқара алады. 

4.  Саяси  мемлекеттік  қызмет  атқару  үшін  қойылатын  қосымша 

талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды. 

 

14  бап.  Мемлекеттік  əкімшілік  лаузымға  орналасуға 

арналған конкурс  

 1.    Мемлекеттік  əкімшілік  лауазымға  орналасуға  арналған 

конкурс  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  мемлекеттік  

қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етеді.  

2.  Мемлекеттік  əкімшілік  лауазымға    орналасуға  арналған 

конкурсты  өткізудің  шарттары  мен  тəртібін,  оның  ішінде 

конкурстық комиссия құру тəртібін уəкілетті орган белгілейді. 

3.  Конкурсты  мемлекеттік  тіл  мен  орыс  тілінде  республикалық 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ресми  басылымдарына  конкурс 

өткізілетіндігі  туралы  хабарландыру  жарияланғаннан  кейін  ашық 

немесе  жабық  тəсілмен  бос  лауазымдар  бар  мемлекеттік  орган  не 

Республика  Президентінің  шешімі  бойынша  уəкілетті  орган 

өткізеді.  

4.  Ашық  конкурсқа  Қазақстан  Республиксының  барлық 

азаматтарының қатысуға құқығы бар.    


5. Жабық  конкурсқа тек мемлекеттік əкімшілік қызметшілердің  

ғана қатысуға құқығы бар. 

 6.  Конкурстық  комиссияның  шешімі  мемлекеттік  əкімшілік  

лауазымға  орналасуға    не  мұндай  лауазымға  кіруге  бас  тартылуға 

негіз болып табылады.  

 7. Конкурстық комиссияның оң қортындысын алған конкурсқа 

қатысушылардың  мемлекеттік  əкімшілік  лауазымға  орналасуға 

құқығы бар.  

8.  Мемлекеттік  органның  басшысы  жарияланған  лауазымға 

конкурстық  комиссияның  оң  қорытындысын    алған  қатысушыны 

қабылдауға міндетті. Бұл мемлекеттік қызметке кіру үшін заңдарда 

көзделген талаптар сақталуға тиіс.  

9.  Конкурстық  комиссияның  оң  қорытындысын  алмаған,  бірақ 

ол  мемлекеттік  қызмет  үшін  ұсынған  конкурсқа  қатысушылар 

уəкілетті орган құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін.  

10.  Кадрлар  резервіне  тіркелген  конкурсқа  қатысушылар 

конкурс өткен кезден бастап бір жыл ішінде қосымша конкурстан 

өтпестен тиісті мемлекеттік əкімшілік лауазымға орналаса алады. 

11.  Конкурстық  комиссияның  шешіміне  заңдарда  белгіленген 

тəртіппен шағым жасауға болады.  

 

4  Т А Р А У 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет