С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,05 Mb.
#404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Литература
      1.Социальная психология и этика делового общения. Лавриненко В. 
Н. М., 1995 
     2.Оганесян  С.С.  Культура  речевого  общения  //  Русский  язык  в 
школе. № 5 – 1998г. 
      3.Скворцов Л.И. Язык, общение и культура // Русский язык в школе. 
№ 1 – 1994г. 
      4.Формановская  Н.И.  Культура  общения  и  речевой  этикет  // 
Русский язык в школе. № 5 – 1993г. 
Түйін 
Мақала  орыс  тіл  және  сөздің  жанасушылығының  мәдениетіне 
арнаулы. 
  Summary 
The article is sanctified to Russian and culture of speech communication. 
 
 
 
ЛАТЫН НЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ЖОБАЛАРЫ ЖӘНЕ 
ОЛАРДЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ  
 
Ж.С.Аширов –  
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға 
оқытушысы (Алматы, Қазақстан) 
 
Бүгінгі    кезеңдегі  қазақ  тілі  мен  қазақ  жазуының  тарихындағы  латын 
әліпбиіне 
көшу, 
графика 
мен 
орфографияны 
реформалау 
экстралингвистикалық  факторларды  есепке  ала  отырып,  басты  басымдық 
ретінде лингвистикалық заңдылықтарды басшылыққа алуды міндеттеп отыр. 
Қазақстан  Республикасында  тілдің  таңбасын  өзгерту  мен  орфографиясына 
реформа  жасау  мәселелері  ел  тәуелсіздігі  жарияланған  жылдардан  бастап 
көтерілгені  белгілі.  1990-2013  жылдар  аралығында  қолданыстағы  әліпбиді 

 
48 
қазақ халқының ұлт ретіндегі ерекшелігін көрсететін, тілдің дыбыстық қорын 
толық  таңбалай  алатын  және  заңдылықтарын  басшылыққа  алатындай  жоба 
үлгілері  айтылып  та,  ұсынылып  та  келеді.  Өткен  кезеңдерге  көз  жіберсек, 
тоқсаныншы  жылдар  ішінде  қазақ  тілінің  жазу  қалыбын  өзгертуде  төрт 
мүмкін бағыттар сараланды деп айтуға болады. Олар:  
1)
 
қолданыстағы әліпбиді түбегейлі өзгертпей реформалау; 
2)
 
 А.  Байтұрсынұлы  реформалаған  араб  жазуы  негізіндегі  төте  жазуды 
реформалап қолдану; 
3)
 
көне түркі жазуын реформалап қолданысқа ендіру; 
4)
 
латын негізді әліпби жүйесіне көшу.  
Қоғамда,  баспасөзде  жазу  қалыбы  мен  тәртібі  туралы  ой-пікірлер  
лингвистикалық,  мәдени-әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  факторлар 
төңірегінде  сараланды.  Осы  факторлар  негізінде  латын  жазуының  әлемдік 
өркениеттегі  орны  мен  түркі  халықтарының  әліпби  тәжірибелері  ескеріліп, 
латын  жазуы  негізіндегі  қазақ  әліпбиі  жобаралы  жетекші  орынға  шықты.  
Жоба  деңгейіндегі  әліпбиді  түзу  мен  оны  бағалаудың  төмендегідей  негізгі 
критерийлері ұсынылды: 
«  -  әліпбидегі  әріптердің  саны  тілдің  негізгі  дыбыстарының 
(фонемалардың)  санынан алшақ болмауы
-
 
әліпбидегі  әріптер  тілдің  негізгі  дыбыстық  заңы  үндесімді  дұрыс 
бейнелейтін болуы; 
-
 
басы артық таңбалардың, белгілердің болмауы; 
-
 
латын жүйелі әліпбиге иероглиф жүйесіндегі, болмаса дәйекше тәрізді 
араб жазу жүйесіне тән басқа да графикалық элементтердің болмауы
-
 
үйренуге жеңіл, қолдануға ыңғайлы болуы т.б. 
-
 
емле ережелерін күрделендіруге жол бермейтіндей болуы; 
-
 
тілдің жалғамалы, сингармонизм заңдылықтарына қайшы келмеуі
-
 
сөздің орташа статистикалық ұзындығына сәйкес болуы; 
-
 
мүмкіндігінше  бір  таңбамен  бірнеше  дыбысты  беру,  керісінше  бір 
дыбысты бірнеше таңбамен бермеу
-
 
сөздің  жазылуы  мен  айтылуындағы  алшақтыққа  жол  бермейтіндей 
болуы; 
-
 
түркі тілдес халықтардың әліпбиіне мүмкіндігінше жақын болуы»  [1, 
201]. 
А. Байтұрсынұлы атыдағы Тіл білімі институтының ғалымдар кеңесімен 
латын  жазуына  негізделген  5  жоба  ұсынылып  отыр.  Жобалар  төл 
дыбыстарымыздың  графикалық  бейнесі  жағынан  және  әріп  саны  жағынан 
ерекшеленеді.  Графика  мен  оның  дыбыстық  мазмұнының  байланыстылығы 
тұрғысынан алғанда жобаның ортақ тұстары көп.  
        А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл білімі институтынан  ұсынылып  отырған 
1-жобада  барлығы  31  таңба  бар.  Олардың  ішінде  v,  f  таңбаларынан  басқа 
таңбалар  қазақ  тіліне  тән  төл  дыбыстардың  таңбалары.    Осы  таңбалардың 
басым көпшілігі (19 таңба: a, b, d, e, f, g, k, l, m, n, o, p, r, s, t, v, w, y, z) латын 
(ағылшын)  стандартындағы  әріп  мәніне  сәйкес  келеді.  Ағылшындық  латын 
стандартында  жоқ  дыбыстардың  (<ә>,  <қ>,  <ғ>,  <ы>,  <і>,  <ө>,  <ұ>,  <ш>) 

 
49 
таңбасына    Äӓ,  Qq,  Ğğ,  Iı,  İi,  Öö,  Šš  таңбалары  алынған.  Бұл  таңбалардың 
кейбірі  (Qq  таңбасы  толықтай,  Iı,  İi  таңбаларының  бас  және  кіші  белгілері 
ғана)  латын  әліпбиінде  болғанмен,  ағылшын-латын  стандартындағы 
дыбыстық мазмұнына сәйкес келмейді.  
Төл  дыбыстармызға  арналған  бұл  таңбалардың  артықшылықтары  мен 
кемшіліктері төмендегідей: 
1.
 
Äӓ  әрпі.  Юникод  символдары  кестесінде  бұл  таңба  04D2  нөмірімен 
(HTML-коды:  Ӓ)  Кирилл  әліпбиінің  диэрезисі  бар  таңбасы  деп 
берілген. Ä таңбасы техникалық-практикалық тұрғыда қосымша жұмыстарды 
(пернетақтада орналасуы, баспа ісі) қажет етеді.   
2.
 
Q  әрпі. Қазақ тіліндегі <қ> дыбысына арналған әріп таңбаның мәнін 
тануда 
ала-құлалыққа 
алып 
келеді. 
Біріншіден, 
Қазақстан 
Республикасындағы  үш  тілді  меңгеру  талабы  аясында  латын  әліпбиіндегі 
қазақ  және    ағылшын  тілдерін  меңгеруде  мәселен  Q  таңбасын  екі  түрлі 
мазмұнда  тануға  мәжбүр  болса,  екіншіден,  Q  әрпінен  басталатын 
терминдердің  (мәселен  Quiz,  quorum)
 
  таңбалануындағы  дыбыстық  мәнді 
ажырату қиындық тудырады.  
3.
 
Ğğ  әрпі.  Юникод  кестесінде  011Е,  011F  нөмірлерімен  берілген. 
Ақпараттық технологиялық құралдардың пернетақтасында жоқ. Графеманың 
негізгі  тұлғасымен  байланысы  жоқ  диакритикалық  белгі  (бревис)  жазуды 
күрделендіреді. 
4.
 
Iı,  İi  әріптері.  Жобада  <ы>,  <і>  дыбыстарына  арналған.  Түрік, 
әзірбайжан және қырым татарлары әліпбилерінде <ы> және <и> дыбыстарын 
таңбалайды.  Таңбаның  даму  тарихына  көз  жіберсек,  орта  ғасырларда  İi 
әрпінің  ноқаты  болмағаны  белгілі.  Таңбаның  жоғары  жағына  ноқат  (нүкте) 
қою  орта  ғасырларда  мәтіннің  айқындылығын  көрсету  мақсатында  пайда 
болған.  Тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда  бұл  екі  таңба  бір  әріптің  екі 
графикалық  нұсқасы  болып  табылады.  1928  жылы  түрік  мемлекеті  латын 
әліпбиіне  көшкен  кезде  бір  әріптің  екі  графикалық  нұсқасы  алғаш  рет  екі 
дыбысты  (ы,  и)  таңбалауға  арналды.  Жобадағы  бұл  таңбаның  кемшілігі  Q 
әрпімен ұқсас.  
5.
 
Öö,  Šš  таңбалары.  Жобада  бұл  таңбалар  қолданыстығы  Өө,  Шш 
таңбаларын  алмасытырып,  <ө>,  <ш>  дыбыстарын  белгілейді.  Öö  таңбасы 
неміс,  швед,  венгер,  фин,  эстон  әліпбилерінде  және  түркі  халықтарынан 
түрік, әзірбайжан тілдерінің әліпби жүйесінде бар.  
А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  тарапынан  ұсынылып 
отырған  1-жобада  дауысты  дыбыстардың  жіңішке  түрлеріне  әріпүсті  қос 
нүкте  және  бір  нүктелі  латын  негізді  таңбалар  алынған  (барлығы  4  таңба). 
Қазақ  тіліне  тән  дауыссыз  дыбыстарды  таңбалауда  әріп  үстіне  айшық  белгі 
қолданылған. 1-жобада төрт дауысты, үш дауыссыз дыбыс таңбасын беруде 
диакритикалы  белгі  қолданылған.  Жобада  кірме  сөздердің  дыбыстық 
құрамын  таңбалауға  арналған  Ff  (Ф),  Vv(В),  Hh(х,  һ)  таңбалары  сақталған. 
Жобалық  әліпби  жүйесінде  қолданыстағы  әліпбидегі  қосар  дыбысты 
таңбалайтын  таңбалар жоқ.  
2-жобада  барлығы  32  таңба  ұсынылған.  Олардың  ішінде  сегіз  таңба 

 
50 
диакритикалы  белгімен  ұсынылған.    Алдыңғы  жобалардағы  таңбаларыдың 
мазмұндық  межесі  сақталынған.  Тек  қазақ  тілінің  дыбыстық  қорында  жоқ, 
төл сөздеріміздің құрамында кездеспейтін <ч> дыбысына таңба арналған. № 
2- жобаның алдыңғы әліпбиден  тағы да бір айырмашылығы <ң> дыбысының 
таңбасын  <н>  дыбысына  ұқсас  кейіпте  Nn~Ññ  алынған.  Бұл  әліпби 
жобасының артықшылығы мен кемшілігі алдыңғы жобаға ұқсас. 
3-жобада әліпби құрамындағы графемалар мен диакритикалық  таңбалар 
алдыңғы  жобаларға  ұқсас.  Атап  айтқанда  әліпби  қазақ  тіліне  тән 
дыбыстырды  толық  қамтиды  және  одағайлар  мен  кірме  элементтерде 
кездесетін  дыбыстардың  f,  v,  h  таңбаларын  қоса  алған.  Қазқ  тіліндегі  жуан 
және  жіңішке  дауысты  дыбыстардың  жеке  жеке  таңбалары  бар.  Тілдегі 
жіңішке дауысты дыбыс таңбалары жуан сыңарларына ұқсастырылып (жуан 
дауысты дыбыс таңбасының жоғары жағынан қос нүкте) берілген. Дауыссыз 
<ғ>, <ш>  дыбыстарының таңбасы да <г>, <с> дыбыстарына ұқсастырылып, 
жоғары  жағына  айшық  белгі  қою  арқылы  берілген.  Жобадағы  <ң> 
дыбысының  таңбасын  кеңейтілген  латыннның  таңбалық  жүйесіндегі  ŋ 
таңбасымен алынуы әліпбидегі диакритикалы белсісі бар таңбаларды азайту 
мақсатынан туындаған.   
Әліпбидің 4- жобасында барлығы 32 әріптің таңбасы берілген. Алдыңғы 
жобалардағы  сияқты  төл  дыбыстар  диакритикалық  белгілер  арқылы 
таңбаланған.  Алдыңғы  жобалардан    таңбалық  айырмашылықтары 
төмендегідей: 
1.
 
<қ>, <ш> дыбыстарын таңбалауда латынның k, s таңбалары алынып, 
оларға әріпасты диакритикалық белгі жасалған. 
2.
 
<ң>дыбысына  графемдік  таңба  ретінде  латынның  негізгі  әліпбиінде 
кездеспейтін ŋ таңбасымен берілген.  
3.
 
Қазақ  тіліндегі  жуан  дауысты    <ұ>,  <ы>  дыбыстары  әріпүсті 
құстұмсық (циркумфлексті) белгімен берілген таңбалармен белгіленген.  
4.
 
Жобада дауыссыз <й> дыбысы бар, ол у әрпімен таңбаланған. <ый>, 
<ій> дыбыстрының тіркесін бір таңбамен (і әрпімен)  белгілеу орын алған.  
5.
 
Кірме  элементтер  құрамындағы  дыбыстарды  беруде  диграфты 
таңбалар қолданылған.   
Тіл білімі институты тарапынан ұсынылған  5-жоба ағылшындық латын 
стандартындағы  24  таңбадан  және  дейекшеден  (әріп  модификаторынан) 
тұрады. Ұсынылған жобада дикритикалық белгілер жоқ. Бұл оның ғаламтор 
желісі  мен  қатысымдық  құрылғыларда  еркін  пайдалануына  жол  ашады. 
«Әліпбидегі  дәйекше  сөздің  алдына  қойылып,  бүтін  сөздегі  дауысты 
дыбыстардың  жіңішке  екенін  білдіреді,  яғни  сөздің  құрамындағы  а,  о,  и,  і 
әріптері бар сөздердің алдынан келген дәйекше ол әріптердің ә, ө, ү, і болып 
оқылуына  қарақшы  болады.  Ал  е  әрпі  бар  сөзге  дәйекше  қойылмайды»  [1, 
237].  Әліпбиде  қазақ  тіліне  тән  дауыссыз  <ғ>  <ң>,  <ш>      дыбыстары 
таңбалардың  қосарлануы  (диграф)  арқылы  берілген:  ғ~gh,  ң~nh,  ш~sh. 
Ұсынылып  отырған  5-жобада  барлығы  25  таңба,  оның  23-і  графема,  1-і 
дәйекше және мәнсіз таңба (һ) берілген.    

 
51 
Жоғарыда айтылған әліпби жобаларының артықшылықтары мен кемшін 
тұстарын  саралай  келе,  латын  әліпбиіне  негізделген  қазақ  әліпби  жобасын 
ұсынып отырмыз:   
 
№ 
р/с 
Қаз. 
Лат. 
Аты 
№ 
р/с 
Қаз. 
Лат. 
Аты 
Қазақ әліпбиі 

Аа~Әә 
A a 
а, ә 
16 
Сс 
Ss 
сы 

Бб 
Bb 
бы 
17 
Шш 
sh 
шы 

Дд 
Dd 
ды 
18 
Тт 
Tt 
ты 

Ее 
Ee 
е 
19 
Ұұ~Үү 
Uu 
ұ, ү 

Ғғ~Гг 
Gg 
ғы, гі 
20 
Уу 
Ww 
ұу 

Ыы~Іі 
Ii 
ы і 
21 
Йй 
Yy 
ый 

Жж 
Jj 
жы 
22 
Зз 
Zz 
зы 

Ққ~Кк 
Kk 
қы, кі 
23 
Хх 
Hh 
хы 

Лл 
Ll 
ыл 
24 
…. 

…. 
10 
Мм 
Mm 
мы 
 
 
 
 
11 
Нн 
Nn 
ны 
 
 
 
 
12 
ң 
ng 
ың 
 
 
 
 
13 
Оо~Өө 
Oo 
о,ө 
 
 
 
 
14 
Пп 
Pp 
пы 
 
 
 
 
15 
Рр 
Rr 
ыр 
 
 
 
 
 
Бұл жобада қазақ тіліндегі төл сөздеріміздің құрамындағы дыбыстарды 
таңбалайтын  23  таңба  мен  дәйекше    (әріп  модификаторы)  беріліп  отыр.  23 
таңбаның  екеуі (ң, ш) қосарланған (диграф) әріптен тұрады.  
Тіліміздің  байырғы  дауысы  дыбыстары  (а,  ә,  е,  ы,  і,  о,  ө,  ұ,  ү)  төл 
заңдылығымызға  сәйкес  жуан-жіңішкелі  болып  топтасады.  Тілдің  бұл 
заңдылығын  таңбалауда  тиімді  пайдалану,  яғни  жуан  жіңішке  екі  дыбысқа 
бір таңба арнау, ағылшын стандартындағы латын таңбасын ғана пайдалануға 
мүмкіндік береді.  Қазақ тіліндегі қ-к, ғ-г дауыссыздарының жуан-жіңішкелі 
қолданысы да бұл дыбыстарға бір ғана таңба арнауға мүмкіндік береді.  
Жалпы тілдегі дыбыстарды жуан-жіңішкелік табиғатына сай таңбалау А. 
Байтұрсынұлынан  басталады:  «Қазақ  тілінде  24  түрлі  дыбыс  бар.  Оның 
бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Бұл дыбыстардың 
ішінде  «қ»  һәм  «ғ»  ылғи  жуан  айтылады.  «К»,  «г»  һәм  «е»  ылғи  жіңішке 
айтылады.    Өзге  он  тоғыс  дыбыстардың  һәр  қайсысы  бірде  жуан,  бірде 
жіңішке айтылады. Егерде бұл  19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, 
жіңішке айтылуы үшін бір білгі керек десек, <.....> онда он тоғыз дыбысқа 38 
белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын «қ» мен «ғ»-ны, дайым 
жіңішке айтылатын «к», «г», «е»-лерді қосқанда бәріне 43 белгі (хәріп) керек. 
Араб  әліппесінде  43-ке  жететін  харіп  жоқ.  Өзге  әліппелерді  қазақ  қабыл 
алмайды  [2,  324-325бб].  А.Байтұрсынұлы  төте  жазуында  қ-к,  ғ-г 
дыбыстарының  айтылымдық-жасалымдық  ерекшелігін  ескеріп  екі  жұп 

 
52 
дыбысқа жеке жеке таңба арнаған еді.  Шындығында да, таза лингвистикалық 
тұрғыдан  алып  қарасақ,  қ-к,  ғ-г  дыбыстарының  жуан  жіңішкелігі, 
жасалымдық  ерекшеліктері  мен  естілім  белгілері  де  бір  бірінен  алшақтау. 
Алайда  ол  дыбыстардың  тіркесімділік  қасиетін  (олардың  жуанды-
жіңішкелігін)  ескертін  болсақ,  оны  бір  ғана  ережеге  бағындырып,  бір 
таңбамен  таңбалау  мүмкіндігіне  иеміз.  Осы  арқылы  дауысты  дыбыс 
таңбаларының  жуанды-жіңішкелігін  білдіретін  әріп  модификаторын 
(дәйекшені) іс жүзінде толыққанды пайдалана алмыз.  
Сонда  тіліміздегі  дауысты  дыбыстар  таңбасы  бесеу  болады:  Aa,  Ee,  Ii, 
Oo,  Uu.  Осы  бес  әріп  тоғыз  дыбысты  бейнелейді.  Ал  дауыссыз дыбыстарды 
бейнелейтін таңбалар саны он сегіз: Bb, Dd,  Gg, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, ng, Pp, 
Rr, Ss, Shsh, Tt, Ww, Yy, Zz, Hh. Мұндағы Gg, Kk әріптері екі түрлі дыбыстық 
мазмұнға  ие.  Сөздің  дыбыстық  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың  жуан-
жіңішкелік  сипатына  қарай  қ-к,  ғ-г  болып  дыбысталады.  Мысалы:  kal-kel, 
bari-bari`, or-or`,  galim-gulim`, kuladi-kuledi, gasir-guril` т.б. сөздің құрамында 
е дыбысы таңбаланатын жағдайда дәйекше белгіні қоймай-ақ сөздің жіңішке 
буынды екенін тануға болады. Мысалы: guril` - gurildedi.  
Ұсынылып отырған жобаға қатысты мәселенің біршамасы орыс тілінен 
енген,  орыс  тілі  арқылы  енген  сөздердің  құрамындағы  <в>,  <ф> 
дыбыстарымен байланысты.  
В  дыбысының  қазақ  тілінің  табиғатына  жаттығы  жаппай  сауаттануға 
дейінгі заманда анық сезіліп, құрамындағы в дыбысы бар кірме сөздер тілдің 
табиғи  өзгерісіне  ұшырап,  сұрыпталып  барып  қабылданған.  Тілімізге 
ертеректе кірген кереует, самауыр/самаурын, болыс, поштабай, шенеуік, тағы 
басқа  толып  жатқан  сөздерді  тіліміз  өзінің  табиғи  нормасымен  қабылдаған. 
Кирилл  жазуына  негізделген  әліпби  тұсында  қазақ  тілінің  құрамына  дендеп 
енген кірме сөздерді орыс тілінің айтылу нормасына сәйкес қабылдап келдік. 
Бұл  жайт  өз  кезегінде  қазақтың  қарым-қатынас  барысында  осы  дыбысты 
игеруіне алып келді. Қазірде кез келген қазақ баласы бұл дыбысты қиналмай 
дыбыстай алады. Еліміз тәуелсіздік алып тіліміз елімізге бет бұрған жылдары 
тілдің  табиғатына  жат  терминдердің  көпшілігі  қазақылана  бастады.  Сол 
кезеңдерден  бастан  құрамында  в  дыбысы  кездесетін    кірме  элементтерді 
қазақыландыру  барысында  тіл  өзінің  табиғи  арнасына  біртабан  жақындады. 
Осындай  оң  өзгерістер  нәтижесінде  Москва  –  Мәскеу,  Европа  –  Еуропа, 
завод  –  зауыт  т.б.  көптеген  сөздердің  әдеби  нормасы  қалыптасты.  Жазу 
жүйесі  латын  негізді  әліпбиге  көшкен  жағдайда  да  осы  үрдіс  сақталса, 
әліпбиіміздегі бас артық, жат дыбыстан арыла аламыз.  
Қазақ  әліпбиін  латын  негізді  таңба  арқылы  реформалау  мен  әліпби 
алмастыру  төңірегіндегі  жобаларды  сараласақ,  ұсынылған  әліпби  жобалары 
төмендегідей мәселелер бойынша өзгешеленеді: 
-
 
Қазақ тілінің дыбыстарын тек латынның негізгі әліпби таңбаларымен 
ғана жақтайтын жобалар. Бұл бағытта әліпби ұсынған авторлар қазақ тіліне 
тән  дыбыстарды  таңбалауда  дыбыстық  мәні  жоқ,  сирек  қолданылатын 
таңбаны  маркер  ретінде  алуды  ұсынады.  Мұндай  бағыттағы  жобаларда 
диграф  таңбалар  саны  көбейіп  жазу  үнемділігіне  кері  әсер  етеді.    Жоба 

 
53 
автрларының пайымдауында ағылшын стандартындағы латын таңбаларының 
санынан аспау, латын жазуына төл таңба қоспау қолданысты (компьютерде, 
коммуникаторлық құрылғыларда) оңтайландырады; 
-
 
Латын  негізді  әліпби  жобаларында  екінші  бір  топ  төл 
дыбыстарымызға  әріпүсті,  әріпасты  қосымша  белгілері  бар  таңба  беруді 
ұсынады.  Бұл  жобалардың  артықшылығы  бір  дыбысқа  бір  таңба  арнау 
критериіне  толық  жауап  бергенмен,    компьтерде,  коммуникаторлық 
құрылғыларда  (мысалы  компьютердің  негізі  пернетақтасына  әріптерді 
орналастыру  мүмкіндігінің  аздығы)  таңбаны  орналастырумен  байланысты 
қиындықтар туындайды.  
-
 
Үшінші  бағыттағы  жобалар  қазақ  тілінің  үндесім  заңдылығына 
негізделіп, таңбаның дыбыстың мәнін дәйекше арқылы ажыратуды ұсынады. 
Бұл  бағыттағы  жобалардың  басты  артышылығы  жазу  үнемділігі  мен  тілдің 
басты заңдылығының сақталуында.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және 
болашағы. – Алматы: «Арыс», 2007. – 410 бет 
2.
 
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.  – 446 б.  
Резюме 
В данной статье рассматривается проектные образцы казахского алфавита 
на основе латыни.   
Summary 
This article discusses the project specimens of the Kazakh alphabet based on 
Latin.
 
 
 
 
 
ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ 
 
Мәзбаева Ж.О. –  
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға 
оқытушысы 
(Алматы, Қазақстан) 
 
  Адамзат  баласының  шындық  болмысты  танып-білуі  барлық  халықта 
бірдей  екендігі  анық.  Яғни  таным-түсінік  тіл  арқылы  емес,  ми  қызметі 
арқылы жүзеге асады. Ми қызметінің нәтижесінде тілдік бірліктер объективті 
дүниемен  байланысады.  Ми  қызметі  арқылы  адам  дүниені  таниды.  Ал  осы 
адам  танымының  нәтижелері  дыбыстық  кешендер  арқылы  тілден  көрініс 
табады.  Ал  дыбыстардың  тілде  белгіленуі  тілдік  таңба  болып  табылады. 
Осыдан  барып  тілдің  мазмұндық  және  тұрпаттық  межелері  айқындалады.  
Олай болса, тіл - ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным – шындық дүниенің 
бейнесі.  Бұл  ғалам  бейнесінің  тілден  көрініс  табуы,  яғни  ғалам  туралы 

 
54 
ақпаратты тілдік таңбалар арқылы айқындау – ғаламның тілдік бейнесі деген 
ұғымды  тудырады.  Тіл  –  ғалам  бейнесін  объективтендіретін  форма.  Демек, 
“ғаламның тілдік бейнесі” дегеніміз – тілдік жүйеде таңбаланған, тіл арқылы 
көрінетін тіл иесінің ғалам туралы білімдерінің жиынтығы. Ғаламның тілдік 
бейнесінде  адамның  ғалам  туралы  түсініктері  ғана  емес,  тұрмыс-тіршілігі, 
салт-дәстүрі,  наным-сенімі  сияқты  ұлттық  дүниетанымы  да  көрініс  тауып 
отырады. [1]. 
Тіл  –  дүниетаныммен  тығыз  байланысты  ұғым.  Әрбір  халықтың  өзіне 
ғана  тән  ұлттық  дүниетанымдық  түсініктері  болады.  Ұлттық  дүниетаным  – 
қандай да бір ұлттың басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысы, адам және 
сол  дүниедегі  тіршілігіне  деген  көзқарасы.  «Тіл  –  ең  әуелі  сол  ойды  әр 
ұлттың  өзіндік  танымына  ғана  тән,  мыңдаған  жылдар  бойына  дарытқан 
дүниетанымдық  негізде  құрап  беруші  құрал.  [2,  4].  Яғни,  тілде  әр  халыққа 
тән ұлттық дүниетаным көрініс тауып отырады.  
В.Гумбольд  “ұлттың  өзіне  тән,  іштей  дамитын  рухы  бар,  сол  рухтың 
ерекшелігін  сыртқа  шығарып,  сақтап,  ұрпақтан-ұрпаққа  беруші  күш  –  тіл” 
деп көрсетеді. Ғалым тілді адамның ойымен, санасымен, оның мәдениетімен 
және  рухани  өмірімен  тығыз  байланысты  қарайды.  Тіл  мен  рух  – 
Гумболдьтің пікірінше, біртұтас ұғым. Оның пікірінше, тіл дүниені тікелей, 
тура бейнелемейді. Тілде адамның дүниені қалай түсінетіні көрініс береді. [3, 
349].
  
Шешендік сөздердегі дүниетанымды зерттеген Г.Қосымова: “Адамзат, 
тіршілік,  өмір  т.б.  туралы  адамдардың  алған  білімдерінің  көпшілігі 
абстрактылы ойлаудың маңызды бір формасы – ойқорытындының көмегімен 
алған білімдер. Олар тіл арқылы біреуден біреуге жетіп отырады. Біз өзімізді 
қоршаған  дүние  туралы  білімді  ұғым,  пайымдау,  пікір,  ойқорытынды 
формасында тұжырымдаймыз” [4, 213]  дейді.    
   Тілтанымдық 
зерттеулер  негізінде  көркем  шығарманың  тілдік 
ерекшеліктерімен қоса дүниетанымдық ерекшеліктерін де зерттеу қазіргі тіл 
біліміндегі  басты  мәселелердің  бірі.  Осы  арқылы  көркем  шығарма 
авторының  тілі  мен  дүниетанымдық  ой-пікірін,  көзқарасын  тұтас  ұлт  тілі, 
ұлттық ерекшелік ретінде танып біле аламыз.   
Қаламгер  дүниетанымының  қалыптасуына  белгілі  бір  тарихи  кезең, 
қоғамдағы әлеуметтік орта, ұлттық дүние бейнесі өз әсерін тигізеді. Ұлттық 
дүниетаным мен жазушының қиял дүниесі, яғни автор дүниетанымы астасып 
жатады. (1).   
  Көркем 
шығармалардың  ішінде  әртүрлі  тақырыпқа  жазылған 
шығармалар  ұлттық  дүниетанымдық  лексемаларды  молынан  қамтиды.  Біз 
Т.Ахметжанның  шығармаларын  ұлттық  дүниетанымдық  түсінікті  бере 
алатын, дүниетанымдық лексеманы молынан қамтыған көркем шығарма деп 
санаймыз. 
 Т.Ахметжан  шығармаларынан  қазақтың  ұлттық  болмысы  мен  діни 
танымын, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, ұлт мәдениеті мен қазынасын көруге 
болады.  Суреткер хикаялары мен әңгімелері дүние бейнесін көз алдымызға 
әкеліп, ұлттық менталитеттен хабар береді.  

 
55 
 Т.Ахметжан 
шығармаларындағы  ұлттық  дүниетанымның  тілдегі 
көрінісін  әр  қырынан  көруге  болады.  Қаламгер  өз  туындыларында  қазақ 
халқына  тән  психологиялық  ерекшеліктерді  ұлттық  ерекшеліктердің  тілдік 
көрінісі  ретінде  қолданған.  Мысалы,  “Айқасқа”  әңгімесінде  «Ақай  мен 
Бақайдың  әкесі  Қапсадық  -  Алтай  өңіріне  әйгілі  жалаңтөс  батыр  кісі  еді. 
Жеті  атасынан  бері  сіңірі  шыққан  кедей  болаты.  Көре  алмаған  ағайын: 
«Әкесі  түйе  үстінен  ит  қабатын  ынжық  еді,  тілі  сала  құлаш  көкайыл 
шешесіне  тартқан  ғой,  қатынға  тартқан  ұл  қаншаға  ұзар»,  -  деп  күндеп 
отыратын-ды».(188)  Келтірілген  мысалдарда  баланың  нағашыға  ұқсауы, 
нағашысына  тартқанына  қуанудың  орнына  оны  қазақтың  көре  алмауы  – 
қазақтың  қанына  біткен  ұлттық  мінезі  екені  айдан-анық.  «Қапсадық  орта 
ғана бойы бар, қызылшырайлы, көзі өңменіңнен өтетін өжет кісі еді. «Мен 
кісі  ақысын  жемеймін»,  -  деп  отыратын  тілге  шешен,  саудаға  жүйрік 
болатын. Қаршығадай түйіле қарағанда, қарсыласы еріксіз ығып, сөз таба 
алмай  жуасып  қалатын»  (188).  Автор  Қапсадықтың  білегі  мен  жүрегі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет