Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет18/29
Дата22.12.2016
өлшемі6,37 Mb.
#49
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

Жолдас Калинин. Михаил Иванович Калинин 1875 жылы 

ноябрьде Тверь губерниясында, Жоғарғы Тройца деген посел-

кеде туған

127


. Оның әке-шешесі кедей қара шаруа еді. Жолдас 

291

Калинин жас күнінен-ақ жұмысқа араласып, үй ішіне болыса 

бастаған. Алты жастан жас іні-қарындастарын қарап, 11 жас-

тан былай дала жұмысына қатысқан.

Қыстақ мектебін бітіргеннен кейін жолдас Калининді бір 

көрші бай малайлыққа алады. 1889 жылы жалданған байымен 

бірге көшіп Петербург (осы күнгі Ленинград) қаласына келеді. 

Мұнда ол шәкірт болып, мылтыққа патрон (оқ) жасайтын 

заводқа, артынан Путилов заводына кіреді

128


.

Мұнда жолдас Калинин төңкеріс жұмысына қатыса ба-

стайды.

Ұзамай жолдас Калининді патша полицейлері ұстап алып, 



тұтқынға салады. Артынан Кавказға айдап жібереді.

Кавказда Калинин төңкерісшілдік жұмысын тастамайды. 

Тифлис қаласында жұмысшыларды бастап

129


, үкіметке қарсы 

қыр көрсетеді. Ереуіл жасайды. Ол үшін жолдас Калинин тағы 

ұсталып, абақтыға түседі.

Жолдас Калинин Кавказдан Балтық теңізінің жағасында-

ғы  Ревиль  қаласына  айдалады

130


.  Мұнда  ол  тағы  төңкеріс 

жұмысын бастайды. 1904 жылы жолдас Калинин Ревильден 

Аланес губерниясына қуылады. Онан қайтқаннан кейін боль-

шевиктерге қосылады.

1905 жылы төңкерістен кейін жолдас Калинин Петербург 

пен Мәскеу заводтарында қара жұмыскер боп істеп жүріп, 

төңкерісшілдік қызметін де тастамайды.

Жиһан соғысында жолдас Калинин Петербург заводында 

жұмыс қылды. Сол кезде жұмысшыларға капиталшылардың 

озбырлығын,  басқаларды  таламақ,  езбек  мақсаттарын  ай-

тып, түсіндіріп жүрді. Жұмысшылар ортасынан төңкерісшіл 

ұйымдар ашып, большевик партиясының Кіндік Комитетімен 

қатынас жасап тұрды.

Октябрь төңкерісі жолдас Калининді жоғары көтеріп Пе-

тербург қаласына бастық қылды.

1919 жылы март айында Ленин жолдастың ұсынуы бойын-

ша, жолдас Калинин Бүкіл Ресей Кіндік Атқару Комитетінің 

бастығы боп сайланды.

1923 жылы жолдас Калинин Кеңес Одағы республикасының 

Кіндік Атқару Комитетіне бастық боп сайланып, осы күнге 

дейін таймай, барлық теңшіл, Кеңес Республикалар Одағының 

басшы көсемі боп келе жатыр.



292

Сұраулар: Жолдас Калинин қай жерде туған? Оның әке-

шешесі  кім  еді?  Төңкеріс  жұмысына  қай  қалада  тұрғанда 

кірісті?  Қай-қай  жерлерге  айдалды?  Осы  күнде  қандай 

орында?


Еңбекшілер  ұраны

Оян, қарғыс таңба басылған,

Жалаңаш, аш құл, қайрат қыл!

Қайнап баста ақыл ашынған,

Майданға қанды айдап тұр.

Қиратамыз ескі жалғанды,

Жаңа тұрмыс орнатамыз.

Жарылқаймыз жарлы қалғанды,

Дәулеттен сонда татамыз.

Бұл болар ең ақырғы,

Ең күшті зор майдан,

Дүние еңбекшілерімен

Табылар бар пайдаң.

Бостандықты бізге ешкім бермес:

Патша да, бай да, батыр да,

Бостандық бізге көктен келмес,

Аламыз күшпен ақырда.

Ал егер жоям десең құлдықты,

Тамағым болсын десең тоқ,

Қорғанбай күпілдет көрікті,

Темірді қызған кезде соқ.

Бұл болар ең ақырғы,

Ең күшті зор майдан.

Дүние еңбекшілерімен,

Табылар бар пайдаң.

Біздер — бүкіл дүние жалшысы,

Біз — еңбекшілер таптары,

Жерге қожа болу еркіміз,

Арамтамаққа жоқ бәрі.

Ал егер найзағай шартылдап,

Қаптаса жауыз дүниесін.

Бізге де жарық күн жарқылдап,

Түсірер нүрлы сәулесін.

Бұл болар ең ақырғы,

Ең күшті зор майдан.

Дүние еңбекшілерімен

Табылар бар пайдаң.


293

Кеңес Одағында ұлт мәселесі. Кеңестер Одағында 50-

ден аса ұлттар бар. Булар: орыс, армян, грузин, татар, қазақ, 

кырғыз, бурят, жақұт, самоед, өзбек, түрікпен, тағы басқалар

131


.

Бұлардың бәрін бір одақ қылып отырған немене? Патша 

заманында ұсақ ұлттар шаруа жүзінде де, саясат жүзінде де 

езгіде, кемшілікте болатын.

Патша  үкіметі  бұратаналар  тұрған  шеттерде  өндірісті 

өсірмеу  әрекетінде  болды.  Ана  тілінде  бала  оқытатын 

мектептерді  тыйып,  жауып  қойды.  Ұлт-ұлттың  арасына 

жаулық, араздық жайды.

Жалғыз кеңес тәртібі ғана осы ұлттардың бәрін бір үйдің 

ішіндей қылып біріктіріп отыр.

Байлардың  законын  найзаның  күшімен  іске  асыратын 

бұрынғы тәртіпті жоғалтты.

Оның орнына жұмыскер мен диқан өкіметі әрбір ұлтқа 

еркін тіршілік етуге жол ашты. Әрқайсысы өз тіршілігін өзі 

басқаратын болды.

Кеңес сайлауы: а) С а й л а у ғ а, с а й л а н у ғ а   к і м н і ң 

қ ұ қ ы ғ ы  б а р.  Кеңеске  сайлауға,  сайлануға  мына  адамдар-

дың  қақысы  бар:

1) Жұмысшылар мен қызметкерлердің еркек, әйелі.

2) Қолөнермендер мен шеберлер.

3) Қара шаруа мен диқаншы казак-орыстар, егер пайда 

табу үшін біреудің жалдама еңбегімен пайдаланбайтын болса.

4) Қызыл әскер мен қызыл кемешілер. Және қызметкерлер 

мен жұмыскерлердің үй шаруасында істейтін адамдардың да 

(қатын, шешесі) сайлау, сайлануға қақы бар.

Жұмысқа жарамсыз болып қалған барлық жарымжан жұ-

мыскерлер, қызыл әскерлер, қара шаруалар да сайлау, сайлану 

қақына ие болады.

Жоғарыдағылардың сайлау, сайлану қақына ие болуы үшін 

заң тағы мынадай шарт қояды. Сайлау күніне солардың бәрі 

ең кемі 18 жасқа толған болуы тиіс.

б)  Сайлауға,  сайлануға  кімнің  қақысы  жоқ.  Біреуді 

сайлауға, не өзі сайлануға қақысы жоқ адамдар мыналар:

1)  Пайда  табу  үшін  жалдама  еңбекпен  пайдаланатын 

адамдар. Олар, мысалы, заводшылар, фабриканттар, жалдама 



294

жұмыскер тұтатын әр түрлі кәсіп дүкендерінің иелері. Ауыл, 

қыстақтағы бай-құлақтар, тағы сондайлар.

2) Еңбекпен табылмаған табыспен, мысалы, ақша өсімімен, 

өндіріс орындарының пайдасы үшін мүлік түсімдерімен күн 

көрушілер.

3) Жай саудагерлер, сауда делдалдары.

4) Барлық діннің дін қызметкерлері (молда, ишан, сопы, 

поп, тағысын тағылар).

5)  Бұрынғы  полицияның  қызметкерлері  мен  агенттері, 

тың шылар, бұрынғы патшаның нәсілдері, қазақта ұлықтан 

шен алған жуандардың тұқымдары, хан нәсілдері.

6) Белгілі зерттеумен жынды деп танылған ауру адамдар.

7) Законда, не соттың билігінде көрсетілген уақытқа дейін 

сот арқылы құқығынан айырылған адамдар.

б) Жергілікті орындардағы кеңес үкіметі. Жергілікті 

кеңес үкіметінің ең бірінші ұясы, қалалы жерде — қала кеңесі, 

ауыл-қыстақтарда — ауыл-қыстақ кеңесі.

Онан кейінгі сатысы — аудан кеңес сиазы. Ол сияз сол 

аудандағы барлық кеңестердің өкілдерінен құралады. Аудан 

кеңес сиазы сол ауданға тиісті мәселелерді тексереді, шешеді, 

бекітеді.

Онан  кейінгі  саты  —  округ  кеңес  сиазы.  Бұлар  қала 

кеңестері  мен  ауыл,  қыстақ  кеңестерінің  өкілдерінен 

құралады.  Округ  кеңес  сиазы  өзінің  өкілдерін  облыстық, 

аймақтық кеңес сиаздарына жібереді.

Әрбір кеңес сиазы өзінің көлемінде (аудан, округ, облыс) 

ең жоғарғы билік орыны болады. Әрбір сиаз өзіне жеке атқару 

комитетін сайлап алады.

Аудан үшін — аудандық, округ үшін — округтік, аймақ 

үшін  —  аймақтық,  республика  үшін  —  кіндік  атқару 

комитеттері сайланады.

Бұл  атқару  комитеттері  екі  сиаздың  әредігінде  өзіне 

қарасты жерлердің ең жоғарғы билеуші орыны боп сайланады.



Сұраулар: Ауыл-қыстақтағы, қаладағы ең жоғарғы билеуші 

орын қай орын?

Екі сиаз әредігінде ауданды, округгі, аймақты республи-

каны кім билейді?



295

Қазақстанда  саулық  сақтау  жұмыстары.  Төңкеріске 

дейін үкімет бұратана елдің саулығын зерттеген жоқ. Үйткені, 

уақ ұлттар да келешекте ел болсын деп ойлаған жоқ.

Елдің  қамын  ойлаған  үкімет  алдымен  елінің  саулығын 

зерттейді.

Осыны бұрынғы патша үкіметі ойлады ма? Ойлаған жоқ. 

Ойламағандығын ескі үкіметтің істеп кеткен ісі айтып береді.

Мысалға, өзіміздің Қазақстанды алайық. Бұнда жергілікті 

халықтың ең жиі отырған жерінің бірі — Семей. Осы Семей 

округінің  жергілікгі  халқынан,  қазына  қаржысынан  емде-

луге ескі үкімет кезінде 6200 адамға бір-ақ орын берілген. 

Көшпелі елдің арасында саулық сақтау ісі төңкеріске шейін 

атымен болған жоқ. Керек десе, саулық зерттеу ісінің жобасы 

да жасалған жоқ.

Еңбекші  елдің  бақытына  төңкеріс  болды.  Төңкерістен 

кейін туған үкімет елдің сана-саңылауын көтерумен бірге, 

ішкі тұрмысына көз салды. Елді сауықтыруға үңіле қарады.

Ел саулығын сақтау жолында төңкерістен соңғы 10 жылдың 

қызметі аз емес.

Мұны мына цифрлардан көруге болады.

Қазірде Қазақстанның ірі қалаларында 44 аурухана бар. 

Ауыл—қыстақ, уақ қалаларда 113 аурухана, 294 фельдшерлік 

пункті  бар.  Октябрьдің  он  жылдық  тойына,  Қазақстан 

халқының  жиі  орнаған  жерлеріне,  ауыл-қыстақ  халқына 

арналып 20 аурухана салынды. Көшпелі елдердің арасында 

жоғарғы аталғандардан басқа, ел саулығын зерттейтін көшпелі 

отрадтар  шығарылады.  Жыл  сайын  қазақ  ішін  аралап  8 

үлкен отряд шығады. Отрядтар аралаған жерлерінде қандай 

аурулардың барлығын да айырады.

Сондай отрад жүрген аудандардағы бар аурулардың түрі 

мыналар: тері ауру (бұлардың ішінде таз, қотырлары да бар), 

15 процент мерез, 5 проценті безгек, көз ауруы, жіңішке ауру 

(құрт).

Көшпелі  елдің  арасында  саулық  сақтау  туралы  істеген 



көрнекті шараның бірі — шешек егу болды. Бұрын мыңдаған 

қазақ баласы шешектен қырылушы еді. Өлмегені саулығын 

жойып, не су қараңғы соқыр болып, не өңінен, көркінен ай-

рылып қалушы еді. Енді қазақ баласы шешек апатынан азат 

болып келеді.


296

Бұрын  қазақ  арасында  саулық  сақтығы  туралы  тараған 

үгіт кітабы жоқ еді. Қазір сондай кітаптар да көп таратылады. 

Төңкерістен бұрын дәрі-дәрмек сататын орындар (аптекалар) 

жеке адамның, саудегердің қолында болушы еді.

Қазірде жеке адамның қолында бір аптека да жоқ.

Түгел қазына мүлкінде.

Бұдан кәсіп одағының мүшелері, жұмысшы, қызметкер, 

диқандар — дәріні тегін алады.

Малдан жұғатын аурулар. Мал да адам сияқты ауырады. 

Оларға да бір-бірінен ауру-науқас жұғады.

Мал  ауруларын  да  адам  сияқты  емдейді.  Бұны  мал 

дәрігері — мамандар істейді.

Малдан  адамға  жұғатын  аурулар,  санай  берсек,  толып 

жатыр. Солардың ішінде ел арасында жиі ұшырайтындары: 

жамандат, маңқа аурулары. Жамандаттың адамға шыққанын 

күйдіргі дейді.

Жамандат  болып  өлген  жылқының  етінен,  терісінен 

сақтану керек. Жамандатып өлген жылқыны сойған адамдарға 

күйдіргі шығатыны толып жатыр.

Етін жегендер ауырмаса, жақсы пісіргендіктен ғана ауыр-

майды. Болмаса күйдіргі ішке шықса, жазылу мүмкін емес.

Жамандат болған малдың ешнәрсесін пайдаланбау керек. 

Оны терең қазып көму керек.

Осы сияқты малдың өзге аурулары да жұғады. Адам ғана 

емес, малдың өзіне де жұғады.

Сондықтан малды, адамды індеттен сақтау үшін, онерлі 

жұрттар жұқпалы аурумен ауырған малды атқызып тастайды. 

Ауырып өлген малдың ешбір таспа-тарамысын да шаруасына 

жаратпай, жерге көміп тастайды. Өлген малдың бәрін бір мола 

қаздырып, соған апарып, жер астына терең қылып көмеді.

Малды, адамды жұқпалы аурудан, індеттен сақтау үшін 

ілімнің айтқанын істеу керек.

Жұқпалы аурумен ауырған малдың ешнәрсесін алмай, қан-

жынын қалдырмай, малдың ерісі, жүретін жолы, суатынан 

аулақ жерге апарып көміп тастау керек.

Көмгенде үй басы бір шұқыр қазбай, қай жер болса сол 

жерге көмбей, бүкіл ауыл болып бір жерге көму керек.


297

Жердің тереңдігі екі кездей болу керек.



Комсомол  —  қызыл  кеменің  қамқоры.  1922  жылы 

октябрьдің 16-сында Ресей Лениншіл Жастарының ұйымы 

(ВЛКСМ)  республиканың  қызыл  кемесіне  қамқор  болуды 

мойнына алды.

Енді жұмыскер мен қара шаруаның жүз-жүз мың жастары 

оған қашан да болса көсемдік қылып, көмек көрсетуге дайын 

тұрғанын әрбір су әскері білуте тиісті.

Әрбір комсомол мұны қашанда есінен шығармасын. Қызыл 

кеме оның көмегін күтіп отыр.

Жаңа  әліптің  пайдасы.  1)  Жаңа  әліп  үйренуге  оңай. 

2) Жаңа әліп жазуға жеңіл. 3) Жаңа әліп оқуға онды. 4) Жаңа 

әліп  тасқа  басуға  қолайлы.  5)  Жаңа  әліптің  бағасы  арзан. 

6) Жаңа әліп тез тозбайтын төзімді. 7) Білім кітаптарындағы 

пән белгісі қай жұртта болса да жаңа әліп әріптерімен жазы-

лады. 8) Денсаулыққа керекті дәрі-дәрмектер жаңа әліппен жа-

зылып алынады. 9) Жаңа әліпті білген адам Еуропа елдерінің 

және басқа елдердің көбінің баспа сөздерін оқи алатын бо-

лады. 10) Жаңа әліп арқылы жер жүзінің бәрімен де қатынас 

жасауға болады. 11) Жаңа әліп ескілік пен діншілдіктің тамы-

рына балта шабады... болғанша жаңа әліпке көшелік.

Жойылсын қалың мал. (Үкімет заңынан). Біздің үкімет 

заңында, қалың мал туралы мынандай ереже бар:

230. Қазақ ғұрпы бойынша күйеу немесе оның әке-шешесі, 

ағайындары,  құдандасы  жағынан  қыздың  әке-шешесінің 

ағайындарына, немесе құдандасына қызды сол мал берген 

күйеуге еріксіз тиюге міндетті қылса, малды берушілер бір 

жылға шейін еріксіз жұмысқа салынады. Немесе, бір жылға 

шейін еркінен айрылады. Бұл қылмысты істеген жай адамдар 

мен іс басындағы адамдар да сол жазаға бұйырылады. Қалың 

мал алушылар да сол жазаға бұйырылып, оның үстіне алған 

қалың малындай айып тартады.

231. Әйелді еріксіз күйеуге зорлаушылар бес жылға шейін 

еркінен айрылады.

232. Екі қатын алушылар мен көп қатын алушылар бір 

жылға шейін еріксіз жұмысқа бұйырылады.

20–1248


298

Протокол

...Протокол  жүргізуді  үйрену  керек.  Бұнда  көрсетілетін 

нәрселер:

а)  Жиылыс  жасаушы  кімдер,  яки  қандай  ұйым;  б)  қай 

уақытта  жиылыс  жасады;  т)  кімдер  болды;  ж)  жиылыс 

бастығы мен хатшының аттары, фамилиясы; д) күн төртібі; р) 

сонан соң нелер сөйленіп, нендей қорытындыға келінді, соның 

қысқаша мазмұны; з) бастық пен хатшының қолы.

Мысал:

30-ІІІ-26  жылда  рабфак  месткомын  тергеген  комиссия 



жиылысының

№ 2-протоколы

Б о л ғ а н д а р: Карпов, Палымбақ, Оразбаева, местком-

нан — Брегман, Навицкий.

Бастық:  Карпов,  хатшы — Палымбақ.

К ү н   т ә р т і б і:

1. Месткомды зерттеудің планы.

2. (26 жылдың 1/1 -нан 15-ІІІ-қа шейінгі) уақытта местком-

ның пұл жұмысы қалай жүргізілгенін зерттеу.

3. Өзара жәрдемнің кассасын зерттеп шығу.

4. Ағымдағы істер.

Тыңдалды:

Қаулы қылынды:

1.  Карпов  жолдас  зерттеу 

жасау  туралы  мынандай  тәртіп 

ұсынады:


Әуелі  касса  кітабын  алып 

мест комның  шығындарының 

орынды, орынсызын зерттеп шығу 

керек.


Содан  кейін  касса  кітабын 

өзара  жәрдем  кассасындағы  со-

мамен салыстыру керек. Бұның да 

шығын да рының орынды, орынсы-

зын айыру керек.

2.  Брегман  жолдастың  касса 

кітабын жүргізу, соманы жұмсау 

жөніндегі берген түсінігі. Кітапты 

зерттеу.

1. Карпов жолдастың зерттеу 

тәртібі туралы ұсынған ұсынысын 

қабылдап, соны қолдануға кірісу 

керек.

2.  Месткомнын  ақша  есебін 



жүр гізген  тәртібін  және  шығын 

қылған сомасын негізінде орын- 

ды  деп  табу.  Жалғыз-ақ  бұдан 

былай местком кітаптағы өшірі-

ліп  жазылған  сөздерге  түсінік 

жазып  отыратын  болсын.  Және 

жұмсалған ақша не орынға жұм-

салатынын  толық  жазып  отыр-

сын.

3.  Кіріс  пен  шығысты  айы-



на  бір-ақ  рет  кітапқа  тіркеуді

299

3.  Навицкий  жолдастың 

өзара  жәрдем  кассасының  есе-

бін  жүргізу  турасында  берген 

түсіндірісі.

4.  Оразбайқызы  жолдастың 

зерттеудің  келесі  күні  туралы 

қойған сұрағы.

кемшілік деп табу. Бұдан былай 

бұндайдың болмауын шарт қылу. 

Өз жәрдем кассасы үш күн ішінде 

кітабын  тәртіпке  қойып,  бұдан 

кейін кіріс-шығысты күн сайын 

жазып отырсын.

4.  Келесі  зерттеу  5-апрельге 

сағат 3-ке белгіленсін.

Бастық  (қолы қойылған).

Хатшы  (қолы қойылған)



Қазақстанға  көршілес  республикалар

Орта Азияның республикалары. Орта Азияға қарайтын 

жердің ауданы мол. Бұның күнбатыстан күншығысқа шейінгі 

ұзындығы 2.266 километр, терістіктен түстікке шейінгі көл-

денеңі 1.290 километр.

Бұл  үлкен  аудандағы  республикалар:  Одақтық  Өзбек 

ССР-ы,  Одақтық  Тәжік  ССР-ы,  Одақтық  Түрікмен  ССР-ы 

және Қырғыз автономиясы — бұл РСФСР-ге кіреді.

Бұлардан басқа, Орта Азияның ішіне Қазақстан автономия-

сының оңтүстік бөлімі кіреді. Және Қазақстанға қарайтын 

Қарақалпақ автономиялық облысы кіреді.

Орта  Азия  республикалары  жер  шамасына  қарағанда 

РСФСР-дің  европалық  бөлімінің  үштен  біріндей,  жерінің 

бәрін  есептесек:  Германия,  Франция,  Италия,  Австрия, 

Венгрияның  бәрінің  жерін  қосқанда  қандай  болса,  Орта 

Азияның молдығы да сондай.

Бұл  Орта  Азия  республикаларының  шекарасы  батыста 

РСФСР-мен шектес.

Кавказ  республикаларымен  шектес,  түстікте  парсы, 

ауғанмен шектес.

Шығыс-түстік аралығында Қытаймен шектес. Терістікте 

РСФСР-дің азиялық бөлімі Сібірмен шектес.

Өзбек  республикасы  Алатаудың  терістік-батыстық 

сілем дерінде. Бұның шегіне жақын келетіндер: Қазақстан, 

Қарақалпақ облысы, Түрікмен республикасы, Ауған, Қытай.



Қырғызстан. Алатау, Памир тауы және Сырдың басындағы 

жазықтарға орналасқан.



300

Қырғызстанның терістік-шығыс жағында Ыстықкөл бар

132



Бұл — дүние жүзіндегі таулы жерге біткен көлдің ең зоры.



Қырғызстан  терістікте  Қазақстанмен  шекаралас,  баты-

ста — Өзбекстанмен, түстікте — Тәжікстанмен, түстік пен 

шығыс аралығында — Қытаймен шекаралас.

Қырғызстан 7 кантонға (округке) бөлінеді. Бұлары: Талас

133



Жәлелабад



134

, Шу


135

, Фрунзе, Ош

136

, Нарын


137

, Қаракөл

138

.

Қырғызстанның астанасы — Фрунзе қаласы (Пішпек). Бұл 



қала шойын жол үстінде. Осы шойын жол Фрунзені өзге рес-

публикалармен жалғастырады. Сібір мен Қытай жақтарына 

арба жолдары тарайды.

Қалада өндіріс әлсіз күйде. Өнімдісі сауда. Елеулі сауда 

заттары: астық пен мал сүмесіндері. Астанадағы халық саны 

35.000.


Қырғызстанның  өзге  қалаларының  ішіндегі  елеулісі  — 

Қарақол. Бұның тұрған жері әрі сұлу, әрі саушылыққа өте 

жақсы. Жыл сайын денсаулығын түзейміз дегендер Қарақолға 

әлденеше мыңнан жиылады.

Қырғызстан  жерінің  көлемі  200  000  шаршы  километр. 

Халқы  1  миллион.  Орташа  есептегенде:  бір  километрге  5 

адамнан келеді.

Ұлт жігіне бөлгенде, бар халқының 67 проценті қырғыз, 

12% — орыс, 11% — өзбек, 10% — өзге ұлттар: тәжік, қазақ 

сияқтылар.

Тұрмыс қалпына, әдет-салтына, тіліне қарағанда, қырғыз 

қазаққа жақын.

Осы күнде отырықшы болып келе жатқан қырғыз көбеюлі. 

Бірақ әлі де көшпелілердің жалпы саны артық жатыр.

Халық жиі отырған жердің бәрінде де мектептер бар.

Қырғызстанда — қалалардың аудандарында, Памирдың 

етектерінде, Алатаудың тау ішіндегі жазықтарында — қыстақ 

салып тұрған орыстар бар. Мұндай қыстақтардың жалпы саны 

қырық шамалы. Орыстың көбі егіншілік кәсібінде.

Көл мен өзен жағасындағылар балықшылықты да кәсіп 

қылады. Жері аз орыстар әр түрлі уақ кәсіптерді қолданады.


301

Орыстар үйлерін күйдірмеген кірпіштен салады. Әрбір 

үйдің жерінде жеміс бақшасы мен палыз (огород) болады.

Қыстақтардың бәрінде де мектеп бар.



Орта Азияның топырағы қандай. Топырақ деп жердің 

үстіңгі  қыртысын  айтамыз.  Сол  қыртыста  көп  мән  бар. 

Өсімдікке жақсы, өсімдікке жаман топырақ бар деп бөледі.

Өсімдікке жақсы топырақ болса, егін жақсы шығады, жа-

ман топыраққа ешнәрсе егуге болмайды. Нашар топырақтың 

шығымы да нашар болады. Өсімдікке ең жақсы топырақ — 

қара  топырақ.  Ол  шіріген  өсімдіктер  мен  жануарлардың 

өлекселерінен құралған топырақ.

Сары топырақ өсімдікке жақсы деп саналады. Орта Азияда 

қара топырақ жоқтың қасы. Мұнда егінді сары топырақты 

жерге егеді.

Кейбіреулердің  пікіріне  қарағанда,  сары  топырақ  ауып 

келген топырақ деп саналады. Оны не жел, не болмаса өзен 

аударып, ағызып әкеледі. Олар бұл топырақты қайдан ала-

ды. Жел жерден шаң шығарады да, сол шанды жинап әкеп 

таулардың  ығына  үйеді.  Заманнан  заман  өткен  сайын  сол 

шаң көбейе береді. Ақырында сары топырақ көп жерді басып, 

жәйіліп алады.

Ол топырақтың түсі сары, жұмсақ болады. Өзінен су өткіш 

болады. Сырт ажарына қарағанда бұл топырақ ылғи біркелкі, 

қабат-қабат болмайды. Өзге топырақтарда бірінің үстіне бірі 

түскен қабат-қабат бар.

Өзендер де жел сияқты қызмет етіп, өздерінің жағасындағы 

жерді шәйіп, ұсақ топырақтарды ағызып әкетеді. Сонымен 

өзеннің біткен жерінде, яки теңізге құйған жерінде ағып келе 

жатқан шаң топырақтың барлығы жерге шөгіп отырып қалады. 

Бұдан да сары топырақ құралады.

Бірақ бұл топырақ жел әкелген топырақтан басқарақ бо-

лады.

Бұнда анадай емес, қабаттар бар және қаттырақ болады. 



Суды да оңайлықпен өткізбейді.

Көбінесе қабатсыз топырақтың астында қабатты топырақ 

жатады.


302

Егіншілік кәсібі үшін бұл жағы пайдалы: су үстіңгі сары 

топырақты қабаттан тез өтеді де, ары кетпей тоқтайды. Су бос 

шығын болмайды. Өсімдікке бұнысы жәйлі.

Кейбір білімпаздардың пікірі бойынша, сары топырақ ауып 

келген топырақ емес, сол тұрған жерінде болған ауа райы, су, 

желдің әсерімен жасалып қалатын болады дейді.

Орта Азия халықтарының тіршілігіне сары топырақтың 

пайдасы зор.

Сары топыраққа егін егуден басқа жұрт өздерінің үйлерін, 

дуалдарын  да  осы  топырақтан  салады.  Сары  топырақпен 

жерді де тыңайтады. Құлаған дуалдардың кесектерін алып, 

егіндікке алып барып, соны уатып, шашып тастайтын бола-

ды. Арық сулары да ылғи сары топырақты ағызып отырады. 

Сондықтан арық суының түсі ылай болады. Жерді суарғанда 

сары топырақ шөгіп қалып, егіндік жерді соның өзімен де 

тыңайтады. Кейде сары топырақ су ішінде көп болсын деп, 

сумен сары топырақтан құралған төбешіктерді шайғызатыны 

да болады.

Бірақ Орта Азияда сол сары топырақ жайылған жер көп 

емес, үйткені өзен де, тау да бізде соншалық көп емес.

Мөлшермен Орта Азияның барлық көлемін 100 бөлімге 

бөлсек, соның 10 бөлігі ғана сары топырақ болады.

Өзге  жердің  жартысынан  артығын  құм  басқан.  Құмды 

шөлдің арасында анда-санда ащылы, сортаң жер кездеседі. 

Бірақ ол көп емес, 100-ден 1-2 бөлім ғана болады. Орта Азияда 

100 бөліктің 20 бөлігі таудың еншісіне тиеді. Қалған жердің 

барлығы  сазды  қыр.  Олар  егіндікке  жарамайды.  Үйткені 

суаруға  келмейді.  Қырдың  сазды  жерлері  күн  ыстығынан 

жарылып жатады. Және саздың өзі де таза күйде емес, көп 

жерде ол құммен аралас болады.

Сонымен Орта Азияның бар көлемін 100-ге бөлсек, соның 

59 бөлімі құмды топырақ, 10 бөлімі сары топырақ, 20-сы тау, 

2 бөлімі ащылы сортаң, 9 бөлімі сазды қыр, егінге қолайсыз 

жер болып шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет